Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:19, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайларда ірі ауылшаруашылық кооперативтеріне мемлекет тарапынан қомақты қаржылық экономикалық қолдау көрсетілуде. Ал мемлекет дотациясы ұсақ шаруа қожалықтарына жете бермейді. Осыған байланысты бүгінде шаруа қожалықтары мен фермер шаруашылықтарына ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігу ұсынылып отыр, оның мақсаты келешекте өсімдік және мал шаруашылығында жұмыстарды біріге атқару және өндірілген өнімді өз күштерімен өңдеп жоғары табысқа ие болу.

Работа содержит 1 файл

Lapbaeva.doc

— 300.50 Кб (Скачать)
 

      Ағымдағы  жылдың астық дақылдары өніміне  аяқталмаған өндірісі, келер жыл  өніміне есептік жылдың күзінен  қаңтарға дейінгі орындалған жұмыстар шығындарын есептен шығару көрсетілді. Келер жыл өніміне (аяқталмаған өндіріс) орындалған жұмыстар бойынша шығындарды бөлу әдістемесі жасалды.  
 
 
 
 

2 кесте  - Болашақ жыл егініне жасалған жұмыстар бойынша шығындарды бөлу әдістемесі  

Шығындар түрлері Барлы

ғы (теңге)

1 га-ға (теңге)       Соның ішінде
Жаздық  астық 

(1000 га) дақылдарға

жүгері

( га 90)

дүмбе

(110 га)

арпа

(310 га)

Жаздық  егіс алқаптары (1510 га) (1510 х 100)

 

151000 100 100000

(1000 х100)

9000

(90 х100)

11000

(110 х  100 )

31000

(310х100)

Аударымдары бар еңбекақы: адам-күн (сома)  
45300
 
30
30000

(1000 х  30)

2700

(90 х 30)

3300

(110 х  30)

9300

(310 х  30)

Жанар жағар май материалдары, тг 45300 30 30000

(1000 х  30)

2700

(90 х  30)

3300

(110 х  30)

9300

(310 х  30)

Негізгі қор амортиза циясы, тг 45300 30 3000

(1000 х  30)

2700

(90 х  30)

3300

(110 х  30)

9300

(310 х  30)

Негізгі қорлардың ағымдағы жөндеуі - - - - - -
Басқа тікелей шығындар - - - - - -
Жыл аяғында  бөлінетін шығындар, тг 15100 10 10000

(1000 х  10)

900

(90 х  10)

1100

(110 х  10)

3100

(310 х  10)

Ескерту- есептеулер автормен құрастырылды
 

     Орындалған жұмыс түрлері бойынша, мысалы, сүдігер көтеру шығындарын бөлу үшін 1 га кеткен шығындарды анықтап, содан кейін 1га өзіндік құнын ескере отырып дақылдар түрлері бойынша бөледі. Мысалы, аңыздық аймағы – 1510 га. Сүдігер көтеру шығындары 151000 теңге, яғни 1га – 100 теңге (151000 / 1510), соның ішінде: еңбек ақы – 30 теңге, ЖЖМ – 30 теңге жұмыстар мен қызметтер – 10 теңге, негізгі қор амортизациясы -30 теңге және т.б. Егістік алқабы аумағының 250 мың.га дүмбе астық, 50 мың.га күздік арпа,  90 мың.га жүгері алып отыр т.с.с. Сәйкесінше, шығындар әр дақылға алатын аумағына қарай қатыстырылады. (1-2 кестеде келтірілген)

    Обьектілер  бойынша яғни, дақылдар немесе жұмыстар түрлері бойынша шығындарды көрсету  үшін бригаданың нөмірін көрсетумен «Шығындардың  пайда болу орындары бойынша шығындарды, жұмыстарды есепке алу «Журналы» есептік тіркелімі ұсынылды.  (3 – кесте).  
 
 
 
 
 

3 кесте - Шығындардың пайда болу орындары бойынша шығындарды, жұмыстарды есепке алу Журналы

              Форма Жыл Ай Атау
                2009 Наурыз  
               
               
                        Өндірістік шығындар тармақтары мен түрлері
              Шығындарды  есепке алу нысандары Барлық шығындар (жалпы)
                       Жаздық бидай Жыл басынан Ай  ішінде
              Бригада №1 Бригада №2
              Жыл басынан Ай ішінде Жыл басынан Ай ішінде Сома Коррес-понденттік шот

              (кредит)

                                   А 1 2 3 4 5 6 7
              Жұмыс көлемі, шартты га    50 - 200 - 250    
              Жұмсалған шығындардың барлығы, тг: 5000

              (50га  х 100)

              388200 20000

              (200га х 100 )

              408600 25000

              (1б+3б)

              796800

              (2б+4б)

               
              Еңбекақы аударымдары:  
              -персоналмен еңбекақы есептеу , тг 1500 120000 6000 130000 7500 250000 3350
              - әлеуметтік салық аударым, тг 165 13200 660 14300 825 27500 3135
              Материалды  шығындар:  
              -тұқымдар мен егіс материалдары, ц - 205000 - 215000 - 420000 1310
              -минералды және органи калық тыңайтқыштар, тг - - - - -    
              -алқапқа шығарылған қи, т - - - - -    
              -өсімдіктерді қорғау құралдары, тг - - - - -    
              - ЖЖМ, тг 1500 21000 6000 20500 7500 41500 1300
              -негізгі  қор амортизациясы, тг 200 2000 640 2100 840 4100 2420
              -негізгі  қордың ағымдағы жөндеуі, тг 1500 - 6000 - 7500 - 8110
              Сақтандыру  төлемдері:    
              -тракторлар мен комбайндар жұмысы, тг - 10000 - 9000 - 19000 8110
              -жүк автокөлігі,тг - 5000 - 6500 - 11500 8310
              -тірі жүк күші, тг - - - - - -  
              Сыртқы  ұйымдардың көліктік және механизмделген қызме тін атқару, тг - - - - - -  
              Үстеме  шығындар,тг 135 12000 700 11200 835 23200 8410
              Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымы
              Жиналған  аумақ, га - -          
                - астық, ц - -          
                  өзіндік құны, тг - -          
              - сабан, ц - -          
                  өзіндік құны, тг - -          
              Барлығы              
                Ескерту - автор құрастырған (өнім шығымы есеп беру кезеңінің шілде айынан бастап болады)
 

     Ай  аяқталысымен журнал №1 бригада есеп объектісі дақылдары бойынша  шығындар сомасын қорытындылайды. Одан кейін айдан айға жыл басынан  есептік кезеңге дейін шығындардың  өспелі қорытындысы есептеледі және калькуляция нысаны ретіндегі өнімнің өзіндік құны немесе жұмыстың өзіндік құнының түрлерін көздейді. Біз өнімнің немесе жұмыстың өзіндік құнының сыныптамасын құрадық.[3 сурет]. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   
 

         3 сурет - Өнімнің немесе жұмыстың өзіндік құнының сыныптамасы

                    Ескерту - автормен құрастырылды 

    Өзіндік құн түрлері: Болжамдық (провизорлық), нормативті, жоспарлы, нақты болып бөлінеді. Болжамдық (провизорлық) өзіндік құн, нақты шығындардың өнім шығымының  9 айлық нәтижелері бойынша және төртінші тоқсандық болжамды өзіндік құн бойынша анықталады. Провизорлық өзіндік құн көрсеткіштері кооперативті басқару басшылығы үшін қажет, бұнда төртінші тоқсанда шығындарды кеміту бойынша шаралар қолдану мүмкіндігі бар.

    Оның  үстіне өнім жиналғаннан кейін есепке алынған шығындар өспелі қорытындысымен бригада ішінде өзіндік құнды есептеуді қамтамасыз етеді, содан кейін басқа бригадамен ұқсас өнімнің өзіндік құнымен салыстыру жүргізуге мүмкіндік береді. 

    Сонымен қатар аграрлық салада өзіндік құнды есептеудегі дәйектік ашып көрсетілді, ол өнімнің өзіндік құнның сенімділігін анықтауда зор маңыз алады. Өнімнің немесе жұмыстың өзіндік құнын бригада ішінде анықтау, оларды ынталандыру мақсатында үздік бригаданы немесе телімді анықтауға да мүмкіндік береді.  

     ҚОРЫТЫНДЫ 

    Жүргізілген ғылыми және тәжірибелік зерттеулер нәтижесінде мал және өсімдік  шаруашылығы өндірісінің технологиялық  және салалық ерекшеліктеріне қарай  бастапқы бухгалтерлік есеп пен есеп саясатын қалыптастыруды жетілдіру мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасалынды:

    1. Шаруа (фермерлік) қожалықтардың ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігуі ондағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіруді ашып көрсетуді талап етті. Сонымен бірге   өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, көмекші өндіріс, қызмет көрсетуші және өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы шығындар есебінің пайда болу объектілерін анықтадық. 1-ҚЕҰС-ның талаптарына сәйке «өндіріс-сақтау-өңдеу және өткізу» үлгісі бойынша жұмыс істейтін кооперативтердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға  бақылау жасадық.

    «Өсімдіктер»  және «Жануарлар» сияқты биологиялық активтер есебінің ерекшеліктері өндірістік кезең бойынша олардың өсуінің және дамуының шектеуліктері болып табылады. Есеп регистріндегі өсімдіктердің түрлері негізінде шығындар есебі мен өзіндік құнды есептеу әдістемесі ұсынылды.

    Ауылшаруашылық  өндірісінде көмекші өндіріс шығындар есебін жүргізудің әдістемесі берілді. Оларға автокөлік, сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтерінің өзіндік құндарын есептеу және шығындар есебінің қағидаларын жетілдіру анықталды. Сонымен бірге, көмекші өндіріс қызметтерін бөлу, нарықты экономика жағдайында әрбір өндірістің өзін-өзі өтеуін қамтамасыз ету үшін шоттарды жабу ашылып көрсетілді.

    2. Бастапқы есептің сапасы мен шынайылылығын арттыру кооператив басшылығын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Осыған байланысты, құжаттар негізінде бастапқы есепті ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін басқарудың жүйесі қарастырылды. Бухгалтерлік есептің негізгі элементі ретінде бухгалтерлік құжат және құжаттау аспектілері зерттелді. Өсімдік және мал шаруашылықтарындағы, көмекші өндірістердегі ауылшаруашылық есебінің бастаушылық үлгідегі белгісі бар алғашқы бухгалтерлік құжаттар өндіріс салалары бойынша қажетті ақпараттарды компъютерлік өңдеу және алу үшін нақты бір жүйеге келтіріліп анықталды. Ауылшаруашылық кооперативтерінде бір типті шаруашылық операцияларды өндірістік және есеп нысандары бойынша бірыңғай мамандандырылған бастапқы құжаттармен ресімдейді, бұл бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың бастапқы буынындағы айырмашылықты жоюға мүмкіндік береді. Шығындарды жіктеп көрсету арқылы ауылшаруашылығындағы шығындарды топтау мен пайда болу орындары анықталды. Астық өндірістеріндегі шығындарға талдау жүргізілді. Астық пен сабанның өзіндік құнын есептеу есебі берілді. Қосымша шығындарды жабу әдістемесі көрсетіліп, астық өндірісіне қатысты аяқталмаған өндіріс саласының есебі анықталды.

    3. Өндірістің технологиялық ерекшеліктерін сонымен бірге өнімдердің өзіндік құнын есептеу және шығындар есебін ұйымдастыруды ескере отырып кооперативтерде есеп саясатын қалыптастырудың әдістемесі ұсынылды. Есеп саясатының негізгі қорлары бойынша амортизацияны есептеу әдістері, әр нысанды жеке түрде пайдалы қолдану мерзімдерін анықтау, құны өтелмейтін негізгі қор нысандарын анықтау, негізгі қорды жөндеу шығындарын өнімнің өзіндік құнын есептен шығару тәртібін анықтау элементтері зерттелді.

      Өсімдік шаруашылығындағы шығындар келесідей  түрлерге бөлініп көрсетілді:

- ағымдық жылдағы өнім шығындары;

- болашақ жылдағы өнім шығындары.

    Кооперативтің есептік саясатына өсімдік және мал шаруашылықтарына қызмет көрсететін көмекші өндірістері шығындардың  пайда болу орындары бойынша топтастыру ұсынылған. Дақылдар, жемшөп және алынған  өнімдерді бағалаудың тиімді әдістері бойынша негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері жүргізілді.

    Есеп  саясатын бекіту және кооперативтердегі  бір жыл ішіндегі белгіленген  есеп саясатының қағидаларын сақтау тәртіптері көрсетілді.

    4. Шығындар есебінің директ- костинг халықаралық жүйесінің негізін ашу барысында  директ - костинг жүйесі бойынша шығындар есебін ұйымдастыруға толық баға беріліп және осы жүйенің оң және теріс жақтарына қажетті шолу жүргізілді. Сонымен қатар стандарт – кост жүйесінің өнімнің өзіндік құнын тек ауыспалы шығындармен шектеу нормалау, жоспарлау, калькуляциялау, есеп пен бақылау жұмысын жеңілдетуі және шығындар тармақтарының санын азайтуы, жеке шығындардың жақсы бақыланатын артықшылықтары көрсетілді. «Стандарт - кост» жүйесінің шетелдерде қолданылу тәжірибесінде көрсетілгендей, кооператив қызметтерінің шығындар есебін осы жүйе бойынша есептеудің тиімділігі дәлелденді.

    5. Нарық жағдайында шығындар есебінің және өндірілген өнімдер немесе көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын анықтаудың неғұрлым бөлшектенген жүйесінің қажет екендігін ескере отырып, жұмыста өсімдік шаруашылығындағы шығындар есебі мен өнімдер шығаруды шығындарды пайда болу орындары бойынша жетілдіру аса маңызды. Шығындар мен өнімдерді шығару есебін бригадалар түріндегі кооперативтердің өндірістік бөлімшелері бойынша ұйымдастыру ұсынылды. Шығындарды осылай топтастыру шығындарды пайда болу орындары бойынша өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялауда, яғни бригада көлемінде жүргізуі қажет.

      Бұл әдіс бригада көлемінде табысты  анықтауға әсер етеді. Шығындарды бригада көлемінде көрсету үшін шығындарды пайда болу орындары бойынша көрсететін «Журнал» әзірленді. Сонымен бірге, өнімдердің өзіндік құнын бригада көлемінде анықтау өте маңызды және әрбір бригаданың жұмыс нәтижесін анықтауға әсерін тигізетін қажетті көрсеткіш болып табылады.   
 

ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН

Информация о работе Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру