Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:54, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ......................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6
1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9
1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................14
2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20
3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25
3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ РАБОТА.....doc

— 276.00 Кб (Скачать)

 

Бүгінгі таңда Республикамызда  экономиканы нарықтық қатынаста  қайта құру жолында оның негізі болып  табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттік қолдау күн тәртібіндегі өзекті мәселелерің бірі. Сондықтан елдің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін нрықтық экономиканың негізі болып табылтын кәсіпкерлік қызметті қолдау және реттеу шараларының тиімді іске асырылу қажеттігі туындап отыр. Кәсіпкерлікті қолдаудың және реттеудің келесідей түрлерін атап өтуге болады:

  • Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу;
  • Инновациялық қолдау және ынталандыру;
  • Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
  • Құқытық қолдау және заңдар қабылдау;
  • Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
  • Салықтық жеңілдіктер арқылы кәсіпкерліктің маңызды салалырн дамыту іс-шаралары жатады.

Осы жоғарыда айтылған өнеркәсіптегі  кәсіпкерлік қызметті қолдау мен  реттеу шараларының ішіндегі қалған бағыттарға да әсер ететін негізгі  реттеу мен қолдауды, кәсіпкерліктің дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын және ұсынатын мелекеттік іс-шаралар жиынтығы болып табылады.

Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергілікті қаражат есебінен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетін бөлінген қаржы шегіде, сондай-ақ ҚР-сы мемлекеттік бюджетінен, мемлекеттік земдардың, мемлекеттік ақшалай гранттар есебінен жүзеге асырылатын болады [12; 11-84].

Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мен рететудің негізгі бағыттарына:

  • Елде жекешелендіруді одан ары жүргізу;
  • Нарықтық қатынастарды жетілдіру, кәсіпкерлік қызметтердің еркін қызмет етуіне қолайлы ортаны қалыптастыу;
  • Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің, олардың қызметін лицензиялаудың, олардың өнімін сертификаттаудың оңайтылған тәртібін белгілеу;
  • Ұлттық маңызды және шағын кәсіпкрелік субъектілерін қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
  • Қаржы көздерін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің арнаулы бағдарламаларын жасау;
  • Елдегі кәсіпкерлік субъектілерінің шетелдік әріптестерімен сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметін қолдау;
  • Өнімдер өндіруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алуды орналастырған кезде отандық кәсіпкерлік субъектілеріне артықышылықтар беру.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақүрылымы  жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Ұйымдастырушылық құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті іреді.

Республикадағы өнеркәсіптік кәсіпкерлікті  қолдау мемлекеттік құрылымның келесі сатысы Астана және Алматы қалалары және облыс әкімдері мен аппатарттары. Кәсіпкерлік қызметті қоолдау және дамыту мемлекеттік саясатты іске асыру  үшін әкімшілк жанында Кәсәпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған . Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4-қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді).

Кәсіпкерлік және өндірістік облыстық Департаменті (сонымен қатар қалалық  Алмаы және Астана қалалары) өз өкілеттігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдауды жүзеге асыруға құқылы.

Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың соңғы бауы болып аймақтық атқарушы органдары табылады. Республика аудандары мен облыстардың әкімшілік аппаратымен ұсынылған, олардыңм құрамына Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі немесе Экономика және қаржы бөлімі кіреді. Аймақтық атқарушы орнадарына мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шешімдерді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоспарларды іске асыру міндеттелген.   

Қазіргі таңда мемлекет, орта және шағын кәсіпкерлік инновациялық экономикада өз орнын шұғыл түрде табу үшін нарықтағы шынайлықты, жеделдікті, иілмелілігін қолдану қажеттігі туындап оытрғанын түсінуде. Өнеркәсіптегі кәсіпкерлік ортаның ынтасын дамыту үшін және Президенттің жүктеген міндеттерін іске асыру үшін Үкімет жерглікті орнадардың әкім аппатарттары жанында Кәсіпкерлік бойынша Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұймдар кесетсі жасалынды, оның қызметіне мыналар кіреді:

  • шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді зерделеу;
  • атқарушы билік жергілікті және аймақтық орнгандары үшін ұсыныстар мен кеңстерді жетілдіру.          Кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұғымдары үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі міндеті:
  • өнеркәсіптегі кәсіпкерліктің дамуына және қолдауына бағытталған ұсыныстарды жетілдру;
  • нарықты экономиканың дамуын ынталаныдырушы мүмкіндіктерді жасау;
  • Қазақстан Республикасында жұмыс жапсаушы кәсіпкрелік одақтар мен қауымдастықтарды, іскер ортаны байланыстыру;
  • кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік шешімдерді шешу үшін кеңестерді дайындау.           Перзидент жанынадағы кәсіпкерлер Кеңесі, кәсіпкерлер істері бойынша комиссиялардан және қауымдастықтар мен кәсіпкерлерден Президентке, парламентке, үкіметке түскен ақпараттарды және нақты ұсыныстарды жетілдіру үшін құрылған. Сонымен қатар олардың міндетіне шағын және орта бизнестің дамуныа кедергі келтіретін мәселелерді жою жатады.     Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және құру мақсатынан басқа мемлекет кәсіпкерлікке, заттық-технологиялық, ақпараттық-сараптамылық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыруда. Қолдаудың барлық түрлері жергілікті және аймақтық атқарушы деңгейде қабылданатын түрлі бағдарламалар көмегімен атқарушы органдар арқылы жүзеге асады [20; 33-34].            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

  Қорыта  келе, біз кәсіпкерліктің дамуын, соның  ішінде Қазақстандық өнеркәсіптегі кәіскепрліктің пайда болуы мен дамуын, оның түрлерін, яғни кәсіпкерліктің формасын таңдаудағы факторлар, кәсіпкерліктің көлемі жағынан ұйымдық-құқықтық нысандаырна байланысты таңдалу формаларын, кәсіпкерліктің экономикалық маңызды элементі ретінде әсерін қарастырдық. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жүргізілетін әртүрлі саясаттар мен іс-шараларды, соның ішінде, мемлекеттік қоолдау нәтижесінде пайда болып, даму үстінедегі түрлі институттарды және ұйымдарды қарастырдық.           Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.            Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.  

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген. Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері.
  2. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.
  3. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
  4. В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 1996ж .
  5. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.
  6. Акимов В.В., Мерзяков В.Ф., Огай К.А. Основы экономических знаний, - Москва,    2000 г.
  7. Минаева Н.В. Экономика и предпринимательство.- 2001 г.
  8. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Қазақстан, 1998.
  9. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы. Алматы: Жеті жарғы 1998.
  10. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы Алматы: Жеті жарғы 1998.
  11. Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылық серікотестіктері және олардың қауымдастыртары туралы» Заңы: Қазақстан 1991.
  12. В.Д. Грибов, В.П. Грузинов Экономика предприятия. М. 1998.
  13. Қазақстан Республикасында шаруашылықпен айналысудың жаңа түрлерін дамыту, Қазақ ақпарат орталығы. Қазақстан Республикасының мемстаткомитеті 1997 ж. 145 б.
  14. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 5-қазанындағы «Өндірістік кооператив туралы» Жарлығы.
  15. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіп  саласының кейбір мәселелері. // Қайнар хабаршысы.-  № 4/2. -2007.- 49-53 бб.
  16. Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару //Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана  № 1/2008 ж. 16-21 бет, 0,7 б.т.
  17. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік несие желісі есебінен қаржыландыру //ҚазЭУ хабаршысы № 2/  2008 ж. 146-150 бет, 0,4 б.т.
  18. Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру жүйесін дамытудың бағыттары //Қаржы-қаражат журналы. –Астана: 2006, №3-4. – 0,46 б.т.
  19. «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау //Экономикалық «Аль-Пари» журналы. - Алматы, 2007. - №1. – 0,38 б.т.
  20. Қазақстан кәсіпорындарында материалдық ынталандыруды ұйымдастыру //Информациялық-аналитикалық «Саясат» журналы. - Алматы, 2007. - №4. – 0,44 б.т.
  21. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық ұйымдар туралы» Заңы //Егемен Қазақстан 2007, 26-қаңтар
  22. Қазақстан Республикасының «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы //Егемен қазақстан 2008, 15-мамыр
  23. Қазақстан Республикасының «Шаруашылық әрекеттер мен іскерлікті дамыту бостандықтары жөнінденгі» Заңы Алматы:
  24. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы //ҚР-сы Парламентінің жаршысы, 1999, №17-18; 27-б.
  25. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Егемен Қазақстан.  – 2007. – 28 ақпан. – 12 б.
  26. WWW. Frmp.kz
  27. WWW.mit.kz
  28. WWW.ifk.kz
  29. WWW.souz-atameken.kz
  30. WWW.assembly.kz 


                                                                       


Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы