Басқару қызметінің стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:40, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевдың «Қазақстан – 2030 Стратегиясы» Жолдауында: «Біздің босаң тұстарымыздың қатарына осал жағымызды — жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқаруды жатқызған жөн. Мұның өзі де таза қазақстандық проблема емес. Бұл құбылыспен түгелдей барлық колониализм дәуірінен кейінгі дамушы және коммунистік кезеңнен кейінгі елдер бетпе-бет келді. Бүгінгі танда көптеген проблемалардың шешімі осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Басқару ісінің стиліне және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікке сипаттама
1.1 Басқару стилінің түсінігі және қалыптастыру факторы............................6
1.2 Стиль түрлері және оның сипаттамалары
1.3 Басшының тәртібіне асер ететін факторлар....................................................9
2. Басқару стилі және мемлекеттік басқарудағы жауапкершіліктің ерекшеліктері
2.1 Мемлекеттік басқару ісіндегі стиль және жауапкершіліктің өзара байланысы.........................................................................................................14
2.2 Экономиканы мемлекеттік басқару стилінің ерекшеліктері.......................16
3. Басқару қызметінің стилі және оны жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру бағыттары......................................22
3.2 Мемлекеттік басқару стилін жетілдірудегі шетел тәжірибелерінің рөлі-25
Қорытынды.....................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................27
Қосымша.........................................................................................................28

Работа содержит 1 файл

Баскару кызмети стили - мем баскару жауапкершилик.DOC

— 184.50 Кб (Скачать)


Басқару қызметінің стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе..................................................................................................................3

 

1. Басқару ісінің стиліне және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікке сипаттама

1.1 Басқару стилінің түсінігі және қалыптастыру факторы............................6

1.2 Стиль түрлері және оның сипаттамалары

1.3 Басшының тәртібіне асер ететін факторлар....................................................9

 

2. Басқару стилі және мемлекеттік басқарудағы жауапкершіліктің ерекшеліктері

2.1 Мемлекеттік басқару ісіндегі стиль және жауапкершіліктің өзара байланысы.........................................................................................................14

2.2 Экономиканы мемлекеттік басқару стилінің ерекшеліктері.......................16

 

3. Басқару қызметінің стилі және оны жетілдіру жолдары

 

3.1 Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру бағыттары......................................22

3.2  Мемлекеттік басқару стилін жетілдірудегі шетел тәжірибелерінің рөлі-25

 

Қорытынды.....................................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................27

Қосымша.........................................................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевдың «Қазақстан – 2030 Стратегиясы» Жолдауында: «Біздің босаң тұстарымыздың қатарына осал жағымызды — жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқаруды жатқызған жөн. Мұның өзі де таза қазақстандық проблема емес. Бұл құбылыспен түгелдей барлық колониализм дәуірінен кейінгі дамушы және коммунистік кезеңнен кейінгі елдер бетпе-бет келді. Бүгінгі танда көптеген проблемалардың шешімі осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес. Әзірше бізде стратегиялық міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде, отансүйгіштікпен және адал шешуге қабілетті адамдар мүлде аз»- деп атап көрсетті. /1, 195 б./

Қазақстан Республикасының демократиялық өзгертулер шеңберіндегі саяси жүйенің модернизациясы мен әкімшілік реформалар, мемлекеттік билік институттарының тиімді функционалдануы, қазіргі заман талаптарына жауап беретін, мемлекет пен қоғам мүдделерін іске асыратын, құзыреттер көлемі мен функцияларды жаңарту мәселелері бойынша сұрақты туындатты. Мемлекет мақсаттары мен функцияларын жүзеге асырудағы тәжірибелік және кәсібилік қатысу, мемлекеттік органдар құзыреттерін іске асуын қамтамасыз етудегі кәсіби лауазым ретінде мемлекеттік құрылыстың ен маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Бүгінгі күнде мемлекетіміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық алғышарттар мемлекеттік қызметтің нормативті-құқықтық негізін жанартуға, оның функционалдануының тиімді формаларын жасақтауға мүмкіндік береді.

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру контексіндегі мемлекеттік билік дамуының қазіргі концепциясының талаптарына жауап беруші, саяси-әкімшілік және конституциялық реформаларды жүзеге асыру қажеттілігін, Қазақстан дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі ретінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өтті. Қазақстан халқына жыл сайындық Жолдаудын, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әкімшіліктік реформаны қарқынды жүргізу, тоғызыншы мәселесінде «2007 жылы біз жүйелік демократиялық реформаларды жүзеге асыруға кірісеміз. Біз корпоративтік басқару, нәтижелік, айқындық пен қоғамға бақылауда болу қағидаларына негізделген мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа нұсқасын құрудамыз. Біздін мақсатымыз — Үкіметтің модернизациясы, жоғары кәсібилік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру болып табылады». «Бір үлкен және жауапкершілікті жұмыс. Ең басты құқықтық -мемлекеттің тұрақтылығы мен халықтың әл-аукаттылығы болып табылатын, мемлекетіміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңдар мұқият қаралуы қажет. Қазақстандағы демократиялық процестер мемлекет ерекшеліктері мен азаматтардың менталитетін ескеру арқылы өз даму жолына бағдарлануы керек, дегенмен, таңдалған бағыттағы әр қадам мұқият тексерілуі қажет»./2,23 б./

Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекеттік билік органдарын саяси-әкімшілік реформалауы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында іске асырылады.              

Мемлекеттік қызметтің модернизациясы бүгінгі күн талаптарына барабар болуы, қоғамдық талаптар мен күтімдерге толық сәйкес болуы, нақты нормативті дайын болуы, саяси-құқықтық институттар, азаматтық қоғам жағынан ашық және бақылау астында атқарылуы керек. Реформа барысында мемлекеттік қызмет функционалдауының жаңа сапасына қол жеткізу, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өзара тиімді әрекеттесуінің қазіргі заман технологиялары негізінде қоғамда оның беделін, мәртебесін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.

Мемлекеттік кызметті модернизациялау қажеттілігі жалпы өркениетті сипаттағы үрдістермен негізделген. Талдау нәтижесі көрсеткендей, соңғы жылдары мемлекеттік қызметтің реформалануы барлық дамыған мемлекеттерде жүргізіліп жатыр. Басқарудың нақты әкімшілік жүйесінен бастап, либералды рыноктық нұсқасына дейінгі мемлекеттік реттеу формалары бар, конституциялық монархия немесе парламенттік республика болсын, мемлекеттік құрылым формасына қарамастан, саяси-әкімшілік жүйе мен онымен тығыз байланыстағы мемлекеттік қызметтің модернизациясы қазіргі мемлекеттің тиімді функционалдауының шарты болып табылады.

Қазіргі Қазақстан мемлекеттік қызметі әлі де қалыптасу сатысын өтіп жатқандықтан, жинақталған тәжірибені ұғыну, талдау мен келешегін анықтау қажет. Қазіргі мемлекеттің тұрақты дамуы, Республиканың әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылығы, мемлекеттік басқару мен оның жүзеге асырушы, қоғам тіршілік әрекеті барлық салаларының тұрақты және жақсы дамуының кепілі болып табылатын, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігі мәселесін өзектендіреді.

Қазақстан Республикасының халықаралық конвенцияларды қабылдауы, конституциялық деңгейде халықаралық құқық негізгі нормалары мен қағидаларының тікелей әсерін бекіту, алдағы ЕҚЫҰ-дегі жетекшілік мемлекеттік басқару институты мен оның маңызды қорғаушысы, мемлекеттік қызметтің, саяси-құқықтық модернизациясының берік негізі болады.

Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен қызметі 1999 жылғы 13 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығына сәйкес жүргізіледі./3,25 б./. Президент Назарбаев Н.Ә. жоспарлауды басқаруда молынан пайдалануды өте қажет деп санайды. Ол атап көрсеткендей: "Біз тіпті дамудың үш жылдық немесе тоқсаннан екінші тоқсанға, бір жылдан екінші жылға қарай бағытсыз өте беруімізді тоқтатқаньмыз жөн. Міне, сондықтан жоғрғы экономикалық кеңес 2025-2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді, саясат пен дамудың стратегиясын талдап жасауға күш-жігерін жұмылдыруға тиіс. Ал Үкімет дамудың бес жылдық және жылдық индикативтік жоспарларын әзірлеуге кірісетін кезі келді және осы жұмысқа бүкіл атқару өкіметін және жеке секторды тартуға тиіс"

Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыста берілген мақсаттарға байланысты мынадай міндеттер қарастырылды:

- Басқару ісінің стиліне және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікке сипаттама беру;

- Басқару стилінің түсінігі және қалыптастыру факторларын зерттеу;

- Мемлекеттік басқару ісіндегі стиль және жауапкершіліктің өзара байланысы;

- Экономиканы мемлекеттік басқару стилінің ерекшеліктерін зерттеу;

- Басқару қызметінің стилі және оны жетілдіру жолдарын анықтау т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Басқару ісінің стиліне және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікке сипаттама

1.1 Басқару стилінің түсінігі және қалыптастыру факторы

 

Стиль ұжымдағы әлеуметтік қатынастардың бүкіл біртұтас ықпалымен қалыптасқанымен, ол белгілі дәрежеде басшыға да байланысты болады. Өйткені шаруашылық пен тәрбие жұмысының табиғи байланысын практактикада жүзеге асыратын тек басшы ғана. Оның қызметінің жемісті болуы көптеген күрделі факторлар арқылы анықталады.

Басшы еңбегінің тиімділігін, істің қорытындысымен ғана өлшеуге болады. Барлық творчестволық еңбек сияқты басшының еңбегін оның шығарған өнімі, қабылдаған шешімі және барлық уақытта дерлік оны қабылдауга кеткен уақытты көрсетіп бере алмайды. Сондықтан басшының өндірісті басқарудағы еңбегін оның шешімді қабылдауға жіберген уақытпен емес, ақырғы нәтижесін есептеп, объективті бағалау қажеттігі туады.

Лидерлік — бұл жеке адамдар немесе бір топта адамдарға әсер ету қабілеті және оларды белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс процесі болып табылады.

Бихевиорист ғалымдар лидерліктің анықтамасының мағынасын тиімді қллданудың 3 тәсілін атап көрсеткен:

1.   Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл;

2. Тәртіптілік тәсіл;

Жағдайлық тәсіл.         .

Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келісілген немесе әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардық тақдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталынған. Бұл ойды жетілдіре отырып, былай атап көрсетуте болады: егер адамдар бул қасиеттерді ез бойларынан таба білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осымен бірге тәжірибелі жетекші (басқарушы) бола алар еді.

Бұл ерекшеліктер төмендегідей:

1 Интеллект тан білім деңгейі;

2. Әсерлі сыртқы келбет (бейне);                                          

3. Адалдык;                                                                       

4 Дұрыс бағыттағы ақыл;                                                   

5, Экономикалық және әлеуметтік білім;

6, Өзіне деген сенімділік.

Бірақ әр жағдайда әр түрлі қабілеттілік пен қасиет қажет.

Тәртіптілік тәсіл — басқарушы стилін жіктеудің негізін немесе тәртіптілік стилін қалады. Бұл тәсілде тиімділік басқарушының жеке қасиетімен емес, оның бағынушыларға деген көзқарасымен, қарым-қатынасымен анықталады. Тәртіптілік тәсіл лидерліктің көздеген мақсатының алға жылжуына үлес қосқанымен, онық кемшілігі де бар. Ал ол кемшілік төмендегідей болжамнан туады, яғни басқарудың жалғыз оптимальды стилінің бар екені.

Жағдайлық тәсіл. Бұл тәсілді жақтаушылардың айтуы бойынша, лидерліктің оптимальдық стилі жағдайға байланысты өзгеріп отыруында. Енді әр тәсілді тереңірек қарастырайык.

Тәртіптілік тәсілдің лидерлік теорияға қосқан үлкен бір үлесінің бірі мынау, яғни бұл тәсіл талдау жасау мен басқару стильдерін жіктеп құрауға көмек көрсетті, дәлірек айтқанда, бұл — басқарушылық өзінің қол астындағы бағынушыларымен ара қатынасы.

Басқару стилі — бұл басқарушылық бағынушыларға деген үйреншікті үлгілі тәртібі, яғни ұйымның өз мақсатына жетуі үшін әсер етуі мен оларды оятуы. Басқарушы өзінің биліктілігін жүргізетін дәрежеге дейінгі өзіне де қолданылған биліктің типтері және бұлардың бәрінен бұрын оның адамгершілік қарым-қатынас жасауға немесе міндетті орындауына қамқорлылығы. Осының бәрі басқару стилін көрсетіп, аталған лидерді сипаттайды./4,12 б./

 

 

1.2 Стиль түрлері және оның сипаттамалары

 

Автократикалық және либералдық стильдердің айырмашылығы.

Басқарудағы автократикалық лидер авторитарлы. Автократикалық басқарушы өзінің айтқанын орындаушыларға істету үшін жеткілікті билікке ие болып, керек кезінде құбылмай осыған жүгінуі немесе сүйенуі керек. Автократ өзінің өте төменгі деңгейдегі бағынушыларының қажеттілігін әрқашанда өтеуге тырысады.

Лидерлік саласында әлемге әйгілі ғалым Дутлас Мак Грегор автократикалық басқарушының "X" теориясының жұмысшыларына қатынасын айтқан.

"X" теориясы бойынша:

1.  Адамдар әуелден бастап жұмыс істегілері келмейді және ыңғайы келгенде жұмыстан қашады;

Информация о работе Басқару қызметінің стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік