Бақылау менеджмент функциясы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 19:55, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Басқару-ұйым қызметінің оның жоспарына сәйкес келіп, қойылған мақсаттарына жету үшін арналған процесс. Жоспарсыз, қойылған мақсатсыз басқаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Өйткені, жоспар мен мақсат ұйым қызметкерлерінің ұйымға қажет жүріс-тұрыс бағытын белгілеп, ұйым дұрыс қызмет ету үшін ұйымның барлық мүшелерінің басшылыққа алуы тиіс ережелер мен процедурларды анықтайды.

Работа содержит 1 файл

Бақылау менеджмент функциясы ретінде..docx

— 73.66 Кб (Скачать)

Бақылауда тиімділікке жету үшін стратегиялық сипаты, яғни ұйымдастырудың жалпы  басымдылығы болуы тиіс.

Бақылаудың  мақсаты-нәтижелік. Мәліметті жинау  және оның дұрыс екендігін жариялау осы мақсатқа жетудің құралы. Бақылауды сол уақытта ғана тиімді деуге болады, егер ұйым ойлаған мақсатына жетіп, алдына жаңа мақсатты қоя білсе.

Тиімділікке жету үшін бақылау, бақыланатын іске сәйкес болуы тиіс. Ол ақиқат өлшемін  айқындауы, әрі ең маңыздысын бағалауы қажет.

Бақылаудың  өтімділігі оны дер кезінде жүргізуге байланысты. Бақылаудың дер кезінде өткізілуі оның жеделдігінде немесе өткізу жиілігінде емес, бақылау нәтижелігінде.

Бақылау, жоспарлау секілді, барынша икемді, болып жатқан өзгеріске бейім  болуы тиіс.

Бақылау барынша қарапайым болған жөн. Бақылаудың қарапайым тәсілдері әрі жеңіл, әрі тиімді келеді. Бақылаудың тым күрделенуі берекесіздікке ұшыратады. Тиімді болу үшін бақылау адамдардың қажеті мен мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс.

Тиімді  бақылаудың келесі сипаттамасы –  үнемділік. Бақылауда көптеген жанама шығындар болады. Мәселен, жұмыс уақыты шығыны мен ресурстар бөлу.

Өз бизнесін шетел нарықтарында жүзеге асыратын ұйымдар үшін бақылау қызметі  біршама күрделене түседі. Менеджерлер  өз еліндегі бизнестің ғана емес, сондай-ақ өзінің халықаралық бизнесінің де жай-күйін  білуі тиіс. Олардың бизнесі неғұрлым аумақты болса, бақылау функциясын жүзеге асыру да соғүрлым қиындай  түседі. Мұндайда олардың әрекеттері үш бағытта жүргізіледі: ештеңе қолданбау, ауытқуды жою немесе стандартты қайта  қарау.

Егер  нақты нәтижені стандартпен салыстырғанда  көздеген мақсатқа жеткені айқындалса, онда ештеңе қолданбауды ұсынады.

Ауытқу  байқалған жағдайда, сол ауытқудың  себебі анықталса, онда ұйымды жоспарланған іске қайтару шараларын қолданып, ауытқуды жояды.

Түзету  енгізуді бір ішкі ауыспалы факторлардың мәнін жақсарту, басқару функциясын немесе технологиялық процестерді  жетілдіру арқылы жүзеге асырады.

Стандарттар жоспарларға негізделеді, ал мұның  өзі болашақ болжамы ғана болып  саналады.Сондықтанда стандарттар  нақтылы болмаса, онда жоспар да стандарт та қайта қаралады (көбейтеді немесе кемітеді).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой -  тұжырымдамаларды  жасауға болады.

Жалпы, курстық  жұмыстың жазылу құрамына кіріспе, үш бөлім, алты сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиетті қамтып отыр.

Курстық жұмыстың тақырыбы «Менеджмент жүйесіндегі  бақылау », осы тақырыпты таңдаған себебім, әрбір кәсіпорын өзінің қызметін тиімді және пайдалы жүргізу үшін бақылау қызметін пайдаланады, сондықтан да бұл басқарудың маңызды функцияларының бірі болып табылады. Бақылаусыз ешқандай кәсіпорын өз жұмысын жүргізбейді. Кез келген ұйымда бақылау қалай жүргізетіндігін басшы өзі қабылдайды және қорытынды бақылауды өзі жүргізеді.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде бақылау  түсінігіне жалпы теорилық мілеметтер берілген болатын. Осы бөлімде мен  қарастырған басты сұрақтарым ол бақылаудың табиғаты мен мақсаты, түрлері, бақылау процесінің кезеңдері және басқарушының жауапкершілігі.

Сонымен, бақылау бұл - бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамассыз ету процесі. Бақылау бұл қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру.

Бақылаудың  басты принциптерінің негізгілері- бақылау тұтастай қамтылуы тиіс, ол басқару процесінің негізгі элементі болып саналады.

Бақылаудың  негізгі үш түрі бар: алдын ала; күнделікті; қортынды.

Бақылау – өз дамуында өндірістік циклмен  сәйкес үздіксіз процесс. Ол 3 негізгі  кезеңнен тұрады: стандарттар жасау; нәтижелерді стандарттармен салыстыру; қажетті шаралар қабылдау.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде бақылау  – басқарушылық шешім қолдаудың  технологиясы туралы және қаржылық бақылау  туралы жалпы мағлұмат беріледі.

Басқарушы бақылау кызметін жүргізгенде қандай да бір қорытынды жасайды. Осы  қорытынды жасауға басшы ең алдымен  бақылаудың бірнеше түрлері көмектеседі. Олар аудиторлық бақылау, қаржылық бақылау, технологиялық бақылау және тағы да басқа.

Ал үшінші бөлімде бақылау қызметінің қазіргі  кездегі тиімді пайдалануы. Қазіргі  замаңға сай бақылаудың көптеген жаңа түрлері қолдануға. Көбінесе автоматтандырылған болып келеді. Кез келген кәсіпорында, оқу мекемелерінде, ауруханаларда, кез келген ұйымда қазіргі кезде заманға сай видео бақылауы жүргізіледі. Осы бақылаудың жаңа бір түрі болып табылады. Ол арқылы басшы тікелей жұмыскерлердің жұмысын бақылап, қадағалай алады.

Сонымен қатар қазіргі кезде бақылаудың бір ажырамас бөлігі ол ақпараттармен  уақытылы және толық көлемде болуы. Яғни оның сенімді көзден алуы да өте  маңызды болып табылады.

Кез келге  бақылаудың түрі жұмыскерлерде наразылық  тудырады, бірақ бақылаусыз жұмысты  тиімді жүргізу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан да әрбір басшы өз жұмыскерлеріне қолданылған бақылаудың түрі туралы түсіндіріп, оның жағымды әсерін туғызуға тырысу керек. Тек сол кезде ғана ұйымның басшысы мен жұмыскерлері арасында жақсы қарым-қатынас пайда болады. Ал жақсы қарым-қатынас бар жер де, міндетті түрде жұмыс жақсы, жоғары деңгейде жүреді. Ал жұмыстың солай жүруі басшы мен жұмыскерлерге де тиімді болып келеді.Ол туралы В.Зигерт пен Л.Ланг наразылық тұғызатын жеті түрлі қатені зерттеп шығуға тура келеді.

Бақылаудың жүргізілуі тікелей ұйымның басшысына тәуелді, ол қабылдаған жол арқылы бүкіл ұйымның қызметінің жүргізілуі тәуелді болады.

Сонымен, менің осы курстық жұмыстың басты  мақсаты ол өзімнің сыныптастарыма менеджмент жүйесіндегі бақылаудың ұғымы туралы барынша  көп мәлеметті  түсіндіріп, оны жылдам игеріп алуға  өз көмегімді тигізу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Анафияева ЖМенеджмент: Оқу құралы.  Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. 146 б.
  2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 ;
  3. Бердалиев К.Б.  «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика,  2005.;
  4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.;
  5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды 1995г. ;
  6. Жакенова Б., ТәмпішеваҚ., Мақсатова Л., «Менеджмент негіздері» оқулық, Астана 2011ж.;
  7. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997г.;
  8. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995г.;
  9. Ленд П.Э Менеджмент искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995г.;
  10. Опалев А.В Умение  общаться с людьми. Этикет делового  человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996г.;
  11. http://www.fingramota.kz
  12. http://www.provko.kz
  13. http://www.kaznacheistvo-almaty.kz

 

Информация о работе Бақылау менеджмент функциясы ретінде