Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 20:31, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыстың тақырыбы: “Кәсіпорынның тиімділігін жоғарылату жолдары”. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімнің тақырыбы: “Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі”. Мұнда кәсіпорын ішінде орын алатын макроэкономикалық процестерге және оның сыртқы экономикалық ортамен өзара байланысына ерекше назар аударылған.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................4
I. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі......................5
1.1 Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері..............................5
1.2 Салыстырмалы тиімділік...........................................................................10
1.3 Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары...........................13
II. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау...................................................14
2.1 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен
көрсеткіштері. ..................................................................................................14
2.2 Өндірістік бағдарлама және оның негізгі көрсеткіштері....................16
2.3 Пайда – кәсіпорынның басты мақсаты....................................................18
III. Жеке ұжымдық және унитарлы кәсіпорындардың жұмыс
жасау механизмі.............................................................................................21
3.1 Заңды тұлғалар, кәсіпорын түрлері..........................................................21
3.2 Шаруашылық серіктесер және қоғамдар................................................23
3.3 Мемлекеттік және муниципалдық унитарлы кәсіпорындар................26
Қорытынды.......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................30

Работа содержит 1 файл

Нурбол.docx

— 58.80 Кб (Скачать)

 

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«КӨЛІК ЭНЕРГЕТИКА» ФАКУЛЬТЕТІ 
"КӨЛІК, КӨЛІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ" кафедрасы

 

 

 

 

 

 

«Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
Тақырыбы: «Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары»

 

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

                                                                Орындаған: ККТжТ-41  Жиенбеков Н.Л. 
                                       Қабылдаған: Тлеухан А.Т.

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА – 2012

Мазмұны:

 

  Кіріспе..............................................................................................................4

I. Өндірістің экономикалық  және әлеуметтік тиімділігі......................5

1.1 Экономикалық тиімділік  және оның көрсеткіштері..............................5

1.2 Салыстырмалы тиімділік...........................................................................10

1.3 Өндірістің тиімділігін  арттырудың негізгі жолдары...........................13

II. Кәсіпорынның  жұмысын жоспарлау...................................................14

2.1 Кәсіпорынның даму жоспарының  негізгі бөлімдері мен 

көрсеткіштері. ..................................................................................................14

2.2 Өндірістік бағдарлама  және оның негізгі көрсеткіштері....................16

2.3 Пайда – кәсіпорынның  басты мақсаты....................................................18

III. Жеке ұжымдық  және унитарлы кәсіпорындардың  жұмыс

 жасау механизмі.............................................................................................21

3.1 Заңды тұлғалар, кәсіпорын  түрлері..........................................................21

3.2 Шаруашылық серіктесер  және қоғамдар................................................23

3.3 Мемлекеттік және муниципалдық  унитарлы кәсіпорындар................26

Қорытынды.......................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................30

 

 

 

 

 

Кіріспе.

      Осы курстық  жұмыстың тақырыбы: “Кәсіпорынның тиімділігін жоғарылату жолдары”. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:

      Бірінші  бөлімнің тақырыбы: “Өндірістің  экономикалық және әлеуметтік тиімділігі”. Мұнда кәсіпорын ішінде орын алатын макроэкономикалық процестерге және оның сыртқы экономикалық ортамен өзара байланысына ерекше назар аударылған.

      Ресурстардың  барлық түрлерінің қалыптасуы, оларды қолдану, өндіріс және дайын өнімді өткізу сияқты кәсіпорынның толық ұдайы өндірістік циклін қамтиды. Жалпы теориялық жақтарымен қатар кәсіпорынның күрделі және жан – жақты қызметін тереңірек көрсетуде нақты мысалдармен берілген бірқатар тақыраптар бар.

      Курстық  жұмыстың екінші бөлімінде кәсіпорынның  жұмысын жоспарлау туралы мәліметтер  келтірілген. Өнеркәсіп өнімін  шығару жоспары, ғылым мен техниканы  дамыту жоспары, өндірістің экономикалық  тиімділігін арттыру жоспары,  күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары, материалдық техникалық қамтамасыз ету жоспары, еңбек және кадрлар жоспары, өндіріс шығындары жоспары, қаржылық жоспар, кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары, табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары және т.б. өндірістік бағдарламаның құн көрсеткіштеріне байланысты басты мәселелер қарастырылған.

      Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде жеке ұжымдық және унитарлы кәсіпорынның жұмыс жасау механизмі, шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар, мемлекеттік және мунуципалдық унитарлы кәсіпорындар, заңды тұғалар бірлестігі және осы бірлестіктердің тиімділігін арттыру жолдары көрсетілген. Сонымен қатар,экономикадағы әртүрлі заңды тұлғалардың қызмет істеуі және олардың мамандану дәрежесін, ұйымдастыру тәсілі, механизация және автоматизация ерекшеліктерін, ұйымдастыру парволық формаларын қарастырады.

 

 

 

 

 

 Бөлім I. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

      1.1  Экономикалық тиімділік және  оның көрсеткіштері.

      Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай  жалғастыруда, өндірістің тиімділігін  арттырудың бағыттарын, олардың  өсу факторлар мен тиімілікті  анықтаудың әдістерін анықтау  маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін  арттырудың маңызды бағыттарын  дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің  негізгі көрсеткіштерін біліп  алуымыз қажет. 

      Экономикалық  тиімділіктің жалпылама критерийіне  қоғамдық еңбектің өнімділігі  жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі  ұлттық табысты, материалдық өндіріс  саласында жұмыс жасайтын адамдардың  орташа санына бөлу арқылы  табылады:

                                    ЕӨ= ҰТ/А

      Сонымен  қатар, экономикалық тиімділіктің  аса маңызды көрсеткіштері   ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы алынады.

    • Өнімнің еңбексыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

                               Есый=Т/Q

Мұндағы: Есый- еңбексыйымдылығы;

                  Т- еңбек саны;

                   Q – Шығарылған өнімнің жалпы  көлемі.

      Қоғамдық  еңбектің материалсыйымдылығы шикізат,  материал, отын, энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

                   Мсый=Ш/Q,

Мұндағы: Мсый – материалсыйымдылығы  деңгейі;

                  Ш – шикізат, материал, отын энергия және т.б.

      Капиталсыйымдылығы  халық шаруашылығындағы капитал  салымдарының көлемін, шығарылған  өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:

                        Ксый  - өнімнің капиталсыйымдылығы;

                        К – капиталдық салымдардың  жалпы көлемі;

                        Q – шығарылған өнім көлемінің  өсімі. 

      Өнімнің  қорсыйымдылығы халық шаруашылығындағы  негізгі өндірістік қорлардың орташа құны, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

                        Қсый =F/Q,

      Мұндағы:  Қсый - өнімнің қорсыйымдылығы;

                         F – халық шаруашылығындағы негізгі  өндірістік қорлардың

                               орташа құны;

                         Q – шығарылған өнімнің жалпы  көлемі.

      Тиімділік  – жалпы және салыстырмалы  болып бөлінеді.

      Жалпы тиімділік  – шығындарды атқару арқылы  пайда болған әсердің жалпы  көлемін көрсетеді және оны  инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады.

      Салыстырмалы  тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім варианттарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлылығын көрсетеді.

      Жалпы тиімділіктің  көрсеткіштері мынадай категориялар  бойынша топталады:

    • өндірістік іс - әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдану мүмкіншіліктерін өлшейді;
    •     өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;
    • қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.

      Өндірістік іс - әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірісік іс - әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс - әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімді сату нарығының кеңдігі; Экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі; кәсіпорын репутациясы және т.б.

Сандық бағалау екі  бағытта жүргізіледі:

    • негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;
    • кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.

      Шаруашылық  іс - әрекеттің тиімділігін көптеген  абсолюттік және салыстырмалы  көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы – пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның іс - әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.

      Сату рентабельдігі  (есеп беру кезеңіндегі пайда  / өнім өткізуден алынған ақша түсімі х 100%). Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындармен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым – қатынастың тиімділігін сипаттайды.

      Активтер  рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінің соңындағы активтер х 100%). Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылуы тиімділігін көрсетеді.

      Негізгі  капиталдың рентабельдігі (есеп  беру кезеңіндегі таза пайда  / есеп беру кезеңінің соңындағы  негізгі капитал минус амортизация  х 100%), кәсіпорынның негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.

      Меншік  капиталының рентабельдігі (есеп  беру кезеңіндегі таза пайда  / есеп беру уақытының соңындағы  меншік капиталы х 100%). Кәсіпорынның өзінің қаржыландыру көздерінен инвестицияланған капиталдың қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:

    • активтердің айналымдылығы (сату көлемі / активтердің орташа жылдық құны х 100%) кәсіпорынның тауары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды.
    • Негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі / негізгі капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;
    • Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс - әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;
    • Материалдық - өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату көлемі / материалдық - өндірістік запастар), материалдық - өндірістік запастардың жылдық, айналым санын көрсетеді.

      Өтімділік  көрсеткіштері

    • Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның меншік капиталының, ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды.Бұл көрсеткіш коммерциялық іс - әрекеттермен, шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі – пайда.
    • Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша қаражаттары / таза айналым капиталы). Меншіктік айналым қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1 аралығында өзгеріп отырады.
    • Жабу коэффициенті (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.
    • Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз – маз бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден - өндіріс запастары алынып тасталады.
    • Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.
    • Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.

Информация о работе Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары