Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:54, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ......................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6
1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9
1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................14
2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20
3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25
3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ РАБОТА.....doc

— 276.00 Кб (Скачать)

 

Кесте 2 - «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері

 

Көрсеткіштер

Жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

Сатудан түскен табыс, мың теңге

112699401

116625405

125221331

124219953

170492574

228817260

411176304

Өткізілген өнімнің  өзіндік құны, мың теңге

47093088

54165092

57217269

55782536

58737406

83691000

118303824

Жалпы табыс, мың теңге

65606313

62460313

68004062

68437417

111755168

145126260

292872480

Осы кезеңдегі шығын, мың теңге

19135686

19675843

17818541

26396187

44666565

23660417

30079588

Негізгі қызмет табысы, мың  теңге

46470627

42784470

50185521

42041230

67088609

121465843

262792892

Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге

3685266

3286309

4350080

832402

6833626

1629564

11979561

Салық салуға дейінгі  табыс, мың теңге

50155893

46070779

54535601

42873632

73922235

123095407

274772453

Табыс салығы, мың теңге

17627442

15465492

16502175

17243086

26926038

37927399

80125488

Таза табыс, мың теңге

32528451

31016011

36880320

25600012

46996197

85168008

194646965

Негізгі өндірістің тиімділік  деңгейі, %

70,2

57,9

66,9

51,2

64,9

82,4

104,7

Корпорацияның тиімділік  деңгейі, %

49,1

42,0

49,2

41,2

45,5

 
50,3

 
55,3


 

Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш рөлін де айқындауға болады.

Елбасы өзінің Қазақстан халқына  жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында (6 ақпан 2008 ж.) «қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешудің бірінші бағыты - өндіруші  сектор» - деп көрсетеді. «Самұрық» холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс». Олай болса, өнеркәсіп кәсіпорындарының  тиімділігін арттыруда экономикалық өсімнің факторлары мен шарттары айқындалып, ынталандыру механизмінің ең ұтымды жолдары негізделуі қажет.

Қазақстанның ұлттық кен-металлургиялық өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 9,4-10,5%. Сектордың басты міндеті – бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің жоғары қарқынды өсуін қамтамасыз ету. Бұл үшін дәуірдегі құрылғылар мен тиімді технологияларды пайдалану қажет. Шикізат көздерінің дәстүрлі емес түрлерін пайдалы өңдеу, қолданыстағы кәсіпорындары техникалық және технологиялық жаңғырту, жаңа кәсіпорындар салумен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда, қолданыстағы кен-металлургиялық кешен тиімділігінің өсуі тек ғылым мен өндірістің бірігуі арқылы, ғылыми жетістіктерді кең қолданумен, жаңа технологиялар мен техниканы жедел қолданысқа енгізу арқылы ғана жүзеге аспақ. Инновациялық және инвестициялық қызметтің жандануы кәсіпорынның дамуын шектеп отырған факторлардың зиянды әсерін әлсіретіп, өндірістік әлеуеттің түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, барлық ресурстар шығынын азайтып, қоршаған ортаны қорғау шарттарын мүлтіксіз орындауға өнімнің дәстүрлі және жаңа  түрлерін шығаруға ықпалын тигізеді. Инновациялық үрдістің бұлайша қалыптасуы үшін дайындығы жетік, жоғары білікті мамандар қажет.

Өйткені жаңа технологиялық жетістіктер, ресурс үнемдейтін технологиялар, еңбек өнімінің жоғары сапасы, барған сайын, адамның творчестволық қабілетіне тәуелді болып барады. Олардың деңгейі қаншалық жоғары болса, өндіріс нәтижелері соншалық маңызды. Әлемнің жетекші мемлекеттерінде интеллектуалдық әлеует экономикалық өсімнің іргелі көзіне айналған. Демек, экономиканың тиімді дамуын ынталандырудың экономикалық механизмі ғылымға, жаңа технологияға, жаңа білімге, адам капиталын нәтижелі қолдануға негізделуі қажет [19; 23-25].

 

 

3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ

3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар

 

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда  елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.          Ресми статистика деректері бойынша республикада осы сектор дамуының оң серпіні, өнеркәсіптік кәсіпкерліктің тұрақты өсуі 2007 жылы 521,5 мың кәсіпкерлік есепке алынған, оларда шамамен 1,2 миллион адам жұмыс істейді. Өнеркәсіптік кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын құрайды.       Құрамдас бөлігінің бірі – бизнес инкубаторлары болып табылатын кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал ететін нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар территориясында өндірістің түрлі саласында 200-ден астам кәсіпорындар әрекет етуде.          Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002 жж., 2003-2005 жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары айқындалды [11; 8-10].              Дегенмен, зерттеу барысында өнеркәсіптік кәсіпкерліктер алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. Кәсіпкреліктің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады: 

Кесте 1 – Кәсіпкреліктің дамуына кері әсер етуші факторлар

Кедергілер

2005 ж.

2006-2007 жж.

  1. Салық саясаты

2

1

  1. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы

1

2

  1. Несие саясаты

4

3

  1. Өнімді өткізу мәселесі

4

  1. Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі

5

5

  1. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

3

6


 

        

Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірі – салық саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:

  • жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;
  • өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;
  • ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;
  • салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.

 

  Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түрі – жалпы  экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни, АҚШ доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы дағдарысының орын алуы және т.б.          Үшінші орында кәсіпкерлер несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар мәселесі. Кәсіпкерлікітң дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады.            Төртінші мәселе – шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді  өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі – бәсекелестік ортаның жоғарылылығы. Кәсіпкерлікітң дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.           Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан кәсіпкерлік қызметке несие беретiн субъект – екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық кәсіпкерлерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы құрылу кезінде кәсіпкерлік несиесіз өз жұмысын атқара алмайды. Қазіргі кездегі республикадағы кәсіпкерлікті несиелеуді дамытуға  кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар: несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;

  • несиенің мерзімі мен  пайыздық ставкаларының бизнеске қолайсыздығы;
  • несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сақтандыру қажеттігі;
  • коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;
  • әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелік ресурстарға қол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің жеке ресурстарының аз болуы;
  • мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардың ресурстарының тиімсіздігі;
  • мемлекеттің казына қоры арқылы кәсіпкерлік қызметті несиелеуге бөліп отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының қолайсыздығы.

Банктер  кез келген уақытта,  қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелге ұшырайды.  Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (2-кесте).  Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.     Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.  

Кесте 2 – Банктердің  кәсіпорындарды  несиелеуге әсер ететін факторлардың топтамасы 

Банк тұрғысынан

Кәсіпорын тұрғысынан

1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің  болмауы

1. Несиеге деген жоғары пайыздық  мөлшерлеме

2. Несиені қамтамасыз етудің  өтімсіздігі

2. Несиелердің қысқа мерзімділігі

3. Қарыз алушы-кәсіпорынның қанағаттанғысыз  қаржылық жағдайы

3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік кезеңінің жоқтығы

4. Қарыз алушы-кәсіпорынның ақпарат 

тық жабықтығы

4. Құжаттарды дайындау процедурасының  ұзақтығы

5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты  несие тарихы туралы ақпараттарға  қол жетпеушілік

5. Кепілдің бағалау құнын оның нарықтық құнынан кемітіп көрсетуі

6. Банк менеджерлерінің ұзақ  мерзімді несиелермен жұмыс істеу  тәжірибесінің жоқ болуы

6. Кәсіпорын менеджерлерінің ұзақ  мерзімді несиелерді рәсімдеу  бойынша жұмыс істеу тәжірибесінің  жоқ болуы


 

 

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, қарастырылған алты жыл аралығында, кәсіпкерлік қызметке берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді несиелер – 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағының жоғарылығы екінші деңгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдық операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді [26].     Елде отандық кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, кәсіпкерлер жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті несиелеудің және қаржыландырудың мынадай жүйесін құруды ұсынуға болады:

  1. Ең басты міндет – ол өнеркәсіптік кәсіпорындарын несиелеу мен қаржыландыру көлемін ұлғайту;
  2. Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту бойынша нақты шараларды қолға алу;
  3. Кәсіпкрелердің қарыз қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін құру үшін Үкімет, өкіметтің аймақтық органдары кәсіпорындарды алатын несиелердің кепілдендірілген жүйесін құру;
  4. Банк қызметін қайта құру керек. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті несиелеу мен қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге маманданған банктер мен қаржы ұйымдарының жүйесін қалыптастыру;
  5. Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру қажет.

 

    Аталған мақсаттарды орындау үшін кәсіпорындарға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағдарламасын  жүзеге асыру кезінде   бюджеттің барлық деңгейдегі қаражаттарын бөлу керек. Сонымен қатар, соманың қайтарымдылығына кепіл беретін сақтандыру қорының жүйесі болуы шарт.        Кәсіпкрелік қзыметті несиелеуді қолдауда кешендік көзқарастың қажеттілігі ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың кепілі бола алады.   Мемлекеттік қолдау мен реттеуді бір ізді әлеуметтік әділеттік принципі орнығуы тиіс. Шағын және орта бизнесті несиелеуді өзінің дамуына байланысты  алғышарттар мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж [27].

 

 

 

 

3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау

Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы