Intercontinental қонақ үйінің әкімшілік- шаруашылық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 15:24, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымың тақырыбы Анкара қонақ үиінің әкімшілік-шаруашылық қызметі. Курстық жұмысым негізгі,практикалық,қорытынды бөлімдерден тұрады. Ағылшын тілінде бұл қызмет Housekeeping деп аталады. Ережеге сай әкімшілік-шаруашылық қызметі қонақ үйдегі номерлік қордың басқару қызметінің құрамына кіреді. Әдетте келген қонақтар ең бірінші кезекте қонақ үйдің тазалығын мен реттілігіне көз жібереді, олар әр номерді өз үйлеріндегідей сезініп, жайлы төсек жабдықтарын, мінсіз қызмет түрлерін қалайды. Клиенттердің және қонақ үйдің бірінші орында қоятын талабы тазалық. Қандайда қонақ үй болмасын әкімшілік-шаруашылық қызметінсіз жұмыс істей алмайды,сондықтан қонақ үйде бұл қызметтің рөлі ерекше.

Работа содержит 1 файл

Intercontinental қонақ үйінің әкімшілік- шаруашылық қызметі.docx

— 851.31 Кб (Скачать)

             Горничныйлардың кешкі ауысымындағы қызметі және міндеті

  • Кешкі ауысымдағы супервайзерлерден кілтті, жұмысқа арналған жетпейтін материалдарды алу
  • VIP персон номерін жинау
  • Кешкі сервис түріне номерлерді дайындау
  • Жалпы пайдалану дәретханасының тазалығын бақылау
  • Сауықтыру орталығының тазалығын қадағалау
  • Қызметтік пайдалану орындарының жиналуы
  • Конференц залдарының тазалығы
  • Балаларға, үлкендерге арналған төсектерді дайындау
  • Жалпы пайдалану орындарының тазалығы
  • Қонақтардың сұрауы бойынша толық жинау жұмысын өткізу
  • Келесі жұмыс күніне жинау тележкаларын дайындау
  • Жұмысты аяқтап, супервайзерлерге есеп беру
 

  

       Қонақтардың  жеке  қолданатын  заттары 

            Басқаша  айтқанда қонақтың  бір  рет  қолданатын жеке  заттары: парфюмерлік-косметикалық, парфюмерлік  және  аксесуарлық, сонымен  қатар жеке  гигиеналық  құралдар. Мұндай  заттар маркетинг  құралдарының  маңызды  обектісі болып  табылады, сондай-ақ  ассортименті  өте  үлкен. Оларға: сабын, шампунь, кондиционер, тігін жинақтамасы, душқа арналған қақпақ, сақал  алғыш  құралдар, аяқ киім тазалауға  арналған  құралдар.

       Сабын. Компаниялар  осындай  өнімдерді  әр  түрлі  салмақта,, әр түрлі  орамада,  әр  түрлі сапада  және әр  түрлі   сәндікте  ұсынады.  Қонақ  үйдегі  сабынның көбінесе  қолданылатын  орамасы:  картон қорапшадағы   немесе  пластик   сабын  салғышында  болады. Көбінесе  қонақ  үйдің   заттарын үнемдеу  мақсатында жалпы  сабынды  сұйық   сабынға ауыстырып   қолданады   және сабынды   тәулігіне 3граммнан  қолдану  керек. 

       Сұйықтықтар.Гигиеналық  сұйықтықтар  жоғарғы   класты  отелдерде  қонақтарға  ынталандыру    әкеледі.Олар: шампунь,  шашқа  арналған  кондиционерлер,  душқа  арналған  гель,денеге  арналған  ласьон,тіске   арналған  элексир,бұлардың  көлемі 8-50мл болады.

        Аксесуарлар. Тіс   тазалайтын четка   және  паста,пастаның  көлемі 3грамнан   аспайды. Сақал   алғыш құрал   кішкентай   қораптарға салынған.

         Тігін  жинақтамасы.  Түрлі-түсті 6жіптен, 2ақ  түйме, бір   түйреуіш, бірнеше  ине  қорапшаға  салынған. Сонымен   қатар мынандай  заттарды  консиерж  қызметінен  тегін    алуға  болады. Бұларға:

       Теңіз  тұзы  (ванна),бір   рет  қолданылатын  запонки(қолға   тағатын),галустктермен   бабочки, макияж   кетіруге  арналған  сұйықтықтар, гигиеналық  памадалар, одеколон, дезодарант, әйелдердің  жеке  гигиеналық  заттары, аяқ-киімге  арналған  ұлтарақ(стелка), көзге  арналған  бояулар, бір рет   қолданатын  носки.Бұдан    басқа  қонақ   үй  мына  заттарды  қолдануға  береді:   қосымша фен, балалардың  бесіктері,сәби   бөтелкелері, гүлге   арналған   базалар, грелкалар,  жылытқыш, үтік   және   үтіктейтін  тақтайша, ванна   бөлмесіне   арналған  резинкалық  төсеніштер  және   тағы  басқалар.Осы  заттар 15 минут  ішінде алынып келуі   керек.                       

                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                          Супервайзердің  қызметі мен міндеті

      Супервайзер сөзбе-сөз ағылшын тілінен аударғанда «қадағалаушы, тексеруші» деген мағынаны білдіреді.  Орташа сыйымдылықты отельдерде, шамамен 200 номерде 4-5 супервайзер болады.

Супервайзердің  қызметі:

  • Горничныйлардың ауысымында ұйымдастырылған сапалы жұмысты сенімді қызметкер орнықтырады.
  • Қабылдау қызметінің байланысын және орналастыру, инженерлік-техникалық, басқа да қызметтерді, шаруашылық – тұрмыстық қажеттіліктерді қарастырады
  • Қонақ үй тұрғындарына максимальды вңғайлылық, жайлылық пен компорттылықты ойластыру
  • Қонақ үйде жоғары стандартты тазалықты қарастыру
  • Номерлік қорды жинаудың сапасын, ортақ, тұрмыстық –шаруашылық,  әкімшілік  орналастыруды, қызметтік орналастырулардың реттілігін қадағалайды.
  • Қонақ үйдегі заттардың: интерьер бөліктерін, төсек жабдықтарын, ыдыстардың, уборкалық механизмнің сақталуын қадағалау.
  • Техникалық жабдықтардың және уақытында инженерлік- техникалық қызметтерге заявка жасау
  • Төсек – жабдықтарының санының, шығын материалдарының, жарнамалық өнімдердің әр қабатқа жеткіліктілігін қарастыру
  • Жуу құралдарын басқа да шаруашылық материалдарының жеткіліктілігін қадағалау.
  • Қонақтардың ұмытқан заттарын есепке алу және сақтау
  • Шаруашылық қызметтік типтерге толық жауапкершілік
  • Номердің дайындығын тексеру
  • Горничныйлардың жұмыс кестесін және демалу уақытын қадағалау
  • Санитарлық-гигиеналық ережелердің қатаң ескерілуі
  • Бөлімдерді өндірістік оқыту
  • Әр қызметкерлерге, қонақтарға және бір-біріне  деген ілтипаттылыққа үйрету , өз істеріне жауапкершілікке тәрбиелеу.

       

 

  Кезекші супервайзерлердің бірінші таңғы ауысымындағы  жұмыс       

                                   схемасы

  • Бірінші ауысымға келген супервайзер, жұмыс күнінің басында униформасын киеді, горничный бөлмесінің кілтін алып, қызметкерлерге жиналыс өткізеді.
  • Reception  қонақ үйдегі номерлік қордың түнгі ауысымындағы жұмысының есебін алады.
  • Түнгі смендағы горничныйлардың жұмысын қадағалайды, горничный оған түнгі ауысымның қалай өткені туралы ақпарат береді,  ең маңызды ақпарат  «смен бағдарламасы кітабы» болады.
  • Горничныйларға тапсырма дайындайды,  жұмыс вестибюльіне, кір жуу – химиялық тазалау қызметкерлеріне кілттер таратады.
  • Басқа да супервайзерлерге жұмыс сәтті болу үшін  маңызды ақпараттармен таныстырады.
  • Кезекші супервайзер бірінші смендегі бөлме жұмысын толықтырады, телефон этикетімен қоңырауларға жауап береді.
  • Клиенттердің жуу, үтіктеу,химиялық тазалау заказдарын қабылдайды, заказдың, қонақтың барлық тілегінің орындалуын қадағалайды, клиенттердің сұрағына қысқаша жауап береды.
  • Кешкі смендегі  қызметкерге ақпараттық  бағдарлама дайындайды.   

             

     

                          Номерді жинау  сапасының қадағалануы

       

    Қонақ   үйдегі  әкімшілік-шаруашылық  қызметі  номердің жинау жағдайын супервайзерлер  тексеруге міндетті. Номерлік қор  күн  сайын 100% да супервайзерлердің қадағалануында  болу керек.

       Ауысым  аралығында супервайзерлер  горничныилардың мына  жұмыстарын   қадағалап, қарастырады

    -санитарлық-гигиеналық  нормада

    -жұмыс  техналогиясының  талаптылығы

    -жинаудың  стандартты  талабы

      Супервайзердің жұмыстық  құжаттары,қызметкерлік  тапсырмада горничныйлардікі  сияқты болып   келеді.Қызметкерлік  тапсырмалармен бірге  супервайзерлер  аталған  планшеттегі  жазуға  ыңғайлы  арнайы нақты папкілерді  алады. Өйткені  супервайзерлердің  жұмысы тұрақты  қонақ үй орналастыруларымен  байланысты.Горничныйлардың қаншалықты сапалы, жеткілікті жұмыс  жасағанын тексереді.Номерді тексеру процесінде супервайзерлер өзіндік  қызметтік   тапсырмаларда әртүрлілік мінездер жасайды.Суперваизердің жұмыс құжаттарына қонақтардың  барлық жағынан  мүмкіндікті толық өтініштері жазылады. Суперваизерлердің жұмыстан  шықпас бұрын, ұмытып қалмау мақсатында ақпарат көлемін арнайы папкаға жазады. Супервайзерлердің тексеруі кезінде, горничныилар әрқашанда номерді жинау кезінде мұқият болу керек.Бұларға:кафель плиткаларын, қол жуғыш үстін,полка мен шкаф төбесін,мебелдің  барлық жақтарын, жоғарыдағы картинка менэстамптарды, желдеткіш решеткаларының толықтай сүртілуін қадағалау керек.Супервайзерлер орнықты тексеру кезінде жинау жұмысының сапасын ақ қолғаппен немесе салфеткамен тексереді. Горничныйлардың қызметкерлік тапсырмалары супервайзерлердің жауаптылығымен жүргізіледі. 
     
     
     

                      
     

                          Практикалық бөлім 

       Интерконтиненталь қонақ үйінің  әкімшілік-шаруашылық қызметі

  Бұл  қонақ үйде 277 номер қоры бар:  люкс, VIP люкс, президенттік апартамент стандартты номерлер бар, әр номерде LCP экранды теледидар, аудио-видео құрылғылары, мини – бар, тоңазытқыш, қазіргі заманға жиһаздар, сәнді төсек-жабдықтары және әр номерде 4 трубалы жүйелі кондиционер т.б. жабдықтар бар. Люкс-49, клубтық – 13, VIP люкс-9, президенттік – 1, апартаменттік – 15 номер қоры бар.

                                    Қонақ үйдің бөлмелерін  жинау технологиясы

    Қонақ үйдің  көбісі  бөлме жинаудың  мынандай  реттілігін  қолданады.

  1. «Please make up my room»   деген тақтайша ілінген бөлме жиналады.
  2. Одан кейін бос номерлер немесе брондалған номерлер жиналады.
  3. Қонақ шығып кеткен номерді жинау.
  4. Қонақ тұрып жатқан номерлерді жинау      

        

                            Номерлерді жинау түрлері

  1. Тұратын бөлмелерді мезгіл сайын жинау
  2. Қонақ  шығып кеткен бөлмелерді жинау
  3. Бөлмені аралық жинау (бұл қонақтың қалауынша қосымша жинау)
  4. Генералды жинау

                      
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                      

                        Жинау әдістерінің процесі 

                Әдетте горничный    бөлмелерді қонақ жоқ кезде  жинайды. Егер клиенттің номерден ертерақ кеткенін көргенін Reception  оған номердің кілтін береді. Осындай уақытта жоғары классты отельдегі клиенттер электронды – карталық кілтті қонақ үйден кетпестен бұрын беріп кетуге міндетті. Егер Receptionде кілт жоқ болса, клиент өзімен бірге, кілтті алып кететін болса, онда жұмыста қиындық туындайды. Қонақтарға және қызметкерлерге ыңғайлылық үшін қонақ үйде арнайы табличкалар қойылады. «Менің бөлмемді тазалауыңызды өтінемін» және «Өтінемін мазаламаңыз». Табличкадағы мәтін міндетті түрде барлық жақтан түсінікті және бірнеше тілде болуы керек.  

     
     
     
     
     

Ө 
 
 
 
 

                                  
     
     
     
     
     
     

      Әр клиентте осы екі табличка бар болса жақсы болады. Көбінесе табличкалар қатты қағаздармен, плассмассалармен толықтырылған дұрыс. Горничный барлық номерді жинап, жауапты қызметтік тапсырманы орындайды. Ал есіктегі  табличкада «Мазаламаңыз» деген жазу болса, онда келесі кезекте жинау керек,  бұл номердің жанынан шуламай өту керек, көбінесе шаң сору  жұмысын жүргізбеу керек.

          Номердегі есіктің  ручкасында  «Мазаламаңыз»   деген табличка  ілінбей тұрса,  есікті ақырын  ғана екі-үш рет  тоқылдатып  Housekeeping деп айту керек. 15-20 сек аралығында  осы сөзді қайталап, егер жауап болмаса,  горничныйлар кіріп,  бөлмені жинауды  бастайды. Егер қонақ  есікті өзі ашса, амандасып, бөлмені  қай кезде жинауға  болатынын сұрау  керек.  Горничный  әрдайым қонақ  туралы мәлімет  білуі керек, қонақтың  атын, ұлтын, кіммен  келгені туралы (кейбіреулері  жанұясымен, ал кейбіреулері  жануарларымен келеді) толық мәлімет  білу керек. Горничный  бөлмені жинаған  кезде,  есікті  жауып қояды және  жинау процесі  кезінде өте жинақы  әрі ұқыпты болу  керек. Горничный  номерді жинауды  уақтысында орындалуын  білуі керек. Қоқысты  тастауды, номерде  қандай заттар  жетіспейтіндігін  анықтау керек.

       Номерді жинау  процесі келесідей  көрсетіледі:

  • Орналастырудың реттілігі
  • Жинау және ыдыстарды жуу
  • Төсектің жиналуы
  • Кір болған мебельді тазалау
  • Кілемшелерді тазалау
  • Санузельдерді тазалау

 

            Номердің жиналуы  жауаптылықпен санитарлық  нормада өту керек.  Жоғарғ классты  қонақ үйлерді  тазалықты орнықтыру  операциялардағыдай  өтеді, марлылық  повязка, қолғап, резиналық фартук, арнайы дезинфекциаланған  қоспалар, жоғары  дәрежелі гигиеналық  нысанда болу керек.

            Жинау жұмысның  басында горничный  шаммен  светельникті  өшіріп, пердені және  терезені ашу керек.  Уақытша бөлмені  желдеткенше, санитарлық  жабдықтарды ваннадағы  жуушы және тазалаушы  құралдарды өзіңе  жеңіл болу үшін  тазалап, сүртіп  қою керек.

Информация о работе Intercontinental қонақ үйінің әкімшілік- шаруашылық қызметі