2000 жылдан
бастап республикамызда жүргізіліп
отырған реформалардың қайта
орнына келмейтіндігі айқын болғанда
және позитивтік экономикалық
дамулар орын алғанда реформаларды
одан әрі тереңдету қажет болды,
оның ішінде мемлекеттік меншік
мәселелерінде. Бұл оларды қосымша
заңды, нормативтік-құқықтық және
әдістемелік қамтамасыз етуді
талап етті.
2000 жылдан
бастап қазіргі күнге дейін
Қазақстан Республикасында мемлекеттік
мүлікті басқару және жекешелендіру
тұжырымдамасы, 2003-2005 жылдарға арналған
мемлекеттік мүлікті басқару
тиімділігі және жекешелендірудің
салалық бағдарламасы бірінші
рет әзірленді және бекітілді,
«Мемлекеттік мүлік мәселелері
жөніндегі Қазақстан Республикасының
кейбір заң актілеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы»,
«Экономиканың стратегиялық маңызы
бар салаларындағы меншіктің
мемлекеттік мониторингі туралы»
Қазақстан Республикасының заңдары
қабылданды. Бұл ретте Мониторинг
туралы заң республикадағы жекешелендірудің
барлық жылдарында бірінші рет
қабылданғандығын атап өткен
жөн, ол стратегиялық маңызы
бар салаларда меншіктің мемлекеттік
мониторингін жүзеге асыру процесінде
туындайтын қоғамдық қатынастарды ретке
келтіреді, сондай-ақ оны өткізу негізі
мен шарттарын анықтайды. Заң елдің экономикалық
даму процестерін ретке келтіру мен болжауда
мемлекет рөлін күшейту үшін, республика
экономикасын басқаруда тиімді шешімдер
қабылдау үшін объективті ақпаратпен
мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз
ету үшін құқықтық негіз болып табылады.
Мемлекеттік
мүлікті басқару және жекешелендіру
мәселелері жөніндегі бағдарламалық,
заң актілерін қабылдау осы
процестерді реттейтін заңнамалық
нормативтік құжаттардың бірқатар
комплексін әзірлеу арқылы жүргізілді.
Жоғарыда айтылғандар Қазақстан
Республикасында мемлекеттік мүлікті
басқару мен оны жекешелендіру
мәселелері ең басынан бастап
уақыт шындықтары мен елдің
әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын
ескере отырып республика дамуының
стратегиялық жоспарларына сәйкес
тексерілген негізді, кешенді
концептуалды, бағдарламалық, заңдық,
нормативтік-әдістемелік қамтамасыз
етуі бар екендігіне сену үшін
негіз береді. Өтпелі меншіктің
дамуы
Өтпелі
кезеңде нарықтық экономикаға өту
мемлекет үшін қиын мәселелерді көлденең
тартады: меншік қатынастарын өзгерте,
қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік
меншіктен өндіруші мен меншіккердің
жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың
толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек,
мемлекеттік меншікті реформалау, оны
жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің
жеке обьект және жеке ұжымдық (ұжымдық
– топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі
туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды
жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық
еркіндігі мен жауапкершілігін
органикалық түрде ымырластыра
алады.
Бұрынғы
кейбір социалистік елдерде мемлекеттік
меншік басқа меншік түрлерінің
жалпы құрылымына қарағанда артықтау
болады. Осы жағдай ел экономикасында
бәсекелестіктің болмауына, алып
келіп, өндіріс тиімділігін төмендеуіне,
өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны
билеп төстеуіне және тапшылық
экономикасының пайда болуына
алып келді.
Осылардың
барлығы бәсекелестік нарықтық
ортаны құру үшін мемлекеттік
меншікті реформалау қажеттілігін
анықтады. Осыны жүзеге асыру
өндірушінің тұтынушыға өктемділігін
жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға,
нарықты жоғары сапалы тауар
мен қызмет көрсетумен барынша
толтыра түседі.
Өтпелі
экономика кезіндегі мемлекеттік
қатынастарды басқаша құрудың
халықаралық тәжірибесі меншік
түрлерін өзгертудің эволюция
– реформаторлық тәсілін, жекешелендіру
тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.
Экономикалық
әдебиеттерде мына екі терминді:
«мемлекеттен алу» мен «жекешелендіруді»
бір-біріне теңестіріп қарайды.Алайда
«мемлекетсіздендіру» термині мемлекеттен
тікелей басқару қызметін алып
тастауды түсіндіреді. Басқаша
айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға
өзінше еркіндік беру меншік
түрін ауыстырумен байланысты
емес. Мемлекетсіздендіру мемлекеттік
кәсіпорындардың толық коммерциялық
есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру
– жекешелендіруге дейінгі аралық
баспалдақ.
Ал
«жекешелендіру» мемлекеттік меншіктің
жеке меншікке өтуін білдіреді.
Жекешелендірудің
мақсаты:
- өтпелілік
мақсатты алға тартып, жеке меншік
топтарын құру;
- мемлекеттік
кәсіпорын мүліктерін жеке адам
мен коммерциялық
құрылымдарға
мемлекеттік бюджеттітолтыру үшін
сату.
Мемлекеттік
меншікті жекешелендірудің халықаралық
практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің
екі варианты бар:
- «қатаң»
вариантты жекешелендіруді қарқынды
жүргізу;
- «жұмсақ»
вариантты жекешелендіруді ақырындап
жүргізу.
Жекешелендіру
– мемлекеттік меншіктің жеке
меншікке өзгеру ретінде өтпелі
экономика кезінде ТМД елдерінде
ғана, Шығыс Еуропа және нарықтық
экономикасы дамыған елдерде:
Ұлыбритания, Франция, Германия
мен АҚШ- та кеңінен қолданылады.
Алайда, жекешелендірудің мақсаты
нарықтық экономикасы дамыған
елдер мен нарықтық экономикаға
түскен елдерде әртүрлі. Егер
нарықтық экономикасы дамыған
елдерде жекешелендіру мемлекеттік
бюджетке қосымша қаржы тартуды
мақсат етсе, өтпелі экономика
елдерінде жеке меншікті құру
құралы болып, соның негізінде
бәсекелестік нарықтық ортаны
қалыптастырады.
Дамыған
елдерде жекешелендіру негізінен
жекешелендірудің бір моделінде
жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік
кәсіпорындарды банк, сақтандыру
компаниялары, кейде тұрғындардың
сатып алуына негізделген еді.
АҚШ-да
мемлекеттік кәсіпорындарды сату
ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында
жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден
төленетін ) төлем жалпы төленетін
соманың 20 пайызынан аспауы керек.
ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде
жекешелендірудің өте күрделі
моделі қолданылды.
Венгрияда
кәсіпорындарды олардың жұмыскерлері
сатып алды. Онда жұмыскерлердің
қаржылары ғана емес, кәсіпорынның
тапқан пайдасы мен банк несиелері
қолданылад.
Чехославакияда
шағын кәсілорындар аукцион арқылы
сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар
қаржысын, банк несиелерін және
шетел капиталын тарту арқылы
жекешелендірді. Сондай – ақ Чехославакияда
кәсіпорындар сатп алу үшін
тұрғындарға купон мен чектер
тегін таратылады. Чек пен купондар
жекешелендірілген кәсіпорынның
акциясына айырбастау үшін берілген.
Ресейдегі
жекешелендірудің басты мақсаты
– мемлекеттік мүлікті сатып
алу негізінде меншіккер топтарын
тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар
үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды.Осыны
жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға
жекешелендіру чегі ваучерді
берді Олардың әрқайсысының құны
100 рубль болды. Иегелері оны
еркін қолдана алды: ваучерді
сатуға, жекешелендірілетін обьект
акциясын сатып алуға, өз ваучерін
600 – дей жекешелендіру қорының
кез келген салуға мүмкіндік
жасады.
Қазақстандағы
жекешелендіру процесі Чехославакияда
қолданылған моделге ұқсастықпен
жүзеге асырылды.
Жекешелендіру
екі кезеңмен жүргізілді: бірінші
кезеңде тұрғындардан қайтаруды
қажет етпейтін тұрғын – үй
купонын қолдана отырып, үйлерді
(пәтерді ) жекешелендіру жүзеге
асты; екінші кезеңде тұрғындар
қайтарылмайтын жекешелендіру купонын
алды. Оларды тек қана инвестициялық
жекешелендіру қоры арқылы қолдану
мүмкіндігі жасалды. Ондай қор
Қазақстанда 120 – дай болды.
Жекешелендірудің
бұл тәсілінің кемшілігі сонда,
жекешелендіру инвестициялық купон
иесінің өз бетінше шешім қабылдау
құқы жоқ, тек қана оны инвестициялық
қорына сала алды. Бұл адамның
нақты кәсіпорынды жекешелендіруге
қатысуына тікелей кедергі жасады.
Жекешелендіру
процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің
сатып алу мүмкіндігін қарастырып,
ашық және жабық типтегі акционерлік
қоғамда, акционерлік қоғам – шаруашылығын
құрып, олардың акциясының 51 процентін
мемлекетке жатты.
Бірақ
мемлекеттің холдинг типіндегі
акционерлік қоғамға қатысуы
айтырлықтай нәтиже бермеді, әлсіз,
банкрот болған кәсіпорындар
тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық,
басқару қызметі кәсіпорын басшыларын
бекітумен, өндіріс өнімін үйлестірумен
және пайданы холдинг қажеттілігіне
қолданумен шектелді. Бұл айналым
қорын жоюға және кәсіпорынды
банкроттыққа алып келді.
Нарықтық
экономикасы дамыған елдерге
қарағанда, ТМД мен Шығыс Еуропа
елдерінде, « үшінші әлем» дамушы
елдерінде «жұмсақ жекешелендіру»
варианты қолданылды. Бұл вариант
– Чили, Индонезия, Индия, Алжир,
Марокко, Мексика, Туркия, сондай
– ақ жаңа индустриалды екі
елде – Оңтүстік Корея мен
Тайванда қолданылды.
«Жұмсақ»
жекешелендір ерекшелігі сол,
бұл вариантта мемлекеттік секторды
жылдам бұзу қарастырылмаған,
қайта оның қызметін басқаша
ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру
көзделген. Бұл іс – шаралар
мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық
еркіндігін ақырындап ұлғайтумен,
олардың баға саясатының бір
бөлігін либерализациялаумен, арнайы
«қатысу қоры» акционерлеп, бақылау
пакет акциясын мемлекеттің сақтауы
арқылы жүзеге асады.
Қазақстан
тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік
– акционерлік қоғамды қолдану
жекешелендірудің барлық мәселесін
шешпейді.
Өтпелі
экономикада мемлекетсіздендіру
саясаты мен меншікті жекешелендіру
мемлекеттік меншіктің монполиялық
жағдайын бұзумен экономикаға
нарықтық сыйпат беріп қоймай,
сондай – ақ, экономикалық дамуды
тұрақтандыру мен экономикалық
өсуге жетіду көздейді:
- ұлттық
экономикаға шетел инвестициясын
тарту;
- мемлекеттік
субсидияны тарту есебінен мемлекеттік
қарызды қысқарту және жеке
кәсіпорындар мен тұрғындардың
табысын ұлғайту, нәтижелік мақсат
– тұрғындардың өмір деңгейін
көтеру;
- бәсекелестік
нарықтық орта жасау.
Жекешелендіру
дегеніміз – кең мағынасында
алғанда, мемлекеттің экономикаға
араласу процесін тұқырту, тікелей
өнім өндірушіердің шаруашылық
және технологияық бастамасына
кең өріс ашу, жеке (мемлекеттік
емес) секторларды дамыту саясатын жүргізу.
Осы тұрғыдан түсіндіргенде жекешелендіру
экономиканы мемлекет қарамағынан алу
дегенге келіп саяды. Тар және кең ұғымды
алатын болсақ, жекешелендіру мемлекеттік
мүліктің қожайынының ауысуы, мемлекеттің
қолындағы және шаруашылық мақсатқа пайдаланып
жүрген мүліктерді жеке адамдарға немесе
олардың бірлестіктеріне сату (кейде беру)
деген ұғымды білдіреді.
Жекешелендірудің
негізгі мақсаты – бір орталықтан
жоспарланатын экономикадан нарықтық
экономикаға көшуіне қажетті
жағдайлар жасау болып табылаы.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін
мына төмендегі міндеттерді шешу
қажет болады:
- көптеген
мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу,
мемлекеттің меншігіндегі обьектілерді
шағын және жаппай жекешелендіру
арқылы бағытталған шаруашылық
құрылымдарды рынокқа сәйкес
қалыптастыруды жеделдету;
- шаруашылық
жүргізуші субьект ретінде жеке
меншік топтарын қалыптастыру;
- бәсекелестік
ортаны құру және өндірісті
монополиясыздандыруды қамтамасыз
ету;
- шағын
және орта бизнесті дамыту;
- ірі
және бірегей шаруашылық обьектілерін
қайта құруды дербес жобалау
арқылы іске асыру;
- жеке
бизнестің артықшылығын және
шетелдік инвесторларды тарту
арқылы ұйымдастыру, шаруашылық
құрылымдарын қалыптастыру;
- құнды
қағаздар рыногы ретінде инвестициялық
құрылымдар жүйелерін нығайту
және дамыту.
Қазақстандағы
мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру
бойынша жүргізіледі. Әрбір кезеңге өз
бағдарламасы сәйкес келеді.
І
кезең – 1991-1992 жж.; ІІ кезең
– 1193-1995 жж.; ІІІ кезең – 1996-1998 жж.
Бірінші
кезең төмендегілерді қарастырады:
· Мемлекет
қарамағынан алу және сауда, қоғамдық
тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету
және камуналдық шаруашылық, өндірістің
ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік,
ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың
салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын
үй қорларын жекешелендіру.
Пайдасы
аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет
қарамағынан алу және жекешелендіру.
Ұсақ
кәсіпорындарды сату үшін аукциондық
және конкурстық әдістер пайдаланылды.
Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет
қарамағынан алуда оларды акционерлік
немесе басқа да шаруашылық серіктестіктеріне
және ұжымдық кәсіпорынға айналдыру қарастырлады.
Тұрғын
үйлерді жекешелендіру, ауыл шаруашылығы
және мемлекет мүлікті сатып алу
купон әдісі негізінде екінші
кезеңде, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен бекітілген, 1993-1995 жж. Мемлекет
қарамағынан алу мен жекешелендіру
үдерісін өрістетуді төмендегі бағыттар
байынша қарастырылды: