Фирманың маркетинг ортасын сипаттау

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2011 в 16:03, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы экономикалық құбылыс пен тетік ретіндегі маркетингтің рөлін отандық кәсіпкерлер әлі тиісті деңгейде бағалаған жоқ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына және кәсіпорынның күнделікті жұмысына бейімделген маркетингтің құралдары мен тәсілдерін қолдану жөніндегі ғылыми-әдістемелік зерттеулер жоқтың қасы. Кейде маркетинг өткізу мен жарнама жиынтығы ретінде қабылданады, бұл оны тұтастай түсінуге және тиімді қолдануға бөгет келтіреді.

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.doc

— 287.50 Кб (Скачать)
  1. «Қайнар-құс» Ақ-ң өнімдерінің бағасы сізді  қанағаттандырады ма?

а)  ия         б) жоқ          в) бәрібір       г) білмеймін  

  1. «Қайнар-құс» АҚ-ң өнімінің сапасы сізді қанағаттандырады ма?

а) ия            б) жоқ          в) білмеймін 

  1. «Қайнар-құс» АҚ-ң өнімдерінің басқа бәсекелес фирмаларға қарағанда артықшылығы неде?

а) сапасы         б) бағасы       в)  буып-түюі        г) ассортимент көптігі  

  1.  «Қайнар-құс»  АҚ-ң өнімдерінің басқа бәсекелес  фирмаларға қарағанда кемшілігі   неде?

а) сапасы     б) бағасы    в)  буып-түюі      г) ассортимент көптігі 

  1.  «Қайнар-құс»  АҚ-ң нарықта көп танымал ма?

а) ия      б) жоқ       в) білмеймін     г) толық емес 

  1.  «Қайнар-құс»  АҚ-ң өнімі жайында жарнамасы   сіздің көңіліңізден  шығады ма?

а) ия      б) жоқ       в) білмеймін      г) орташа 

  1.  Бәсекелес  фирмалармен салыстырғанда  «Қайнар-құс»  АҚ-ң  өнімінің бағасы қандай?

а) жоғары      б) төмен       в) орташа        г) қанағаттанарлық  

  1.  Бәсекелес  фирмалармен салыстырғанда  «Қайнар-құс»  АҚ-ң  өнімінің сапасы қандай?

а) жоғары         б) төмен       в) орташа      г) қанағаттанарлық  

  1.  Бәсекелес  фирмалармен салыстырғанда  «Қайнар-құс»  АҚ-ң  буып-түюі ұнай ма?

а) ия          б) жоқ          в) ыңғайлы       г) қанағаттанарлық  

  1.  Құс  етін өндіруден қай фирманың  бәсекелестігі жоғары?

а) «Қайнар-құс» АҚ                   в) «Сеймар» АҚ

б) «Оңтүстік-құс» АҚ                г)  Үй құстары (домашный) 

  1. «Қайнар-құс»  АҚ-ы өнімінің бағасы нарықта тұрақты  ма?

а) ия       б) жоқ         в) білмеймін         г) өзгерістер болады 

  1. Құс етін өндіретін ең танымал фирманы көрсетіңіз?

а) «Қайнар-құс» АҚ                    в) «Сеймар» АҚ

б) «Оңтүстік-құс» АҚ                 г) «Астана-құс» АҚ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.  Тауардың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу

2.1. Тауардың  бәсекеге қабілеттілігі және  оны бағалау. 

       Тауардың  бәсекеге қабілеттілігі – тауардың нарық талабына, яғни оның сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және коммерциялық өткізу жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық категория. Кез-келген өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оны басқа бір ұқсас тауармен салыстыру нәтижесінде ғана анықталыд және ол салыстырмалы көрсеткіш болып табылады.

       Біздің  елімізде көптеген шетелдегідей тауар  бәсекеге қабілеттілігін бағалайтын қабылданған  әдістемелік құжат жоқ. Париждің сауда-өнеркәсіп палатасының сарапшылары бәсекеге қабілеттілік белгілеріне бұйымның жаңа- шылдық деңгейін, сапасын, жарнаманы, қаржылық жағдайды, өткізу жүйелерін жатқызады.  Ал, ағылшын экономистері бәсекеге қабілеттілікті тауардың бағасы, салыстырмалы құны және пайдалылығы арқылы анықтайды. Өнімнің бағасы, дизайны және сапасы нарыққа шығарылған ұқсас өнімге бергісіз болса  ғана өнім бәсекеге қабілетті деп есептеледі.

       Бәсекеге  қабілеттілікті: тауар, компания, өнім сапасы және тауар өндірілетін елдер  деңгейлерінде қарастыруға болады.

       Елдер бойынша бәсекеге қабілеттілікті бүкіләлемдік экономикалық форум (Женева), Бүкіләлемдік банк, басқару мәселелері бойынша  Еуропалық форум (Женева) бағалайды. Елдердің бәсекеге қабілеттілігін анықтау  үшін 300 экономикалық, әлеуметтік және саяси сала критерийлері, сондай-ақ 100 критерий бойынша халықаралық сарапшылар ойлары пайдаланылады. Өнеркәсіп саласының бәсекеге қабілеттілігін өткізу көлемінің шамамен 60%-ын құрайтын жетекші кәсіпорындар анықтайды. Компанияның және өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтайтын көптеген әдістер бар.

       Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ISO 9000 және 14000 серияларының талаптарына сай болуы тиіс. Оны жобалау, жасау, өндіру және өткізу сияқты «Сапа ілгегінің» барлық сатысында мақсатты және жүйелі түрде жүзеге асыра отырып, анықтау қажет.

       Бәсекеге  қабілеттілік түсінігі тауар сапасы түсінігіне қарағанда динамикалық  және кең түрде қолданылатын түсінік. Ол кең шамада өзгеруі мүмкін және оның деңгейі тек ұқсас тауармен салыстырғанда ғана анықталады. Эталон немесе ұқсас тауар ретінде нарықта тұрақты үлкен көлемде өткізілетін, тұтынушының талғамына сәйкес келетін және бәсекелестерде де өндірілетін келешегі зор тауарлар таңдалынып алынады.

       Тауардың  бәсекеге қабілеттілігін бағалау және болжау нақты кезеңдерден тұратын күрделі жұмыс.

       Бірінші кезеңде – бәсекеге қабілеттілік мақсаты белгіленеді. Нақты жағдайларға  байланысты бұл мақсаттарға нарықтағы  өткізу келешектерін бағалау, тауардың (яғни ұқсас тауардың) бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау, оның деңгейін көтеру үшін іс-шараларды жетілдіру жатады.

         Екінші кезеңде – тауарға қойылатын  талаптар сатып алушылардың талаптарымен  сұранысы туралы әр түрлі ақпараттарды  талдау негізінде айқындалады.  Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың  барлық көрсеткіштерін нормативті, техникалық, экономикалық деп үш топқа бөлуге болады.

       Ағылшында тауар бәсекеге қабілеттілігінің нормативтік  параметрлері  анықталады. Бәрінен  бұрын тауардың патенттік тазалығы бағаланады. Содан кейін стандарттармен талаптарға тауар параметрлерінің сәйкес келуі белгіленді. Жоқ дегенде 1 нормативтік көрсеткіш (экологиялық, қауіпсіздік, құқықтың өзара алмастырушы, санитарлы – ветеринарлық) белгіленген талапқа сай келмейтін болса, бәсекеге қабілеттілікті бағалау процесі ары қарай жүргізілмейді.  Бәсекеге қабілеттіліктің нормативті парметрлерін бағалау үшін 1 немесе 0-ге тең индексі енгізіледі. Тауар сапасы міндетті стандарттарға нормативтерге және шарттарға сай келсе, индекс 1-ге, ал сәйкес келмесе 0-ге тең болуы мүмкін. Егер нормативтік көрсеткіштердің біреуі 0-ге тең болса, онда жалпы көрсеткіште 0-ге тең болады. Бұл тауардың бәсекеге қабілеттілігі жоқ екенін көрсетеді.

       Нормативтік параметр (Jнп) бойынша жалпы топтық көрсеткіш Jнп әр көрсеткіштердің (qі) туындысын көрсетеді:  

       JНП = Пngi, і=1         (1) 

       Тауардың  техникалық мінездемесін санды түрде  техникалық параметр бірлігі шамасының (Теі) сондай эталон параметр шамасына, олардың қуаттылығы, икемділігі, сыйымдылығы, өнімділігі, жанар-жағармай шығындары бойынша салыстыру арқылы көрсетуге болады.  

       Теі= tні/ tэі * 100%        (2) 

       tні - талданып жатқан (жаңа) тауардың і-ші параметр шамасы.

       tэі - ұқсас немесе эталон тауардың і-ші параметр шамасы .

       Техникалық  параметр бойынша (Jтп) топтық көрсеткішті белгілеу үшін әр параметрдің мәнділігі есебінен бірлік көрсеткішті (Li) жинақтау қажет: 

       Jтп = Σn Теі * Li     (3)

                                                                 i=1 

       n – бәсекеге қабілеттілік бағаланатын техникалық параметр саны.

       Параметрлердің  3- ші тобына экономикалық көрсеткіштер жатады. Топтық экономикалық көрсеткішті (Jэп) анықтау үшін талданып отырған тауар (Цп) мен эталон немесе ұқсас тауардың тұтылу бағасын салыстыру қажет.  

       Jэп = Цпі / Цпэ    (4) 

       Тауардың  тұтыну бағасы сату нарық бағасы мен  барлық шығындар түрінде белгіленеді.

       Нормативтік, техникалық және экономикалық, параметрлер бойынша топтық көрсеткіштер (индекстер) негізінде талданып жатқан тауардың кешенді көрсеткіші (Кк) немесе бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші есептелінеді: 

       Кк= Jнп * Jтп / Jэп  ≥1    (5) 

       Есептелген  коэффицент негізінде талданып отырған тауардың бәсекеге қабілеттілігі жөнінде шешім қабылданды. Кк  <1 болған жағдайда талдаудан тауар эталонына немесе ұқсас тауарға жол береді, Кк=1  болғанда тең көрсеткішке ие болады, ал егер Кк>1 болғанда талданып отырған тауар ұқсас тауардан асып түседі. Кк>1 болғанда осы тауарды өндіру және нарыққа шығару жөнінде шешім қабылданады, ал Кк  <1 болса, онда бәсекеге қабілеттіліктің қажетті деңгейіне жету мақсатында техникалық және экономикалық параметрлерді көтеру үшін тиісті іс-шаралар жасау керек. Бұндай бағалау тауарды жасау кезеңінде бәсекелес тауарға қарағанда көп жағдайда тұтынушыны қанағаттандыратын сапа, сервис, өндіріс шығындары және баға сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді.

       Бәсекеге  қабілеттілікті анықтаудың бірден бір әдісі оның негізгі параметрлерінің тізімін жасау және сол бойынша көпбалды жүйемен барлық бәсекелесуші бұйымдарын бағалау болып табылады. Нәтижесінде әр  таңдап алынған параметрге бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткіші қалыптасады. Параметрлерді таңдау кезінде бәсекеге қабілеттілік нақты тұтынушының мүддесін білдіретін көрсеткіштер үшін ғана анықталады. Таңдап алған параметр дұрыстығы және оның мәні сарапшылар бағалауымен бекітіледі. Бәсекеге қабілеттілікті бағалау объектісі ретінде ұқсас тауар анықталады.

       Бәсекеге  қабілеттілікті бағалау 3 кезеңде жүргізіледі.

       Бірінші кезеңде оның параметрлері белгіленеді  және олардың маңызы анықталады. Осылай, кондитерлік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін сарапшыларға оның органолептикалық, «дәмдік сапасы», өнім қауіпсіздігі, бағасы, орауы және өндіруші имиджі  деген көрсеткіштерінің маңызы бағалауға ұсынылады. Бұл көрсеткіштер 1-ден 5-ке дейін аралықтағы олардың маңыздылығын атқаратын шкаламен бағаланады. Көрсеткіштерді таңдау тұтынушы мүддесі арқылы түсіндіріледі. Бұйым қауіпсіздігі сапа сертификатымен бекітілген дәрігерлік-биологиялық талаптарға, шикізат пен тамақ өнімдері сапасының санитарлық нормаларына сай келетін сертификаттармен анықталады. Мемлекеттік стандарт органдары тағам бұйымдарының сапасын бағалау кезінде оргонолептикалық көрсеткіштерді (формасы, түсі және сыртқы түрі, құрылымы және консистенциясы, дәмі және иісі) қолданылады. 

       Бәсекеге  қабілеттілік параметрлерінің бағалау 5 балды жүйе арқылы жүргізілуі мүмкін. Сарапшылардан пікір сұрау арқылы параметрлердің мәнділік коэффиценті анықталды. «Қайнар-құс» АҚ-қ тағамдардың бәсекеге қабілеттілігі параметрлеріне сарапшылардың қойған бағалары  кестеде көрсетілген. 

       Бәсекеге  қабілеттілік параметрлері маңыздылығының

       сарапталған бағасы 

Параметрлер Орташа бал Маңыздылығын

 Білдіретін коэффицент

Өнім  қауіпсіздігі              4,6                0,218
Баға              3,9                0,187
Буып-түю, орау              3,7                0,176
Өндіруші  имиджі              4,0                0,189
Дәмдік  сапасы              4,8                0,229
Барлығы                -                 1,0

Информация о работе Фирманың маркетинг ортасын сипаттау