Басқару қызметінің стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:40, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевдың «Қазақстан – 2030 Стратегиясы» Жолдауында: «Біздің босаң тұстарымыздың қатарына осал жағымызды — жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқаруды жатқызған жөн. Мұның өзі де таза қазақстандық проблема емес. Бұл құбылыспен түгелдей барлық колониализм дәуірінен кейінгі дамушы және коммунистік кезеңнен кейінгі елдер бетпе-бет келді. Бүгінгі танда көптеген проблемалардың шешімі осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Басқару ісінің стиліне және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікке сипаттама
1.1 Басқару стилінің түсінігі және қалыптастыру факторы............................6
1.2 Стиль түрлері және оның сипаттамалары
1.3 Басшының тәртібіне асер ететін факторлар....................................................9
2. Басқару стилі және мемлекеттік басқарудағы жауапкершіліктің ерекшеліктері
2.1 Мемлекеттік басқару ісіндегі стиль және жауапкершіліктің өзара байланысы.........................................................................................................14
2.2 Экономиканы мемлекеттік басқару стилінің ерекшеліктері.......................16
3. Басқару қызметінің стилі және оны жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру бағыттары......................................22
3.2 Мемлекеттік басқару стилін жетілдірудегі шетел тәжірибелерінің рөлі-25
Қорытынды.....................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................27
Қосымша.........................................................................................................28

Работа содержит 1 файл

Баскару кызмети стили - мем баскару жауапкершилик.DOC

— 184.50 Кб (Скачать)

А і — Қазіргі кездегі бар хабарламаңызды пайдаланып, сіз мәселені өзіңіз шешесіз немесе шешім қабылдайсыз.

А п - Сіз өзіңіздің бағынушыларыңыздан керекті хабарламаны алып барып, сонан соң сол мәселені шешесіз.

С і   — Сіз мәселеге қатысы бар бағынушыларға жеке-жеке түсіндіріп, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдайсыз, бірақ олардың бәрін топқа жинамай, түсіндіресіз. Сонан кейін барып шешім қабылдайсыз, ал ол өзіңіздің бағынушыларыдыздың әсерін тигізуін немесе тигізбеуін көрсетеді.

С п — Сіз мәселені өзіңіздің бір бағынушыларыңызға айтып түсіндіресіз және бүкіл ұжым барлық айтылған идеялар мен ұсыныстарды тыңдайды. Сонан соң шешім қабылдайсыз, ал ол өзіңіздің бағынушыларыңыздың әсерін тигізуін немесе тигізбеуін көрсетеді

С ш — Сіз мәселені өзіңіздің бір топ бағынушыларыңызға айтып түсіндіресіз. Сонан соң барлығыңыз бірге баламаны тауъш, бағалап және де сол баламаны тақцаута бір келісімге келуге тырысасыздар.

Басшыларға жағдайды бағалауда көмек ретінде Врум мен Иаттон жеті белгі ойластырып шығарды. Сол белгілерге байланы-сты жағдай және баганушылар — баеқарушы болып сииатталады.

Врум — Иеттонның апталығы бойынша мәселенің белгілері:

1,  Сапалы шешімнің мағынасы;

2, Жергілікті хабарламаның бар болуы;

3, Мәселенің құрылымдылымдық дәрежесі;

4. Бағынушылардың ұйым мақсаттарымен келісу мәні және олардың шешімді тиімді орындауға қатынасуы;

5.  Басшының автократиялық шешімінің бағынушылар арасында қолдауға ие болуынық ықтималдылын өткен тәжірибе негізінде анықталған;

6.  Бағынушылардың мотивациялық дәрежесі — ұйымның мақсаттарына жету, яғни, мәселе айтылғаннан кейін олардың тұжырымдалған міндеттерін орындауы;

7. Баламаны таңдау кезінде бағынушылар арасындағы даудың ықтималдылық дәрежесі

Стильдіқ орнықтылығы ауысатын айнымалылары жағдайының шешім қабылдауына тәуелді.

Лидерліктің жағдайлық тәсілі — басқарушылықтың тиімділігін көтерудің бірнеше түрін ашып көрсеткен:

1. Топтарды қайта құру;

2. Міндеттемелерді қайта жобалау;

3. Лауазымды өкілеттіліктің түр өзгерушілігі.

Өте нәтижелі жұмыс істегісі келетін басшы бағынушылардан көздеген мақсатының бәріне к.ол жеткізеді, ал өзінің барлық қызмет істеген кезінде ол қандай да тек бір ғана басқару стилін қолдана алмайды.

Басшы барлық стильді қолдана білуді және нақты жағдайға сайкес келетін әсер ету әдістері мен типтерін тезірек үйренуі керек. Нағыз нәтижелі немесе тиімді стиль ретінде үйреншікті стиль немесе шындыққа бататталған стиль саналады./7, 79 б./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУ СТИЛІ

 

2.1 Кәсіпорындардағы басқару стилі

 

Басқару стилі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару - процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта (өндірістік құралдар мен еңбек заттарын басқаруда), тірі табиғатта (биологиялық жүйелерді) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік-экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса отырып, өзінің қалыптасуы мен қызмет барысында қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Осының есебінде басқару әрекетінде әрбір территорияның ерекшелігін барынша ескеру, жергілікті экономиканың дамуы мен қызмет жасауын реттеуді қалыпты орынға қою талап етіледі.

Қазақстан экономикасын басқарудың саяси-экономикалық негіздеріне тоқталатын болсақ,  Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес Одағында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси ахуал қарама-қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті.

Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей-берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиелене түсуіне әкеліп соқтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталынғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреу алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен қатар көптеген мемлекеттердің тәжірибесі айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.

Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» және 1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың Ата Заңының (Конституциясының) қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң еліміздің әлеуметгік-экономикалық дамуында айрықша орын алады.

Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси - экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазакстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның койма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени кұндылықтарына, материалдық, қаржылық ресурстарына, өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі.

Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса маңызды өзіндік қаржы-несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет қалыптасуы, салык және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудын әдістемелік қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез келген шектеуіне жол берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады.

Бұл кағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл қағидалар тек саяси-әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы менеджменттің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелей қатысты. Басқарудағы ұйымдастырушылық фактордың рөлі кәсіпкерлік ортада әрдайым жоғары бағаланған. Көпшілікке әйгілі, американдық миллиардер Карнеги «Біздегі барлық завод, фабрика, байланыс құралдары мен ақшаны алып қойып, тек біздегі ұйымдастыруды қалдырсаңыз, төрт жылда бәрі де қайта қалпына келеді», деп айтқан. Нашар ұйымдастырған компанияны ешқандайда нарықтық тетіктер құтқара алмайды./8,77 б./

Өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасы Республика экономикасын басқару жүйесінің әдістемелік негіздерінің бірі болып - осы тұжырымдамасы берілген, өзін-өзі басқаруға көшудің теориялық алғышарттарының жүйесі саналады. Құрылымы бойынша ол он бес бөлімнен тұрады, оларда стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми-техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары берілген. Жергілікті ресурстарды қолдануда аймақтардың құқығын кеңейту негізінде және осы арқылы халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ете отырып көздеген мақсаттарға жетуге рұқсат етілген. Тұжырымдаманың теориялық қана емес, сондай-ақ тәжірибелік мәні де бар.

Тұжырымдамада анықталғандай Республиканың өзін-өзі басқару қағидасына өтудің басты мақсаты ретінде экономикалық дамуды жеделдету және аймақтардың ресурстарды қолданудағы құқықтарын дамыту болып табылады. Сондай-ак тұжырымдама басқарудың стратегиялық мақсаты, халықтың өмірлік деңгейін қамтамасыз етуді анықтаған.

Ұғыну барысында екі Заңның айырмашылығын білу өте қажет. Бірінші, Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екіншісі, жергілікті өзін-өзі басқару туралы. Соңғысы, жергілікті басқару органдарына емін-еркін бостандық беру негізі. Әрине заңдылық шеңберінде.

Қазақстан Республикасы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңында мынандай анықтама берілген: «Жергілікті өзін-өзі басқару деп - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аймақтық құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын халық билігін іске асырудың нысаны ұғынылады». Заңның ұтымды жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселелердің жергілікті қаржыландыруы туралы. Жергілікті қауымдастықтың кірістері келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттан жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және оларға тиесілі мүлікті жалға тапсырудан алынға жергілікті қауымдастық кірістерінен; жергілікті қауымдастық халқының өз еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістерден; зақды және жеке тұлғалардың ерікті қайырымдылық қорларынан; заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерден, қалыптасады.

 

 

2.2 Экономиканы басқару стилдері

 

Басқару стилі дегеніміз — алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс.

Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері сүйесінің маңызы зор.

Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі.

Басқару әдістері дегеніміз — басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғышарты болып табылады.

Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше етеді.

Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еқбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.

Сонымен, әдістер — басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады:

а) бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы әдістер);

ә) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар (шағын ауқымдағы әдістер);

Басқарудың  стилдері:

—  кәсіпорын, бірлестік, зкономикалық аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне;

-   министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістеріне;

— түрлі деңгейдегі басшылардың аз қызметінде қолданатын әдістеріне;

—   белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістеріне бөлінеді

Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістердің бәрі шағын сипатта болады, өйткені олар қайсыбір жекелеген басқару органына, қызметкерге қатысты.

Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемаеына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жаллылама түрде талдау жасау маңызды.

Іс жүзіне басқару стилдерінің:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

—   өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді);

— мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен);

Информация о работе Басқару қызметінің стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік