Жедел пневмониялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 21:45, курс лекций

Описание работы

Пневмония (грекше pneumon - өкпе) жеке ауру түрінде не басқа аурудың көрінісі, болмаса асқыну ретінде өрбитін өкпе тыныс жолдары қабынуы.
Этиологиясы. Аурулардың басым көпшілігінде пневмониялар этиологиясы инфекциялық (микробтық, микоплазмалық).

Содержание

1. Пневмония анықтамасы, этиологиясы;
2. Пневмония патогенезі;
3. Пневмония жіктелуі;
4. Ошақты пневмония, клиникалық көрінісі, ағымы;
5. Сегментарлы пневмония клиникалық көріністерінің ерекшелігі;
6. Крупозды пневмония клиникалық көрінісі;
7. Интерстициалды пневмония, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі;

Работа содержит 1 файл

пневмония.docx

— 60.58 Кб (Скачать)

Антибиотиктер қолданғанда  міндетті түрде витаминдер (С,Ві,В2) мен лактобактерин берілуі тиіс.

Қақырық қызу түсіретін дәрілерді  беру тәртібі жедел ағымды бронхит  еміндей. Мектеп жасындағы балаларға  медициналық банка қоюға болады (4 кг салмаққа 1 банка).

Нәрестелер мен 5 жасқа  дейінгі балаларға тетрациклин, рифампицин, сульфаниламидтер, мономицин, полимиксин, неомицин, хинолин беруге тыйым салынады. Бұл дәрілер тек  өте қажет жағдайда ғана, оларға сезімтал қоздырушларға қарсы қолданылады. Тетрациклин кальциимен комплекс құрып, тіс пен сүйектердің өсуін  бұзады, кардиотоксикалық әсері бар. Бұлар тек 9-12 жастан асқандарға беріледі. Хинолин сіңір өсуі тежейтіндіктен 12 жасқа дейін қолданылмайды. Левомицитин летальды аплазиялық анемия шақырады (70 000  аурудың біреуінде).

Фитоем. Пневмонияның қызу мерзімінде жастан асқан балаларға дәрілік  өсімдіктердің қақырық тастатын (қарааңдыз түбірі, қызылмия түбірі, шалфей, өгей шөп, тас шөп – чабрец, қазанақ – багульник, тікенгүл, исланд мохы, қайың жапырағы, шайқурай) дезинфекциялау әсері барларын қолданады. Бұл өсімдіктерді тең мөлшерде араластырып ұнтақтайды. 1 ас қасық қоспаға 1 стакан қайнаған су қосып, 10-20 минуттан қайнаған суда ұстайды («монша»), сонан соң 1 сағат тұндырып, шәй (3 жасқа дейін), десерт (мектепке дейінгілер), не ас қасықпен күніне 4-5 рет ішкізеді.

Стимуляциялау емі. Организмнің  инфекциядан анық тазаруы пневмонияда  антибиотиктен гөрі баланың, өз қорғаныс күштерінің әсері арқылы (мәселен, фагацитоз) іске асады. Организмнің қорғаныс күщтерінің оңалуымен айығу кезінде стимуляциялау  микробтардың тезірек жойылуына  көмектесіп, созылмалы пневмонияның өрбу мүмкіншілігі азаяды. Осыларды ескеріп, әрбірбалаға (әсіресе сәбилерге) жедел  мерзімі етісімен 2-3апталық стимуляция курсы натрий нуклеинаты, метацил, пентокцил, женшень, элеутерококк тұнбасын А, В5, В6 , В 12, В15 витаминдерімен қоса жүргізілуі тиіс. Барлық дәрілер тек ішуге беріледі.

Пневмониямен ауырғандарды ауруханада емдеу. Режим ұйымдастыру. Ауруханада балаларды басқа инфекциядан  сақтау үшін бөлек бокстарға орналастыру  абзал. Бала төсегінің бас жағын  көтеріңкі ұстау керек. Баланың  жағдайын ауыр не орташа кезінде оның қасында анасы болғаны жөн. Бокс уақытылы ультракүлгін сәулесімен тазартылып, желдетіліп тұруы қажет.

Тамақтануы. Емшек балаларының  токсикалық пневмониясында тамақтану  санын 1-2 ретке көбейткен жөн. Оларда лоқсу, құсуболғанда, іші өткенде 12 сағатқа оралит не цитроглюкосалан беріледі. Қанға сұйықтар құю тек эксикозда ғана қолданады ( тәуліктік мөлшерінің 1|3 – 2|3 есебінен) 10-15 мг/кг есебінен 5% альбуминді, тамшымен 5-10% глюкозаны және Рингер ерітінділерін 2:1 не 1:1 қатынасында минутына  8 тамшыдан зәр айдайтын дәрі қосып қанға жібереді; осыдан кейін емшек не донор сүтіне ауыстырылады; алғашқы айлық балаларды токсикалық пневмониямен ауырғанда зовд арқылы қоректендіру керек.

Жедел ағымды пневмонияда  тыныс тапшылығы емінің негізгі  орайлы микроклимат құру және тыныс  жолдарының ашылуына мүмкіндік туғызу. Демек, таза, оттегіге бай ылғалды  ауамен қамтамасыз ету мен жыбырлағыш эпителийдің жұмысын арттыру, бронхолитиктер мен антисептиктер қолдану.

Екінші не одан да жоғары дәрежелі ТТ ны емдеуге тұрақты, оттегімен  байытылған микроклимат қажет. Оксигендік емнің түрлі тәсілдерімен ауру бала өзі демалғанда ондағы оттегі мөлшері 60-70%  жетпейді, сондықтан оттегінің  жоғарғы концентрациясы уландыруы  мүмкін деп сақтандырудың керегі жоқ. Дем алатын қосынды оттегінің  жоғарғы концентрациясының зиянды әсері оны ылғалдандырылғанда азаяды. Оксигенемінің ең қолайлы түрі (дем соңында жоғары қысым туғызу) оттегімен байытылған газ қосындысымен спонтандық вентиляция жасау – Мартин қабы, «мұрт» ж.б. әдетте, дем соңында оң қысым мөлшері 4-8 см су бағанына тең. Егерде 100% оттегімен (Мартин қабы)ингаляция жасағанда, қандағы РО2 кпа- дан аз, ал РСО2 мөлшері 7,3 кпа- дан көп болса, қан рН 7,2 ден кемісе, она өкпені жасанды желдетуге (ИВЛ) көшу керек.

Қақырық көп, әрі сұйық  болса оны құрғату әсерінен натрий гидрокарбонаты (1,3%), натрий хлоридінің изотоникалық (0,9%) ерітінділері жарайды.

Егер қақырық аз, әрі  қою болса, сілтілі не тұзды сілтілі  жылы ингалциялар пайдалы, одан пайда  болмаса, ингаляцияны протеолятикалық  ферменттермен жасайды (трипсин, химотрипсин, N-ацетисцистеин) бұлар тыныс жолындағы  қою қақырықты полипептид пен  аминқышқылдарына дейін ыдыратады, сонымен бірге қабынуға да қарсы  әсер етеді. Алайда ферменттермен жасалатын  аэрозолдер күніне 2 реттен аспауы тиіс, ал курс 20-дан аспауы керек, себебі оларды жиі әрі ұзақ қолдану жыбырлағыш эпителийдің метаплазиясымен оның жойылуына келеді.

ТТ ның екінші дәрежесінде  тыныс жолдарын тазарту үшін жөтел  рефлексін күшейту керек болу керек болады. Ол үшін катетер не шпательмен тілдің түбін жыбырлатып, жөтел рефлексін шақырады да, ал ауруды Квинке қалпына (бас жағы кеудесінен төмен) жатқызады. Жөтел біткенде, қақырықты бірден электрлі сорғышпен сорып алады, кейін оны микроскопияға себуге, бактериоскопияға жібереді.

Ауыр пневмонияда гиповитминозға байланысты тіндердің оттегі сіңіруі  кемейді. Сондықтан ІІ- ІІІ дәрежелік  ТТ да витаминдер парентериалдық жолмен енгізілуі керек, токсикалық пневмонияда  витаминдер қанға глюкозды витаминді  энергетикалық комплекс түрінде  тағайындалады: 10-20% глюкоза 20-30 мл, С  витамині -100-200 мг, кокарбоксилаза – 50-100 мг, 0,02% тік рибофлавин ерітіндісі 5-10 мл (рибофлавинмононуклеотиді тиімдірек). Кокарбоксилазаны С витаминімен бірге бір шприцпен енгізуге болмайды. Цитохром С, кальций пантотенатын да берген жөн. Бұлармен қатар етке 1% тік АТФ (1-2 мл күніне 2 рет) жасалғаны жөн.

Антибиотиктермен емдеу  – емнің ең маңызды буыны. Препаратты қоздырушы бактерия түріне қарай  таңдап, оны уақыт өткізбей тағайындауда мына тәртіптерге қарай сүйенген жөн:

  1. Үйде ауырған токсикоз және басқа асқынулары жоқ 6 айдан асқан балаларға жедел ағымды пневмонияда пенициллиннің тәуліктік мөлшері 100-150 бірлік/кг есебімен тағайындалады;
  2. Пенициллинге аллергиясы бар не оны жақында алған балаларға цефалоспориндер не макролиттер берілгені жөн (балалардың пенициллинге аллергиясы барлардың 10% де бұл әсер цефалоспориндерге де болуы мүмкін);
  3. Үйде және бірінші рет ауырған нәрестелермен 6 айғадейінгі сәбилерді емдеуді ампиокс не цефалоспориндерден бастаған жөн;
  4. Ал сіз, әрі қосымша аурулары бар балаларға госпиталдық пневмонияның бастапқы емін ампициллин не ампиоксты гентамицинмен қатар беріп жүргізіледі;
  5. Көлемді инфильтраттар «іріңді аурулар», деструктивтік өзгерістер болса кемінде 2 антибиотик тағайындалуы тиіс: оның біреуі қанға, мысалы цефалоспорин 100 Б/кг есебінен венаға, күніне 2  рет және оксациллин немесе метициллин 50 000 Б/кг есебінен тәулігіне 4-6 рет етке салынады. Антибиотик курсының ұзақтығы шамамен 10 күн. Антибиотиктерді қосарлап бергенде олардың доғарлуы да бірте бірте болуы тиіс. Ауыр пневмонияда антибиотиктерді аэрозоль түрінде, ал оның деструктивті формаларында плевра қуысына жіберіп емдеген тиімді.

Аминоглюкозидтерді фуросемидпен қоса қолдануға болмайды (есту органына зиянды әсері күшейеді). Бактерицидтік  әсері бар антибиотиктерді бактериостатиктермен бірге пайдалануда дұрыс емес.

Антибиотиктер емін міндетті түрде витаминдер беру және атарды көп уақыт қолданғанда нистатин не леворин, лактобактерин, ал ем курсы  аяқталғанда бифидумбактерин не бификол тағайындауымен ұштастыру  керек.


Информация о работе Жедел пневмониялар