Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 20:31, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың тақырыбы: “Кәсіпорынның тиімділігін жоғарылату жолдары”. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімнің тақырыбы: “Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі”. Мұнда кәсіпорын ішінде орын алатын макроэкономикалық процестерге және оның сыртқы экономикалық ортамен өзара байланысына ерекше назар аударылған.
Кіріспе..............................................................................................................4
I. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі......................5
1.1 Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері..............................5
1.2 Салыстырмалы тиімділік...........................................................................10
1.3 Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары...........................13
II. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау...................................................14
2.1 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен
көрсеткіштері. ..................................................................................................14
2.2 Өндірістік бағдарлама және оның негізгі көрсеткіштері....................16
2.3 Пайда – кәсіпорынның басты мақсаты....................................................18
III. Жеке ұжымдық және унитарлы кәсіпорындардың жұмыс
жасау механизмі.............................................................................................21
3.1 Заңды тұлғалар, кәсіпорын түрлері..........................................................21
3.2 Шаруашылық серіктесер және қоғамдар................................................23
3.3 Мемлекеттік және муниципалдық унитарлы кәсіпорындар................26
Қорытынды.......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................30
• Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері – нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері – жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының айналысы,капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.
• Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары.Ол жаңа кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды; механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері - өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс – монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.
• Материалдық – техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кеткен шығындардыесептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.
• Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.
• Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.
• Қаржылық жоспар(қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер көрсетіледі – айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету; кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым – қатынасы; негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану; пайданы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі – несие жоспары.
• Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.
• Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, материалдық ресурстарын және әуе бассейінін сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді ұйымдастыру, құрамдастырылған өндірісті дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.
2.2 Өндірістік бағдарлама және оның негізгі көрсеткіштері.
Кәсіпорынның даму жоспарының ең негізгі бөлімі - өнім шығару жоспары немесе өндірістік бағдарлама. Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштері – тауар өнімдерін өндірудің өсу жолдары, шығарылған өнімнің сапасы, өнім шығаруды арттыру.
Жоспардағы
құн өлшемдегі өнім көлемін
анықтау үшін өнім шығару
Жоспарда
берілген өлшем бірліктер
Өнім шығару жоспарының маңызды бір бөлімі - өнімнің сапасын арттыру. Өнім сапасы өзінің техникалық – экономикалық көрсеткіштерімен, еліміздегі және шетелдердегі техниканың жоғарғы жетістіктеріне сай болуы керек. Өнім шығару жоспарында өндірістегі ескірген, қазіргі заман талабына сай емес, тұрып қалған өнімдерді шығаруды тоқтату жолдары қарастырылады.Сонымен қатар шығарылатын өнімдердің стандарттарына сай болу қарастырылады.
Өндірістік бағдарламаның құн көрсеткіштеріне:
Сатылған өнімнің көлеміне байланысты, өндіріс салаларының, бірлестіктер мен кәсіпорындардың іс - әрекеттері, жасап жатқан қызметтері анықталады. Сатылған өнімнің көлеміне кәсіпорынның балансында тұрған, сатуға дайындалған, төленуге тиісті дайын өнімдер, жартылай дайын өнімдер және өзінің күрделі құрылысына жүргізілген жұмыстар көлемі жатады.
Сатылған өнімнің көлемін мына формула арқылы анықтайды:
Сө = Тж + Ож.б – Qж.а ,
мұндағы: Тж – жоспар бойынша берілген товар өнімінің көлемі;
Сө - жоспар бойынша берілген тауар өнімінің көлемі;
Qж.б – Qж.а – сатылмаған өнімдердің жылдың бағасындағы және жылдың аяғындағы қалдықтары.
Тауар өнімінің
көлеміне: сыртқа шығарылып сатылатын
дайын өнімдердің және
Жалпы өнімнің көлемі жоспарланған уақытта белгіленген жұмыс көлемін қамтиды.
Жо = То – Аб + Аа ,
Мұндағы: Тө - тауар өнімі;
Аб, Аа – жылдың басындағы және жылдың аяғындағы аяқталмаған өндірістің көлемі.
Таза өнімнің көлемі – тауар өнімінің көлемінен материалдық шығындар мен негізгі қорлардың тозуын (амортизациясын) алып тастау арқылы анықталады.
Таза о = Мш + Ан.қ ,
мұндағы: Мш – материалдық шығын;
Ан.қ – негізгі қорлардың тозуы.
2.3
Пайда кәсіпорынның басты
Кәсіпорынның шекті мақсаты пайда табу. Пайда табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, тек қана өндіру емес сапалы өнім, қызмет бәсекелестікте жеңетін, бағасы жоғары тауар мен қызмет болуы керек. Баға бәсекелесінде пайда табу үшін әрбір өнімге, қызметке шаққанда аз шығын жұмсау, сапалы өнім өндіру керек. Егер кәсіпорын зиянмен жұмыс істесе ол банкрот болуы мүмкін.
Таза пайда формуласы; Таза пайда = жалпы түсім алу (өнімнің толық (коммерциялық) өзіндік құны + кәсіпорын төлейтін салық + айып санкциялары).
Ал жалпы түсім:
W = ∑Ni Ci (3.1)
Ni – өндірілген өнім саны;
Ci – өнімнің бағасы;
n – тауар түрлерінің саны;
i – нақты тауар түрі.
Кәсіпорын пайда табу үшін төрт тәсілді қолдану керек:
1) баға тағайындау; 2) шығындарды жасақтау; 3) өнім көлемін анықтау; 4) өнімнің ассортименті мен номенклатурасын таңдау.
Егер кәсіпорын төлем мүмкіндігі жоқ болса, яғни несие бергендеге қайтарым жасай алмаса, бюджетке және тағы басқа төлемдерді қайтара алмаса, ол кәсіпорын банкрот болады. Ондай кәсіпорындарға мынандай шара қолдануы мүмкін: 1) қайта құрумен байланысты сыртқы басқарушы сауықтандыру санкциясын қолдануы мүмкін (18 айға төлемді шегіндіру); 2) алажақтардың бақылауымен, немесе абритаж сотының қаулысымен шешім қабылданды; 3) бейбіт келісім – несие беруші мен бережақтың арасында төлемді кейінгі мерзімге қалдырады, әлде бережақтан шегеру жасайды.
Бережақ кәсіпорынның мүлкін бөлу мынандай кезекпен басталады:
- абритажға және конкурспен басқарған орган еңбегіне төлем;
- азаматтарға денсаулығына зиян келтіргені үшін бережақ;
- жұмысшыларға еңбек ақы;
- бюджетке
немесе бюджет сыртындағы
- кәсіпорын мүлкінде үлесі бар кәсіпорын мүшелеріне;
- басқа меншіктілерге;
- басқа қалған талаптарға төлем төлеу.
Пайда табу үшін жұмысты неден бастау керек?
Қандай болмасын өндірісті бастау үшін ақша керек. Оған ресурстар алынады: ғимараттар, жабдықтар, шикізаттар және жұмысшылар жалдау.
Кәсіпкердің
басты мақсаты жұмсаған
өндіріс құралдары
Ақша – Тауар ,...Ө...Т¹...А¹
жұмыс күші
Ақша – бастапқы авансыланған қаржы;
Тауар – оған сатып алынған өндіріс құралдары, жұмыс күші;
Ө - өндіріс процесі; Т ¹ – жаңа тауар көлемі;
А¹ – жаңа тауарды сатқаннан түскен ақша. Ол
А¹ = А + ∆а
∆а – бұл қосымша құн, жұмыс күшін қанағаннан түскен құн. Ол социализімде қоғам пайдасына, ал капитализмде – меншік иелеріне тиеді.
Біріне – бірі қымбатқа сатқаннан қоғамға қосымша байлық жоқ. Онда біреуі жейді, екіншісі желінеді.
Қосымша құн қайдан пайда болады? Жұмысшыны қанаудан, яғни тауар құны ауыспалы капиталдан. V + m бұл таза өнім, жаңадан жасақталған құн, ондағы V – ауыспалы капитал, жұмыс күшінің құны(қажетті уақыт), m – қосымшы құн, жұмыс күшінің қосымша уақыт ішіндегі қоғам үшін жасақталған құн. Жұмыс күні қажетті уақыт, қосымша уақыт болып екіге бөлінеді. Капиталистік экономикада қосымша құн пайыз, өсім, кәсіпкерлік пайдаға бөлінеді.
Пайданы өсіруге ықпал жасайтын факторлар:
- еңбек өнімділігін өсіру;
- айналу капиталының ауыспалы айналым жылдамдығы;
- прогрессивті техника мен жаңа технологияны өндіріске енгізу
- өндірістік шығындарды азайту;
- өндірістік қатынастар жүйесі;
- қосымша өнімнің өсуі;
- нарық бағасының қолайлы ауытқуы.
Кәсіпкердің жұмысының нәтижесін рентабельдік деңгей арқылы бағалауға болады.
Рентабелдік деңгейі= барлық толық шығындар х 100%.
Пайданы бөлу. Бірінші қор жинау. Қор жиналып, өндірісті ұдайы ұлғаймалы өндірістік жағдайға келтіру керек (C + V + m). Тек жай ұдайы өндіріс, ол тек қана шығындарды жабады, пайда болмайды (C + V). Ал егер зиянмен аяқталса, онда C ± V, яғни еңбек ақы да түгел төленбейді. Екінші қор жинау бөлігі резерв қорына жинақталады.
ІІІ. Жеке ұжымдық және унитарлы кәсіпорындардың жұмыс жасау механизмі.
3.1 Заңды тұлғалар, кәсіпорындар бірлестігі.
Заңды мекемелер,
кәсіпорындар бірлестігіне
Бірлестіктерге кірген кәсіпорындар өздерінің тәуелсіздігін және заңды мекеме праволығын сақтайды. Бірлестіктің басшы органдары кәсіпорындарға әміршілдік билік құра алмайды және өз функцияларын тек қана жасалған келісім – шарт бойынша жүргізеді. Олардың міндеттері:
Ассоциациялар – жалпы шаруашылық мақсатқа жету үшін жасақталған кәсіпорын, мекемелер одағы.
Концерн – капиталистік монополияның бір түрі, формальды түрде тәуелсіздігі сақталған көптеген өнеркәсіп, финанс, сауда кәсіпорындарының бірлестігі, шын мәнінде финанстық бақылауда болады және бірлестікке кірген ірі капиталистік топтарға бағынышты.
Консорциум – капиталистік монополияның бір түрі, өзара уақытша келісім жасау негізінде біріккен бірнеше банкілер, немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының бірігіп кредиттерді (несиелерді) орналастыруы, финанстық немесе коммерциялық операцияларды ірі мөлшерде жүргізу үшін, ең ірі өнеркәсіптік құрылысты іске асыру үшін құрылады.
Холдингтер – бұл АҚ, өз капиталын басқа компаниялардың акцияларын сатып алуға пайдаланады. Холдингтің активі көпшілігіндебасқа АҚ акциялары. Холдинг – жүйесі бас фирма және бағынышты туыстастық кәсіпорындар. Бұл капиталды шоғырландыруға әкеледі, көпшілік финанс, шаруашылық мәселелерін шешуге көмектеседі және өзара байланысты компаниялардың дағдылы жұмыс істеуінемүмкіндік береді . Холдингтер кәсіпорындар құрамынан оның бөлімдерінің дербес бағынышты туыстас заңды кәсіпорнына ауысуы, тәуелсіз кәсіпорындардың акция пакеттерін біріктіріп, дербес АҚ құру мүмкіндігі бар.
Информация о работе Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары