Сұраныс түсінігі және мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 19:04, реферат

Описание работы

Біздегі тұрғын үйдің 96% жекешелендірілген. Егер оны 58% жекешелендіріліп,48% мемлекеттік меншікте қалған Ресеймен салыстыратын болсақ, біздегі жағдай өте ауыр деуге болады. Біздің атқарушы билігіміздің қолында ешқандай қайта бөлінетін мүлік жоқ, ал «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң бойынша тұрғын үйге кезекте бар халық категориясы әлі де қалуда.

Содержание

І бөлім.Ипотека-ұзақ мерзімді қаржыландырудың тәсілі
1.1.Ипотекалық несиенің ұғымы және оның ерекшеліктері............................5-7
1.2. Ипотекалық несие жүйелерінің негізгі модельдері.................................8-10
1.3.Шетелдік тәжірибедегі ипотекалық несиелендірудің
ұйымдастырылуы..................................................................................... 11-15
ІІ бөлім. «Тұрғын үй құрылыс банкінің»ипотекалық несиелендіру рөлі
2.1. «Тұрғын үй құрылыс банкінің» ипотекалық несие беру
ережелері................................................................................................ 16-19
2.2. «Тұрғын үй құрылыс банкінің» Қазақстандағы рөлі.............................19-22
2.3. «Тұрғын үй құрылыс банкінің» ипотекалық несиелендіру
механизмі................................................................................................22-24
Қорытынды ......................................................................................................25-26
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................27
Қосымшалар......................................................................................................28-30

Работа содержит 1 файл

Кабушева рози курс.docx

— 59.20 Кб (Скачать)

    Осы Ережеде белгіленген банктік  операцияларды жүргізудің жалпы  талаптары ашық ақпарат болып  табылады және клиенттің бірінші  талабы бойынша танысу мақсатында және басшылыққа алу үшін беріледі.

        Банк операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңнамада көзделген ұлттық және шетелдік валютада операциялар жүргізуге берген лицензиясының негізінде жүзеге асырады.

    Банк  операциялар жүргізген кезде  банктік құпияны сақтайды және егер ондай беру (жария ету) Қазақстан  Республикасының нормативтік –  құқықтық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда,клиенттің (клиенттердің) жазбаша рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға банктік құпияға жататын ақпараттарды жария етпейді немесе оған уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми сұранымдарының негізінде жүзеге асырады.

      Банктің Жарғысына сәйкес және  Уәкілетті органның лицензиясы  негізінде Банктің мынадай операцияларды  жүргізуге құқығы бар: 

    1) Банктік операциялар:

    - ұлттық валютада: 

    - тұрғын үй құрылыс жинақтарына  салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшының  шоттарын ашу және жүргізу; 

    - салымшыларға тұрғын үй жағдайларын  жақсарту бойынша іс – шаралар  жүргізуге  тұрғын үй, аралық  және алдын ала тұрғын үй  заемдарын беру.

    - ұлттық және шетелдік валютада:

    - кассалық операциялар: оларды  ұсақтау, айырбастау, қайта санау,  сұрыптау, орау және сақтауды  қоса алғанда қолма – қол  ақшаларды қабылдау және беру;

    - аудару операциялары: төлемдер және  ақша аударымдары бойынша жеке  тұлғалардың тапсырмаларын орындау; 

    - шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру.

      «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» клиенттерге мынадай ережелерді орындауға ұсынады:

    1.тұрғын  үй құрылыс жинақ шартын жасағаны  үшін Банкке Банктің белгіленген  тарифтеріне сәйкес шартты сомадан  есептелген мөлшерде комиссиялық  сыйақы төлеуге; 

    2.Банктің  банктік қызметтер көрсеткені  үшін Банктің белгіленген тарифтеріне  сәйкес өзге комиссиялық сыйақыларды  төлеуге; 

    3.Банктен  алынған заемды уақтылы және  толық көлемде қайтаруға; 

    4.тұрғын  үй құрылыс жинақ шартының  талаптарына сәйкес жинақталған  ақшаның ең төменгі қажетті  сомасын жинақтау үшін тұрғын  үй құрылыс жинақтарына салымдар  бойынша шотқа ақша енгізуге (қолма  – қол немесе қолма – қол  емес тәртіпте);

    5.заем  алған жағдайда, банктік заңнамаға,  Қазақстан Республикасының тұрғын  үй құрылыс жинақтары туралы  заңнамасына және Банктің ішкі  құжаттары мен  тұрғын үй  құрылыс жинақ шартының және  банктік заем шартының талаптарына  сәйкес Банкке ол бойынша қамтамасыз  ету (кепіл) беруге, сондай-ақ дербес  түрде және өз есебінен кепілді  бағалау, сақтандыру, тіркеу және  оны тыйым салудан шығару және  Қазақстан Республикасының заңнамасына,  Банктің ішкі  құжаттарына сәйкес  басқа ілеспе шығыстардан тұратын  аталған қамтамасыз етуді рәсімдеумен  байланысты барлық шығыстарды  төлеуді жүзеге асыруға; 

         6.банкке заем бойынша қамтамасыз ету есебінде берілген жылжымайтын мүлікті қайталама бағалау (қайта бағалау) туралы есептер беруге. Банктік заем шартының талаптарымен көзделген жағдайларда, заем бойынша кепілзат мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікке қайталама бағалау (қайта бағалау) жүргізуге;

    7. егер жүргізілген қайталама бағалаудың (қайта бағалаудың) нәтижелері бойынша  заем бойынша кепілзат мәні  болып табылатын жылжымайтын  мүліктің құны айтарлықтай төмендеген  жағдайда, Банктің талабы бойынша  Банктің ішкі құжаттарының талабына  сәйкес келетін қосымша кепіл  беруге; 

    8.заемды уақтылы және толық көлемде өтеуге мүмкіндік беретін тұрақты табыс көзінің бар екендігін растайтын құжаттар тізбесін беруге (төлем қабілеттілігін растау);

    9.Банктің ішкі құжаттарының талабына сәйкес Клиентпен жасалған банктік заем шартының, жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының және өзге шарттардың талаптарында көзделген жағдайлардан сақтандыру шарттарын (полистерін) беруге міндеттенеді. 

2.2. «Тұрғын үй құрылыс  банкінің» Қазақстандағы  рөлі

           Тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайларын жақсарту шараларына несие бөлудің сапалы жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ТМД аумағында  орта және ортадан төмен кірісті тұрғындарға арналған осы жүйенің қағидалары мен талаптарын  іске асыруды бастаған алғашқы мемлекет.Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақша туралы» Заңының енгізілуімен басталды.        

 Тұрғын  үй құрылысын ұзақ мерзімді  қаржыландырудың тиімділігін жетілдіру,  көтеру және ипотекалық кредиттеу  жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы  № 364 «Тұрғын үй құрылыс жинақ  банкін құру туралы» қаулысы  негізінде «Қазақстанның тұрғын  үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік  қоғамы құрылды. Банк Құрылтайшысы  және Акционері Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігі Мемлекеттік  мүлік және жекешелендіру комитеті  тұлғасындағы Қазақстан Республикасының  Үкіметі болып табылады.         

 «Қазақстанның  тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесінің германдық үлгісін және әлемнің көптеген елдерінің жинаған тәжірибесін пайдаланды. Чехия, Словакия, Венгрия, Франция, Люксембург секілді елдер осы жүйені табысты жетілдірді.Тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тұрғын үйді сатып алу және ауыстыру үшін, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысын, жөндеу және жаңартуларды қоса алғанда, заем алу мақсатында жеке жинақ ақшасын жинақтауға негізделген, тұрғын үйді қаржыландырудың қолайлы механизмін ұсынады.Тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесін қалыптастыру Қазақстан Республикасы үшін тұрғын үй саясатын жүргізудің бірден бір құралы болып табылады. Ол нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алу, меншігіндегі тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй жағдайларын жақсарту сияқты халықтың неғұрлым экономикалық белсенді бөлігіне бағытталған шараларды жүзеге асырады.         

 «Қазақстанның  тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ –ын құрудағы мақсат  – Қазақстан азаматтары үшін жеке меншік баспанаға арнайы ақша жинау мүмкіндіктерін беру. Қазақстан Республикасы Үкіметі банктің тұрақты қызмет етуі үшін қажетті мөлшерге дейін банктің тиісті қорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.         

 «Қазақстанның  тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ заемдарының негізгі тартымдылығы  – бұл барлық мерзім ішінде  берілетін заем сыйақысының төменгі  мөлшерлемемен кепілдендірілуі.  Банк  қызметі  несиелік капитал нарығы ауқымынан тыс және банктің пайыздық саясаты қаржы нарығының қаржылық сыйақы мөлшерлемесі  тұрғысында  біршама тәуелсіз. Бұл банкке жинақтаушы салымдар бойынша төленетін төменгі пайыздық мөлшерлемелермен, сондай-ақ, төменгі пайыздар бойынша кредиттер беруге мүмкіндіктер туғызады. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды осындай мақсатты түрде қаржыландыру жүйесі Қазақстан Республикасының тұрғын үй секторының жүйелі дамуына өз әсерін тигізері хақ.Қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан Банк Қазақстанның барлық ірі және жекелеген шағын өндірістік қалаларында ресми  түрде қызмет атқаруда.         

 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Биржа тізіміне кіретін мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен, сондай-ақ, Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен шетел валюта саудасына қатысу құқығымен "В", "К" және "Р" санаттары бойынша «Қазақстанның қор биржасы» АҚ мүшесі болып табылады.          

2006 жылғы  мамыр айында «Қазақстанның тұрғын  үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  мен «Қазпошта» АҚ арасындағы  Агенттік Келісімге қол қойылды.  Келісім аясында «Қазпошта» АҚ  облыстық филиалдарында және  аудандық пошта  байланысы бөлімшелерінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»АҚ-ы  атынан шарт жасау бойынша агенттік қызмет көрсетеді. Ынтымақтастықтың негізгі міндеті тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі бойынша  тұрғындарға шарт жасаудың ең қолайлы талаптарын  ұсыну болып табылады.

          Экономиканың дамуы мен мемлекет тарапынан жұртшылықтың әлеуметтік мүдделерінің қорғалуы 2011-2013 жылдары Әкімдіктердің арзан баспана салуын және кейіннен оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар арасында жүзеге асыруды көздейтін 2011-2014 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының салалық бағдарламасының әзірленуіне басты түрткі болды.            

 Тұрғын  үй құрылыс жинақ жүйесіне  қатысушылар үшін баспана салу  Қазақстанның барлық өңірлерінде  қамтамасыз етілетін болады. Аталған  құрылыстарды қаржыландыруға Әкімдіктерге 80,84 млрд. теңге бөлінгелі отыр.Аталған  бағдарламаға мемлекеттің қатысуы  пәтер құнын шектеуге мүмкіндік  туғызып, құрылысты салушы компаниялардың  алыпсатарлық әрекеті мен коммерциялық кредит беру нәтижесінде бағаның аспандатылуына жол бермейді. Қазірдің өзінде мұндай үйлердің бағасы белгіленіп қойған:Алматы қаласы үшін таза әрленген 1 ш.м. үшін сату бағасы 142,5 мың теңгені құраса, Астана және Ақтау қалалары үшін 112,5 мың теңге, басқа облыс орталықтары үшін 90 мың теңгені құрайтын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін барлығы 800 мың ш.м. тұрғын үй немесе пәтердің орташа ауданы 60 ш.м. деп есептегенде, 13 мыңнан астам пәтер салу жоспарланып отыр.           

 Тұрғын  үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы  құрылыс салу және сату механизмі  мынадай. Әкімдіктер мен Тұрғын  үй құрылыс жинақ банкі арасында  тұрғын үй құрылысының әрбір  объектісі бойынша әріптестік  туралы тиісті шарттар жасалатын  болады, оларда тұрғын үйдің негізгі  техникалық сипаттамалары, атап  айтқанда: орналасатын орны, класы,  қабаттылығы, пәтерлердің саны, пәтерлердің  ауданы, таза әрлеу параметрлері  және т.б. нақты белгіленетін  болады. Мұндай жағдайда, тұрғын  үй салу және жүзеге асыру  бойынша әріптестік туралы шартта  сондай-ақ таза әрленген  1 ш.м. тұрғын үйді сату құны, құрылыстың сапасын, құрылысты және тұрғын үй объектісін пайдалануға беру  мерзімдерін қамтамасыз ету бойынша Әкімдіктің міндеттемесі, тұрғын үйді сатып алушылардың пулдарын қалыптастыру және оларға кредит беру бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің міндеттемесі белгіленеді.  

2.3«Тұрғын  үй құрылыс банкінің»  ипотекалық несиелендіру механизмі

           Кешегі мамыражай уақытта да, бүгінгі қаржы дағдарысы кезінде де ең аз пайызбен несие беріп келе жатқан бір Банк  бар.Ол - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі».Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі елімізде 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Соңғы бес жылдың ішінде қазақстандықтардың үй құрылысына деп жинақтаған қаржысы 20 миллиард теңгеден асты. Ал 12 мыңнан астам адам баспанаға қол жеткізу үшін несие алды. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш бірте-бірте өсу үстінде.Оған себеп – несиенің пайыздық мөлшерлемесінің өте төмендігімен қатар, мемлекеттің бұл банктің бірден-бір акционері болуында. Бұл жағдай салымшылар мен клиенттерінің банкке, оның қызметіне деген сенімін арттыра түседі.   Мемлекет болса, мыңдаған қазақстандықтардың баспанаға қол жеткізуіне мүдделі және оған барынша көмек көрсетуге әзір.

       Мемлекеттік ынталандыру мен қолдау тәсілдеріне  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің» өз салымшылары үшін жасаған тиімді шарттарын жатқызуға болады.Мәселен, келісім-шартта көрсетілген мерзім ішінде несиенің пайыздық мөлшерлемесі нарықтағы ең төмен болуы әрі өзгеріске түспейтіні – осының айғағы.«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тарифтік бағдарламасына байланысты, тұрғын үй несиесі бойынша нақты тиімді мөлшерлемесі жылына 3,6-5,3 пайыз аралығында ғана тербеліске түседі. Бұл банктің өзге банктерге қарағанда халық үшін тиімділігі де, артықшылығы да осы.Сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасының операторы болып бекітілген.Сондықтан оған үш жыл бойы мемлекеттік бюджеттен сомасы 57 миллиард теңге болатын жеңілдігі бар бюджеттік несиесі беріледі.Егер сіз баспанаға қол жеткізіңіз келсе немесе оны жақсартқыңыз келсе,мынаны жадыңызға мықтап түйіңіз: қаражатыңызды депозиттерге салғаннан гөрі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» жинақтағаныңыз әлдеқайда ұтымды. Банктен кез келген мақсат үшін несие алуға шарт жасаса аласыз, Мәселен, үйіңізді жөндегіңіз келсе, жаңа құрылыс салғыңыз келсе, үй сатып алғыңыз келсе немесе үйіңізді айырбастауды қаласаңыз, онда осы банктен жәрдем алыңыз. Жинақтау кезеңі 3 жылдан 15 жылға дейін созылса, несиелеу кезеңі – 6 жылдан 25 жылға дейін ұзарады.Кәдімгі ипотекадан айырмашылығы осы банктің бағдарламасы бойынша,«Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақтау»туралы заңына сәйкес,қаражатыңызды келісілген сомманың жартысын жинақтауға мүмкіндік аласыз.Ақшаңызды 3-15 жыл бойы осы банкте жинасаңыз, алған несиеңізді өтеуде қосымша мүмкіндіктерге ие боласыз. Дағдарыс жағдайда көптеген қарыз алушылар ипотекалық несиені қайтаруға шамалары жетпей қалғаны белгілі.Осы банк ұсынған жол ипотекалық несиеден түбегейлі өзгеше.Оның үстіне, бұл жүйе табысы көп емес, бірақ тұрақты адамдарға арналған.Яғни халықтың басым бөлігі қаржылық дағдарысқа қарамастан ипотекамен салыстырғанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне оңай қол жеткізе алады: банкке барып, тарифтік бағдарламалардың бірін таңдап, келісім шарт жасап, қаражат жинақтай берсеңіз болғаны. Қаражатыңызды жинақтау барысында келісім-шартты қайта қарастыруға, яғни несие мерзімін ұзартуға, жинақталған қаржының соммасын өзгертуге, бөлуге немесе қосуға мүмкіндігіңіз болады.Салған салымымыңыздың сақталуы мен көбеюі үшін еш қам жемесеңіз де болады.                                                      «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жоғарыда көрсетілген артықшылықтар мен мүмкіндіктерден өзге де мынадай қыры бар:    
       Біріншіден, жинақтау барысында тиімді мөлшерлеме (тарифтік бағдарламаға байланысты) жылына 12,7 пайызға дейін жетеді. Банк қосқан мөлшерлемелерден бөлек, салым соммасына қарай мемлекет 20 пайыз сыйлықақы береді. Былтыр мемлекеттік сыйлықақының ең жоғарғы соммасы 46 720 теңге болып еді, ал биыл, 2009 жылы мемлекет тағайындаған сыйлықақы көлемі 50 920 теңгеге жетті. Бүгінде тұрғын үй құрылыс жинақтау жөнінде Банк пен клиенттер арасында 114 мыңнан астам келісім жасалды.  Бұл көрсеткіш күннен күнге көбейе түсері анық.

Информация о работе Сұраныс түсінігі және мәні