Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:54, курсовая работа
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ......................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6
1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9
1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................14
2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20
3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25
3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34
Жалпы кәсіпкерліктің қоғамдағы алатын үлесін келесі сандық мәліметтерден көруге болады. Экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік жыл сайын жалпы ішкі өнімнің 20-60 пайызын, өнер табыстарының 50 пайызын, жаңа жұмыс орындарының 70-80 пайызын құрайды. Барлық жұмыспен қамтылған қызметкерледің 50-60 пайызын жұмыспен қамтамасыз етеді, өнімнің 20-40 пайызын экспорттпайды және лицензиялық келісімдердің 50 пайызға дейін жасайды, лицензиялық түсімдер 25-45 пайыз тең табыстардың жалпы сомасында, ал кәсіпкерліктің формаларының үлесі кәсіпорындардың жалпы санынан 80-90 пайызға дейін құрайды, 1000 тұрғынға келетін, кәсіпорындар саны 16-80 бірлікке тең.
Жаһандану үдерісімен және ішкі, сыртқы нарықтарда бәсекелестіктің күрт күшеюі себепті экономикалық қағидаттарының өзгеруі жағдайында кәсіпкерліктің ұлттық экономикаға тигізер әсері қомақты болмақ. Сондықтан, ел экономикасының қарқынды дамуы үшін дамыған елдердің кәсіпкерлікті қолдау тәжірибелерін саралай отырып, өз игілігімізге жаратсақ артық болмас [15; 5-6].
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН
2.1 Өнеркәсіте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері
Қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың басымды бағытының бірі - ол кәсіпкерліктің құрылуы және дамуы. Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті дамыту саласы үшін мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын күшейтуде белсенді түрде керексіз әкімшілік кедергілерді алып тастау бойынша, өнеркәсіптік кәсіпкерліктің құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2004-2006 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың 5-ші Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның негізгі тапсырмалары болып мыналар табылады:
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқаны белгілі болып отыр. Ең бастысы шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. өсім соншалықты да жоғары емес, небәрі пайыздық бөлігі ғана. Оның ЖІӨ-де өзнідік үлесі бар. Ол 30% құрайды. Қазіргі кезде кәсіпкерлік Қазақсатнның бүгінгі экономикаыснда лайықты орын алуда.
Біз Қазақстанды жоғары өмір сатндарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналдыру тураыл алдымызға өршіл мақста қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады, - деп атап көрсетті Президент [16; 7-8].
Мемлекет басшысы реформалар жүргізілген жылдар ішінде өған барлық қажетті жағдайлардың жасалғанын атап көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, тауардың мейлінше тапшы, гиперинфляция мен халықтың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық кәсіпкерліікті құру жұмыстары басталды. Ол қиын шешімдер кезеңі еді. Экономикады мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарық қатынастарын дамыту үшін заңдық база мүлде болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі – қоғамдық пікір де оған ақрсы тұрды. Осы жылдар ішінде мемлекет экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді қамтамасыз етті. Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғырударды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық қатынастарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды. Келесі ірі қадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылады. Соның нәтижесінде бүгінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайыз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензиялатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол “Қазақстан-2030” Стратегиясы, “2010-стратегиялық жоспарды” және Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.
Ол мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар жинақталған. Арнайы құрылған даму институттары – Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банк, Инновациялық қор, экспортты сақтандыру, жөніндегі корпорация. Инжинниринг және тхнологиялар трансферті орталығы осы жылоды қоса есептегенде 120 миллиард теңгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызады. Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард теңге болатын 760-тан астам жобаларды қарады. Қазіргі уақытта сомасы 60 миллиард теңгеден астатын 90-ға тарта жоба қаржыландырылуда [6; 13-15].
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады. Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономикада, әлеуметтік және саяси жаңару жолында сенімді қадам жасап ілгерілеп келеді. Ел экономикасы 2006 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 2003-2008 жж. аралығында өнімнің жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті. Салада маңызды құрылымдық өзгерістер өз жалғасын тапты. Егер 2003 ж. республика өнеркәсіп өндірісінің жарты бөлігін өңдеу өнеркәсібі иеленсе, 2008 ж. мұндай үлес тау-кен өнеркәсібінің еншісінде. Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Кен өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі басым. Соңғы жылдары импорттық тауарлар құрылымында минералды өнімдер үлесінің өскені байқалады: 2006 ж. 11,5%-дан 2008 ж. 13%-ға дейін. Сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіп өнімінің де үлес салмағы біртіндеп артып келеді [27]. Зерттеу жұмыстары атқарылған мерзімде өнеркәсіптің жекелеген секторлардың табыстарының қалыптасуында құрылымдық өзгерістер орын алды. Мәселен, ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі еңбекақының үлесі 2007 ж. 35,8%-дан 2008 ж. 33,3%-ға дейін кемісе, кәсіпкерлердің табысын құрайтын таза пайда мен аралас табыс 38,2%-дан 43,5%-ға өсті. Бұл, бірінші жағынан, өндірістің тиімділігінің өскенін сипаттаса, екінші жағынан, пайданың, көбінесе, қызмет көрсету саласынан түскенін көрсетеді. Қарастырылып отырған кезеңде өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші - өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділігінің, экономикалық қызметтің басқа түріне қарағанда динамикалық қалыпты өсуі мен жоғары деңгейіне қол жеткізілді (1-кесте). Кесте 1 - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларының тиімділігі
Көрсеткіш |
2004 ж. |
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
2008 ж. |
Барлық экономиканың тиімділігі, % |
21,6 |
14,8 |
18,5 |
21,6 |
25,7 |
Кен өндіруші саланың тиімділігі, % |
45,1 |
37,8 |
31,9 |
38,8 |
67,5 |
Қайта өңдеу саласының тиімділігі, % |
21,4 |
13,8 |
19,2 |
21,4 |
22,8 |
Ауыл шаруашылығының тиімділігі, % |
5,4 |
5,3 |
-4,4 |
13,8 |
1,7 |
Құрылыс саласының тиімділігі, % |
4,3 |
4,5 |
5,2 |
5,0 |
3,4 |
Сауданың тиімділігі, % |
4,7 |
3,4 |
5,8 |
9,3 |
4,9 |
Көлік және байланыс саласының тиімділігі, % |
9,4 |
11,8 |
18,7 |
18,1 |
18,9 |
Қаржылық қызмет саласының тиімділігі, % |
3,3 |
32,5 |
15,6 |
9,1 |
11,2 |
Жылжымайтын мүлік операциясының тиімділігі, % |
40,1 |
-3,2 |
13,8 |
4,3 |
8,3 |
1-кестеде келтірілгендей, өнеркәсіп
кәсіпорындары тиімділіктің
Өндіріс тімділігін ынталандыру механизмінің
тағы бір маңызды шарты –
Тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз
етудің, яғни қазіргі мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты –
халықтың әл-ауқатын арттырудың басым
факторы – еңбек өнімділігі. Демек,
еңбек өнімділігін арттыру
Зерттеліп отырған кезеңді тұтас
алғанда корпорацияның бұл
Зерттеліп отырған кезеңде, корпорация табыстарының жалпылама өсу барысына қарамастан, өндірістің тұрақсыздығы орын алды, мұның басты себептерінің бірі әлемдік нарықтағы мыс өнімі бағасының ауытқуы. Осыған байланысты 2004-2008 жж. аралығында өндіріс көлемінің өсу қарқыны біраз төмендеді, әсіресе кәсіпорынның негізгі өнімі – катодты мыс өндіру азайды.
2004-2008 жж. серіктестіктің өнімділігі өнімнің материалдық сиымдылығы 0,15-тен 0,12 теңгеге дейін азая тұрса да 1,4 есе арттырылды. Бұл жылдары негізгі өндірістік қордың қайтарылымы 0,73 теңгеден 0,62 теңгеге дейін, ал өндірістің жиынтық тиімділігінің деңгейі 49,1%-дан 45,5%-ға дейін кеміді. Корпорацияның негізгі экономикалық көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай оңала бастады.
Мәселен, 2005 ж. алдыңғы 2006 ж. салыстырғанда еңбек өнімділігі 32,8%-ға өсіп, 2 млн 546 мың теңгені құрады, өнімнің материалдық сиымдылығы 33,7%-ға төмендеп, 0,12 теңгеге теңелді, негізгі өндірістік қорлардың қайтарылымы 17,0%-ға арттырылды, өнімнің пайдалылық дәрежесі 14,3 пайыздық пунктке көтерілді [30].
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті меңгерген тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату.
Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (2-кесте).
2-кестеден көрініп тұрғандай, 2002-2008 жж. аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2005 ж. 79,3%-ды құрады, бұл 2002 ж. салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары.