Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 13:34, реферат

Описание работы

Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтарыәр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

менеджмент.doc

— 367.00 Кб (Скачать)

   Қоймаларда астықты дұрыс орналастыру технологиялық сапасы бойынша да, экономикалық көрсеткеіштері бойынша да, оны ойдағыдай сақтаудың маңызды шарасы. Жоспардың болуы және оның орындалуы астық сапасына теріс әсер ететін үлкен қателіктерге жол бермейді, сондай-ақ астықты толассыз қабылдауға ықпал жасайды, әрі бертекті астық тобын айтарлықтай қиыншылықсыз қалыптастыруға және көп шығынды іс-әрекетсіз(операциясыз) орнын ауыстыруға, орналастыруға, қойма сыйымдылығының пайдалану коэффициентін арттыруға, астықтың мөлшері мен сапа шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Осылардың барлығы астықты сақтағанда өңдірістік шығындарды азайтады да, халык шаруашылығында оны тиімдірек пайдалануға мүмкіндік жасайды.

   Жоспар алдыңғы жылдардағы астық қабылдау мен орналастыру жұмыстарының деректерін талдап жасалады. Сонымен бірге кәсіпорынның техникалық базасының жай-күйін, сатып алынатын астыктың мүмкін көлемін, әр түрлі дақылдардың астығы мен тұқым сапасын, бұрынғы жылдағы астық өнімдерінің ауыспалы қалдығын, басқа кәсіпорындардан тасылатын астық топтарының мөлшерін, кәсіпорыннан жөнелтілетін астықтың көлемі мен мерзімі жөніндегі деректерді ескереді.

   Астық қабылдау кәсіпорында астық қабылдау, орналастыру және өңдеудің технологиялық картасы жасалады. Мұнда астықты орналастырудың бас жоспары мен тәуліктік іс-әрекеттердің негізгі көлемі, әрі астықтың нақты орналасуы мен күйінің кесікіндемесі көрсетіледі. Жаңа егіннің астығын қабылдауға дейін кәсіпорындарда бүкіл техникалық база мен кадрларды дайындауда үлкен жұмыс атқарылады.

  Қоймаларда астықты орналастыру. Астық топтарын қоймаларда орналастырғанда әр топтың сапа көрсеткіштері және осылармен байланысты қаңдай бағытта пайдалану мүмкіндігі , сонымен бірге әр топтың әр түрлі сақтау жағдайларына төзімділігі ескеріледі.

Ботаникалық ерекшеліктері. Астықтың ұндық, нандык және жармалық қасиеттерін негізінен астықтың типтері, тип тармақтары мен сорттары сипаттайды.

Астык, массасының ылғалдылығы - бұл физиологиялық процестерді анықтайтын негізгі фактор. Төрт күйдегі - құрғақ, орташа құрғақ, дымқыл және ылғалды астық жеке-жеке 4-6 % аралықта орналастырылады.               Астық массасындағы қоспалар мөлшері мен құрамы. Әдетте қоспалар алғашқы кезеңде,     тіпті     құрғак     астықтың     өзінде,     жоғары дымқылдығымен ерекшеленеді.  Олар астыққа қарағанда қарқынды тыныс алады, зең ауруымен залалданады (көгереді). Қоспалармен ластанған астықты коймаларға кұйғанда, шөпшалам қоспалары өздігінен сусып жинақталады да, жоғары дымкылды ошақтар калыптастырады, соның салдарынан астықтың өздігінен кызуы байқалады.

Ерекше тәсілдерді қолданып, тазалауды талап ететін құрамында бірқатар қоспалар (зияэды коспалар,                                  қиыршық тас т.б.) бар астық тобын жеке орналастырады. Дән қабылдайтын және өндейтін технологиялық линиялары рециркуляциялық астық кептіргіштерімен жарақтанған астық қабылдау кәсіпорындарында, астық тобын дымқылдылығы мен  қоспасының күйіне қарамай-ак қалыптастыра береді.

  Астык  массасының  жәндіктермен  және  кенелермен  залалдануы.Залалданған астық түскенде, жәндіктердің таралып кетпеуін ескеріп, басқа  қоймалардан оқшауланған және залалсыздандыруға қолайлы қоймаларды бөлген жөн.

Астықтың пайдалану бағытын белгілеу.Оны астықты орналастырғанда ескереді. Мысалы, тұқымға арналған астықты азық-түліктік астықтан бөлек сақтайды. Кептірілген бидай астығын, сапасы бірдей, кептірілмеген бидаймен араластыруға болмайды т.б.

Басқа белгілері. Оларға астықтың әр түрлі кемсіндері жатады.Атап айтканда, аяз ұрған, жусан иісті, тасбақа-қаңдаламен залалданған, өнген дәндері бар астык тобын жеке орналастырады.  Бұл топтар сақтауға шыдамсыз, сапасы төмен және белгілі бір шектеулермен ғана сатылады

Қоймалардағы астық үйіндісінің биіктігі (калындығы) оның күйіне,пайдалану бағытына, сақтау мерзімінің ұзақтығына, қойманың типі мен технологиялық күйіне, кәсіпорын орналасқан географиялық аймаққа және жыл маусымына байланысты өзгереді.

Қоспалардан тазартылған, егін жинаудан кейінгі пісіп-жетілу кезеңінен өткен, азық-түлік және жем азықгық мақсаттарға арналған құрғақ астықтың биіктігін шектемей-ақ сақтайды. Дымқылдығы 17 %-дан жоғары астықты оның температурасы мен жыл мезгіліне қарай 1,0-2,5 м биіктікпен орналастырады. Егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуден өтпеген және физиологиялык белсенділігі жоғары астықты оның сапасы төмендеп кетпеуі үшін шамалы қалыңдықпен сақтайды.

Салқындатылған астықты және белсенді желдеткіш қондырғылары қоймаларда үйіндінің биіктігін жоғарылатуға болады.

Сактау кезінде астыққа бакылау жүргізу.  Сақтау кезіңде астық массасының    күйі    онда    жүретін    физиологиялык    процесте қарқындылығы мен қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгереді. Астық массасында орынсыз процестердің дамуын болдырмау үшін, сақтау кезіндегі өндірістік шығындар мен астық шығынын азайтуды қамтамасыз ету үшін, бүкіл сақтау кезеңінде оған жүйелі түрде бақылау жүргізген жөн.

Сақтау    кезеңінде    астық    массасының    күйін    сипаттайтын көрсеткіштерге оның температурасын, дымқылдығын, қоспалар мөлшерін, залалдану күйін, жаңалық көрсеткіштерін (иісі, түсі тұқымдық астық топтарында өнгіштігі мен өну энергиясы) жатқызады.

Температура       -   астык   массасыңдағы   қоршаған   орта физиологиялык процестердің әсерінен өзгеретін маңызды және барынша сезімтал көрсеткіш. Астық температурасының көтерілуі физиологилялық процестердің белсенділігін және өздігінен қызудың басталғанын көрсетеді.

Астық массасының температурасына бақылау жасағанда сыртқы ауаның және қоймадағы ауаның да температурасын есепке алған дұрыс (25-кесте).

25 - кесте. Сактау кезеңінде астык температурасына бақылау жүргізудің мерзімділігі

 

Дымқылдық күйі

Жаңа астыкты қабылдаудан кейін үш ай бойы

Үйшдідеп температура болганда

 

 

 

 

0"Сжәне одан төмен

0-дан + 10°С дейін

10°С-дан жоғары

Құрғак жөне орташа кұрғақ

Он күнде екі рет

15 тәулікте бір рет

15 тәулікте бір рет

15 тәулікте бір рет

Дымкыл

Кунде

15 тәулікте бір рет

5 тәулікте бір рет

2 тәулікте бір рет

Сулы астық

Күнде

Он кунде бір рет

5 тәулікте бір рет

Күнде

     Дымкылдық – сақтаудың негізгі факторы. Ол жоғарылағанда астық массасының барлық құрағыштарының тіршілік әрекеті күшейеді де, астықтың бүлінуіне әкеліп согады. Астық массасының дымқылдығы тыныс және баска процестердің нәтижесінде бөлінетін ылғалға байланысты жоғарылайды: бұл құбылыс астық пен атмосфералық ауаның бірімен-бірінің әрекеттесуінің әсерінен болатын, астық массасындағы сорбция және десорбцияға байланысты өзгереді.

  Жалпы астық массасы дымқылдылығының жоғарылауы ғана емес, үйінді кабаттарында да дымқылдың әркелкі болуы зиянды, өткені мұңдай жағдайда жекеленген жоғары дымқылдықты үлескілер пайда болады, әрі астықтың қабат-қабат болып өздігінен қызуына әкеліп ұрындырады. Астық дымқылдығының күйін оны сақтаута құйғанда, сақтау кезінде, сыртқа жөнелткенде және кез келген өңдеу түрінен кейін (тазарту, кептіру т.б.) тексереді.

  Астық массасындағы қоспалар сақтаудағы астықтың жанама көрсеткіші болып табылады. Астықтың қоспалармен ластануын талдағанда бұрын байқалмаған фракциялардың, атап айтқанда, қоңырланған, мүжілген, коөгерген және басқа да жарақаттанған дәндердің пайда болуына назар аудару керек. Бұл астық сақтаудың ойдағыдай емес екендігін көрсетеді: микроорганизмдер мен зиянкестердің дамуы, өздігінен кызуы.

     Астық масссасының күйіне жүйелі және тыңғылықты бақылау жүргізу кезінде зиянкестерді айғақтау, мезгілінде және толық залалсыздаңдыру үшін қажет. Залалдануды астықты кабылдағанда, сақтағанда және босатканда анықтайды. Астықтың залалдануын оны сатушылардан қабылдағанда ерекше мұқият тексерген дұрыс, өйткені астык массасынын ішкі залалдануы, қабылдау мекемелеріне залалданған астықтың түсуінен туындайды.

Жаңа астықтың қалыпты иісі, оған тән түсі мен жылтырлығы болады. Сақтау кезеңінде астыктың түсі мен иісінің өзгеруі, шұбар, қоңырланған дәндердің пайда болуы және дән жылтырлығының жоғалуы орынсыз процестердің, ең алдымен микроорганизмдердін дамуына байланысты. Дән түсінің өзгеруі биохимиялық және технологиялық терең өзгерістерден бұрын жүреді. Сондықтан дәннің иісі мен түсінің күйіне ұдайы бақылау жасау астық массасындағы қолайсыз процестерді алдын ала анықтауға және астық сапасын сақтау шараларын іске асыруға мүмкіндік береді.Дәннің иісі мен түсін басқа көрсеткіштермен бірге анықтайды.

Астық массасының күйіне  бақылау жасаудың  мерзімділігі оның алғашқы    сапасына,    сақтау   төзімділігіне,    сактау    жағдайларына байланысты. Астықтың физиологиялык белсенділігі неғүрлым жоғары болған сайын оның дымқылдығы мен температурасы да жоғары, соғұрлым оның күйіне бақылауды жиілетеді.

Сақтау кезеңіндегі астык массасының күйіне бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу технологиясы тиісті ұсыныстар (инструкциялар) бойынша асырылады.

Тұқымдық астықты сактау ерекшеліктері. Астык қабылдау кәсіпорындарына сорттык және тұқымдық астык та жеткізіледі, оларда мамандандырылған астык кабылдау кәсіпорындарымен қатар жекеленгентүкым шаруашылықтары да дайындайды.

Сорттык топтары, сорттық және тұқымдық сапасын дәлелдейтін құжаттармен бірге жеткізіледі. Оларға жататындар: тұқым аттестаты, сорттық куәлік және тұқым сапасы (кондициялылығы) жөніндегі куәлік. Сортты тұқым екеңцігін айғақтайтын құжаттар болмаса, ондай астықты қабылдау кәсіпорындары қабылдамайды.

 

             

 



Информация о работе Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттерi