Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:19, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайларда ірі ауылшаруашылық кооперативтеріне мемлекет тарапынан қомақты қаржылық экономикалық қолдау көрсетілуде. Ал мемлекет дотациясы ұсақ шаруа қожалықтарына жете бермейді. Осыған байланысты бүгінде шаруа қожалықтары мен фермер шаруашылықтарына ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігу ұсынылып отыр, оның мақсаты келешекте өсімдік және мал шаруашылығында жұмыстарды біріге атқару және өндірілген өнімді өз күштерімен өңдеп жоғары табысқа ие болу.

Работа содержит 1 файл

Lapbaeva.doc

— 300.50 Кб (Скачать)

ӘОЖ  657.471:631.115.8:338.124.4                                Қолжазба құқында 
 
 
 
 

Лапбаева  Санимкул Шапигатовна 
 
 
 

Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру 
 
 
 

08.00.12 –  Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика  
 
 

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның 

Авторефераты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010 
 

Диссертациялық  жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ  экономикалық университетінде орындалды. 
 

Ғылыми  жетекшісі:                                                                                                                                                                                  
 
 

Ресми оппоненттер:                                                                                                                                        
 
 
 
 
 

Жетекші ұйым:                                                                                                                                                                                                                                          

       
 

экономика ғылымдарының докторы К.Т.Тайғашинова 
 

экономика ғылымдарының докторы

Джуманов А.М.    

экономика ғылымдарының кандидаты

  АймағанбетоваА.Д.  
 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. 

      Диссертация 2010 жылдың «30» қарашасында сағат 13.00-де Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін құрылған Д14.45.10 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, №2 конференц-зал. 
 
 

    Диссертациямен  Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. 
 
 

    Автореферат 2010 жылдың «30» қазанында таратылды. 
 
 
 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

экономика ғылымдарының докторы                                          Ұ.А. Текенов 
 

                                                        КІРІСПЕ

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайларда ірі ауылшаруашылық кооперативтеріне мемлекет тарапынан  қомақты қаржылық экономикалық қолдау көрсетілуде. Ал мемлекет дотациясы ұсақ шаруа қожалықтарына жете бермейді. Осыған байланысты бүгінде шаруа қожалықтары мен фермер шаруашылықтарына ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігу ұсынылып отыр, оның мақсаты  келешекте  өсімдік және мал шаруашылығында жұмыстарды біріге атқару және өндірілген өнімді өз күштерімен өңдеп жоғары  табысқа ие болу. 

    Сондықтанда шаруа қожалықтарының ірі кооперативтерге бірігуін орынды және тиімді деп санаймыз.

      Қабылданған бағдарламаға сәйкес, елдің ауылшаруашылық кооперативтерінің дамуының басым бағыттары:

    -   елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

    - сыртқы және ішкі нарықтарда ауылшаруашылық өнімдерін және өңделген өнімдерді сату көлемін арттыру;

    -  агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;

    - ауылшаруашылық кооперативтерін ауылшаруашылық өндіріс ретінде мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру.

    Соңғы жылдары ауылшаруашылығының есебін ұйымдастыруға аса мән берілмей нарықтық экономикадағы деңгейі күрт төмендеді. Бүгінгі таңда ауылшаруашылығын қайта жаңғыртуда, соның ішінде өсімдік және мал шаруашылығының технологиясымен байланысты кооперативтегі бухгалтерлік есепті жетілдіруге және ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.

    Бірақ, ауылшаруашылығында Қаржы Есебінің Ұлттық Стандарттарын (ҚЕҰС) қамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп әдістемесінің қиындықтары орын алады. Ауылшаруашылығының бухгалтерлік есебі Қаржылық Есептің Халықаралық Стандарттарының талаптарымен Қаржы Есебінің Ұлттық Стандарттарына сәйкес қатты өзгерді. Қазіргі жағдайлардағы бухгалтерлік есеп жағымсыз құбылыстарды болдырмауға бағытталған. Есептің бұл қағиданы орындауы бухгалтерлік есептің негізі және оның негізгі элементі болып табылатын бастапқы есептің жетілдірілуін қажет етеді.

    Ауылшаруашылық кооперативінде бухгалтерлік құжаттардың мамандандырылған түрлері қолданылады, бұл өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы,  қосымша қызмет көрсетуші, өнімді өңдеу өндірістерінің технологияларының ерекшеліктерімен байланысты. Бұның бәрі аграрлық салада бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырып, оның сапасы мен шынайлылығын арттырады.     

    Тақырыптың  ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі экономикалық нарық жағдайында бухгалтерлік есептің түрлі аспектілеріне жеткілікті түрде көңіл бөлінген. Ауылшаруашылық кооперативтерінде бастапқы есеп пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, өнімнің өзіндік құнын есептеу мен шығыстарды есепке алудың әдістемесін зерттеу үшін, көптеген экономист зерттеушілердің еңбектерін қолдана отырып маңызды ұсыныстарын пайдалануды талап етеді. Себебі, ауылшаруашылық кооперативтерінде өнім өндірісін арттыру және шығындарды пайда болу орындары бойынша анықтауда, есеп және аудит саласында  келесі қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстары кеңінен мәлім: Ж.Н Айтжанова, А.А К, М.С Ержанов, К.К Кеулимжаев, В.Л Назарова, К.Н Нарибаев, С.С Сатубалдин, А.А Сатмурзаев, Радостовец В.К, Жумабаева М.Д, Тайғашинова К.Т  Тулешова Г.К және т.б..

    Берілген  мәселені шешуде келесі ресейлік және шетелдік ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты: А.Ф Аксененко, А.С Бакаев, П.С Безрукий, С Варде,  А.П Варава, Г.И Гринман, М.М Дзыдык, А.А Данилан, Н Джураев, С.А Стуков, Н.Г Чумаченко, В.И Ткач, М.З Пизенгольц, Я.И Рошаль, П Фридман,  Ф.Б Риполь-Серагоси және т.б..

    Сонымен бірге, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірісінде мамандандырылған бухгалтерлік құжаттамаларды техникалық өңдеу қажеттілігі, салалық есеп саясаты мен аграрлық саланың өнімдерін өндіру шығыстарын есепке алудың қолайлы әдістемесін қалыптастырудың қажеттілігін арттыруды талап етіп отыр. Осы мәселелердің болуы және оларды шешу қажеттілігі зерттеудің өзектігін құрайды.

    Зерттелім мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты-өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бастапқы есеп әдістемесін қалыптастыру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерді , ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

    Осы аталған мақсатқа қол жеткізу  үшін зерттеу барысында мына төмендегі  міндеттер алға қойылды:

    -   ақтық табыс алу және есепті ұйымдастыруға әсер ету мақсатында оларға қосымша өндірістің қызмет көрсету қажеттілігі, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуда өндіріс технологиясын қолдану;

    - ауылшаруашылық кооперативтерінде ақпараттық жүйені қалыптастырудың ролін, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірісінің, қосымша өндірістің «Ауылшаруашылық есебі» бастаушылығымен мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарды зерттеу;

    - қазіргі заманғы техникалық жабдықтар кешенінің көмегімен ауылшаруашылық кооперативінде есепті бағдарламалық қамтамасыз етудің аспектілерін қарастыру;

    - кооперативтегі шығындар есебін жетілдіру мәселелерін негіздеу, ауылшаруашылық өнім өндіру шығындарын есепке алудың халықаралық жүйесін қолдана отырып салалық есеп саясатын қалыптастыру;

    - ауылшаруашылық бірлестігінде өнімдердің өзіндік құнын есептеудің және шығындар есебін жетілдірудің мәселелерін зерделеу.

    Зерттеудің  пәні  Ауылшаруашылық бірлестігінде   шығындарды есепке алу, өнімнің өзіндік құнын есептеу және бастапқы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік тәжірибелік аспектілерінің  жиынтығы болып табылады.

    Зерттеудің  объектісі ретінде Алматы облысының аграрлық сала шаруашылықтары алынды.

    Зерттеудің  теориялық және әдістемелік негіздері. Қаржы есебінің ұлттық стандарттарына сәйкес ауыл шаруашылығында есепті ұйымдастыру мәселелері бойынша ғалымдардың монографиялары, отандық және шетелдік авторлардың мақалалары құрайды. Жұмыста Қазақстан Республикасының нормативті және заң актілері кеңінен қолданылған.

    Зерттеудің  эмпириялық негізі бухгалтерлік есеп бойынша нормативті-құқықтық актілерден тұрады, соның ішінде: Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Заңы, 28.02.2007 жылғы бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгідегі жоспары, №1 Қаржылық есептің ұлттық стандарттары (ҚЕҰС), ҚР статистика Агенттігі, аграрлық саладағы шаруашылықтың қаржылық қызметінің жылдық мәліметтері, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер мен баспасөз басылымдарында жарияланған материалдар құрайды.

    Диссертациялық  жұмыстың ғылыми жаңалығы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп әдістемелерін  дамыту және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру тиімділігін арттыруға, ауылшаруашылық кооперативтерінің  дамуына бағытталған тәжірибелік  ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

    Қорғауға  ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 

   -мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттардың мазмұны мен мәні ашылды, «ауылшаруашылық есебін құжаттау» туралы автордың ұсыныстары негізделді;

      -қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге байланысты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысандарын жетілдіру тәжірибесі бойынша ұсыныстар берілді;

      -өсімдік және мал шаруашылығы өндірісінің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты салалық есеп саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді;

      -шығындардың пайда болу орындары бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құны, «Шығындарды есепке алу» журналы жаңа есеп регистрі ұсынылды;

      -өсімдік шаруашылығындағы жұмыстар мен қызметтердің және ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құндарының қолайлы сыныпталуы ұсынылды.

      Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертация тұжырымдары мен ұсыныстарын Алматы облысының ауылшаруашылық салаларында қолдануға болады.

      Зерттеу жұмысы 1-ҚЕҰС-на сәйкес бухгалтерлік  есепті қалыптастыру  бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық қағидаларды негіздеу болып табылады. Диссертацияның қағидалары аграрлық сала өндірісінің технологиясымен байланысты, ұсынылған бағдарламаларға сүйене отырып, бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіруге байланысты қолдануға болады.

Информация о работе Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру