Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 18:46, курсовая работа

Описание работы

Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне карай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшөрін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
- тарифтік кесте;
- тарифтік еңбекақы мөлшері;
- тарифтік мамандық аныктамалары.

Работа содержит 1 файл

Асхат курсавой (8).doc

— 267.00 Кб (Скачать)

 

   Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге  өндіріп  шығарған  өнімдері  мен  детальдарының,    сондай-ақ    атқарған    қызметінің    саны    мен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептеліп теленеді. Ал кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп, төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс   күні   үшін   толық   жұмыс   күніне   белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс.

 

Егер   кәсіпорындарда   өнім   өндірудің   тапсырмасын  артығымен   орындағаны,   жұмыс   істеу   барысында   ақау жібермегені, күрделі де қиын жұмысты атқарғаны, тағы басқалар   үшін  сыйақы   берілетін   болса,   онда   ол   сома бригаданың   жұмысшылары   мен   қызметкерлерінің   арасында   олардың   кесімді   еңбекақы   сомасына   үйлесімді (пропорционалды)   түрде   бөлінеді.   Кейбір   жұмысшылар мен қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында   жұмыс   атқаруы   мүмкін.   Мүндай   жағдайда әрбір жұмысшы  өзінің істеген жұмысы туралы  мәлімет жазады. Осы деректі мәлімет негізінде сол жұмысшының немесе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы есептеліп шығарылады.   Жоғарыда  жалпы   көрсетілген   бригаданың табысын   жұмысшылар   мен   қызметкерлердің   арасында олардың жұмыс істеген уақыты мен олардың мамандық дәрежесіне қарай бөлу әдісі, бригада мүшесінің барлығын бірдей   адал   ниетпен   жұмыс   істеуге   ынталандырмайды. Соған байланысты соңғы кезде еңбекақы сомасын бригада мүшелерінің   арасында   олардың   еңбекке   қатысу   коэффициентіне  қарай  бөлу  әдісі  кеңінен  қолданылуда.   Ол үшін бригададағы жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір    мүшелеріне    ай    сайын    олардың   еңбекке    қатысу коэффициентін анықтайды. Жұмысты жақсы істеген, еңбек   өнімділігін   арттырған   жұмысшылар   мен   қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал еңбек тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін және құрал-саймандарға немқұрайлы қарағаны, тағы басқа кемшіліктері үшін төмендету коэффициенті беріледі.

 

 

                    Жас өспірімдерге еңбекақы төлеу

Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам  күнінің  алдындағы  жұмыс  күні  бір  сағатқа қысқартылады. Кәсіпорындарда аптасына алты күн жұмыс күні, бір күн демалыс күні болып белгіленген жағдайда осы ұйымда жұмыс істейтін 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағаттан, 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы  керек. Егер кәсіпорын аптасына 5 күн жұмыс істеп 2 күн демалатын жағдайында жұмыс күннің үзақтығы  16-18 жас аралығындағы жас өспірімдер үшін 7 сағаттан,  15-16 жас аралығындағы  жас   өспірімдер   үшін   5   сағаттан   аспауы керек.   Белгіленген сәйкес   жоғарыда   айтылған жұмыс істейтін және еңбегі еңбекақының мерзімді түрі   белгіленген   жасөспірімдерге   қысқартылған   жұмыс күндері үшін толық жұмыс күнінің еңбекақысы төленеді. Ал істеген жұмыстары, өндірген өнімдері үшін, сондай-ақ атқарған қызметтерінің саны мен көлеміне қарай еңбекақының   кесімді   түрі   бойынша   еңбекақы   алатын   жас өспірімдерге  қысқартылған жұмыс  сағаттары  үшін  бел-гіленген тарифтік мөлшерге қосымша еңбекақы төленеді. Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақытына төленетін төлем.

Еліміздегі заңға кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін және қызмет атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында бір жасқа толмаған жас сәбилі (балалы) аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін жұмыс уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы үш сағаттан сирек болмауы тиіс. Ұйымдағы жас сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақыттары жұмыс уақытының құрамына кіреді және олардың үзілісте болған, жұмыс істемеген мерзімі үшін орташа еңбек-ақылары бойынша еңбекақы төленеді.

Мемлекеттік, қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытқа төленетін төлем.

Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындаған мемлекеттік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары үшін орташа еңбекақы мөлшеріңде төлем төленеді. Яғни мұндай себептермен жұмыста болмаған уақытына еңбекақы төлеу үшін алдымен жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақы мөлшері анықталады. Басқаша айтатын болсақ бұндай мемлекеттік, қоғамдық жұмыстар мен тапсырмаларды атқарған немесе орындаған уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақысы сақталады. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған немесе орындаған төмендегідей жұмыстары жатады:

  • Соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;
  • Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың конфе- 
    ренцияларына, пленумдарына, съездеріне қатысу;

- Әскери комиссариаттың шақыруына бару 
және тағы басқа жұмыстар. Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін төлем

Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00. сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақытта істелген (атқарылған) жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі белгіленген ұйымдарда, өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің, істеген жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбекақысының 25% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал тоқыма тігу, жіп иіру және нан пісіру өнеркәсібінде тарифте белгіленген еңбекақы сомасының 50% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Өнеркәсіптік ұйымдарда мерзімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген уақытының әрбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағаттық еңбекақының 20% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы жұмысына төленетін қосымша төлем, яғни қосымша еңбекақы мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағаты үшін мынадай тәртіппен есептеліп төленеді:

Түнгі жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылған ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ заңда қаралған мөлшерден кем емес мөлшерде төленеді.

Мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 1/6 бөлігінен, ал алты сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтың 6/5 бөлігінен кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді. Біреудің орнына жұмыс істегені (атқарганы) үшін төленетін еңбекақы

Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп өндіріс қажетіне немесе басқару міндетіне сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның орнына оның қызметін немесе жұмысын басқа адамның атқаруын айтады. Уақытша жұмыста жоқ адамның жұмысын немесе қызметін атқаруды басқа жұмысшыға немесе қызметкерге жүктеу үшін кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы тиіс. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның орнына тағайындалған қызметкер уақытша жұмыста жоқ адамның штатта қарастырылған орынбасары болып табылса немесе уақытша оның орнына жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылмаса, онда бұл жағдайда біреудің орнына уақытша қызметті атқарғаны үшін ешқандай қосымша еңбекақы төленбейді. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның жұмысын атқарушы штатта қарастырылған орынбасары болып табылмаса немесе уақытша жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылса, онда уақытша біреудің қызметін атқарушы қызметкерлерге өзінің еңбек-ақысына қосымша өзінің еңбекақысымен уақытша жұмыста жоқ адамның еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Бос орындағы қызмет пен міндетті атқарушы етіп тағайындау уақытша біреудің қызметін атқару емес ол жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа жұмысқа ауысуы болып есептеледі де, ол жұмысшыға немесе қызметкерге міндетін атқарып жүрген, яғни бос жұмыс орнының қызметіне белгіленген еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді.

 

 

      Жұмысшыларға өзіне берілген разрядтан төмен     тарифтелген жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем.

Кәсіпорындарда кесімді  еңбекақы алатын жұмысшылар ұйым басшысының өкіміне сәйкес өзіне берілген разрядтан (мамандық дәрежесінен) төмен тарифтелген жұмысты атқарған жағдайда, егер олар белгіленген өнім өндіру мөлшерін (нормасын) орындаған уақытта төмен дәрежелі (разрядты) жұмысшыға белгіленген тариф бойынша есептелетін еңбекақы және соған қосымша осы тарифпен сол жұмысшының өзінің мамандық дәрежесіне белгіленген тариф бойынша алуға тиісті еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы төленеді.

Мысалы: бесінші разрядты жұмысшы үшінші разрядты жұмысшыға белгіленген жұмысты атқарған болса, онда оған үшінші разрядты жұмысшыға төленуге тиісті еңбекақы және қосымша үшінші разрядты жұмысшы мен бесінші разрядты жұмысшының еңбекақыларының ара-сындағы айырмашылық сомасы төленеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің қан тапсырған күніне, яғни донорлық міндетті атқарған күніне төленетін төлем

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлер қан тапсырған, яғни донорлық қызмет атқарған күні жұмыстан босатылуға тиіс. Қан тапсырған жұмысшылар мен қызметкерлердің қалауы бойынша оларға бұл күннен басқа тағы қосымша бір жұмыс күні демалыс ретінде пайдалануға беріледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер бұл күнді, яғни демалуға тиісті күннің кезекті еңбек демалысына да қосып алуына болады. Қан тапсырғаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста болмайтын жоғарыда айтылған бұл екі күніне еңбекақы орташа еңбекақы мөлшерінде төленеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлем

Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың  жүмыстың тоқтап қалған уақытына еңбекақы төленбейді. Егер жүмыстың тоқтап қалуына жұмысшылар мен қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығы болмаса, еңбекақы тарифтің 50% (пайызы) мөлшерінде төленеді. Жұмыстың тоқтап қалуына байланысты кәсіпорын жұмысшылар мен қызметкерлерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыруы мүмкін. Егер жұмыстың тоқтап қалған уақытында жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіпорын әкімшілігі ұсынған басқа жұмысты орындаудан бас тартатын болса, яғни берілген жұмысты орындамайтын болса, онда ол уақыт үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге ешқандай еңбекақы төленбейді. Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем.

Ақау деп өнім өндіру барысында сапасы жағынан белгіленген стандартқа сәйкес келмейтін немесе арнаулы мақсатқа сол дайындалған күйінде тікелей пайдалануға жарамсыз болып, тек қана түзеткеннен, жөндегеннен кейін, яғни белгілі бір шығын шығарылған жағдайда ғана пайдаланатын бұйымдарды, бөлшектерді айтады. Өндірілген өнімдер, орындалған жұмыстар ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінен толығымен жарамсыз болып табылатын болса, яғни ол өнімдер ақау болып табылса, онда бұл өнімді өндіргені, жұмысты орындағаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленбейді. Егер өндірілген өнімдер немесе дайындалған бұйымдар жартылай жарамсыз (ақау) болып табылса, ол кезде өнімді өндірген жұмысшыларға төленетін еңбекақы мөлшерін, кәсіпорынның әкімшілігі өнімнің жарамдылық пайызына (процентіне) байланысты анықтап белгілейді. Мұндай жағдайда төленетін еңбекақы мөлшері тариф бойынша осы өнімді өндіру үшін белгіленген еңбекақының 50% (пайызынан), яғни жартысынан аспауы керек. Бұл төленетін төлем осы жұмысқа мөлшерленген уақытқа ғана есептеліп төленеді. Кәсіпорындарда жұмысшылардың салақтығынан болған бұзылған өнімдердің, заттардың құны олардың еңбекақыларынан ұсталуы тиіс. Бірақ бұл ұсталуға тиісті соманың мөлшері сол жұмысшының орташа еңбекақысының 2/3 (үштен екі бөлігі) мөлшерінен аспауы керек. Ал материалдарды, өнімдерді әдейі қастандықпен бұзған жағдайда келтірілген зиянның сомасы занда қаралған мөлшерде жұмысшының еңбекақысынан ұсталады. Егер кәсіпорындарда өндірілген өнімдер жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз толық ақау қатарына жатқызылатын болса, онда бұндай өнімдер үшін ол өнімді өндіріп шығарған, дайындаған жұмысшылар мен қызметкерлерге тариф бойынша белгіленген еңбекақысының 2/3 (үштен екі белігі) мөлшерінде еңбекақы төленеді. Өндіріліп шығарған өнімдердің, дайындалған бұйымдардың ақау   болуы   ол   өнімдерді   өндіру   үшін   пайдаланылған материалдардың сапасының нашарлығынан немесе олардың жарамсыздығының себебінен болса немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз болған ақау, өнімді немесе жұмысты ұйымның техникалық бақылау органдары қабылдағаннан кейін белгілі болса, онда ол өнімдерді өндіріп шығарған, дайындаған жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы толық тарифтік, яғни жарамды өнімдерге төленетін мөлшерде төленеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта орындаған жұмыстарына, атқаратын қызметтеріне төленетін төлем.

Халық шаруашылық салаларында  нақтылы жұмыс уақыты белгіленген кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген (белгіленген) уақыттан өзге ,уақытта істеген жұмыстары, атқарған қызметтері мерзімнен тыс уақытта істелген жұмысы болып саналады. Белгіленген жұмыс уақытынан өзге, яғни мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеу кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығымен ғана жүргізіледі. Мерзімнен тыс уақытта істелетін жұмысқа бір жасқа толмаған баласы бар жас сәбилі аналарды, жүкті (екіқабат) әйелдерді қатыстыруға болмайды. Ал бір жас пен сегіз жас аралығында баласы бар аналар мұндай уақыттағы жұмыстарға тек қана өздерінің келісімімен қатыстырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеген еңбегі тек қана ақшалай түрде төленеді. Кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстың алғашқы екі сағатына өзіне белгіленген тарифтік еңбекақының 1,5 (бір жарым) есе, ал одан кейінгі сағаттарына 2 (екі) есе мөлшерінде еңбекақы есептеліп, төленеді. Ұйымдарда кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстарының алғашқы екі сағатына сол уақытта атқарған жұмысына тиісті еңбекақының 50% (пайызы), ал одан кейінгі сағаттарына 100% (пайызы) мөлшерінде қосымша еңбекақы алады. Жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс және мейрам күндерінде істелген жұмыстарына, атқарган қызметтеріне еңбекақы төлеу.

ҚР-ның еңбек туралы заңына сәйкес кәсіпорындарда демалыс күндері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Бірақ та кейбір төтенше жағдайларда ұйымдағы кейінге қалдыруға, кешіктіруге болмайтын жұмыстың пайда болуына байланысты бұл күндерде де жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне тура келеді. Егер де кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлер демалыс күні жұмыс атқарса, оған келесі екі апта ішінде жұмыс күні есебінен демалыс берілуге тиісті. Ұйымның бұл уақыт аралығында (келесі екі апта ішінде) демалыс беруге мүмкіншілігі немесе жағдайы болмаса, жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс күні жұмыс істеген еңбегі үшін мерзімді еңбекақы алатындарға сол күнгі жұмыс істеген әрбір сағатына тарифте белгіленген бір сағаттық еңбекақысының 2 (екі) есесі, ал кесімді еңбекақы алатындарға сол күнгі өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының сандары мен көлеміне байланысты тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақының 2 (екі) есесі мөлшерінде еңбекақы төленеді. Кәсіпорындарда мейрам күні жұмыс істегені үшін мерзімді және кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге сол күнге өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының санына, көлеміне немесе жұмыс істеген сағаттарына тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақысы көтеріңкі мөлшерде, яғни екі еселеніп төленеді. Мейрам күні істеген жұмыстары мен атқарған қызметтері үшін ақшалай еңбекақы төлемінің орнына сол жұмыс істеген жұмысшылар мен қызметкерлердің келісімімен, яғни олардың ризашылығымен басқа жұмыс күні есебінен демалыс беруге де болады.  Мейрам күні кезекшілік қызметін атқарған жұмысшылар мен қызметкерлерге басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа амалсыздан шықпай қалған уақытына еңбекақы төлеу тәртібі.

Информация о работе Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі