Муниципалды меншікті басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 21:05, курсовая работа

Описание работы

Сондай-ақ, осы Бағдарламаның нысаны ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін (мемлекеттік активтер) басқару мәселелері болып қалады. «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1-тарау. Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми-теориялық негізі.................................................................................................................5
2-тарау. Жекешелендіру кезеңіндегі муниципалды меншікті қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелері.............................................................................................................17
3-тарау. Мемлекеттік муниципалды меншіктің жауапкершілігін арттыру және тиімді пайдалану Оңтүстік Қазақстандағы муниципалды меншіктің ағымдық жағдайы және мемлекет тарапынан реттеу мысалында....................................................................................................29
Қорытынды...................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................44

Работа содержит 1 файл

муниципалды меншикти баскару.docx

— 85.05 Кб (Скачать)

      2008-2010 жылдары мүліктің есебін жүргізу түрлері бойынша және оны on-line режимінде қолдау арқылы жүзеге асырылатын, сонымен қатар тізілімді ұстаушыға ақпарат есеп объектілері бойынша тізілімді актуализациялау мақсатында «электронды үкімет» шегінде құрылып жатқан «Заңды тұлғалар» мемлекеттік мәлімет базасынан ұсынылатын болады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 17 қазанда жарияланған "Қазақстан-2030 Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауында (Жолдау) жеке сектор үшiн тартымсыз болып табылатын қоғамдық қажеттiлiктер бар екендiгі айтылады. Мұндай жағдайларда және соңғы шара ретiнде осы қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi мемлекет өз мойнына алады. Осы тезистi дамыту Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы мен 2010 Стратегиясында өзiнiң қисынды жалғасын тапты.Қазiргi уақытта қоғамдық қажеттiлiктердi орындауды қамтамасыз ету мемлекеттiк кәсiпорындар арқылы жүзеге асырылады. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi міндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады деп белгiленген, бұдан басқа, мемлекеттiк кәсiпорындар құрылуы және жұмыс iстеуi мүмкiн қызмет салалары айқындалған.

      Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін талдау көптеген кәсіпорындардың бірнеше жылдар жұмыс істемей тұрғандығын көрсетті, соңғы 3 жыл ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың 40 пайызына жуығы шығынмен аяқтады.

      2010 жылдың  1 қаңтарына облыстың коммуналдық меншігінде шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар саны 75 және қазыналық кәсіпорындар саны 458 құрады.

      Шаруашылық  жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың  негізгі құралдарының құны 5 457 млн. теңгені, қазыналық кәсіпорындарда 7036 млн. теңгені құрайды.

      Жедел басқару құқығындағы 458 мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорындардың ішінен 145-і таратылуда, 8-і қызмет атқармады  және 305-і жұмыс істейді.

      Облысқа қарасты коммуналдық меншіктегі қазыналық кәсіпорындар бойынша 136-ы  жұмыс істейді, Шымкент қаласында - 52, Мақтаарал ауданында - 18, Төлеби ауданында - 14, Ордабасы ауданында - 13, қалған аудандарда 4-тен 10-ға дейін. Қалалар  мен аудандарда қазыналық кәсіпорындар негізінен білім беру саласында (бала бақшалар, саз мектептері) және мәдениет саласында (мәдениет үйі) қызметін жүзеге асырады.

      Облысқа қарасты қазыналық кәсіпорындар ішінен 95-і денсаулық сақтау саласында, 15-і білім беру саласында, 12-і мәдениет саласында, 7-і дене тәрбиесі саласында  және басқа да салаларда қызмет көрсетеді .

      Шаруашылық  жүргізу құқығындағы 75 мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорынның ішінен 15-і  таратылуда және банкрот жағдайында, 13-і қызмет атқармады және 47-і  жұмыс істейді.

      Егер  коммуналдық кәсіпорындардың құрылымын  қарастырсақ, аудан және қаланың  коммуналдық меншігінде шаруашылық жүргізу құқығында 2-3 кәсіпорындар бар, бұл кәсіпорындар жылу берумен, сумен қамтамасыз етумен айналысады және облысқа қарасты 9 кәсіпорын  бар, олардың ішінде 3-і газет редакциясы саласында, 1-і мүлікті лизингке берумен, 2-і денсаулық сақтау саласында  және басқа да салада жұмыс атқарады.

      2010 жылды оң қаржылық нәтижемен шаруашылық жүргізу құқығындағы 16 кәсіпорын аяқтады, ол жұмыс істейтін кәсіпорындар санының 34 пайызын құрайды.  Таза табыс сомасы 20,6 млн теңгені құрады, ол 2004 жылмен салыстырғанда 17 млн. теңгеге төмен. 2006 жылы бюджетке аударылуға тиіс  12856 мың теңге сомасында таза табыс бөлігі есептелді, 2006 жылы бюджетке 12295 мың теңге түсім түсті.

      Пайдамен  жұмыс істейтін кәсіпорындар саны азайып бара жатыр, ал шығынмен аяқтаған кәсіпорындар саны көбеюде. 2005 жылды 19 кәсіпорын  шығынмен аяқтады немесе жұмыс істейтіндер  санынан 40 пайызды құрайды. Шығын сомасы 2009 жылға қарағанда 53,2 млн. теңгеге көбейіп, 87,5 млн. теңгені құрады.  

      Шығынның  негізгі бөлігін мемлекеттік  басқару органдары болып  қала, аудан әкімдерінің басқармалары мен бөлімдері және әкімдіктердің  өзі табылатын кәсіпорындар алып отыр. Бұл кәсіпорындар Шымкент қаласында 14016 мың теңге, Кентау -28751 мың теңге, Арыс – 3929 мың теңге, Бәйдібек ауданы – 1348 мың теңге және облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалану  басқармасы – 38305 мың теңге.

      Таратылудағы  кәсіпорындармен олардың мемлекеттік  басқару органдары жұмыс атқаруда.  

      2009 жылдың және 2010 жылдың 7 айы ішінде таратылып, заңды тұлғалар тізілімінен 128 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар алынды, олардың ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағылар саны - 25 және қазыналық кәсіпорындар саны - 103.

      Алайда 2010 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша таратылуда әлі 112 кәсіпорын бар, 11 шаруашылық және 101 қазыналық кәсіпорындар, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің олардың базасында құру жолымен ұйымдық-құқықтық үлгісін өзгерткен, ал таратылуы бүгінгі күнге бітпеген 83-і денсаулық сақтау саласынан.

      Мемлекеттік басқару органдары, аудан және қала әкімдіктері жұмыс істемейтін кәсіпорындармен  жұмыс атқармауда. 2005 жылдың 1 қаңтарына  шаруашылық жүргізу құқығындағы  кәсіпорындар саны - 14, 2006 жылдың         1 қаңтарына олардың саны 13 болды.  Қазыналық кәсіпорындар саны 2005 жылдың 1 қаңтарына -  14, 2010 жылдың 1 қаңтарына 8 кәсіпорынды құрады.

      Себептер  негізінен мемлекеттік басқару  органдарының  тарапынан тиімді басқарудың болмауымен байланысты. 

      Жоғарыдағыларды ескере келе, аудан, қала әкімдіктерінің шығынмен жұмыс істейтін мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорындармен жұмыс  позициясын негіздеу қажет, яғни мемлекеттің  қызығушылығын ескеріп мемлекеттік  кәсіпорындар мәртебесінде олардың  мақсаттылығын анықтау, оларды басқа  да заңды тұлғалардың  ұйымдастыру-құқықтық нысанында қайта ұйымастыру немесе тарату мүмкіндігін қарастыру қажет.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2-тарау.  Жекешелендіру кезеңіндегі  муниципалды меншікті    қалыптастыру кезеңдерінің  негізгі ерекшеліктері  мен нәтижелері

 Жекешелендіру  – меншік құқығын азаматтарға  немесе меншіктің мемлекеттік  нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші,  жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды – бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі.Экономиканы реформалауда, оның ішінде жекешелендіру үрдерісі өткен жолды сын көзімен саралап көрейік. Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.

 Елдегі  дербес экономикалық саясатты  жүргізудің басталуы құлдыраған  тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар  арасында бірыңғай экономикалық  кеңістіктің құлдырау, өндірістік  байланыстың құру салдарына әкелген  жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс  келді. Сол уақыттағы экономикалық  жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың  өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің  төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның  басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы  жоғары болды. Социализм кезеңінде  ондаған жылдар бойы қалыптасқан  халық менталитеті жеке меншікті  теріске шығарды. Бұл ретте,  көп деңгейлі нарықтық экономиканың  негізін құратын процес ретінде  мемлекет иелігінен алу мен  жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты  жүзеге асырушы ретінде танылған  басқарушы элита да қабылдаған  жоқ. 

 Осы  дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық  прогресті дамытудың диалектика  заңдылықтары білімі бар Ел  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас  жігері республикамызда мемлекет  иелігіне алу мен жекешелендірудің  жоспарлы, кезең-кезеңді процесін  бастауға мүмкіндік берді. 

 Мемлекеттік  меншік реформасын өткізу үшін  ұйымдық негізі – 1990 жылдың 20 желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік  орган – Мемлекеттік мүлікті  басқару жөніндегі Қазақ ССР  Мемлекеттік комитетінің құрылуы  болды, кейіннен «Мемлекеттік  мүлікті басқару жөніндегі Қазақ  ССР Мемлекеттік комитетінің  мәселелері» туралы Қазақ ССР  Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі  Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері  нақтыланды және анықталды, ал 1991 жылғы тамызда мемлекеттік  мүлік жөніндегі аумақтық органдар  ұйымдастырылды. Кейіннен республикадағы  экономиканы қалыптастырудың әртүрлі  кезеңдерінде және тиісінше мемлекет  иелігінен алу мен жекешелендірудің  мемлекеттік бағдарламасын іске  асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды. 1995 жылы сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды. 1997 жылдың аяғына дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі 2 Мемлекеттік комитет жұмыс істеп тұрды. 1997 жылдың күзінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет пен Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды. Аталған құрылым қазірде жұмыс істеп тұр.

1991 жылдан  бастап мемлекеттік мүлікті басқару  тиімділігін қамтамасыз ету және  оны жекешелендіру процестеріндегі  заңдық және нормативтік-әдістемелік  базаны реторспективті талдау  олардың заңды және нормавтивтік-әдістемелік  актілермен біршама ретке келтірілгендігі  туралы қорытынды жасауға мүмкіндік  береді. Бұл мемлекеттік меншікті  құруда, жеке меншік институтын, нарықтық экономика негіздерін  құру мен дамытуда және мемлекеттік  меншікті басқару тиімділігін  одан әрі арттыруға ықпал ететін  базалық реформаларды жүргізуде  өз өкілеттіктерін қамтамасыз  еткен заңды және атқарушы  билік тармағы ретінде жүйелі  жұмыс нәтижесі болып табылады.

 Жоғарыда  айтылғандарды дамыта отырып, мемлекет  иелігінен алу мен жекешелендіру  процесін заңды қамтамасыз етуде  бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда  қабылданған «Мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендіру туралы»  Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын  атап өткен жөн, ол республикадағы  мемлекеттік меншікті қайта құрудың  құқықтық негіздерін, ережесі мен  процедурасын анықтады. Осы Заңды  іске асыру мақсатында Қазақ  ССР Президентінің қаулысымен  бірінші бағдарлама – 1991-1992 жылдарға  арналған Қазақ ССР-да мемлекеттік  меншікті мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді. 

 Келесі  кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған  «1993-1995 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасында мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендірудің ұлттық  бағдарламасы» қабылданды.

1996 жылы  ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға  арналған Қазақстан Республикасында  мемлекеттік меншікті жекешелендіру  мен құрылымын өзгерту бағдарламасына  сәйкес жекешелендірудің жаңа, үшінші  кезеңінің бастауы болған, Жекешелендіру  процесінің қолданыстағы заңды  базасын дамытуда 1995 жылы желтоқсанда  заң күші бар Қазақстан Республикасы  Президентінің «Жекешелендіру туралы»  Жарлығы қабылданды. Бұл кезеңнің  ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында  секторлық бағдарламаларды іске  асыруға өту болды. 

1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру  және мемлекеттік мүлікті басқару  тиімділігін арттыру бағдарламасы  жекешелендіру саясатын іске  асырудағы кезекті, төртінші кезеңін  білдірді.

 Бұл  жерде мемлекеттік мүлікті басқару  және оны жекешелендіру процесінің  нормативтік базасы жаңа экономикалық  шындықтарды ескере отырып тұрақты  жетілдірілгендігін, дамытылғандығын  және толықтырылғандығын атап  кеткен дұрыс. Бұдан басқа,  барлық заңды және нормативтік-әдістемелік  база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді  және шығарылды, ол республикадағы  мемлекеттік меншікті мемлекет  иелігінен алу мен жекешелендіру  мәселелерімен айналысатын барлық  қызметкерлер үшін оқу және  әдістемелік құралға айналды,  онда Қазақстандағы мемлекет  иелігінен алу мен жекешелендірудің  бірегей және теңдессіз тәжірибесінің  барлық кезеңдері көрсетілген. 

Информация о работе Муниципалды меншікті басқару