Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 18:46, курсовая работа
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне карай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшөрін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
- тарифтік кесте;
- тарифтік еңбекақы мөлшері;
- тарифтік мамандық аныктамалары.
Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне карай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшөрін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
Осыларға қарап жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жүмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандык дәрежесіне карай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің кай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жүмыстың күрделілігімен каншалыкты еңбек етуіне керекті ұқыптылықпен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың түрлеріне мінездеме беріледі және жүмысшылар мен қызметкерлердің берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Еңбекақы есебі
Жұмысшылар мен кызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уакытына байланысты оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімді бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақыны есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды түлғалардың қолдарының койылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл қүжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен кызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және цифрларының дурыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.
Еңбекақының түрлері мен нысандары (формалары)
Жалпы жұмысшылар мен кызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нактылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.
Қосымша еңбекақыға — еңбек заңына сәйкес шарттарда белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Мұндай төлемдер қатарына:
1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлем
2. Жүмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
3. Жас сәбилі аналарга берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін узілістерге төленетін төлемдер.
4. Жас өспірімдердің қыскартылган жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
Әскери жиындарға қатысқаны ушін сондай-ақ демалыс немесе мейрам кундері кезекшілік атқаратын адамдарга төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады. Өндіріс пен құрылыста халык шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны (формасы) қолданылады.
Мерзімді еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен кызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы жөніндегі бөлімінің кызметкерлеріне, тағы басқаларға мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:
1. Жай мерзімді;
2. Мерзімді сыйлықты.
Жай мерзімді жүйесі бойынша — жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді еңбекақы — жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кететін еңбек уақытын қысқартуға ынталаңдыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін колданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту аркылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндіруге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уакыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндірістің өнімінің санынан немесе көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жүмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері — бұл қүжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалык жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорындарда жүмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем — өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйакы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да -күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары ушін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Және бұл жүйе кез келген үйымдарда қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі — ұйымдарда жұмысшылар мен кызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға коюды кажет етеді. Сондай-ак бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен кызметкерлер санын қыскартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен кызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша енбекақы шаруашылыктың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жү-мысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың, таш да басқа кұралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін, оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшысларға төленеді.
Мерзімді еңбекақыны есептеу
Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен кызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімінен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытыңда істегеніне есептелетін төлемдер жатады.
Халык шаруашылығының әр түрлі салаларындағы үйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы кызмет аткарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытка есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік (календарьлық) ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай кызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе кызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен кызметкердің толық қай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.
Мысалы: сәуір айында 22 жұмыс күні бар, айына 11000 теңге тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы, сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн ауырып калған және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен (әлеуметтік қордан) төленеді. Ал қалған 18 күні үшін (15 күн жұмыс істегені үшін 3 күн қоғамдық жұмыс атқарғаны) еңбекақы ұйымының есебінен төленеді. Бұл соманы анықтау үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 11000 теңгені осы айдағы жұмыс күнінің санына яғни 22 күнге бөлеміз (11000/22) Содан кейін алынған нәтижені (500 теңге) жұмыс істеген және қоғамдык жұмыс атқарған күндері сандарының қосымшасына көбейтеміз. Бұл жағдайда жоғарыдағы мысалымызда көрсетілген жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 9000 теңге болады. (500х(15+3)) =9000 теңге. Кәсіпорыңдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы жұмыс істеген күні мен сағатына байланысты төленетін жағдайларда, олардың бір күнге немесе бір сағатқа белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген күндері мен қоғамдық жұмыстағы басқада косымша еңбекақы төленуге тиісті күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту арқылы табылады.
Кесімді еңбекақыны есептеу
Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша — жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өңдірген өнімі мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы кұжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да баска операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгіленген бағаға көбейтеді.
Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе қызметкердің колынан келетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы кұжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уакыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысыньң көлемі мен саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруга (жасап шығаруға, орындауға) белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен кызметкерлердің арасында олардың дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әркайсысының тариф бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомаларының косындысына қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейін тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы мен өндірген өнімінің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты еңбекақысы табылады.
Мысалы: кұрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнімі мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы коры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандык. дәрежесі мен жұмыс істеген жұмысшы қызметкерлердің еңбекақылары бойынша төленеді.