Бақылау менеджмент функциясы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 19:55, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Басқару-ұйым қызметінің оның жоспарына сәйкес келіп, қойылған мақсаттарына жету үшін арналған процесс. Жоспарсыз, қойылған мақсатсыз басқаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Өйткені, жоспар мен мақсат ұйым қызметкерлерінің ұйымға қажет жүріс-тұрыс бағытын белгілеп, ұйым дұрыс қызмет ету үшін ұйымның барлық мүшелерінің басшылыққа алуы тиіс ережелер мен процедурларды анықтайды.

Работа содержит 1 файл

Бақылау менеджмент функциясы ретінде..docx

— 73.66 Кб (Скачать)

Қаржылық бақылаудың міндеттері:

-  ұлттық шаруашылықтың қорлары мен ақшалай табыстарының мөлшері мен қаржы ресурстарын қажетсінуі арасын баланстауға ықпал ету;  
-   мемлекеттік бюджет алдындағы қаржы міндеттемесінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

-  қаржы ресурстарының өсуі, оның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнімнің рентабельділігін арттыру бойынша өндірісшілік резервтерді анықтау;  
- кәсіпорындар мен ұйымдарда және бюджеттік мекемелерде ақша ресурстары мен материалдық құндылықтардың рационалды жұмсалуына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың дұрыс жүргізулуіне ықпал ету;  
-  қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарға салық салу саласы бойынша сақталуын қамтамасыз ету;

-   кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне, оның ішінде валюталық операциалар бойынша белсенді қатынасуына ықпал ету,т.б.

Қаржылық бақылаудың функциялары:

1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (алынған соманың шығындарға сәйкестігін және мемлекеттік қаражаттардың пайдалану тиімділігін);  
2) қаржы жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік ресурстардың толық әрі уақтылы жұмылдырылуын тексеру;

3)есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын тексеру.

Бюджеттік бақылауға жергілікті қаржылар және мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары  да қамтылады.  
Қаржылық бақылаудың жүзеге асыру үшін жоғарғы білікті мамандар қамтылған ерекше бақылау органдары құрылады.  Елдің заңнамалық органдары бюджет жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік бюджет, ұлттық шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарын бекіту мен қарауды бақылайды. Жұмсалатын шығындардың мақсаттылығы , заңды және тиімді түрде мемлекеттік құралдарды пайдалану бақыланады. 

1. Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарды бақылайды:

1)бюджет түсімдерінің көздерін, оларды үкімет және заңнамалық органдардың үнемді, ысырапсыз пайдалануын;

2)мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуын, мемлекеттік кәсіпорындардың , мемлекеттік меншіктің жекешелендіру жұмысын;

3)арнайы қорлар қаражаттарын пайдалану;

4)қоғамдық ұйымдардың, партияларды қоса алғанда, жарғылық мақсатқа сәйкес алынған кіріс көздерінің пайдалануын.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың арнайы ведомствосы. Қаржы министірлігіне бағынатын қаржылық бақылау комитеті. Қазақстан Республикасының барлық субъектілерінде Қаржылық бақылау комитетінің органдары болады. Бұл аппарат түгелімен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Қаржылық бақылау комитеті-мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын жалғыз жүйе. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырады.  
-мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды және мекемелерді тексеруді құжаттайды;  
-Ішкі істер министірлігінің тапсырмасы бойынша ұйымдасқан қылмыспен күресу шеңберінде тексеру жүргізеді. Бұл құрлымдағы басты мәселе-қаржылық бақылаудағы заңнамалық база.

3.Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары. Мемлекеттік комиссиялар, мемлекеттік комитеттер, министрліктер мен ведомстволар қаржылық бақылауды арнайы ревизиялық аппаратпен өткізеді.

4. Қаржы министрлігі басқаратын қаржы органдары бюджет қорындағы қаржының қолданылуы мен жұмылдырылуы үдерісін бақылайды.  
Бюджеттік бақылау экономиканың дамуы мен мемлекеттік бюджет түсімінің максималды өсуін қамтамасыз ететін оңтайлы қаржы саясатын жүргізуге ықпал етеді . Бақылаушы органдар мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-өндірістік қызметіне ревизияның барлық түрін жүргізеді.

5. Салық қызметі- бұл қаржылық бақылауды жедел жүзеге асыратын органдар. Салық органдарын Қаржы министрлігінің Салық комитеті басқарады. Салық комитеттері тек өзінен жоғары тұрған органға ғана бағынады.

Салық қызметтерінің жұмысы болып  мыналар табылады:  
а) салықтар туралы заңнаманың орындалуын бақылау,өз уақытында бюджетке салықтық төлемдердің төленуін және толықтылығын қамтамасыз ету;  
ә) ведомстволық бағыныштылығына және ұйымдық-құқықтық нысанына тәуелсіз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тексеру;  
б) салық салынатын табыстың дұрыс анықталуын бақылау;  
в) барлық субъектілерді, сондай-ақ нақты салық салу объектілерін тіркеу;  
г) мемлекет меншігіне өткен иессіз, тәркіленген мүліктерді есепке алу, бағалау, өткізу.

Салық қызметінің құқықтарына мыналар  жатады; меншіктің әр түрлі нысанындағы  ұйымдардан заң бойынша комерциялық  құпияны білдіретін ақпарлардан  басқа құжаттар мен мәліметтер алу; азаматтардың кәсіпкерлігі туралы заңнаманың сақталуын бақылау; табыс табу үшін пайдаланылатын ғимаратты зерттеу; құжат ұсынбаған жағдайда азаматтар  мен кәсіпорындардың барлық операцияларын  тоқтату; табыс жасырғанын куәландыратын  құжаттарды алу;санкция мен айыппұл қолдану;мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін кәсіпорынды жою туралы сот пен арбитражға талап беру. Салық қызметінің қызметкерлері үстінен шағымдануына болады.  
Қаржылық заң бұзушылықтармен, сондай-ақ , қаржы полициясы айналысады. Олар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, мемлекеттік қаржы ресурстарына ысырап жасау фактілерін анықтайды.  
Тауар –ақша қатынастарының дамуы әр түрлі меншік түрлерін туындатады, қаржы бақылауының әр түрлі нысандары мен құралдарының пайда болуы мен дамуын анықтайды қаржы нарығының қалыптасуына ықпал етеді.

Әміршілдік-әкімшілдік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикасына көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай-ақ, салықтар мен алымдардың мемлекеттік, жергілікті бюджеттерге толық түсірілгенін анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады. Қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарды ең алғашқы сатысында пайдаланудың қабылданған нормативтері мен стандарттарынан ауытқуды ашу білікті органдарға уақытында бағыттаушы шара қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, заң бұзушылықты болдырмас үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуге және келешекте басқа да кері көріністерді болдырмас үшін зор маңызға ие.

Қаржылық  бақылау – ұлттық өнімнің жалпы  түсімінің соған сәйкесті қаржы  қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын  тексеруге бағытталған ерекшеліктері  бар қызмет түрі. Қаржылық бақылаудың қажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына бақылау  функциясы қашаннан тән. Қаржылық бақылаудың пәнін анықтауда мақсаты, функциясы және оның міндеті тәрізді мазмұнын да анықтау қажет.

Қаржылық  бақылаудың пәні болып белгіленген  ереже негізіндегі нормативтік  –құқықтық реттеуді сақтауға негізделген  ұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі  мен қаржылық ресурстарды басқару  болып табылады. Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашу кезінде қалыптасу  аясындағы істің мақсатқа сәйкес және жеке тұлғаларды тексеру шаралары мен орган жүйесі екенін атап өту орынды.

Қаржылық  бақылау- заңдылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік, заемдік және меншіктік  қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға  көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.

Мемлекеттік қаржы қорын пайдалануды, бөлуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды, мемлекеттік  пен муниципалдық унитарлық кәсіпорындар мен әр түрлі ұйымдарға пайда болу тәртібін бекітетін, тағайындайтын және құқық нысандарын тура сақтауды талап етуді қаржылық тәртіп деп түсінуге болады.

Қаржылық  бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол – қолдануының  белгілі бір ерекшеліктері бар  және мақсатты бағыты болатындығы.

Қаржылық  бақылаудың ең негізгі мақсаттарының  бірі – кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да экономикалық субъектілердің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануы мен қаржылық саясатты табысты жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады.

Бақылаудың  қаржылық функциясы өндіріс үдерісіне, бөлінуіне, айырбасқа және материалдық  игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал  етуіне мүмкіндік жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөліну үйлесімділігінің жинақталуын, қорлардың қалыптасу көздерінің қатынастарын және оларды пайдалану жағдайларын ескертеді.

Бірақ бұл  мүмкіндік қоғамдық қатынастар мен  белгілі бір жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады, яғни:

а)ерекше қаржылық бақылау органдарын құру;

б)қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;

в)үкіметтік, ведомстволық, қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының реттемелеу.

Қаржылық  бақылау функциясы өндірістік ресурстарды  басқару құралы ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның экономикалық потенциалын  анықтайды. Егер қаржы экономикалық негіздердің қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни, қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдаумен қатар) басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық санаты болып саналады.

Қаржылық  бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда  жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржы-экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті қаржы қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды нысандармен, оның ішінде еңбек ақысын төлеуге, өнімнің өзіндік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестицияларға байланысты. Сонымен бірге, қаржылық бақылау мемлекеттік аймақтық құрылымдардың, мекемелелердің, ұйымдардың бюджеттік бөлінген қаржыларды дұрыс пайдалануын тексеріп, қызметтерінің барлық жағын, оған қоса кеңейтілген желілері мен контингенттерін (шектелімдерін), қаржыны белгіленген мөлшерде жұмсалуын және т.б. жүзеге асырады.

Қаржылық  ресурстарды басқару өндірістің барлық аясындағы және экономикалық субъектінің қаржылық саясатын көрсетілген  тәжірибеге сәйкесті дөрежесін анықтау  үшін ғылыми негізделген әдістер жолымен жүргізіледі.

Қаржылық  бақылау институты мелекеттің бақылау  органдарының жалпы құрылымының  құрамдық элементі ретінде және қаржылық тетіктің ең маңызды элементі ретінде көрінеді.

Қаржылық  бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері анықтадық. Оның ішіндегі ең маңызды  мыналар:  
1) мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар алдындағы қаржылық міндеттеменің орындалуын тексеру;

2)заңды және жеке тұлғаларға салық салу жөніндегі іс жүзіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;

3)экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп беруін бақылау;

4)бюджеттің барлық деңгейлерінің дұрыс құрастырылуы мен орындалуын бақылау;

5)кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарын тиімді пайдалану мен жағдайын тексеру;

6)қаржылық ресурстардың резервтерінің көбеюін, шаруашылық қаржысының айналымын тездету, еңбек өнімділігінің, қызметтің пайдалылығының арттыруды анықтау;

7)ұйымдар мен мекемелердің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалануы және қаржылық операцияларды, есеп айырысуды жетілдірудегі ережені сақтануды тексеру;

Информация о работе Бақылау менеджмент функциясы ретінде