Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:40, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевдың «Қазақстан – 2030 Стратегиясы» Жолдауында: «Біздің босаң тұстарымыздың қатарына осал жағымызды — жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқаруды жатқызған жөн. Мұның өзі де таза қазақстандық проблема емес. Бұл құбылыспен түгелдей барлық колониализм дәуірінен кейінгі дамушы және коммунистік кезеңнен кейінгі елдер бетпе-бет келді. Бүгінгі танда көптеген проблемалардың шешімі осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес.
Кіріспе..................................................................................................................3
1. Басқару ісінің стиліне және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікке сипаттама
1.1 Басқару стилінің түсінігі және қалыптастыру факторы............................6
1.2 Стиль түрлері және оның сипаттамалары
1.3 Басшының тәртібіне асер ететін факторлар....................................................9
2. Басқару стилі және мемлекеттік басқарудағы жауапкершіліктің ерекшеліктері
2.1 Мемлекеттік басқару ісіндегі стиль және жауапкершіліктің өзара байланысы.........................................................................................................14
2.2 Экономиканы мемлекеттік басқару стилінің ерекшеліктері.......................16
3. Басқару қызметінің стилі және оны жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру бағыттары......................................22
3.2 Мемлекеттік басқару стилін жетілдірудегі шетел тәжірибелерінің рөлі-25
Қорытынды.....................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................27
Қосымша.........................................................................................................28
Материалдық себептер мынадай үш түрде:
— қоғамдық;
— ұжымдық;
— жеке түрде көрінеді.
Материалдық себептерге:
— материалдық жағынан ынталандыруды қолдану жатады.
3.2 Мемлекеттік басқару стилін жетілдірудегі шетел тәжірибелерінің рөлі
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда, ФРГ және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуында маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық экономиканы басқару органының аймақтық филиалдары құрылған. Тиісті аймақтық Комиссияның міндетті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып таылған. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді.
Нарықтық жүйеге көшуге байланысты
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдер ағымдағы, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми - әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді, Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешенді даму департаменті және т.б. жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасуының ұзақ мерзімді мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады.
Түркияда орта мерзімді жоспарлау 1963 — 1967 жж. бірінші бесжылдық жоспардан басталып, жүйелі түрде жоспарлау уақытының міндеттеріне байланысты жүзеге асырылуда. Осындай алтыншы бесжылдық жоспарда (1988 - 1992 жж.) нарықтық жүйенің дамыған күйін ескеріп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға көп көңіл бөлінді.
Германияда экономиканы басқару стилі біраз басқаша мұнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекетің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде./7/
Басқару стилі органдардың басты міндеттерінің бір аймақтардың үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 3982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейнің функциялары ажыратылған (коммуналар, департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсіздігі жоқ.
Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық экономикамен үйлесімді байланысуға Швецияның, Англияның, Германияның, Оңтүстік Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізе асыра отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг қызметін жетілдірудің бірнеше қолайлы жақтарын бөледі. Соның ішінде, жоспарлау:
1) басшылардың үнемі болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкіндік береді;
2) мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қолданылатын шараларды үйлестіреді;
3) көрсеткіштерді анықтау және олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;
4) алдағы мәселелердің және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етеді;
5) шұғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді;
6) барлық қызметкерлердің міндеттерінің өзара байланыста, қарым-қатынаста екенін көрсетеді.
Аталған пункттерден (халық шаруашылығының алдыңғы звеноларында ғана емес) ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші және алтыншыны айтуға болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз қолданылады./10/
Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады. Біріншіден, бюджеттік қаржыны қаржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шарушылығының басымдылықтарын және білімді кол қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Бельгияда және басқадай мемлекеттерде мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыстың үлесі 50% жоғары, ал Францияда, Австрияда және ФРГ-де 50% шамасында. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Жапонияда 30% ғана.
ҚОРЫТЫНДЫ
Басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде ол өзінің міндетіне лайық әрекет етеді Әйтсе де, бұл жағдайда әрбір басшы оның басшылық стилін айқындайтын басқару процесінде өзіне тән әдіс-әрекетімен, өзіндік ерекшелігімен көрінеді. Барлық жағынан ұқсас екі адамның болмайтын сияқты, бір-бірінен айнымайтын басшылық стилі де болмайды. Басшылық стилі басшылар мен бағыныштылардың араласуымен, олардың өзара қарым-қатынасымен, бүкіл еқбек ұжымның ықпалымен қалыптасады.
Басқару стилі — бұл басқарушылық бағынушыларға деген үйреншікті үлгілі тәртібі, яғни ұйымның өз мақсатына жетуі үшін әсер етуі мен оларды оятуы. Басқарушы өзінің биліктілігін жүргізетін дәрежеге дейінгі өзіне де қолданылған биліктің типтері және бұлардың бәрінен бұрын оның адамгершілік қарым-қатынас жасауға немесе міндетті орындауына қамқорлылығы. Осының бәрі басқару стилін көрсетіп, аталған лидерді сипаттайды.
Демократиялық стиль басым болған жағдайда, ұйымдарда орталықтандырылмаған биліктілік жоғары дәрежеде сипатталады. Баганушылар шешім қабылдауға белеенді қатысады және тапсырманы орындауда кеқ бостандыққа ие болады.
Басқарушы өз уақытының кеп бөлігін байланыстырушы ретінде шығындайды, өндірістік топтық мақсаты мек ұйымның мақсатынық толық сәйкес болуьш қамтамасш етеді және де сол топтың өзіне кажет қорларын алуын қамтамасыз етеді.
Әр жағдайда өзінің басқару стилі сәйкес келгенімен, өзгенің басқару стилі толығымен тұрақты болып қалады деген ойды Фидлер атап көрсеткен,
Фидлердің ұйғаруы бойынша, адам өзініқ басқару стилін жағдайға бейімдей алмайды, яғни, ол кезде басшыны тұрақты басқару стиліне сәйкес келетін жағдайларға орналастыруын ұғынады.
Бұл басшының жеке қасиеттерімен, сол жағдайға ұсынылған талаптардың арасындағыларға тиісті баланспен қамтамасыз етеді, ал мұның өзі жоғары өнімділік пен қанағаттанарлық деңгейге әкеледі.
Басшы мен ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас жақсаруы немесе нашарлауы және міндеттері құрылуы немесе құрылмауы, мүмкін, ал басшының лауазымды өкілеттілігі үлкен және кіші болуы мүмкін. Осы үш өлшемнің әр түрлі байланысы сегіз потенциалды басқарутпылық стилін беруі мүмкін.
Сонымен, қорыта келе, басқару стилі дегеніміз - алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс.
Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі.
Басқару әдістері дегеніміз — басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғышарты болып табылады.
Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемаеына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жаллылама түрде талдау жасау маңызды.
Басқару әдістері оқшау емес, бірге пайдаланылады. Барлық басқару әдістері бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолданылу шеңбері болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н.Назарбаев. Казақстан — 2030. Алматы, 1997, /195 б./.
2. Қазақстан Республикасы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңы /7,23/
3. Қазақ КСР-індегі мемлекеттік басқару органдарын қайта құру» және «Қазақстан Республикасының экономикалық реформалар жағдайында мемлекеттік басқару органдарының қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жайында» Президент Жарлықтары /25 б./
4. «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы»//Алматы – 2001/12 б./
5. Төлешова Г:Н. Мемлекеттік басқару теориялары//Алматы-2008/258-
6. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».
Алматы -2001 ж./357 б./
7. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж./79/
8. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003 ж./77 б./
9. Ахметов Менеджмент негіздері, Алматы – 2005/123 б./
10. Қашықов Ш.Қ. , Ахметов Д.К. Басқару теориясы//2002/367 б./
11. Танкеева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері: Оқу құралы//Алматы-2007
12. Утибаев Б.С. Государственный бюжет. Алматы. Экономика, 2006
13. Басқаруды жетілдірудің бастаулары//Егемен Қазақстан, 07.06.08-9 б.
14. Мемлекеттік басқарудыі негізгі мәселелері//Саясат-№7-2009 ж.-47 б.
15. Басқару стилі және оның өзекті мәселелері//ҚазҰУ Хабаршысы, Экономика сериясы-2008, №11
ҚОСЫМША. Басқару стилі
24
Информация о работе Басқару қызметінің стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік