Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 21:41, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық экономикаға көшуінен, шаруашылық субьектілері (жеке және заңды тұлғалар) жоғарғы деңгейлі өзара қызметтесу арқылы, тиімділікке қол жеткізу үшін өздерінің күш жігерлерін бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп, біріктіріп жатыр. Кәсіпорындар арасындағы мұндай қызметтестік - әдеттегі тауар айналымынан шығып, бір-бірімен технология, ноу-хау және басқарушылық тәжірибесімен алмасып, жарқын болашағы бар қызметтерге капиталдар енгізіп, бірлескен ұзақ мерзімді өндіріспен айналысуда. Әлемде халықаралық шаруашылық өмірді интернационализациялау - әртүрлі мемлекет субьектілерінің бірлескен қызметтерінің түрлі ұйымдық - құқықтық нысанын пайдалануға әкелді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы..........................5
1.1 Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оны топтастыру..............................5
1.2. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың даму тарихы…………...8
ІІ тарау. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы және оның талаптары………………………………………………………………………...11
2.1 Бірлескен кәсіпорын қызметінің пайда болуы және тоқтатылуы.…11
2.2 Бірлескен кәсіпорынды басқару……………………………………...18
2.3 Бірлескен кәсіпорынды қаржыландыру.……………………………..21
ІІІ тарау. «ҚазГерМұнай» БК. ЖШС- ны талдау.........................................25
Қорытынды………………………………………………………………………34
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………37

Работа содержит 1 файл

ARAIKA kursovoi (Автосохраненный).doc

— 429.00 Кб (Скачать)

    1996 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда  2624 БК тіркеліп(1995 жылы 1 қаңтарда-2025 БК), оның 656 қызмет атқарды, тіркелгендердің 75% немесе 1968 БК ешбір өндіріске салымдарын салмады және ешқандай қызмет көрсетуді жүзеге асырмады.

    Қазіргі кезде БК-дар Қазақстанның барлық облысында қызмет етуде. Оның ішінде 368-і(56%)- Алматы қаласында, 39-ы(6%)- Қарағанды облысында, 32-сі(4,8%) - Атырау облысында, 24-і(3,6%) - Алматы облысында, 26-сы(4%) - Оңтүстік Қазақстанда, 24-і(3,6%) -Павлодарда, 18-і(2,7%) - ШығысҚазақстанда, 17-сі (2,6%) - Ақмола облысында, 14-сі (2,1%) - Семей облысында, 11-і (1,7%) - Талдықорған облысында, 10-ы (1,5%) - Жамбыл облысында орналасқан.

    Ал  БК-ның аз шоғырланған жерлері - Қызылорда, Маңғыстау, Торғай, Жезқазған облыстары.        

    Қазіргі кезде ҚР-да БК-ның қызметіне серіктес елдер ретінде әлемнің 90-ға жуық елдері қатысуда. Қызмет етуші БК-ның көпшілігі Еуропа және Азия мемлекеттерінің фирмаларымен құрылған. Сонымен қатар, 70-тей БК өз қызметін американдық фирмалармен жүзеге асыруда. Аса белсенді қызметтестікті БК бағытында Түркия, Қытай, Ресей, Германия, Оңтүстік Корея, Италия, Пакистан, АҚШ орнатуда. Бұл елдермен Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы шарт жасап қана қоймай, капитал енгізуді өзара қорғау және көтермелеу туралы келісімді бекітті. Сөз жоқ, тиісті халықаралық шарттар Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат тудыруға әсер етті.

    АҚШ әлі де елімізге капиталдарын енгізуде белсенділік көрсетіп отыр. Бұл күнде 230-дан астам Қазақстан-Американ БК-дары тіркелген. ҚР-ның Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша елімізде Американдық инвестицияның көлемі 1,9 млрд доллардан тұрып, бұл шетел инвестициясының жалпы сомасының 28% құрайды.

    Қазақстан экономикасындағы БК-дар болашақта дамудың жарқын көрнісі ретінде мұнай өндіру өнеркәсібінде қызмет етуде.

    Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел инвестициясын  тартудың келесі салалық құрылымы бақылануда.(1-диаграмманы қараңыз).

    Қазақстанда шетел инвестициясын өндіруші салаға тарту тенденциясы экономикадағы қызметтерінің тиімділігі шектелгенге дейін сақталуда. Бұл жағдай көптеген шетел сарапшыларының пікірі бойынша “голландиялық аурудың” пайда болу қауіпі төніп тұр, яғни экономиканың белгілі бір жеке салалары инвестиция есебінен қанығу қауіпі.

    Мұндай  қатынастар маңызды инвестициялық  заңнаманың дамуын ұсына отырып, экономиканың инвестицияланбай қалып қойған салаларына БК қызметін ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді.

    ІІ тарау. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы және оның талаптары

2.1 Бірлескен кәсіпорын қызметінің пайда болуы және тоқтатылуы

 
 

    БК  көздейтін экономикалық жағдайдың  және мүдделердің жан-жақтылығы, олардың  іске асыруға тиесілі заңды құрылымның әртүрлі болуына әкелді Жалпы, БК болып бірнеше серіктестердің өз мүдделерін заң тұрғысынан анық бейнеленген бірлестікті құру табылады. Мұндай бірлестіктегі серіктестер күшінің қатынасы мен қызметтестігі әрбір нақты жағдайларда әртүрлі болуы мүмкін.

    Қатысушылардың  мүдделерінің әртүрлілігіне қарамастан, оларды тең дәрежедегі серіктестер болып, заңды талапқа сайкес құрылымды таңдау қиынға түседі (мысалы: серіктестікке, компанияға не бірлестікке қатысты құқықтық нормалардың жергілікті жүйесі, инвестиция туралы жергілікті заңнама, жергілікті шаруашылық құқығы т. с. с).

    БК  құру туралы шарттардың мазмұнын және нысанын анықтау үшін тек азаматтық  құқықты пайдаланып қана қоймай, халықаралық  құқықты, БК орналасқан елдің ерекшеліктерінде білуіміз қажет.

    БК  жоба дайындалған елде, әдетте, БК ұйымдастырылады. Кәсіпорын нысанын реттейтін құқықтық нормаларда, БК мүшелеріне өз міндеттері бойынша толық жауапкершілікті не шектелген жауапкершілікті кепілдейтінін нақтылап алуымыз қажет.

    Жауапкершілікті шектеу туралы мәселені қарастырып қана қоймай, жүзеге асып жатқан құқық нормаларымен сауда серіктестігінің құқықтық нысанын таңдау туралы шартты рәсімдегенде икемділік кепілдемесін беретінін түсініп алу қажет. Бұл БК құрылымын өзгерту мүмкіндігіндегі жеке жағдайларда қажет.

    Бас директор басшылық қылатын француз  құқық жүйесіндегі акционерлік қоғамның құрылымы бас директор және директорлар кеңесі басқаратын ағылшын құқық жүйесіндегі жауапкершілігі шектеулі акционерлік қоғамнан және төраға мен бақылаушы кеңес басшылық ететін неміс құқық жүйесіндегі акционерлік қоғамнан ерекшеленеді. Мысалы: Англияда азаматтық құқықтың жеке субьектісі болып табылатын компанияның үш түрі қызмет жасауда:

  1. Қатысушылардың жауапкершілігі пайдаларының номиналдық сомасымен шектелген компания;
  2. Қатысушылардың жауапкершілігі белгілі бір кепілденген сома шегімен шектелген компания;
  3. Қатысушылары шектеусіз жауапкершілікте болатын компания.

    Франция және ГФР-сы құқығындағы акционерлік  қоғам компанияның бірінші түріне сайкес келеді. Бірақ, Франциядағы әкімшілік  кеңес пен неміс құқығындағы  бақылаушы кеңес және ағылшын құқығындағы директорлар кеңесі тең емес. Құқықтық нысанды таңдау серіктестің ұжымдық органы келісімімен бірлескен кәсіпорынға қатысу құқығын беру және серіктестіктегі қатысушы акционерлердің кәсіпорын басшыларынан қажетті ақпаратты талап ету мүмкіндігіне т. б бірнеше басқа мәселелердің қатарына әсер етеді. Көптеген құқықтық жүйе мұндай мақсатқа арнайы ұйғарым шығарады.

      Құқықтық нысанды таңдау үшін  серіктестердің жыл сайын ақпаратты  таратуды жүзеге асыру міндетіне  қатысты мәселелерде мәнді болуы мүмкін.

    Нақты құқықтық нысанды таңдау кезінде  икемді не қолайлы шарт дайындау мақсатында, бас тартулар мен ауытқулар болуы  мүмкін.

    Бірлескен кәсіпорынды құру құрылтайшыларымен  негізгі шартын жасасқаннан басталып, оны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап аяқталады.

    Бірлескен кәсіпорынды құру туралы негізгі  шарт бірлескен кәсіпорынның қызмет нысанын, міндетін, мақсатын және кәсіпорын  капиталындағы серіктестер үлесінің қатынасын бекітетін міндетті бөлімдерден  және жарғыдан тұрады.

    Мақсатты  нақты тұжырымдау сол мақсатты қате интерпретациялау тәуекелін азайтады.

    Бірлескен кәсіпорынды құру туралы шарт бірлескен  кәсіпорынның нысанын, түрін анықтайтын әртүрлі аспектілерді және бірлескен  кәсіпорынның қызметін басқаруға, бақылауға, валюталық ассигнованияға қатысты мәселелерді қарастырады.

    БК  қандай да бір себеппен таратқан кезде  серіктестер арасында технологияға құқықтық бөлу мәселесі жиі кездеседі. Бөлуге, сонымен қатар, кассадағы  барлық жинақтар және аз көлемдегі  басқа да активтер жатады. Басқа активтер қолма-қол сатылуы мүмкін. Мұндай сатып алу салық салуға жатқызылады.

      Кез-келген технологияны және  басқа активтерді беру толығымен  жүзеге асады, яғни БК технологияға  өз құқығын береді де, ал бірлескен  кәсіпорынның серіктестерге болашақта көрсететін технологиялық және консультациялық қызмет көрсету міндетін бермейді. 

    БК  тәуелсіз кәсіпорындар арасында ұзақ мерзімді өндірістік кооперацияны дамыту үшін құрылады. Мұндай, БК құқықтық қатынаста, бірлескен кәсіпорынды құру туралы жеке шартпен реттеледі. Осыдан келіп БК құру туралы шарт мынадай мақсаттардан тұрады:

    - Бірлескен кәсіпорынды құру;

    - Бірлескен кәсіпорынның ұйымдық  құрылымын бекіту;

    - Құрылымды өзгерту мүмкіндігін  анықтау және осындай тектегі  БК мен жеке серіктес кәсіпорын  арасындағы кооперацияға әсер етуі қандай бейнеде болатынын бекіту.

    БК  өз қызметін тарату не қайта құру жағдайында тоқтатады. 

    Бірлескен кәсіпорынның мүлкін меншіктенушілердің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берген органның шешімі бойынша бірлескен кәсіпорын белгілі бір негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін.

    БК  қызметінің тоқтатылуынің әртүрлі  негіздері бар:

  1. Экономикалық негіздер - бұл, БК құру жобасынан туындайтын бірлескен кәсіпорынның экономикалық пайдасыз болуы. Мысалы: алғышарттардың сенімсіз бағалануынан немесе типтік талаптарға қосымша өзгертулер енгізуінен;
  2. Серіктестердің өздеріне тәуелді негіздер. Мысалы: банкрот болуы, қаза табуы және т. б.;
  3. Жеке қатысушылардың шартты бұзуы;
  4. Бірлескен кәсіпорынды құру жобасымен байланысты мемлекеттік рұқсаттан туындайтын құқықтық себептер;
  5. Басқа да шарттық себептер.

    Осы негіздер бойынша БК-ды тарату туралы талапты заң актілері және серіктестер  арасындағы шарттар негізінде талап  қоюға құқық берілген серіктестер және мемлекеттік орган, ал банкрот болған жағдайда несие берушілер де сотқа беруі мүмкін. БК тарату туралы сот шешімімен жүзеге асыру жөніндегі міндеттер, оның мүлкін меншіктеушіге, меншік иесі уәкілдік берген органға, бірлескен кәсіпорынды таратуға құрылтай құжаттарында уәкілдік берген органға не сот тағайындаған басқа органға не тұлғаға жүктелуі мүмкін. Бірлескен кәсіпорынды тарату және қайта құру тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және өзге де заң актілерімен реттеледі. Сонымен қатар, жарғылық қордағы үлесі көбірек қатысушы бірлескен кәсіпорынды тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, басқа қатысушы (қатысушылар) кәсіпорыннан шыққан қатысушыға мүліктегі үлесін төлеп, бұл кәсіпорынды қайта құруға құқылы.

    Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне тиісті жазба жасалғаннан кейін бірлескен кәсіпорынды таратылуы аяқталды, ал бірлескен кәсіпорынның өмір сүруі тоқтатылды деп есептеледі. БК маңызды міндеттерінің бірі нәтижесі серіктестер арасындағы болуы ықтимал үлкен қайшылықтарды басынан бастап жою. Сондықтанда БК құру туралы шарт көлемді болып келеді.

    Тәжірибе  серіктестер арасындағы даулар мен  қарсылықтардың алдын-алу үшін барлық маңызды аспектілерді нақтылап және барлығын қамту қажеттілігін көрсетуде. Сондықтанда келіссөз үрдісінде маңызды орынды негізгі шарттың құрамды бөлігіне қажетті болатын қосымша шарт алады. Бірақ та, олар келісіліп негізгі шартта қосымшалануы мүмкін. Оған мыналар жатады:

  • Инжиниринг туралы, ноу - хау және технологияны беру туралы шарттар;
  • Жер участігін пайдалану және оған құрлыс жұмысын жүргізу туралы шарттар;
  • Лицензия, патент беру туралы, сауда белгісін иелену туралы шарттар;
  • Технологиялық жәрдем беру туралы; менеджмент,маркетинг туралы шарттар;
  • қызметшілер үшін ашық конкурс өткізу туралы шарттар;

    Бұл шарттар, БК құру туралы негізгі шартпен бірге, БК ұзақ мерзімдік қызметін және оның серіктестері мен серіктестіктері арасындағы өзара қатынасын анықтауы тиіс.

    Қосымша келісімнің әрекеті бірлескен кәсіпорынның барлық өндірістік шеңберіне және жеке маңызды салаларына таралуы мүмкін.

    Қосымша келісім көлемі БК қызметінің түрлері  мен мөлшеріне тәуелді.

    Ережеге сайкес, инвесторлар келесі құқықты  иеленеді:

    -капиталының  үлесіне тәуелсіз бақылаушы органда  артықшылықты шетелдік серіктестік  иеленеді;

    -қызметтерінің  жеке саласында жергілікті инвестордың бақылауы тиылады;

    -қатысу  үлесіне тәуелсіз шетел инвесторына  бақылау құқығы беріледі;

    -инвесторлар  арасындағы дауды БК тұратын  жерден тыс елдегі төрелік  сотпен шешеді;

    -БК  таратылған кезде капиталды әкетуі  шексіз;

    Лизензия сату және ноу-хау технологиясын беру туралы мәселелрге көп көңіл аудару қажет. Егер бір шетел серіктесі бірлескен кәсіпорынның билік етуіне өз ноу-хауын ұсынса не патентті пайдалануға, ой еңбегінің өзге де нәтижелерін қолдануға рұқсат берсе, онда БК қызмет етуші елдегі технологияны беру және ой еңбегінің нәтижесін құқықтық қорғау туралы шарт ережелеріне анализ жасау керек. Технологияны беру туралы шарт бірнеше мемлекетте арнайы рұқсатты талап етеді (мысалы: Аргентина, Мексика, Испания).

Информация о работе Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы