Кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 06:42, курсовая работа

Описание работы

Диплом жұмысының бірінші бөлімде менеджмент, оның мән - мазмұны туралы негізгі түсініктер, менеджмент жүйесінің қағидалары, сондай-ақ бұл ғылымның қалыптасу процестері мен менеджментке дамыған елдердегі қазіргі көзқарастар, онда менеджменттің мақсаты, оны жоспарлаудың, ұйымдастырудың, бақылаудың негізгі қызметтері қарастырылады. сондай-ақ басқару шешімдерін әзірлеу технологиясы, оны қабылдау және жүзеге асыру тәсілдері қарастырылған.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................2

1-Тарау. Менеджмент ғылымын қалыптастыру және дамыту..................

1.1.Қазақстанда менеджмент теориясы мен тәжірибесінің даму тарихы.

1.2.Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері...................................

1.3.Әлемнің дамыған елдерінде менеджмент ғылымының ерекшеліктері.

2.Тарау. Кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдастыру...................

2.1. Тауарларды өндіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастыру.............

2.2. Кәсіпорынның қызметкерлерін басқару..................................................

2.3. Кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру....................................

Ќорытынды..........................................................................................................


Пайдаланѓан єдебиеттер.................................

Работа содержит 1 файл

Менеджментті дамыту және қалыптастыру .doc

— 383.00 Кб (Скачать)

-орналасқан жері.

Кәсіпорынның оңтайлы құрылымын жүзеге асыру өндірісті қайта құру, оны техникалық және технологиялық және технологиялық жағынан қайта жарақтандыру, саланы жаңғарту мен мамандандыру тереңдету ісінің тиянақты атқарылуымен тікелей байланысты.

Кәсіпорынның негізгі бөліктері технологиялық процесс бағыты бойынша:

-         қоймалық;

-         қызмет көрсету шаруашылықтары болып бөлінеді.

Бұл тасымалдау ұзақтылығын және жүк айналымы көлемін қысқартуға тікелей әсер етеді.

Кәсіпорынның оңтайлы құрылымының басты шарты – кәсіпорында еңбек келісімдерін жетілдіру арқылы жұмысшылырдың әлеуметтік – материалдық жағдайын жақсартуды бірінші кезекте шешуді , өндіріс тиімділігін, еңбек өнімділігінің өсуін, жұмыс уақтын үнемді пайдалануды қамтамасыз ету. [5,   -бет]

                         Өндірістік процес.

                        Кез – келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.

              Кәсіпорындағы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өңдеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс – қимылдар.

              Өндірістік процес өнім шығарудың сипаты мен ауқымына қарай:

-         жай;

-         күрделі болып бөлінеді.

Өндірістік процестің күрделілігі – кәсіпорынның түрлі бөлімдер мен цехтарының, сондай – ақ өндірістік бөлімшелерінің қызметіне байланысты. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілетті, сапалы, тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын өнім өндіру бүгінгі күннің басты міндетіне айналып отыр. [5,   -бет]

Өндірістік процестер екіге бөлінеді:

-еңбек заттарының нысандары мен сапаларын өзгертетін процестерді технологиялық процесс деп атайды.

-еңбек заттары нысандары өзгермейтін процестерді технологиялық емес процестер деп аталады.

Өндірістік процестің нәтижелігі өнім түрлеріне қарай.

-негізгі;

-көмекші;

-қызмет көрсетуші (оның ішінде: әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени);

-басқару болып бөлінеді.

Негізгі процес технологиялық процес болып табылады, яғни бұйымдардың шамасы, өлшемі, физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

Технологиялық операция технологиялық қуаттардың жетілуіне қарай:

-         қолмен атқарылатын операция;

-         машина  - қолмен;

-         машиналық;

-         автоматты;

-         аппаратты болып бөлінеді.

Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық процесс деп аталыды. Технологиялық операция – бір жұмыс орныныда, бір немесе бірнеше жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өңдеу тобының дәйекті және қосарлас атқаратын іс – қимылы болып табылатын өндіріс процесінің бөлігі.

Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланылатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал – жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б.)

Қызмет көрсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім шығармайтын процесс, оған қатыстылар:

-         тасымылдау;

-         қоймалық операциялар;

-         технодогиялық бақылау.

Басқару процесі - өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.

Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы – көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етуді талап етеді.

Өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:

-жеклеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандандыру; мамандандыруды тереңдету – еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;

-үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің бірдей екнін білдіреді;

-қатар даму - өндірістік процнстердің кәсіпорынның жеклеген құрылымларында қосарласа орындалуы. Мақсат – еңбек аясын кеңейту;

-аралас даму принципі – бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері, яғни шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс - әрекеттерді қамтиды;

-үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толасыз өндірісті алуға болады;

-ырғақтылық – технологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы;

-автоматтандыру принципі - өндіріс процесін әлемдік деңгейде автоматтандыру. [5,  -бет]

Өндірістік цикл

Өндірістік цикл өнім өндіруге жұмсалған уақыттың ұзақтылығымен және оның құрылымымен сипатталады.

              Өндірістік цикл ұзақтығы дегеніміз өндірістік процесте белгілі бір бұйымды өндіруді бастау мен аяқтау арасындағы күнтізбелік уақыт аралығы.

              Өндірістік цикл:

-         жұмыс уақты;

-         табиғи уақыт;

-         жұмыстағы үзіліс болып бөлінеді.

1.Жұмыс уақты – еңбек заттарына тікелей әсер ететін, сонымен қатар жұмысшылардың аппараттық және автоматты тетіктердің жұмысын бақылайға жұмсайтын уақыт. Жұмыс уақты тиісінше тағы да екіге бөлінеді:

-негізгі процестерді атқаруға;

-көмекші, яғни цех аралық және цех ішінде түрлі жұмыстарды олындауға жұмсалатын уақыттар. Мәселен, дайын өнімдерді буып – түю және т.б.

          Т жұмыс  = Т негізгі + Т көмекші             

Т жұмыс  - жұмыс уақты;

Т негізгі  -  негізгі уақыт;       

Т көмекші – көмекші уақыт.

1.       Табиғи процестер уақты еңбек заттарының еңбек жұмсалмай – ақ табиғи негізде, тиімсіз өзгеріске ұшырауын білдіреді, мысылы, ағаштың текке кеуіп кетуі, жүзім сөлінің ашып кетуі.

Табиғи процестардың ауысып тұруы:

-         өнім өндіруде;

-         технологияны жетілдіруде;

-         өндірістік цикл ұзықтылығын қысқартуда едеуді аөл атқарады.

2.       Жұмыстағы үзіліс – еңбек заттарын өңдеу процесіндегі қажетті үзіліс.

Бұлар:

-         демалыстар ;

-         мереке күндері;

-         түскі үзіліс;

-         демалыс алу;

-         шикізаттарды күту.

Сонымен өндірістік цикл жұмыс уақты, табиғи уақыт және жұмыстағы үзіліс уақыттарының қосындыларынан тұрады:

 

                            Тц =Т жұмыс + Т табиғи Т үзіліс

Тц - өндірістік цикл уақыты;

Т жұмыс – жұмыс уақыты;

Т табиғи – табиғи уақыт;

Т үзіліс  - үзіліс уақыты.

 

Өндірістік цикл ұзақтығы:

-         қолданылып жүрген техника мен технологияға,

-         өндірісті және еңбекті дұрыс ұйымдастыруға,

-         өндірілетін өнім көлеміне,

-         аяқталмаған өндіріс шамасына,

-         кәсіпорын жұмыстарының басқа да экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді.

Олай болса, өндірістік циклдің ұзақтылығын қысқартудың қандай жолдары бар?

                            Олар мыналар:

-өндірістік процесті кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, өндірістің толассыз жұмыс істеуін арттыру. Бұл жағдайда табиғи процестер уақыты мен үзілістер күрт қысқарады;

-Шығарылатын өнімдер конструкциясы және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

-Технологиялық бақылауға озық әдістерді енгізу және оны технологиялық операциялардың орындалу мерзіміне сәйкес жүргізу;

-Жұмыс орындарын ауыстыруға байланысты еңбек заттарын ауыстыруға кететін уақытты қысқарту;

-Көмекші операцияларды орынлауда, ішкі кезек аралығындағы үзілістерді пайдалану. [5,   - бет]

Өндіріс типтері.

              Қазіргі кезде өндірістің мына типтері кең тараған:

-         жаппай;

-         сериялық;

-         жеке – дара;

-         аралас өндірістер.

Өндіріс типтері әдете жұмыс орнын мамандандыру коэффиценттерімен немесе сериялық коэффмценттермен немесе сериялық коэффиценттермен (Кс) сипатталыды, яғни бұл орта есеппен бір жұмыс орнында қанша бөлшек операция орындалатынын көрсетеді:

    

                          R x n

                  Кс=---------------

                            P

Кс – сериялық коэффицент;

P - жұмыс орнының саны;

R  - әр бөлшекті дайындау арқылы орындалған орташа операция саны;

n– жұмыс орнының топтарында өңделетін аталған бөлшектер саны.

Бұл коэффиценттің мөлшері өнеркәіп кәсіпорындарының көпшілігінде, мәселен:

-         жаппай өндіріс бойынша 1-ден 3-ке дейін,

-         ірі сериялықта – 4-10,

-         орта сериялықта – 20 және одан жоғары құрайды.

Жеке – дара өндіріс типінде өнім түрі мен көлемінің тез өзгеруі стандартты конструкциялы технологиялық шешімдерді пайдалану мүмкіндіктерін шектейді.

Жек – дара өндіріс типінің айрықша ерекшеліктері:

-цехтардың, учаске мен жұмыс орындарының технологияық жағынан мамандандыру деңгейінің басымдығы және бұлар үшін бұйымдардың үнемі бір түрін өндірудің міндетті еместігі;

-әмбебап жабдықарды пайдалану және оларды бір типті топтарға орналастыру;

-қолмен атқарылатын жұмыстар үлес салмағының көптігі және өндірістік циклдің ұзақтығы;

-жұсышылардың жоғары біліктілігі.

Жеке – дара өндіріс типінің өнімдеріне қатыстылар:

-         бірегей станоктар;

-         темірді жұқарту станоктары;

-         автоматты реакторлар;

-         қуатты электр машиналары,

-         құрылыс объектілерінің көпшілігі жатады.

Сериялық өндірістер:

-         аз сериялы;

-         орта сериялы;

-         көп сериялы болып бөлінеді.

Сериялық өндіріс типі дүркін – дүркін біркелкі партия (серия) күйінде келіп түсуімен сипатталады, ал жеке – дара өндірісте жұмыс орнына қарай еңбек заттары бір – екі данасы ғана түседі.

Мұның жеке – дара өндірістен ерекшелігі: өнімнің белгілі бір бөлігін дайындау жыл бойынша немесе жылдар аралығында қайраланып отырады, ал бұл өнім өндіруді технологиялық мамандандырылған учаскелер бойынша ұйымдастыруға бірден – бір қолайлы жағдай жасайды. [5,   - бет]

Жаппай өндіріске тән сипат: үнемі бір – екі операцияны орындауға бағдарланып, жұмыс орны мамандандырылады (көп жағдайда Кс =1).

Жаппай өндіріс типінің негізгі белгісі – шығарылуы ұзақ мерзімге көзделінген біртекті өнімді неғұрлым көп өндіру. Сондықттан жаппай өндіріске жататын кәсіпорындарға шығарылған бұыйымдардың номенклатурасын шектеп отыру тән. Өнім өндіру көлемінің ауқымдылығы және жүйе тұрақтылығының биік деңгейде болуы егжей – тегжейлі орындалған технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Өндірісті арнайы құрал – жабдықтармен жарақтандыру еңбек өнімділігінің қарқынды өсуіне бірден – бір қолайлы жағдай жасайды.

Жаппай өндірісте мамандандыруды тереңдету өнімнің өзіндік құнын төмендететін өнім сапасын, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі фактор. Мәселен, жеке – дар өндіріс тәсілімен шығарылған автокөліктің өзіндік құны жаппай өндіріс әдісімен шығарылған автокөліктерге қарағанда 20-30 есе жоғары келетін тәжірибеден белгілі.

Сонымен қатар жаппай және ірі сериялық өндірістерде кемшіліктерде жоқ емес. Солардың қатарынан мыналарды атап көрсетуге болады. [5,   -бет]

-өндірістің нақты тұтынушы сұранымына емес, негізінен орташа станлартқа бейімділігі;

-қолда бар арнайы жабдықтарды қайта құрудағы қиындықтардың техникадағы өзгерістерді қысқа мерзім ішінде атқаруға болмайтындығына байланыстылығы.

Жаппай өндірістің осал жақтарын жою үшін дайын өнімнен коаплектелетін материалдарды, бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды стандарттаудың және оларды бір жүйеге келтірудің технологиялық тәсілделін қолдануға болады.

43

 



Қазақстан Республикасының  индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясынының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысының 2006 –2008 жылдарға арналған және осы тапсырма бойынша Мақтарал ауданының өңірлік іс-шаралар

 

 

рет саны

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Орындалуына  жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар,

млн. теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1.

Мақтарал ауылдық окугіне қарасты аумағы 16 гектар жерге жылына 60 мың тонна мақта өңдейтін зауыттың құрылысы салынуда.

2006 жылдың желтоқсан айы

«Азық түлік келісім шарт корпорациясы»

2006 жылдың мамыр- желтоқсан айлары аралығы

1,5 млрд. теңге

Республикалық бюджеттен

2.

Жетісай қаласында мақта майын өңдейтін зауыттың құрылысы

2009 жыл

«Азық түлік келісім шарт корпорациясы»

2009 жыл

-

Республикалық бюджеттен

3.

Атакент кентінде ұрықтық шит дайындау зауытын салу.

2010 жыл

«Азық түлік келісім шарт корпорациясы»

2010 жыл

-

Республикалық бюджеттен

4.

Жетісай қаласында бақша өнімдерін консервілеу цехы

2008 жыл

«Лесбайата» ӨК

2007-2008 жыл

10,0 млн.теңге

өз қаржысы есебі

5.

Асықата кентінде азот тыңайтқыштарын биологиялық жолмен алу

2009 жыл

«Жер нари» ЖШС

2008-2009 жыл

6,5 млн.теңге

өз қаржысы есебі

6.

Мырзакент кентінде биолабороториялық жолмен этномофага өсіру

2010 жыл

ЖК Қарабаев Н.Б.

2009-2010 жыл

2,5 млн.теңге

өз қаржысы есебі

7.

Абай ауылдық округінде жаңа жүзім сорттарын өсіру арқылы оны өндіріп консервілеу

2011 жыл

«Молчанов и К» ЖШС

2009-2011 жыл

89,0 млн.теңге

өз қаржысына

Информация о работе Кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдастыру