Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:19, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайларда ірі ауылшаруашылық кооперативтеріне мемлекет тарапынан қомақты қаржылық экономикалық қолдау көрсетілуде. Ал мемлекет дотациясы ұсақ шаруа қожалықтарына жете бермейді. Осыған байланысты бүгінде шаруа қожалықтары мен фермер шаруашылықтарына ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігу ұсынылып отыр, оның мақсаты келешекте өсімдік және мал шаруашылығында жұмыстарды біріге атқару және өндірілген өнімді өз күштерімен өңдеп жоғары табысқа ие болу.
Кооперативтегі шығындардың топтастырылуын көрсете отырып, осы салада қолданылатын шығындар баптарын қарастыруға болады. Жаздық дәнді дақылдар өндірісінде шығындарға талдау жасаймыз және астық пен сабанның өзіндік құн калькуляциясын есептеу керек. Осы көрсеткіштер негізінде астықты өткізгеннен кейін ғана табысты анықтауға мүмкіндік балады.
Кооперативте шығындар есебін жетілдіру мақсатында кооперативтің нормативтік -құқықтық акті ретіндегі салалық есептік саясатын қалыптастыруды жүзеге асыру.
Есеп саясатының негізіне есептік және есеп беру ақпаратын пайдаланушылардың мүдделері қарастырылды.
Есеп саясаты үш негізгі сәттен топтастырылады:
1. Бухгалтерлік есеп әдістемесі.
2. Бухгалтерлік есеп жүргізу техникасы.
3. Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.
Диссертацияда алғашқылардың бірі болып өзі анықтамаларын берген ресей ғалымдары А.А. Бакаев, Л.З.Шнейдманның әдебиет деректерін зерттеу жүргізілді «кәсіпорындардың шаруашылық етудің сәйкестік жағдайлары ретінде таңдаған, бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерінің жиынтығы сияқты». Басқаша айтқанда, бұл алғашқы бақылауды, бағалық өлшеуді, ағымдағы топтастыруды және кәсіпорынның шаруашылық әрекеттерін немесе бухгалтерлік есеп әдісін іске асыруды жалпылап қорытындылауды жүзеге асыру тәртібі.
Қазақстанда
алғашқылардың бірі болып есеп саясатын
қалыптастыру проблемаларымен М.С. Ержанов
айналысты, оның анықтамасы – бұл бухгалтерлік
есепті және қаржылық есептемені жүргізу
үшін кәсіпорынның қабылдаған тәсілдерінің
жиынтығы. Одан соң ол, «есеп саясатын
қалыптастыру есебінің 12 принциптеріне
сәйкес жүзеге асырылады есептеу, үздіксіз
әрекет, түсініктілік, маңыздылық, мәнділік,
сенімділік, бейтараптық, сақтық, аяқталғандық,
дәйектілік, шындықты және риясыздық көрініс»
деп атап көрсетеді. Барлық авторлар
есеп саясатын өнеркәсіпте қалыптастырудың
негізгі жолдарын зерттеді. Біздің зерттеулеріміз
бен әзірлемелеріміз, салалық есеп саясатын
ауылшаруашылығында қалыптастыруға бағытталған,
әр саланың басшыларынан, бухгалтерия
қызметкерлерінен, аграрлық қызмет мамандарынан,
агроном, зоотехник, мал дәрігері, инженер
немесе механиктерден, есеп саясатын әзірлеуде
және оны әзірлеу бойынша кеңес беру тәжірибесі
бар, Ауылшаруашылық Министрлігінің ішкі
аудитынан аудиторларды тартумен талдау
тобын ұйымдастыру қажет. Дайындық
жұмыстары бұйрықта айтылуы тиіс. Есеп
саясатын әзірлеу кезінде әр салалық кооперативте
жүретін процестерді толық көрсете алатын
шаруашылық операцияларының қалыптастырылған
тізімінің болуы өте қажет. Егін шаруашылығында
өндірістік процес көптеген айларға созылатындықтан,
екі аралас жылдар өніміне шығындар қосарлана
жүргізіледі. Шығындар есебін ұйымдастыру
шығындарды жылдар бойынша айқын шектеуі
тиіс.
Сондықтан да «Егін шаруашылығы» саласындағы шығындар бухгалтерлік есепте былай бөлінеді:
-
ағымдағы жылдың өніміне
- келер жыл өніміне шығындар.
Соңғысы егін шаруашылығының аяқталмаған өндірісіне жатады (жұмыс түрлері бойынша немесе күздік дақылдарды егу). Тек жыл аяғында ғана, егін шаруашылығы саласының аяқталмаған өндірісінің сомасы ретінде жылдық теңгерімде көрсетілетін, қысқартылған қалдықты анықтайды. Жыл бойына шығындарды өсірілетін дақылдар немесе жүргізілетін жұмыстар түрлері бойынша есепке алады. Шығындар есебін айдан айға өспелі қорытындысымен жүргізеді. «Негізгі өндіріс» дебет шоты бойынша «Егін шаруашылығы» ішкі есеп шоты бойынша шығындарды есепке алады, ал кредит бойынша өнім шығымын көрсетеді. «Егін шаруашылығы» саласында өндірістік шығындарды есепке алуды ұйымдастыру және өнімнің нақтылы өзіндік құнын есептеу тәртібі көбіне өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне және таңдаған әдіске, тіпті таңдаған есеп формасына байланысты болады. Біздің жағдайымызда, мына өндірістер болады: «егін шаруашылығы», «мал шаруашылығы», «қосымша», «қызмет көрсетуші» өндірісі, «өнеркәсіптік қайта өңдеу» өндірістері. Осыған орай, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, қосымша қызмет көрсетуші өндірісі, өнеркәсіптік қайта өңдеу өндірістері және өнімді өткізу бойынша шығындар, шығындардың пайда болу орындары (ШПО) есебінде және одан кейін калькуляцияның әр баптары бойынша өндірілген өзіндік құнын калькуляциялау обьектілері бойынша топтастырылғаны өте маңызды. Шоттардың Типтік жоспары негізінде әрбір өндірістік салада қолданылатын шоттар жұмыс жоспарын әзірлеуді, 1- ҚЕҰС-ның талаптары бойынша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептемені жүзеге асыру.
Стандарт-кост жүйесі бойынша шығындарды нормалауға бағытталған стандарттарды әзірлеу, өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету), стандарттық калькуляциясын құру және стандарттардан ауытқулармен бірге өндірістің нақты шығындарын есептеу, бұл өндіріс үрдісінде шығындарды жедел түрде бақылаудағы ең маңызды құрал болып табылады. Сонымен қатар, стандарт-кост шығындар есебінің ұйымдастыруында ғана емес, өнімді жеткізу, негізгі құралдарды жөндеу, қызмет көрсету өндірісінде материалдық қорларды дайындау, басқа сөзбен айтқанда, стандарт-кост қызмет ету салаларында кооперативте дайындау үрдісі, өндіріс, өнімді жеткізу мен басқаруда пайдаланылады. (2сурет). Өндіріс шығындарын қатаң бақылау оны кооперативтегі қызмет ету үрдісінде нормаларға байланысты шығындарды нормалауда қолданылады. Директ- костинг деп аталатын шығындарды есепке алу халықаралық жүйесінің негізі әдебиеттері деректерінен зерттелді. Бұл есеп жүйесінде өндірістік шығындар тұрақты болып табылатын және өнім өндірісі көлеміне пропорционалды өзегеретін шығындар болып бөлінеді. Директ- костинг әдісі жаңалық емес. Көптеген шетелдік фирмалар 30 жылдардың басында өндірілетін заттар бойынша тек материалдар шығыны, еңбек ақы және басқа да тікелей шығындар қатысында ғана есеп жүргізді, үстеме шығындар, маржиналды кірістерді түзе отырып, оларды өткізуден алынған пайданың азаюына есептен шығарылды.
Осыған байланысты үстеме шығындарды бөлу қажеттігі жойылды. 1936 жылдан 2007 жылға дейінгі шетелдік, Ресей және Қазақстандық ғалымдардың еңбектері бойынша әдеби деректерден зерттей келе, директ- костинг жүйесін біздің республикамызда да қолдану әбден мүмкін деген тұжырым жасауға болады. Бірақ та бізде Қазақстанда әлі де салықтық есеппен үйлесім жоқтығын естен шығармауымыз керек. Өйткені өзгермелі шығындар ғана өндіріс көлемінің өзгеруімен байланысты. Өнімің өзіндік құны тек қана өзгермелі шығындарды, калькуляциялық жұмысты нормалауды, жоспарлауды қарапайымдауға мүмкіндік береді, сондықтан да бөлек шығындар жақсы бақыланады. Бақыланатын обьектілер көп болған сайын болашақтағы шығындар жақсы жоспарланады, сондықтан да ауылшаруашылық кооперативіне дұрыстауы «стандарт- кост» жүйесі болып табылады.
Шетел фирмаларының тәжірибесін зерттеу, олардың көбі «стандарт- кост» жүйесін пайдаланатынын көрсетіп отыр. Нормалау жүйесін Дж.П. Нортон жасаған, сонау 1889 Дж.М.Фельс пен Э.Гарк нақтылы шығындарды нормалаумен салыстыру жүйесінде өздерінің практикалық көріністерін тапты.
Сол кезеңдерді нормалау ақталмаған шығындардың алдын –алу мүмкіндігін туғызады, сөйтіп жосықсыз ысырапты болдырмауға болар еді.
XX ғасырдың басында АҚШ та, одан соң Еуропада «стандарт-кост» жүйесі қолданыла бастады. Кейіннен «стандарт-кост» жүйесі мен жауапкершілік орталықтары бойынша есеп дәл уақыт «System in time» (sit) әдісіне қайта жаңғыртылды, бұл идеялардың авторлары Р.Д. Мак- Илхаттан, Р.А.Хауэлл және С.Р.Соуси болды. Жоғарыда көрсетілген шығындар есебі жүйесі қосымша өндіріс, өнімді өнеркәсіптік өңдеу кооперативтерінде қолданылуы тиіс. Басқаша айтқанда, «стандарт-кост» жүйесі кооператив қызмет әрекетінің саласы бойынша, процестер бойынша – олар дайындау, өндіріс, өткізу, өндірістік шығындарды нормалау мүмкіндігі бар жердің бәрінде қолданылуы мүмкін.
Нәтижесінде
өзіндік құнның азаюына қол жеткізеді.
Бүгінде «Шығындар нормасы» түсінігі
өнім бірлігіне шығындардың қажетті ең
аз мөлшері дегенге саяды. Нарық жағдайында
ауылшаруашылық өндірушілері үшін бақыланбайтын
шығындар – ол жол беруге болмайтын нәрсе.
2 сурет - Ауылшаруашылық қызмет саласындағы шығындарды басқару мен өндірістік есепті ұйымдастыру
Ескерту - автормен құрастырылды
Шығындар нормативтері нарықтық экономикаға қажетті қадам болып саналады. Меншікті шығындар түріндегі ғылыми негізделген нормалар шығындарды төмендету жолдарын сауатты іздестіруге мүмкіндік береді. Осыған орай, 2005 ж. 29.04. №407 ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2005 жылға әр облыс аймақтарына жасалған егін шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша егістік бірлігіне шығындар нормасы бекітілген болатын. Дағдарыс жағдайында шығындарға бақылау жасау және сол шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау мақсатында әрбір ауылшаруашылық өндірушілеріне теңгемен 1 га шығындар нормативі аса қажет.
Оның үстіне шығындар нормативі негізінде егістіктер зардап шеккен жағдайда сақтандыру бойынша қайтару жүргізіледі.
Кооперативтің өндірістік бөлімшелерін еңбекті ұйымдастырудың жаңа формасына ауыстыру өндірістік шығындардың талдамалы есебін ұйымдастыру жүйесін және шығындар пайда болу орындары бойынша егін шаруашылығы өнімдерінің шығымын белгілі бір жағдайда қайта құруды талап етеді
Біздің
ұсыныстарымыз осы
Аяқталмаған өндірістер шығындарын дер кезінде бөлу– есепке алудағы маңызды кезең, сондықтан да оған зор мән берілуі тиіс.
Бөлу алдында аяқталмаған өндіріс көлемін тағы да анықтап, жойылған егістіктер аумақтарын ажыратып, жұмыстың әр түрі бойынша аяқталмаған өндіріс шығындары қатыстырылатын астық дақылдарының нысандарын анықтайды.
Аяқталмаған өндіріс шығындарын бөлу кезінде арнайы есептеу жүргізіліп, онда шығындар тармақтары бойынша аяқталмаған өндірістің бөлінетін шығындарының сомасын көрсетіледі.
1 кесте
- Орындалған жұмыстар бойынша шығындардың
пайда болу орындарын анықтайтын өндірістік
шығындарды есепке алу, жоспарлау және
өнімнің өзіндік құнын есептеу объектілері
Өндірісте есепке алынатын шығындардың түрлері | Өнімнің өзіндік құнын есептеу объектілері | |||
Бригада №1 | Бригада №2 | |||
га | сома, тг | га | сома, тг | |
Өсімдік
шаруашылығы бойынша |
- | - | - | |
Дүмбе астық егу | 250 | 25000 | - | - |
Күздік арпа | 50 | 5000 | - | - |
Қатты жаздық бидай | 50 | 5000 | 200 | 20000 |
Астыққа жүгері | 90 | 9000 | - | - |
Арпа | - | - | 50 | 5000 |
Сұлы | - | - | 150 | 15000 |
Дәнді бұршақ дақылдары: | ||||
- бұршақ | 60 | 6000 | - | - |
- үрме бұршақ | 100 | 10000 | - | - |
Майлы дақылдар: | ||||
- соя | - | - | 50 | 5000 |
- күнбағыс | - | - | 150 | 15000 |
Барлығы: | 600 | 60000 | 600 | 60000 |
Ескерту – автор құрастырды |
Информация о работе Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру