Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 21:05, курсовая работа
Сондай-ақ, осы Бағдарламаның нысаны ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін (мемлекеттік активтер) басқару мәселелері болып қалады. «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1-тарау. Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми-теориялық негізі.................................................................................................................5
2-тарау. Жекешелендіру кезеңіндегі муниципалды меншікті қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелері.............................................................................................................17
3-тарау. Мемлекеттік муниципалды меншіктің жауапкершілігін арттыру және тиімді пайдалану Оңтүстік Қазақстандағы муниципалды меншіктің ағымдық жағдайы және мемлекет тарапынан реттеу мысалында....................................................................................................29
Қорытынды...................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................44
Кіріспе.......................
1-тарау.
Муниципалды меншікті
басқарудың ғылыми-теориялық
негізі........................
2-тарау.
Жекешелендіру кезеңіндегі
муниципалды меншікті
қалыптастыру
кезеңдерінің негізгі
ерекшеліктері мен нәтижелері....................
3-тарау. Мемлекеттік
муниципалды меншіктің
жауапкершілігін арттыру
және тиімді пайдалану
Оңтүстік Қазақстандағы
муниципалды меншіктің
ағымдық жағдайы және
мемлекет тарапынан
реттеу мысалында.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер......
Республикада
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы
Сондай-ақ, осы Бағдарламаның нысаны ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін (мемлекеттік активтер) басқару мәселелері болып қалады. «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылады. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам - өндіруші және өндіріс құрал – жабдығын иеленуші ретінде көрінеді, жер – қоғамдық өндірістің басты құралы. Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694 – 1774 жж) «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдығын көрсеткен. Ол, меншікті молайтудағы еңбекшінің егін шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің басымдылық рөлін ерекше қолдап, оны барлық байлықтың қайнар көзі ретінде санады.
І-тарау. Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми-теориялық негізі
Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipals» немесе немістің «munizipalitet» сөздурінен шыққан «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін - өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалдық меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік – аумақтық құрылымдары басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер комуналды меншік деп аталады.
Жеке
меншік туралы мәселе –
Меншік
қатынастары мынадай
Меншік теориясына зор үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері – Рональд Коуз (1910 ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й. Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық - міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынасатындардың барлығы меншік құқығын өткеру кезінде «ойын ережесін» білуі қажет. Меншік, кімге жатады, және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?
Олардың ойынша, меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік – экономикалық қатынастар.
Ерте дүниенің өзінде–ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мелекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО – да ( 1917 – 1991 жж. ) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымында – 88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5 % – дан 30 % ға дейін ауытқиды.Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процессінің басталуы – мемлекеттік меншік үлесін қысқартыруға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай–ақ, қоғамдық өндірісітің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің мағынасы өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай – ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және кооперативтік түрде – меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болды. Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік – колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын – үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Қазіргі жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен толтырылды.
Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан – жақты дамыған. Айталық, өндірістік кооперативтер – бұл тауар мен қызмет көрсетуді бірге өндіру мақсаты, азматтардың өз еркінде. Кооперативтер Англияда XIX ғасырдың басында пайда болып, кейінірек мұндай ұжымдар Батыс Европа елдерінде, АҚШ-та кеңінен тарады. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды. Яғни, 100 жылдан соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл шаруышылығы 60 % - ы келді. Бұрынғы Одақта да шаруашылық жеке еңбек меншігін кооперативтик (колхоздық) меншікке алмастырылды. Ол алғашқы бесжылдықтарда жүргізілген ұжымдастыру (коллективтендіру) негізінде құрылды. Алайда, шын мәнінде колхоздарда әкімшілік ұйымдар билеп – төстеп үстемдіген жүргізді. Олар өзіндік өніміне билік жүргізу құқығынан айрылды. Себебі, өнімнің негізгі бөлігі бекітілген баға бойынша мемлекетке түсіп отырды. Бұл кооперативтік процестердің бұзылуына алып келді. Меншіктің кооперативтік түрінің нарықтық эканомика жағдайында кооперативтік кәсіпорынның толық өзінше болуы – оның өндірісті дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарылығын иеленді. Мұнда, қозғаушы күші – меншік иесі, топтары – кооперативтік экономикалық мүдделері болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе, тұтыну кооперативті – айналыс саласында қызмет жасайды. Ресейде тұтыну кооперативінің алғашқы ұйымдары XX ғасырдың басында пайда болды. Оның пайда болуының басты мақсаты – тауарларды сатып алуда шаруа мен тұтынушыны сауда делдалдарынан құтқару. Қазіргі кезде тұтыну кооперациясы өзінің қызметін қалада, ауылдық жерлерде жүзеге асырады. Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халықаралық байланыста болады.
Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің , шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.
Иемдену қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді. Иеліктен айыру – сол немесе басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық қатынастардағы субъектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үрдісі және мүмкіндігі.
Меншік – бұл игіліктерді иеліктен айыру – иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатнастар, қоғамдық қатнастардың барлық жүйесінің негізгі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты.Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.
Меншік – тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай нысанын өзгертеде. Экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің әр түрлі нысанының – қоғамдық, жеке, мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдық меншіктің көптеген түрлерінің бірге өмір сүруі мүмкін.
ҚР Конституциясының 6-бабында меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді.
Қағидада нарықта меншіктің үш түрі барлық уақытта көрінеді:
Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен – қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің эканомикалық түрлері қалыптасады: