Фирманың маркетинг ортасын сипаттау

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2011 в 16:03, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы экономикалық құбылыс пен тетік ретіндегі маркетингтің рөлін отандық кәсіпкерлер әлі тиісті деңгейде бағалаған жоқ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына және кәсіпорынның күнделікті жұмысына бейімделген маркетингтің құралдары мен тәсілдерін қолдану жөніндегі ғылыми-әдістемелік зерттеулер жоқтың қасы. Кейде маркетинг өткізу мен жарнама жиынтығы ретінде қабылданады, бұл оны тұтастай түсінуге және тиімді қолдануға бөгет келтіреді.

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.doc

— 287.50 Кб (Скачать)
  • тауарға қоятын барлық талабын қанағаттандыратын фирмалар;
  • кейбір сегменттерде ерекше талаптарды қанағаттандыратын фирмалар ;
  • ұқсас тауармен нарыққа шығуға дайындалып жүрген фирмалар;
  1. басқа нарықта ұқсас тауар мен қызмет етуге шығу ықтималдылығы бар фирмалар.
  1. Нарықтан тауар ығыстырып шығуға мүмкіншілігі бар, айырбастаушы тауарларды шығаратын фирмалар.

       Бәсекелестерді анықтаудың екінші жолы бәсекелестерді нарықтық стратегиясының типтеріне қарай класификациялауға бағытталаған.

       Оған, мысалы келесі стратегиялар жатады:

  • нарықта экспозиция жасау стратегиясы;
  • баға саясаты мен сапа саясатын жүргізу стратегиясы;
  • жаңа технология енгізу стратегиясы.

         Бәсекелестердің стратегиясының  өзгеруін болжамдау олардың потенциалды  қауіптілерін анықтауға мүмкіндік  береді.

       Оларға  мыналарды жиі жатқызуға болады:

  • аралас географиялық нарықта қызмет ететін, нарық экспозициясын жүргізетін фирмалар;
  • өндірісте диверсификациялау стратегиясын қабылдап алған және сол немесе аралас салада жұмыс істейтін фирмалар;
  • компанияның ірі тұтынушы фирмалар;
  • фирманы шикізат,  материал және жабдықтаушылар мен қамтамасыз ететін ірі жабдықтаушылар;
  • кішігірім фирмалардың ірі фирмаларға өте қауіпті болуы.

      Бәсеке  фирмаларды зерттеу нәтижесінде  олардың күшті және әлсіз жақтарына  баға беріледі.

      Бәсекелестерді  бағалау бөлімінде  барлық потенциалды  бәсекелестерге мәліметтер беру қажет.

      Ол  үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:

  1. Аналогиялық өнімдерді қанша және қай фирма ұсынады?
  2. Қандай бөлігін бәсекелес фирмалар бақылап отыр?
  3. Бәсекелес фирмаларда сту көлемі, табысы, жаңа тауар енгізу, сервис жағдайы қандай?
  4. Бұл көрсеткіштің даму тенденциясы қандай?
  5. Өз тауарын жарнамалауға қанша қаражат бөледі?
  6. Олардың өнімінің негізгі сипаттамасы,  дизайны тұтынушы тілегі?
  7. Бәсеке негізі не болады(баға, сапа, сервис және т.б.)?

       Сұрақтарға  жауапты салыстырмалы кестеде көрсеткен  жөн, өйткені ал сіздің фирмаңыздың  артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға және бәсеке күресінің әдісін ұсынуға мүмкіндік береді.

         

       Кесте

Салыстырмалы 

көрсеткіштер.

     Бәсекелстер  Сіздің 

фирма

1 2 3
Тауардың  функцианалды

баға  параметрлері

       
Шығындар  мен жарнама

тарату  құралдары

       
Сервистік қызмет        
Буып-түю  мен дизайн        
Орналастыру        
Имидж        
Тұтынушылар тілектері         
 

      Бұл баға күресі болуы мүмкін (арзан  бағамен ұқсас тауар ұсынғанда),  немесе сапалы бәсекесі (бағалы бәсекелстер  бағасымен бірдей, бірақ сапалы), немесе сервис бәсекесі (сатылғаннан кейінгі көрсетілетін сервис сенімділігі жоғары).

      Фирманың  бәсекелерін зерттеу келесі кезеңдерден  тұрады:

  1. негізгі бәсекелестерді анықтау;
  2. бәсекелестердің мақсатын білу;
  3. стратегиясын анықтау;
  4. Күшті және әлсіз жақтарына баға беру.

       Бәсекелес фирма туралы жұмыс әрдайым жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс. Тәжірибеде келесі әдістер қолданылады. 

       Кейбір  келісімді сұрау, басым көздерінен ойып алынған материалдар , бәсекелес  туралы арнайы формулаларды толтыру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       «Қайнар-құс» АҚ-ның және оның бәсекелестік-

       терінің әлді және әлсіз жақтары 

әлді  және

әлсіз

жақтары

«Қайнар-құс»

АҚ

«Оңтүстік – 

құс»  АҚ

«Сеймар» 

АҚ

Жекеменшік

құстар 

Нарық

үлесі

49% 33% 14% 4%
 
Соңғы

Техника

Технология

Жабдықтары

     - толық емес,
  •      - кейбір тех-

нологиялары

өзгерген,

басқару аппа-

раттары толық

компьютер

жүйесі 

-   толық  емес,
  •      кейбір тех-

нологиялары

өзгерген,

басқару аппа-

раттары

компьютер

жүйесінде

жұмыс

істейді

Ішінара

жабдықтал-

ған, басқару

аппарты

компьютер

жүйесінде

жұмыс

істейді

Толық

жабдықтал-

маған

Дүкендердің

саны 

9 9 3 3
Жарнам 

қызметінің  қолданылуы

Қолданыл-

майды

Қолданы-

лады  әлсіз 

Қолданы-

лады

Қолданыл-

майды

Өнімді 

ынталандыру

Қолданы-

лады

Қолданы-

лады

Қолданы-

лады

Қолданы-

лады

Қаржылық 

жағдайы

тұрақты орташа орташа тұрақты
Маркетинг

бөлімі 

жоқ жоқ жоқ жоқ
 

          Жоғарыдағы кестеге түсініктеме  беретін болсақ «Қайнар-құс» АҚ-ң  бәсекелестік артықшылығы болып  нарықтағы үлесі 49%-ды құрап отыр. Техника технологиялық жабдықтармен жабдықталған дүкендер саны 9-дан көп, өтімді ынталандыру қызметі жоғары көлемде екендігі көрсетілген. Қаржылық жағдайы тұрақты екенін көрсетілген. Бәсекелестігі кемшілігі тек маркетинг бөлімінің жоқшылығымен,  жарнама қызметінің жоқтығы екендігін байқап отырмыз. 
 
 
 
 

ІІІ. Нарықты зерттеу

3.1.Конъюнктураны  зерттеу

     Нарық конъюнктурасын зерттеу 2 бөліктен тұрады.

  • жалпы шаруашылық конъюнктурасын зерттеу
  • нақты тауарлар нарығының конънктурасын зерттеу

       Жалпы шаруашылық конъюнктурасын зерттеу жалпы халық шаруашылығында болып жатқан процестер мен өзгерістерді олардың тенденцияларын қарастырады. Оған мынадай көрсеткіштер жатады.

  1. Ұлттық табыс көлемі
  2. Нақты тауардың көлемі, құрылымы
  3. Баға деңгейінің көрсеткіштері, динамикасы.

       Нақты тауарлар нарығының конъюнктурасын зерттеу нақты тауар жағдайын саладағы өндіріс көлемімен қолдану көлемін,  олардың байланыстарын, өзгерістерін зерттейді. Оған мынадай көрсеткіштер жатады:

  1. Өндіріс көрсеткіштері
  2. Ішкі тауар айналымы көрсеткіштері
  3. сыртқы сауда көрсеткіштері
  4. Баға деңгейі көрсеткіштері
  5. Қаржы көрсеткіштері

       Нақты  нарық конъюнктурасын зерттеу барысында  статистикалық мәліметтер көзін  жинап, оларға диаграммалар тұрғызуға  болады.

       Статистикалық мәліметтер ҚР-сы бойынша жұмыртқа өндіру көлемін және ауыл шаруашылық кәсіпорындардың қызметіндегі құс  еті өндіру көлемін Жамбыл облысы  бойынша және ОҚО бойынша көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Сұраным мен ұсынымды зерттеу.
 

       Фирма белгілеген баға деңгейі тауарға  деген сұраныстың өзгеріснен көрінеді. Баға мен сұраныс көлемінің байланысы  сұраныс ирегі арқылы анықталады. Ирек өзгерісі әртүрлі бағамен белгілі мерзімде рынокта қанша тауарлар сатылатынын көрсетеді. Кәдулігі жағдайда сұраныспен баға кері байланыста болады, яғни баға көтерілген сайын сұраныс төмендейді,  баға төмендеген сайын сұраныс өседі. Ал беделді тауарлары ирегі өзгеше сипатталады.

       Сұраным икемділігіне төмендегі факторлар  әсер етеді:

  • өзара алмасушы тауарлардың саны және оларға қол жетерлігі;
  • тауардың қажеттілікті қанағаттандырудағы маңыздылығы және тығыздығы (тауардың қанша мөлшері қажеттердің қанша санын қанағаттандырады);
  • тауарды қолдануға қажет қосымша заттар саны және олардың бағасы;
  • тұтынатын тауар мөлшері;
  • тұтынушының табысы және сатып алуға кеткен шығындар деңгейі;
  • бәсекелестер әрекетінің тиімділігі;
  • өтімді ынталандыру шаралары.

      Сұраныс икемділігін зерттеу жұмысы баға белгілеу және баға стратегиясын таңдау кезінде өте маңызды орын алады.

      Осыған  негізгі объект етіп алып отырған  «Қайнар-құс» АҚ-ң кіріс деңгейін 2003-2004 жылдарды атап көрсететін  болсақ,  2004 жылы сатудан түскен түсім 77053 млн  теңгені құрап отыр. «Қайнар-құс» АҚ-ң ұқсас тауар шығаратын бәсекелес кәсіпорындар да бар. Оларға «Оңтүстік-құс» АҚ,  «Сеймар» АҚ және үй шаруашылығындағы құстар және жұмыртқаларды да жақызуға болады.

      Тұтынушыларды талдау үшін қажетті көрсеткіштер:

  • жалпы талаптар;
  • жаңа нәрсе және техникалық деңгейде жасап шығару;
  • даярлаудың сапасы;
  • қызмет көрсету деңгейі.

        Дайын өнімді талдау үшін негізгі  көрсеткіштер (жұмыртқа 1-ші сорт, 2-ші  сорт,  құс еттері, суп өнімдері) :

  • буып-түюіліп тұрған өнімді міндетті түрде мерзім уақытын тексеру;
  • өнеркәсіптің аты-жөні, орналасқан жері;
  • салмағын;
  • гост;
  • шыққан күні.

      Бұл кәсіпорын 1976 жылдан бастап негізгі  қызметі болып мыналар табылады:

  • құс етін өндіру;
  • жұмыртқа шығару;
  • суп өнімдері;
  • жастықтар

      Ұсынымға  талдау жасайтын болсақ  келесі көрсеткіштерді анықтауға болады.

  1. Өнім түрлерін өндіру көлемі.
  2. Ұсыну бағасы.
  3. Өндіріс шығыны.
  4. Ұсыным құрылымы.

Информация о работе Фирманың маркетинг ортасын сипаттау