Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 13:34, реферат

Описание работы

Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтарыәр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

менеджмент.doc

— 367.00 Кб (Скачать)

Рециркуляциялық кептірудің қалыптасқан процесі мынадан тұрады

-              қыздыру камерасында астық қыздыру жөне жартылай кептіру;

- дымқыл жөне құрғақ астық түйісудегі жылу және ылғал алмасуы;

-              астықтың аралық жөне түпкілікті салкындауы;             

-              кептірілген астықтың басым бөлігін жартылай және бірнеше рет
рециркуляциялау.             

Қазақтың астық және оны өндеу ғылыми-зерттеу институтында «Целинная» маркалы рецирқуляциялы астық кептіргіштер жасалынды және олар Қазақстанның көптеген астық қабылдау кәсіпорындарыңда ойдағыдай пайдаланылуда. Бұл түрдегі астық кептіргіштердің әр түрлі модификациялары жасалынды: Целинная-20, Целинная-30, Целинная-50 және Целиная-100.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында астық кептіргіштердің негізінен үш типі-шахталық өнімдігі сағатына 8-16 т, барабанды сағатына 4-8 т және рециркуляциялық өнімділігі сағатына 30-100 т кептіру -колданыс тапқан.

Кептіру агентінің температурасы мен тұқымның қызуы неғүрлым жоғары болса, соғүрлым астық және тұқым тез кебеді. Алайда, тұқым тұқым белгілі бір температуралық әсерде ғана сапасын төмендетпеуге бейімді. Тұқымның ыстыққа төзімділігі, оның ылғалдылығы, пісу дәрежесі, кептіру уақыты мен дақыл түріне көп байланысты. Азық-түліктік астықты кептіргенде де қыздыру температурасы шектеледі. Кептіру жұмыстары дер кезіңде және сапалы жүргізілгенде астықтың егін жинағаннан кейінгі жетілуі жеделдейді, қоректік заттардың шығьмы азаяды, тұкымның өнгіштігі көтеріледі, наңдық сапасы жақсарады, мекемелердің техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің тәуірлігі мен жоғары сортты ұнның шығымы артады, күрделі қаржы мен астықты егін жинағаннан кейінгі өңдеуге кететін шығындарды азайтуға айтарлықтай әсер етеді.

Кептіру жұмыстарының ережелерін анықтағанда астықтың жоғары сапалылығы мен кептіру өнімділігі қамтамасыз етілетін шектеулі ең жоғары қыздыру температурасы таңдап альшады.

Астық кепгіргіштерден 20-60 минут аралығыңда өтеді. Бұл уақытта ол кептіру агентінің температурасына дейін қызып үлгермейді, өйткені ылғалдың булану процесі кезіңде жылу шығындалады және барабанды кептіргіштерде қыздыру агентінің температурасы астықтың шектеулі қыздыру температурасынан әр уақытта жоғары болады. Мысалға, негізгі дәнді дақылдар үшін астықтың шектеулі қызуы +40, +45°С, ал кептіру агентінің температурасы шахталық кептіргіштерде +70, +130СС, барабанды және рециркуляциялық «Целинный» типтес кептіргіштерде +250°С, +300°С дейін өзгереді.

Солтүстік Қазақстан аймағыңдағы астьгқ қабылдау мекемелерінде казіргі уақытта «Целинный» типіндегі («Целинная-20», «Целинная-50», «Целинная-60» және «Целинная-100») газды рециркуляциялық кептіргіштер кеңінен тараған. Аталған астық кептіргіштер астықты тиімді кептірумен қатар, бір мезгілде оны шөпшар қоспасынан тазартады.

«Целинная-20» астық кептіргішінің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы. «Целинная – 20» агрегаты қайталап айналдырылатын астықты аса биікке көтермейтін газдық қайта айдағыш астық кептіргіш болып саналады(12-Сурет).

      Қазақ астық ғылыми-зерттеу институтында Ақмола облыстық астық өнімдері басқармасының қызметкерлерімен бірігіп жүргізіген зерттеулері және алынған деректер қыздыру камералары кезектесіп жылу-масса алмастырып және салқындатқыш шахталарымен кезектесіп тік орналаспай, қосарлана қатар (параллель) орналастыруға болады деген тұжырымдамаға келуге, әрі мумкіндік берді. Мұндай сұлбада агрегаттын биіктігі 20-35% қысқарады, құралымның берік элементтері, астық кептіргішті жинау және пайдалану жеңілдейді.

Сонымен    бірге    жылу-масса    алмастырушыны    жеке    тірекке орналастыру,  астықты аралық және толығымен салқындату камерасы ретінде   салкындатқыштың   кез   келтен   қүралымын,   оның   ішінде жылжымалы    астық    кептіргіштерді    оттығымен,    желдеткіш және тасымалдағыш жабдықтарымен қоса пайдалану оңайға түседі. Мұндайда астық кептіруде изотермиялық үрдістерді іске асыру мақсатында аралық салқынадаткыш камераға жылжытылған атмосфералық ауаны беру мәселесі оңай шешіледі.              . _. 

Қыздыру камерасын астықты тазалау үшін аспирациялық баған ретінде қолдану мәселесі де бірге шешіледі. Тазалау тиімділігі орта есеппен 50% жететіндіктен астықты алдын-ала тазартпай-ақ құрғатуға болады. Кептіру кезіңде құргақ қалдьгқтар алынатындықтан, олар жақсы сақталады. Міне, осының барлығы ЗСПЖ-8 астық кептіргішінің екі агрегатының негізінде қайта айналаын астықты аса жоғары көтермейтін газдық қайта айналдыратын кептіргіштің өндірістік түртөгінің жобасын жасауға мүмкіндік берді.

15 №2

17

14 №1

12-сурет "Целинная — 20" астық кептіргіші.

1-жедел шанақ; 2-қыздырукамерасы;3-қыздыру камерасының шанағы;
жылу-масса алмастырушы; 5-аралық салқындатқыш шахтасы; 6-^
салқындататьш шахта; 7-қыздыру камерасының желдеткіші; 8-қыздыру камерасының тежегіш элементтері; 9-жетексіз тиегіш қондырғы; 10,11,-қайта айдағыш шахталар мен толық салқындатқыш шахталардың шығарушы механизмдері; 12-су астықтың шанағы;              13-қалдықтардың шанағы; 14,15-қайта айдағыш НЦТ-100 қуысы (нория); 16-ЦОЛ 9 циклондары; 17-оттық; 18-қүрғату агентінің ауа әкегіш өткізгіші;19 - құрғату агентінің пайдаланған газын алып кетуші өткізгіші; 20-сақтық қақпақ.

ЗСПЖ-8-дің екі агрегатының негізіндегі "Целинная - 20" газдың қайта айдағьш астық кептіргіші (14) жөне (15) екі НЦТ-100 куысы, қыздыру камерасы (20), су астық шанағы (12), қалдықтар шанағы (13), СТД-57 (7) жөне (8) желдеткіштері және ЦОЛ-9 циклоны (16) орналасқан металды екі мұнарадан тұрады. Мұнараның қасында жылу-масса алмастырғыш (4) қондырылады да оның астында ЗСПЖ-8-дің екі агрегаты орналастырылады.

Бір агрегаты аралық салқындатқыш (5) шахтасы, екіншісі толық салқындатқыш 6 шахтасы ретінде пайдаланылады. Әр агрегатың астына қайта айналатын және кептірілген астықты алып кететін транспортер орналастырылады.

Құрғату агенті ЗСПЖ-8-дің оттығынан екі ауа тасымалдағыштың көмегімен қыздыру камерасына беріледі.

     Агрегат мынадай технологиялық сұлбамен жұмыс істейді (13-сурет). Астык су астық шанағынан (12), қайта айналатын астық баратын қуысқа (4) келіп түседі. Қуыс (14) астық қоспаларын тиегіш шанаққа (3) және одан әрі қыздыру камерасына (2) жылжытады, қызған астық қуыспен (25) жылу алмастырғышқа жібереді, одан астық үлестіргіш құрылығы арқылы біркелкі жылытып отырып аралық (5) және толық (6) салқындататын шақталарға барып түседі.

"Целинная - 20" астық кептіргіш бір мезгілде бастапқы ылғалдылығы әр түрлі астықты кептіруге мүмкіндік береді және бір рет кептіргеңде астықты белгіленген сапасына келтіре алады.

Астық кептіруге газдық рециркуляггиялық астық кептіргіштерге температуралық ережелерді дұрыс қолданғаңда дән уызының мөлшері мен сапасы толық сақталады, астықтық төлемдік массасы артады. Астықтың (тұқымдық және технологиялық қасиеттері сақталып қана қоймай көптеген жағдайларда жақсара түседі. Газдық рециркуляциялық астық кетіргіштерді пайдаланудың тиімділігі олардың жұмыс ережелерін таңдап алуға байланысты. Жұмыс ережелерінің анықтауышы көрсеткіштеріне кептіру агентінің және астықтың қызу температуралары жатады.

Қазақстанның бұрынғы астық ғылыми-зерттеу институтында, газдық рецуркуляциялық астық кептіргіштердің тиімді жұмыс ережелерін негіздеуге бағытталған зерттеулер жүргізілді және негізгі астық дақылдары үшін оның ұсыныстары 19,20-кестелерде келтірілген.

19 - к е с т е . «Целинная» астық кептіргіштерінде тұқымдык астык кептіру ережелері

 

Дақылдар

Астықтың ең

жоғарғы ылғалдылығы, %

Астықты қыздырудың шекті температурасы, °С

Кептіру агентінің температурасы, °С

Бидай

20-ға дейін 26-ға дейін 26-дан 30-ға дейін

50 45 40

300 250 220

Тары

20-ға дейін >20

45 40

280 250

Арпа, қара бидай

20-ға дейін >20,0

50 45

320 280



20-кете. Азық-түліктік астықтың кептіру ережелері

Дән уызының сипаттамасы

ИДК аспабының көрсетуі, шартты бірліктермен

Астық тобының шекті температурсы,%

Астықты қыздырудың шекті температурасы,ºС

Кептіру агентінің температурасы,ºС

Берік

0-40

20-ға дейін>20

50

40

300

250

Жақсы

45-75

20-ға дейін>20

60

55

350

330

Әлсіз

80-120

20-ға дейін>20

65

50

370

350

Қуатты (жоғарғы класты) бидай

Жақсы

45-75

20-ға дейін

55

350

 

Кептіру процесін қарқынды жүргізу мақсатымен астьгқтьщ шекті қыздыру температурасын пайдаланған жөн. Газдық рециркуляциялық астық кептіргіштерде бір мезгілде әр түрлі ылғалдылықтағы астым кептіруге болады. Мұндай жағдайда кептіргіштердегі температура ережесі астық тобының ең жоғарғы ылғалдысына сейкестендіріледі. Бір ескеретін| жәй, астықтың табиғи қасиеттерін сақтап қана қоймайды, сонымен кептіру кезіңде оларды жақсартады да.

Кептіру агентінің температурасы кептіру процесінде айтарлықтай кең көлемде - + 10 % шамасында өзгереді. Кептіру агентінің температурасы агрегаттың конструкцияльіқ ерекшеліктеріне, термоизоляция сапасына атмосфералық ауа температурасына байланысты, сондықтан осылай ескере отырып, астықтың қыздыру температурасын шекті деңгейде ұстаған дүрыс.

Ылғалдылық неғүрлым жоғары болса, соғүрлым дәннің коллоидті бөліктерімен су нашаұүсталады және соның нәтижесінде әрбір кг судың булануына тиісінше аз жылу жұмсалады. Осыдан   астықтың бастапқы ылғалдьлығы астық кептіргіштердің өнімділігіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді.

Астық кептіргіштердің жұмыс нәтижелерін салыстырмалы бағалау үшін, жоспарлы тонна деп аталатын шартты өнімділік бірлігін қолданады. Мұндай бірлік күшіне ылғалдығы 6%-ке 20  %-тен  14 %-ке дейін төмендетіліп кептірілген 1 т азық-түліктік бидай астығы қабыылданған.

Астықты салқындатылған күйде сақтау. Төмен температурада негізгі

дақылдың  дәндері,   арамшөптердің   тұқымдары,   микроорганизмдер, жәндіктер мен кенелердің тіршілік әрекеттері күрт баяу жүреді немесе мүлдем тоқтайды. Астық массасының жылу өткізгіштігінің төмендігінің нәтижесінде оны салқындатылған күйде элеваторларда бір жыл және қоймаларда бір айдан астам уақыт бойы сақтауға болады. Әр түрлі астық массасын табиғи салқындатуды дер кезіңде және дұрыс жүргізу бүкіл сақтау кезеңіне консервілеуге мүмкіндік береді. Бұл сақтау режимі жер шарының әр түрлі елдерінде, әсіресе табиғи салқындықты ас салқындатуға пайдалануға болатын жерлерде кеңінен қолданылады.

Астық массасына 10... 5°С шамасындағы температура консервациялық әсер   етеді.   Сондықтан   Қазақстан   аумағының   бөлігіңде   астықты салқындатылған күйде сақтауға жағдайлар жасауға болады, ол үшін белсеңді желдету мен тәуліктік температура ауытқуларын пайдаланған жөн.Салқындатуды дымқыл және су астықты уақытша сақтағанда қолданады.

Астық массасын салқындатқанда оның сақтауға тұрақтылығы артады және сыртқы ауаның дымқылдығы мен температурасының белгілі бір қатынасы астықсапасына теріс әсер көрсетпейді.

Республиканың нан өнімдері жүйесінде үйіндідегі температура -10ºС  аспағанда ғана салқындатылған астық топтарына жатқызады. Және де бүкіл үйіндідегі астық температурасы 0.......10ºС болғанда бірінші деңгейде салқындтылған, ал температурасы 0ºС-дан төмен болғанда  екінші деңгейде салқындатылған деп есептейді. Астықты 0ºС немесе шамалы мөлшердегі теріс температураға да (-5ºС) салқындату  оның сақталуын қамтасыз етеді. Ал айтарлықтай деңгейде салқандату (тоңазыту) технологиялық қисынсыз және экономикалық тиімсіз, өйткені дымқылдығы жоғары астықтың өңгіштігі 10...20ºС күрт төмендейді. Оның үстіне тым салқындату астық массасының  беткі қабатында өздігінен төбелік қызудан құтылуға мүмкіндік бермейді, ал мұндай құбылыс астық үйіндісіндегі температураның ауытқуы қыстан көктемгі-жазғы жағдайларда ауысқанда жиі туындайды.

Информация о работе Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттерi