Жедел пневмониялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 21:45, курс лекций

Описание работы

Пневмония (грекше pneumon - өкпе) жеке ауру түрінде не басқа аурудың көрінісі, болмаса асқыну ретінде өрбитін өкпе тыныс жолдары қабынуы.
Этиологиясы. Аурулардың басым көпшілігінде пневмониялар этиологиясы инфекциялық (микробтық, микоплазмалық).

Содержание

1. Пневмония анықтамасы, этиологиясы;
2. Пневмония патогенезі;
3. Пневмония жіктелуі;
4. Ошақты пневмония, клиникалық көрінісі, ағымы;
5. Сегментарлы пневмония клиникалық көріністерінің ерекшелігі;
6. Крупозды пневмония клиникалық көрінісі;
7. Интерстициалды пневмония, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі;

Работа содержит 1 файл

пневмония.docx

— 60.58 Кб (Скачать)

 

 

Диагнозда ТТ дәрежесі, қосалқы  аурулар мен жағдайлар, асқыну көрсетілуі тиіс.

Жедел ағымды пневмониялардың  жіктелуі 9-кестеде көрсетілген.

 

Жедел ағымды пневмониялардың  жіктелуі (1981)

Түрі 

 Ағымы 

Көрінісі 

Ошақты (оның ішінде ошақты қосылған) сегментарлық Крупоздық Интерстициалдық

Жедел ағымды, созылыңқы

Тыныс тапшылығы (ТТ); нейротоксикоз; жүрек-қантамырлық жетіспеушілік; ателектаз. Плеврит, булла, абсцесс, пиопневмоторакс, ЖҚҰ (жалпы қантамырішілік ұю)синдромы т.б)


 

Ошақты пневмониялар

Ощақты пневмониялардың  түрлі варианттары бар-олар ең жиі  кездесетін өкпе қабыну типі. Сәбилерде, мектепке дейінгі және оқушыларда аурудың  жүрісі кейбір өзгешеліктерімен сипатталады.

Клиникалық көрінісі. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы бала ошақты пневмониясының клиникасы «өкпелік» (респираторлық) шағымдар, улану белгілері, ТТ-көріністері және логикалдық өзгерістерден құралады.

Ауру біртіндеп басталып айқын белгілері бірінші аптаның  соңы келесі апта басында шығады немесе ке,нет көрініп, алшғашқы үш күнде  ақ дамып болуы олардың клиникалық көріністеріне сүйеніп пневмония  диагнозын қою қиын емес. Біртіндеп  орын алатын варианттарында ЖРВИ –  мен ауырған баланың жай аз уақытта түзелгенімен, интоксикация (улану) белгілері қайтадан артып  қызу көтерілу, бас ауыру, хал-жағдайы, тәбеті төмендеуі енжарлық немесе мазасыздану, ұйқының бұзылуы; қызудың көтерілуі  дәрежесінде үйлесуі тахикардияның  шығуы. «өкпелік» шағымдар тыныс  жолдары қатары белгілері төмендеуінде байланысты көбейе түсіп, ылғалды жөтел  пайда болады немесе күшейеді: ентігу, кейде кеудеде ауырсыну сезімі байқалады. Ентігіп салмақ түскенде, мазасызданғанда, кейде баланың кезінде де көрінуі  мүмкін. Шулы, иксператорлық ентігу пневманиға тән емес. Тері шамалы бозарған кейде ерін, ауыз төәірегінде цианос, ал тыныс алуда қосымша еттердің қатуы байқалады: Өкпенің  зақымданған  жағында мұрын желбезегі кеңейіп, бұғана қабырға аралық ойыстар ішке қарай кіреді, егер плеврада  ауруға  шалдықса керсінше, қабырға аралық ойыстары  тегістеледі.

Өкпеде локальді, яғни ошақты өзгерістер көрінеді. Жаурын аралығының бір жағында және астында, қолтық түбінде перкуторлық дыбыстың қысқаруы, тап осы жерде қатқыл немес е әлсіз тыныс естіледі. Пневмония ең көрнекті сипатына локальдық белгілердің тұрақтылығы жатады.

Аурудың кенет басталатын түрінде жоғарыдағы айқын клиника  белгілер жинағы («өкпелік»шағын интоксикация ТТ және ошақты өзгеріс кешені) алғашқы  күндері ақ орын алады. Бұл сегментарлы  бөлігі гиперергиялық сипатпен жүретін  яғни крупозды пневмонияларда, кейде  ошақтардың бір біріне қосылған жағдайларда  байқалады.

Ошақты пневмонияның ағымы  әдетте сәтті, өте жиі қоздырғыш  пневмокктар боландықтан, антибиотиктер  жақсы әсер береді. Клиникалық және ренгенттік айығу кезеңі 3-4 апта.

Ошақты пневмонияның клиникалық көрінісі өзгеше. Аурудың алдына улану  сипаттары шығып, ошақты өкпе өзгерістері  киінірек білінеді. Сәбилердегі пневмонияның бастапқы кезеңінде катаралдық белгілер көрініс алады: түшкіру, құрғақ жөтел, қызуы субфибрильді өте жоғары болып, баланың жалпы халі өзгереді (мазасыздық, нашар  ұйқы ұйқтау, тәбеттің төмендеуі). Емге қарамай жһтел көбейіп, баланың жалпы жағдайы нашарлайды. Енжар, өңі бозарып, салмақ қосуы тоқтап кейде үлкен дәреті тұрақсызданады, лоқсып, құсады. Аурудың осылай біртіндеп басталуы науқастардың көбінде кездеседі. Кейбір сәбилерде пневмония сау кезінде бірден денесі қызып, күйі төмендеп , жөтелден бастайды.

Ауруды қараған кезде  көңіл аударатындары: енжарлық, кейде  адинаны.. босаңдығы, ентігу (П/Д) 1:2,5 нан 1:1,5-ға дейін)) қосымша еттер қатнасуымен  жүреді (мұрын желбезектің көтерілуі, қабырғалардың бұғана үсті ойыстарының  ішке тартылуы), тері бозаруы ауыз төңірегінің  немесе жалпы дененің көгеруі (цианоз) байқалады. Ауыз төңірегінде ерте көрінісі цианоз (алғащқы 1—2 ші күні) пневмонияда  рефлекторлық негізінде, ал екінші цианоз тотықпаған гемоглобин мөлшерінің көбейуіне  байланысты (анимиясы бар балаларда  тотықпаған гемоглдобин мөлшерінің көбейуіне байланысты (ауыр анмиясы  бар балаларда тотықпаған Нb аз болғандықтан цианоз көбейеді) болады. Ентігуден тысқары тыныс артимиясы, қысқа мерзімді апноэ байқалуы мүмкін. Емшек баласының тыныс алу жиілігі тыныштынғанда, дұрыс уйықтап жатқан кезде, мұрнына фонендоскоп тағы есептейді. Тексеруге кіріскенде ең елдымен перкуссияда қораптық дыбыс жүректің салыстырмалы шекараларының тарылуы сияқты өөкпе кебу сипаттары білінеді. Өкпе кебінуі (эмфизема) бір жағынан рефлекторлық ( кезеген, нерв тонусының жоғарлауы), екіншіден бронхтар өткізгіштігінің бұзылысына, сонымен қатар өкпенің морфологиялық өзгешеліктеріне байланысты. Осыданөкпе көлемінің өсуі (қысқа уақыттық гипер.....эластикалық тіннің нашар дамуы арқасында оның кебінуіне әкеледі. Өкпе түбірінің маңыдағы перкуторлық қысқа дыбыс бейфуркациялық  лимфа түйіндерінің үлкейеюіне байланысты, бұл барлық аурулардың алғашқа күндерінде ақ пайда болады.       

Пневмонияның алғашқы  кезеңінде аскольтацияда қатаңдау дыбыс жаурын ұштарында естіледі. Уақ көбіршікті және крепитациалдық сырыл пневмонияның алғашқы күндері ауырған сәбилердің жартысында кейін көпшілігінде естіледі.  Пневмонияның айқын белгісіне ошақты сырыл ошақты қатаң дем алу жатады. Өкпенің екі жағынан да, әр жерден жайылмалы сырылдардың, оның ішінде ұсақ көпіршіктілері естілуі, брохиттік бронхолиттің белгісі. Дегенімен ешөзгеріссіз 5-7 күнге созылатын бронхио.... (әсіресе ауруханада) сөзсіз пневмониямен асқынады.

Қызудың көтерілуі түрлі  дәрежеде болуы ықтимал. Аурулардың 10-30% қызу үнемі субфибрильді болады. Әдетте жоғары қызу дұрыс ем жасағанда және микробтың антибиотикке сезімталдығы болғандабірнеше  күнге созылады.

Рентгенге түсіргенде, ошақты пневмония өөкпе кебінуімен көрінісі(қабырға  арасының кеңуі, диагфрагманың төмен  ығысуы, өкпе суретінің мөлдірленуі) ал түбір маңында  өкпе суреті қоюланады (бронхпен тамыр тін төңірегіндегі  гиперемия мен инфильтрация негізінде). Кішіошақты көлеңке төңірегі көмескілеу, шекарасы\ анық болмайды. Көбінесе көлеңкелер қосыоып кетеді. Бұл өзгерістер ІІ немесе ІХ,Х сегменттерден орын алады. Осының пневмонияларды (ертеректе бұларды кіші ошақты деп атаған, бірақ она дұрыс емес). Шетелдерде бронхопневмония дейді, әрі дүниежүзілік ауру жіктемесінде де солай бекітілген.

Ағымы. Жүргізілген ем барысындааурубірте бірте оңалады. Сәби қозғалыстары ширап, тәбеті ашылып, жөтелі жеңілдейді: қақырық бөлінуі жастарда байқалмайды. Өкпенің аурудан тазаруы бала халінің дұрысталуы қатар бола бемейді. Аурудың ұзақтығы  пневмония этеологиясы организмнің реактивтілігіне сай. Мәселен, баланың айырша безі үлкейген (тимомегалия), анемия рахит, экссудативті диатезі болса, пневмония ұзаққа созылады.

 

Сигментті пневмониялар

Ошақты пневмониялар (ренгенттік тексеруде) бір немесе сигментке  жайылса, сигментті деп аталады. Көбінде бұнда йауруға диагноз  қойылмайды: себебі тұрақты өзгерістер бірнеше күнге ғана созылады, ал улану, кейде тіпті жөтел де болмайды, сондықтан диагнозды тек рентгенография арқылы қояды. Бұл вирустықинфекция кезіндегі өкпенің сигментті  ісінуі болуы ықтимал (бірінші вариант).

Сигментті пневмония ағымының екінші вариантының клиникалық крупоздық  пневмониядан аумайды: кенет басталуы, қызынуы, аурудың кез-куелген ағымы  т.б. Сигментті пневмонияның белгісі  ретінде іш, кеуде ауыруы да мүмкін. Сияқты ферменттер шығарады,сонымен  қатар Т-лимфоциттерді көбейетін  олардың супер антигендері де болады.

Стафилококкты пневмонияның клиникасы: сәбидің терісінде немесе кіндігінде Стафилококктық зақымдар болады. Оның даму себебі –іріңдеген жарасы бар отбасы мүшесінің біреуі, кейде тіпті медицина қызметкерінің өзі болуы мүмкін. Жедел ағымда репираторлық аурудан соң сәбидің дене қызуы қайтадан жоғарлап ушығады. (мазасыздық, лоқсу, құсу не анорексия, диария, енжарлық, ұйқы басу), бауыр және көкбауыр ұлғаяды. ТТ (ентәгу, цианоз) дамиды, жөтел пайда болады. Стафилококкты инфекция не бір жақты үлкен ошақты не екіжақты бірақ, бәрібір бір жағының ошағы басым болады. (көбіне оң жақ). Бұлжерде перкуторлық дыбыс қысқа естіледі, тыныстың әлсіз не қатаң шығуы, жақсы естілетін ұсақ көпіршікті және крепитациялық сырылдар анықталады.  Кесел тезөрбіп, өкпеден тыс және өкпенің өзінде іріңді асқынулар: булла, абсцесс, пиоторакс, пиопневмоторакс және септикалық шок орын алады. Қан сынағында әрқашан анемия жорғары лейкоцитоз (20*10/л) аса нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлағаны анықталады. Бактериемя аурулардың 20-50% -де табылады. Стафилококкты пневмонияның болжамы арқашанда қауіпті. Біріншілік түрінде 5-15%, екіншілігінде 10-20% өлімге әкеледі.

Афанасьев-Пфейффер таяқшасы туғызтатын пневмониялар. (Haemophilus influenza В типі) соңғы кезде бұл пневмониялар жиі кездесуде. Көп жағдайда, бұл  сәбилер инфекциясы, назофарингит, отит ларинготрахит, эпеглоттит, пневмония, минингит дамытады. Кейбір авторлардың  дерегі бойынша үш жасқа дейінгі  балалардың отиті мен минингитінің 70%-ы осы қоздырушыға байланысты. Пневмония әдетте, біртіндеп басталады: ауру ошақтық не бөліктік (екіжақтылығы да сирек емес) пневмония түрінде  жүреді. Жөтел әрқашанда болады, бірақ көбне қақырықсыз, дене қызуы жоғары. Әдетте, балада отит не эпиглотит (инсператорлық ентігу, кеңірдектің ысқырық тәріздес сырылы), ларинготрахит болады. Эмпиема, перикардит, минингит, сепсис және басқа асқынулары тек бір жасқа дейінгі әлсіз балаларда байқалады. Бактериемия сирек анықталады. Қан сынағында шамалы лейкоцитоз, лимфопения. ЭТЖ жоғарлауы аурулардың жартысында ғана анықталады. Кесел ағымы бірнеше аптаға созылады. Асқынбаған түрлерінің болжамы сәттіболады.

Клепсиеллездік пневмония. Қоздырушысы коли формалы капсулалаы Грамм теріс Фридлендер таяқшасы. Бұл бацила сау балалардың 5%-де тыныс  юолы мен ішектерінде сапрофит флорасы  ретінде кездесе береді бацилланың инфекциялық  ауру туғызуы иммунитет  кемістігінен басқа бір ауыр аурудан  әлсіреген (туберкулез, лейкоз, бронхектазы  бар) балалар мен нәрестелерде байқалады. Клепсиеллездік пневмония көбне  госпиталдық инфекция, ол аспаптар арқылы таралады. Ауру перзентханада  жиі кездеседі. Ауырар алдында нәрестетде деарея мен құсу пайда болуы мүмкін. Клепсиеллездік пневмония белгілері: интоксикация, жедел басталуы, бірақ  өкпе тінінде өзгерістер баяу жүреді (баяу ағымды пневмония-pneumonia migrans) экссудацияның  көптігінен альвеолалар мен кіші бронхтардың бітелуіне байланыстар  аз естіледі. Перкуторлық дыбыстың қысқарғаны анық білінеді. Өкпеде некротикалық және геморрагиялық көлемді өзгерістер өрбиді. Лобарлық (бөліктік) инфильтраттың сыртында қуыстар болады. Көбіне ауруға оң өкпенің жоғарғы бөлігі ұшырайды. Абсцесс, пиоторакс пайда болады. Аурудан өзгеше иіс сезіледі. Қызу көтеріліп, айқын интоксикация орын алады. Жиі зәр жолдарында инфекция болып басқа да метастатикалық ошақтар шығады. Сепсис өрбуі мүмкін. Летальдігі 10-15 %.

Көк-жасыл ірің таяқшасы туғызатын пневмония. Бұл анық госпиталдық  инфекция. Pseodomonas aeruginosa организмге тіндік тосқауылдардың кемістігіне байланысты түседі. (терінің күйген жерінен, пункциялар жасағанда, катетер қойғанда және т.б.), ал өкпеге инфекция жұққан респираторлар  арқылы енеді. Pseodomonas aeruginosa муковисцидоз,өкпенің  даму ақаулары, иммунитет кемістігі  сияқты ауруларда пневмония туғызуға себепкер. Пневмония өкпе, бронхтардың  некроздары, интоксикация, кома, тырысу дамуы мен ТТ шығуымен өтеді. Көп  мөлшерде шырышты-іріңді немесе жасыл  түсті қақырық болады. Көптеген кішігірім  дестркуция ошақтары болуына бейім; ауру көбне дене қызуының қалыптағы  ЭТЖ-мен ерекшеленеді. Болжамы қауіпті, себебі осы пневмонияның өзі, снепсиситің  бір белгісі ретінде ғана болуы  мүмкін.

Микроплазмалық пневмония. Бұл пневмонияның «айыпкері» mycoplasma pneumonia. Түрлі авторлар оны жедел  ағымды пневмонияның 11-21 %-нің қоздырғышы джеп есептейді. Кез-келген жаста кездеседі. Бірақ көбіне  оқушылар ауырады. Инкубациялық мерзім 1-3 апта. Ауру бірте-бірте катаралдық өзгерістерден басталады да, дене қызуы 4-6 күнге қарай абден үдейді. Айқын белгісі жиі, мазасын кетіріп, көпке созылатын (кемінде 2-3 апта), аз қақырықты жөтел. Пневмония көбне ошақты, сигменттарлы; интерстициалды түрлері сирек. Жоғары температура түскенімен, кейін субфибрилитет қалып, көпке созылады. Алғашқы айлық нәрестелерде бронхиолит, нетроксико, анемия, сарғаю, геморрагиялық синдром болуы ықтимал. Шеткері қан сынағында өзгерістер аз, көбне лейкацитоз болмай, лимфоцитоз болып, ЭТЖ жоғарлауы мүмкін.

Пневмония  ағымы созылыңқы. Болжамы сәтті.

 Орнитоздық пневмония. Қоздырғышы chlamidia psittasi, негізінен құстардың жұқпалы ауруы; инфекция құстардан тарайды (тотықұс, кептер, шағала, үйрек, тауық т.б.). аурудың инкубациялық мерзімі орта есеппен 10 күндей. Басталуы дене (көбне 39 градустан жоғары.), шаршау, тәбеттің төмендеуі, баспа, жарыққа қарай алмау, бастың қатты ауруы, бұлшықеттердің ауыруымен анық болады.  Брадикардия, жүрек дыбыстарының көмескілігі, гипатония табылады. 1-3 күннен кейін тыныс ағзаларының ауруы қосылады: алдымен құрғақ, кейін ылғады жөтел, ентігу, кейде бүйір ауырады. Өкпенің дертті жерінен перкторлық дыбысы қысқарып, ұсақ көпіршікті сырылдар және кейде плевраның үлкеюі шуы естіледі. Пневмонияның іріңдеу абсцесс беруге бейімділігі жоқ., аурудың клиникалық белгісі (гриппке) ұқсас, бірақ ренит, фарингит, ларингит сияқты жоғарғы тынс жолдарының ауруы болмайды. Кеселдің ағымы, әдетте ұзақ: қызу екі аптаға дейін созылып, қайталап жоғарлауы мүмкін: пневмониялық өзгерістердің қайтымы да баяу жүреді, енжарлық 2-3 айға дейін байқалады. Қанда  ЭТЖ жоғары. Лейкопениямен лимфоцитоз жиірек. Болжамы сәтті.

Хламидийлік пневмония. Shlamudia pneumaiae- хламидиилер штабынан болғанымен, олардан айырмашылығы бар. Инфекция таратушы – ауру не қоздырушыны тасушы сау адам. Ауыратындар оқушылар. Қандай күйде қарсы денелер табылады.

Клиникасына ауыр фаренгит тән: дауыс қарлығады, қызуы көтерілірп, қақырықты жөтел, мойын лимфа  түйіндерінің үлкейгені байқалады. Апта соңында жөтел шығады. Перкуторлық  тон қысқарып, өкпеде сырылдар естіледі. Рентген-ошақты пневмония барын  көрсетеді. Ауру баланың жалпы жағдайы  орташа. Қан сынағы ЭТЖ жоғарлауын, лейкоциттерсанынының қалыпты екенін анықтайды. Болжамы сәтті, әсіресе эритомицин не тетрациклиндер ерте берілсе, бала тез жазылады.

 

Нәресте хламидиозы. Қоздырғышы chlamidia trchomatis жыныстық оргапндар арқылы тарайды. Нәресте ауруды анасының инфекцияға ұшыраған туу жолдарынан жұқтырады. Ауруға тән коньюктивит туған соң бір апта ішінде белгі береді.пневмония кеш, сәби өмірінің 3-19 –шы апталары ортасында білінгеді. Оған үздіксіз жөтел тән, бірақ қызу көтерілмейді, интоксикация болақоймайды,тек қана эозинофилия орын алады. Өкпедегі рентгендік инфильтраттық өзгерістер көлемді болады. Аралас, өзге инфекция қосылмаса, еретерек эритромицинберілсе, аурудың болжамы сәтті. Арнайы ем қолданбаған кезде пневмония ұзаққа созылып, қайталап тұрады.

Информация о работе Жедел пневмониялар