Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:19, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайларда ірі ауылшаруашылық кооперативтеріне мемлекет тарапынан қомақты қаржылық экономикалық қолдау көрсетілуде. Ал мемлекет дотациясы ұсақ шаруа қожалықтарына жете бермейді. Осыған байланысты бүгінде шаруа қожалықтары мен фермер шаруашылықтарына ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігу ұсынылып отыр, оның мақсаты келешекте өсімдік және мал шаруашылығында жұмыстарды біріге атқару және өндірілген өнімді өз күштерімен өңдеп жоғары табысқа ие болу.
Есеп
пен компьютерлендірудегі ғылыми қорытындылар,
тәжірибелік ұсыныстар
Еңбектің мақұлдануы. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен қортындылары республикалық және халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияларда және кезеңдік басылымдарда баяндалып, жарық көрді, соның ішінде: ғылыми тәжірибелік конференциялардың жинақтарында: «Казахстан: конкурентоспособность и модернизация».(Алматы, 2006); «Қазақстан және Орта Азия экономикасын жан - жақты үдемелі модернизациялау: қазіргі заман және болашағы» (Алматы, 2007); «Бизнес, ғылым,білім: ынтымақтастық қырлары» (Алматы, 2008).
Зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертацияның тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда 3 және жалпы көлемі 5,33 б.т., 9 ғылыми жұмыстар жарияланған.
Диссертация
көлемі мен құрылымы.
Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш бөлім,
қорытынды мен қолданылған әдебиет тізімінен
тұрады. Диссертация 25 кестемен, 9 сурет
пен қосымшалармен сипатталған.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Жүргізілген зерттеу кооперативте бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының негізгі ережелерін, олардың құрылымына ықпалын ашып көрсетеді.
Осыған байланысты өндірістік салалардағы шығындар есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері және ауылшаруашылығын басқару құрылымы ұсынылды.
Кооперативтің дамуы өндірістік технологиялар және салалардың ерекшеліктеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.
Шаруа (фермерлік) қожалықтардың ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігуі ондағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіруді талап етті.
Біздің ойымызша қазіргі жағдайда, ең бірінші бастапқы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру қажет. Біріккен ауылшаруашылық кооперативінде есеп нысаны ретінде өндіріс үрдісі болады:
-егілетін
дақылдар түрлері бойынша
-өсірілетін жануарлар түрлері бойынша мал шаруашылығы;
-машина-тракторлы парк, гараж, жөндеу шеберханалары (қосымша өндіріс);
-түрлері бойынша қызмет көрсетуші өндіріс;
- өнеркәсіптік, өңдеу өндірісі және т.б. (1сурет).
Диссертацияда есепті ұйымдастыру және әр саладағы қызметтермен өндіріс өнімдерінің қаржылық есептегі анықтамалары ашылды.
1 сурет - Ауылшаруашылық кооперативін басқару құрылымы
Ауылшаруашылық кооперативін өз бетінше басқарудың жүйесі бастапқы есеп функцияларының берілген бөлігін белгілеу (яғни, бастапқы құжаттарды құру), әр өндірістік объекті өз-өзін ақтауды қамтамасыз етуде дағдарыс жағдайынан шығуды жұмыс істейтін ұжымдарға тікелей тапсырудың алғышарты болып табылады. Ауылшаруашылық кооперативінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірісінің технологиялық ерекшеліктерімен өзара байланысты.
2007ж.
22 маусымында Қазақстан
Негізгі, қосымша және көмекші өндіріс салалары біріктірілген шаруашылықтардың өндірістік бірліктерінің негізгісі болып табылады. Бұның ішінде әр функция өз бетінше жұмыс атқарады. Өндірістік салалардағы қызметтерді басшылардың қортындыларымен және келісім шарттарына сай жүзеге асырады. Қаржылық-есептік орталық бүкіл ауылшаруашылық кооперативтің өндірістік және қаржылық қызметін жоспарлауын жүзеге асырады, сонымен қатар, кооперативтер арасында қамдандыру-дайындау фирмаларымен есептік-қаржылық операцияларын жүргізеді.
Қаржы есептеу орталығы өнімді өткізу, сатып алушылармен есеп жүргізу операциялары бойынша бірыңғай қарызгер және төлем жасаушы, сонымен қатар, бюджеттік қаражатты алушы, бюджетке салық пен салымдарды төлеуші болып табылады. ҚЕО ( Қаржылық- Есептік Орталығы) жұмысын бас бухгалтер атқарады. ҚЕО кеңестің қарастыруына және бекітуіне табыс табу және оны кооператив ішінде пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді. ҚЕО жеке шот және әр кооперативке оның ақша қаражатының шығындары айқындалатын несие картасын ашады.
Сонымен бірге, ҚЕО өндірісті, шығындарды есепке алу, материалдар, малазық, тұқым шығындарының нормаларын, технологиялық карталар нормаларын, өнімнің есептік бағаларын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлейді.
Жұмыста
«Өсімдік» биологиялық
Осы тарауда қосымша және қызмет көрсетуші өндірістерді есепке алудың ерекшеліктері көрсетілді: соның ішінде, шығындарды есепке алу және қызметтердің өзіндік құнын есептеу, машина-трактор паркі, автокөлік қызметі, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау қағидалары және т.б.
Ойымызды аяқтай келе, біз, дағдарыс қаупін төмендету мақсатында, сонымен қатар әрбір өндіріс салаларындағы есептің әдістемелік негіздерін кеңінен ашу қажет деп есептейміз. Мұнда әрбір өндіріс салаларының өзіндік өндірістік технологиясының ерекшеліктері бар, ондағы есепті ұйымдастыру осы ерекшеліктермен тығыз байланыстылықта жүргізілуі тиіс. Және ең бастысы, нарықтық экономика жағдайында әр салалар шығындарын өзі өтеуін камтамасыз етіп қана қоймай, дағдарыстық жағдайларының алдын алу мақсатында, экономикалық көрсеткіші ретінде табыс әкелуі үшін нарықтық инфрақұрылым жасауы тиіс.
Бастапқы бухгалтерлік есептің сапасын және сенімділігін арттыру барысында кооператив басшылығының ақпараттарымен өз уақтылы қамтамасыз етілуі өте маңызды. Сол құжаттар және соның негізінде жасалған есептеу қортындылары басқару өндірісін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ете алады. Сондықтан да ауылшаруашылығында бастапқы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін және өсімдік шаруашылығын басқарудың ақпараттық жүйесіндегі орнын нақты анықтау қажет. Осы мәселелер бойынша «Бухгалтерлік құжат және құжаттаманы» анықтауда ауқымды пікір таластар жүргізілді. Тарқатып айтсақ, «...бастапқы бухгалтерлік құжаттар, бухгалтерлік есепті қалыптастыру тетіктері мен негізгі ақпаратты жеткізушілер болып табылатын, бөлек объекті ретіндегі бастапқы есеп жүйесін құрады, оның үстіне, бұл бухгалтерлік есеп әдісінің негізгі элементі бола алады» деген тұжырымдамалар айтылды.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарын және ауылшаруашылық есебінің айрықша құрылымының мазмұнын қолдануға байланысты мәселелер кездеседі. Соған байланысты егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының бастапқы құжаттары өндірістік процестердің ерекшелігін көрсетеді: олар «Астықты егіндіктен жөнелту Тізілімі, астық қозғалысы Тізімдемесі, Тұқымдар шығыны Тізімдемесі, мал азығы шығынын есепке алу Тізімдемесі, ірі және шырынды азықтарды қабылдау Актісі, көкөністердің түсу Күнделігі т.б.» Өндірісте мал шаруашылығы бастапқы құжаттар болып Төлдерді кіріске алу Актісі, малдардың салмағын өлшеу Тізімдемесі (сала бойынша), Сүт саууды есепке алу Журналы, Жұмыртқа түсу Күнделігі, Жүн қырқу Актісі т.б. Осы аталған құжаттар, әрбір өндіріс саласындағы кооперативте есепке алу процесін тиімдірек пайдалануды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, бөлек егін және мал шаруашылығындағы ақпараттық бақылау жүйелерін, қызметтер бойынша табыс көздерін иеленуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында біріңғай мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттаманың болуының ұйымдастырушылық зор маңызы бар. Әрбір құжат бір операцияның аяқталуымен және басқа операцияның басталуы арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді, мысалы, «Төлді кіріске алу Акті» сала бойынша мал шаруашылығы өнім шығымын есепке алады және сонымен бірге есепте түсі, салмағы, ұрғашы, еркек атауы, құлақшалық нөмірін көрсетумен төл басы көбейеді, бұл көрсеткіштер қажетті ақпараттар болып табылады және басты талап – бухгалтерлік есепте көрсетілуі қамтамасыз етіледі. Ауылшаруашылық кооперативтерінде компьютерлік өңдеуді қолдану мамандандырылған бухгалтерлік құжаттардың мазмұнын, атқаратын қызметінің құрылымын ашудың басты мақсаты болып табылады. Бұл талаптар шаруа қожалықтарының ірі кооперативтерге біріктірілуі жағдайында өсе түседі, онда ақпараттық есеп жүйесіне компьютерлік өңдеуге негізделген есептің алдыңғы қатарлы әдістемесі қажет етіледі. Осы бухгалтерлік есеп ақпараттарына компьютерлік өңдеуді енгізу ауыл шаруашылық өндірістерін, және қосымша қызметтер мен қызмет көрсетуші өнеркәсіптік өндірісті басқарудың маңызды құрамдас бөлігі болып отыр.
Мамандандырылған бухгалтерлік құжаттарды компьютерлік өңдеуді қажет ететін егін шаруашылығында есепке алу бойынша жүйелеу төрт бағыт бойынша жүргізіледі:
1. Еңбек шығындарын есепке алу бойынша құжаттар;
2. Негізгі құралдарды есепке алу бойынша құжаттар;
3.
Өнім шығымын есепке алу
4. Материалдық шығындарды есепке алу бойынша құжаттар.
Ол, барлық саладағы өсімдік шаруашылығының өндіріс және есеп обьектісі бойынша жүргізілген шаруашылық операцияларын бастапқы құжаттардың мамандандырылған формаларымен ресімдейді, ол, бірінші кезекте өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы алалықты (алшақтықты) жоюға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында мамандандырылған біріңғай бастапқы құжаттамалардың болуы бухгалтерлік есептің және одан кейін қаржылық есептеменің негізгі ұйымдастырушылық көрінісі бола алады.
Кейбір фермерлердің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізуге, қаржылық есеп беруді жасауға қарсы келуі немесе оларды ескермеуі болып тұрады.
Бірақ та 2007 ж. 28.02. №234-III «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңындағы 5б. 3 т.: … «Қаржылық есеп беруді жасаудың қажеттілігі туралы» жазылған. Салық комитетінің бас салық инспекторы Н.Смурыгина, «ҚР аумағында әрекет ететін барлық субьектілер бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме жүргізуге міндетті», деп тұжырымдайды.
Осыған орай бастапқы құжаттарды жасаудың міндеттілігіне еш күмән келтірілмеуі тиіс. Сондықтан егін шаруашылығында, қосымша қызмет көрсетуші өндірістерде мамандандырылған бастапқы құжаттардың бағыты мен мазмұны көрсетілген. Әр салаларда мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарды ақпараттық жүйелермен қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. Есептік процесті автоматтандыруға бағдарлау мақсаты, есеп формасын жетілдіру мақсаты қазіргі заманғы жағдайда ерекше өзектілік алады.
Осы бағытта жүргізген әдебиет деректеріне жүргізілген зерттеулер, ақпараттық жүйе, бас бухгалтердің оның мамандарының еңбекті бөлу жағдайында негізгі қызметтік міндеттерінің бірі болуы тиістілігін атап өтуге мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылық кооперативтері дербес бола бастағанда, ақпараттық қамтамасыз етуді дұрыс бағаламау біраз ысырапқа әкеледі. Өйткені нарықтық жағдайда компьютерлік желі үнемі кеңейеді және дамиды және осы мақсаттарға жұмсалған шығындар өзін- өзі ақтайды.
Қазіргі таңда, компьютерлік бағдарлама мүмкіндіктері мен оның болуы және сонымен бірге бар оқу жүйесі, бағдарламаларды енгізу жүйесі жақсы берілген. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесін басқару аппаратының қызметі бойынша қолданбалы типтік бағдарламаның жобасын көрсетілген арнайы ұйымдарда қолдануға болады. Ақпараттық қамтамасыз етудің мұндай нұсқасы, есеп процестерін автоматтандыруда сала мамандарының басқаруы мен өндірістің ерекшеліктерін, олардың бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға әсерін жақсы игеру пайдалы болып табылады. Жүйені пайдалануға жіберуден кейін әзірлеушілер бағдарламалық өнімдерді қолдануды ілестіруді ұсынады, немесе жүйелі түрде бухгалтерлік есепке қатысты оқыту өткізеді, және бір мезгілде пайдаланушылардың өзіне бағдарламаға сәйкестік толықтырулар мен өзгерістер енгізуге мүмкіндік беріп отырады. Біздің елімізде бухгалтерлік есепті ақпараттық қамтамасыз ету бағдарламасымен көптеген мамандандырылған фирмалар айналысатыны аталған. Олардың көбі, басқа ұйымдардың өнімдерінен бухгалтерлік есеп телімдерін қамту бойынша да, құру принциптері бойынша да айырмашылығы бар. Сондықтанда әр ұйым өздері әзірлеген бағдарламалық өнімдерді ұсынады.
Ауылшаруашылық кооперативтерінде бухгалтерлік есепті, жүйені толығымен компьютерлеуде бағдарламалық жасақтаманы дұрыс таңдай білудің маңызы зор. Нарық ұсынып отырған көптеген бағдарламалық жасақтамаларының арасынан қолдануға ыңғайлы үш негізгі түрін атап кетуге болады: жергілікті бағдарламалық кешендер, шоғырландырылған (біріктірілген) бағдарламалық кешендер және автоматтандырылған жұмыс орны бухгалтерлік кешендері. Жергілікті бағдарламалық кешендер негізінен алғанда бухгалтерлік есептің бүкіл жүйесін компьютерлеуді іске асыра алады. Кооперативтегі компьютерлендіру жағдайындағы бухгалтерлік есеп, басқарудың барлық жүйесінде кері байланысты қамтамасыз ететін және жедел ақпаратты қамтамасыз ететін оның қызметтік жүйелерінің бірі болып табылады. Өндіріс саласындағы кооперативтерде бір бухгалтер есепті қамтамасыз етуге үлгере алады. Басқару жүйесінде есептік ақпараттың маңызы тек ақпараттық қамтамасыз етуге тірелмейді. Бухгалтерлік есеп басқа да маңызды рөлді – шығындарға бақылау жасауды, кооператив қызмет әрекетінде табысты өсіруді қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірістерінің технологиялық ерекшеліктеріне және олардың шығындар есебін жүргізудегі мәселелеріне бақылау жасап отыру қажет. Осы мақсатта әрбір кооперативте өндіріс шығындарын есепке алуды ұйымдастырудың және шығындарға бақылау жасаудың жаңа формалары ұсынылды. Машина- трактор паркі шығындарын есепке алуды жетілдіруде және есептік тіркелімде көрсетумен техниканың бос тұруына есепке алудың әдістемесі әзірленді.
Информация о работе Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру