Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 21:41, курсовая работа
Қазіргі кезде еліміздің нарықтық экономикаға көшуінен, шаруашылық субьектілері (жеке және заңды тұлғалар) жоғарғы деңгейлі өзара қызметтесу арқылы, тиімділікке қол жеткізу үшін өздерінің күш жігерлерін бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп, біріктіріп жатыр. Кәсіпорындар арасындағы мұндай қызметтестік - әдеттегі тауар айналымынан шығып, бір-бірімен технология, ноу-хау және басқарушылық тәжірибесімен алмасып, жарқын болашағы бар қызметтерге капиталдар енгізіп, бірлескен ұзақ мерзімді өндіріспен айналысуда. Әлемде халықаралық шаруашылық өмірді интернационализациялау - әртүрлі мемлекет субьектілерінің бірлескен қызметтерінің түрлі ұйымдық - құқықтық нысанын пайдалануға әкелді.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы..........................5
1.1 Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оны топтастыру..............................5
1.2. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың даму тарихы…………...8
ІІ тарау. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы және оның талаптары………………………………………………………………………...11
2.1 Бірлескен кәсіпорын қызметінің пайда болуы және тоқтатылуы.…11
2.2 Бірлескен кәсіпорынды басқару……………………………………...18
2.3 Бірлескен кәсіпорынды қаржыландыру.……………………………..21
ІІІ тарау. «ҚазГерМұнай» БК. ЖШС- ны талдау.........................................25
Қорытынды………………………………………………………………………34
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………37
БК
шетелдік және отандық коммерциялық
банктерден несие алған кезде
артықшыларды иеленеді. Өйткені, оның
құрылтайшылары өз елінде және аймақта
атақты қаржы институттарының кепілін
ұсынып сәйкесті тәжірибені иеленеді.
ҚР-дағы БК-ға ұсынған несиелік-қаржылық
институттар үшін пайдалы болып табылады.
Өйткені, олар еуропалық ставкадан гөрі
жоғары пайызбен береді (мысалы: Қазақстанда
жылға 20%, ал оның орнына Германияда 12%)
және ол бағамның өзгеруінен валюталық
тәуекелді төмендететін айналымдағы валютамен
ұсынылады. БК-ға берілетін қосымша артықшылық
шетел капиталы бар кәсіпорынға мемлекеттің
ұсынған салық заңнамасында көрсетілген
жеңілдіктер мен артықшылықтар табылады.
ІІІ тарау. «ҚазГерМұнай»
БК. ЖШС- ны талдау
«ҚазГерМұнай» БК.ЖШС Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіру компанияларының бірі болып табылады. Ол Қызылорда облысындағы Оңтүстік-Торғай ойпатынының Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орнындарында көмірсүтек шикі заттарын барлаумен, қазбалаумен және өндірумен, сондай-ақ оның өнімдерін сатумен айналысады.
1993 жылы «Южнефтегаз» АҚ мен Feba Oil AG и Erbdol Erdgras Gommern GmbH бір топ неміс компанияларының арасында Қазақстан үкіметінің қатысуымен «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ның құрылуына негіз болған құрылтай келісіміне қол қойылды. Өңдеу мақсатында Серіктестікке «Ақшабұлақ», «Нұралы» және «Ақсай» кен орындары берілген болатын. Компания мамандары сейсмикалық барлау мен ұңғыларды бұрғылауды қоса, геологиялық барлау жұмыстарына бірден кірісіп кетті. Бұл жұмыстың нәтижесі ретінде бес мұнай және газ өнеркәсіптік кен орындарының табылуы болды: «Орталық Ақшабұлақ», «Оңтүстік Ақшабұлақ», «Шығыс Ақшабұлақ», «Нұралы» және «Ақсай».
Компания дамуының келесі кезеңі 1996 жылы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясымен, бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Басшылығымен бірге жасалған жекешелендіру туралы келісімге сәйкес «ҚазГерМұнай» және «Торғай Петролеум» сияқты екі біріккен кәсіпорындағы 50%-дық үлестерімен қоса «Южнефтегаз» АҚ-на ие болғанда басталды.
2006 жылы «Қазгермұнай»-дың 50% үлес жиынтығын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы сатып алды.
Бүгінде «ҚазГерМұнай» БК.ЖШС-ның Қазақстанның оңтүстік-орталық бөлігінде орналасқан Оңтүстік-Торғай бассейніндегі 897 шаршы км. аумағында мұнайды барлау және өндіруге лицензиясы бар. 2008 жылы 3 млн. тонна мұнай өндірілді. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 3.100 млн. тоннаны құрап, «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не Қызылорда облысының ірі мұнай өндіруші компанияларының қатарында болуға және Қазақстан Республикасының ірі мұнай өндіруші компанияларының ондығына кіруге мүмкіндік береді.
ҚазГерМұнай өндіру көлемі бойынша 8-ші қазақстандық мұнай компаниясы. ҚазГерМұнайдың дәлелденген және мүмкін болатын қорлары 2006 жылдың қыркүйегінің аяғындағы жағдай бойынша 40,7 млн. тоннаға (310 млн. баррельге) жуықты, өндіру 2006 жылы – 3 млн. тоннаға (тәулігіне 60 мың баррельге) жуықты құрайды. 2007 жылдың 5 наурызында ҚМГ БӨ ҚМГ ҰК-дан мүмкін болатын түзетулерімен 133,3 млрд. теңгеге ҚазГерМұнай-дағы 50%-дық үлесін сатып алу келісімі туралы мәлімдеді. ҚазГерМұнайдың екінші қатысушысы PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясы болып табылады.
«Қазгермұнай»
– Қазақстанның минералдық-
Тарихы
Компания
тарихының негізгі кезеңдері
1988 ж. – Ақшабұлақ кен орнында барлау жұмыстары басталды
1993 ж. – «Қазгермұнай» БК» ЖШС құрылды
1994 ж. – Құзыретті орган Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында барлау жүргізуге лицензия берді
1995 ж. – РВЭ-ДЭА АГ Компанияның жаңа құрылтайшысы болды
1996 ж. – «Харрикейн Құмкөл Мұнай» АҚ «Южнефтегаз» АҚ-ын жекешелендірді
1997 ж.
– Халықаралық қаржы
1999 ж. – тұңғыш 100 000 тонна мұнай өндірілді
2001 ж. – тұңғыш 1 000 000 тонна мұнай өндірілді
2003 ж.
– «Харрикейн Құмкөл Мұнай»
АҚ атауын «ПетроҚазақстан
2003 ж.
– Газ өңдеу қондырғысын (ГӨҚ)
сатып алу, жеткізу, құрастыру
және орнату бойынша толық
жоспар энергетика және
2005 ж.
– газды кәдеге жарату
2006 ж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ РВЭ-ДЭА, ЭЭГ, ХҚК-нан «Қазгермұнай» БК» ЖШС жарғылық капиталының 50% үлесін сатып алды
2010 ж.
– ГӨҚ-2 іске қосылды
Мұраты
мен мақсаттары
«Қазгермұнай» БК.ЖШС-ның міндеті - өндірістің тиімділігін, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануды және әлеуметтік капиталдың дамуын қамтамасыз ете отырып, аймақтық дамудың басым мәселелерін шешетін, жоғары технологиялық, тиімді, әрі динамикалық түрде дамитын мұнай өндіруші компания қатарына қосылу.
Біздің мақсатымыз - Қазақстанның мұнай-газ саласында көмірсутек ресурстарын жеткізушілердің ішіндегі ең тиімді мұнай компаниясы және сенімді мойындалған көшбасшы болу.
Біздің компания табиғи ресурстар энергиясын адам мен қоғам игілігіне айналдыру мақсатында аймақта ұзақ мерзімді экономикалық даму, әлеуметтік тұрақтылық, гүлдену мен ілгерілеушілік, қоршаған ортаның қолайлы жағдайларын сақтау мен жер қойнауын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылды.
Біздің компания бизнестің тұрақты дамуына жауапкершілікпен қоса әлеуметтік және экономикалық жүйелерін қамтитын бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстана отырып өз қызметі мен даму стратегиясын жүргізеді.
Бизнесті
жүргізуде «Қазгермұнай» БК.ЖШС
кәсіпорынның қызметімен байланысты акционерлер,
қызметкерлер, тұтынушылар, компанияның
іскер әріптестерін, аймақтық бірлестіктер
мен барлық әлеуметтік топтардың қызығушылықтар
балансын қамтамасыз етуге ұмтылады. Біздің
қызметіміз – отандастарымыздың экономикалық
және әлеуметтік жағдайын дамытуға бағытталған.
Әлеуметтік
саясат
«Қазгермұнай» БК.ЖШС - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін өз қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде қарайтын Қызылорда облысындағы көшбасшы мұнай компанияларының бірі.
Компанияның әлеуметтік саясатының құрамдас бөліктерінің бірі - Серіктестік пен Әкімдік арасындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы меморандумдар жасау дәстүрге айналды.
Серіктестік облыстың медицина мекемелерінің заманға сай жабдықталуын; орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңғыртуын қаржыландырып, аймақтың әлеуметтік салаларын дамытуға өз үлесін қосады. Сонымен қатар біздің компания мәдениет пен спорттың дамуына қаржы бөлу арқылы қоғамның рухани дамуына және салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдайлар жасауда.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС азаматтарды әлеуметтік қорғау мен қолдау бойынша іс-шаралар деңгейін уақытылы көтеру мақсатында қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің тұрақты мониторингін жүргізіп отырады. Серіктестік жағдайы төмен отбасыларға, батыр аналарға, Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен олардың жесірлеріне, мүгедектерге, сонымен қатар тұрғындардың қорғалмаған бөлігін қолдаумен айналысатын қоғамдық қорлар мен мекемелерге жәрдем көрсетеді.
Серіктестік облыс тұрғындарын республикада болмаған төмен бағалы «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыруда.
Серіктестік басшылығы әрдайым өз қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуының маңыздылығын сезініп, еңбек ұжымына лайықты еңбек жағдайлары мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуді табысқа жетудің қажетті шарты деп санайды.
2010
жылы «Қазгермұнай» БК.ЖШС «
«ҚазГерМұнай» БК. ЖШСқауымдасқан кәсіпорындарының өндіруіндегі жалпы үлесі 2010 жылы 4 519 мың тоннаны (тәулігіне 93 мың баррель) құрады.
2011 жылы
«Өзенмұнайгаз» ПФ және «
2009 | 2010 | |
Мұнай өндіру, мың тонна | 3 202 | 3 102 |
Түсім, млн. теңгемен | 178 167 | 226 277 |
Сатудың орташа бағасы, теңге/тонна | 56 695 | 72 757 |
Күрделі шығыстар, млн. теңгемен | 20 273 | 12 110 |
Жұмысшылар саны | 590 | 681 |
«ҚазГерМұнай» БК. ЖШСжобалары
«ҚазГерМұнай» БК.ЖШС әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігінің бірі – бұл облыс әкімдігімен әлеуметтік-экономикалық даму Меморандумына қол қоюы.
2010 жылдың
мамыр айында «Қазгермұнай» «
Бұған қоса, компания облыс әкімдігінің келісімі бойынша жыл ішінде білім беру, денсаулық сақтау, спортты дамыту салаларына әлеуметтік қолдау ретінде, мәдени мұралар нысандарын қолдауға, барлық топтағы мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға, Қызылорда облысы халқының әл-ауқаты төмен топтарына демеушілік көмек ретінде 1 млн. АҚШ долларын бөлді. Жалпы өткен жылы облыс халқының әлеуметтік мұқтаждығына 600 млн. теңгеден аса (4,1 млн. АҚШ доллары) қаржы бөлінді.
Информация о работе Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы