Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 13:34, реферат

Описание работы

Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтарыәр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

менеджмент.doc

— 367.00 Кб (Скачать)

Мұндай жағдай болмас үшін, қоймаға астық құяр алдыңда, ең алдымен қойманы жөндеу керек. Қоймаға астық құйғаннан кейін жиі-жиі дымқылдығы мен температурасын тексеріп, белсеңді желдету керек.

Тұқым массасының өздігінен қызу құбылысы, оның мәні. Өздігінен қызудың турлері және даму кезеңдері. Түқым массасының өздігінен қызу құбылысы физикалық және физиологиялық қасиеттермен тығыз байланысты. Өздігінен қызу құбылысы сақтау іс-санасында көп елдерде тараған. Бүл құбылыс әсіресе күздігіні не жазғұтүрым пайда болады



     Бұл құбылыс дән массасының салмағын, оның дақылдық, азық-түліктік, жемшөптік сапасын кемітеді.

Негізгі себептері:

1. Ылғалдылықтың жоғары болуы.

2. Температураның көтерілуі.

     Ғылым мен іс-сана бойынша, дәе массасының өздігінен қызу  құбылысы бірнеше түрге бөлінеді.:

         1. Қабаттық

         2. Жаппай

         3. Ұялы.

      Өздігінен қабатты қызу құбылысы үшке бөлінеді, жоғарғы, төменгі, өн бойы. Жоғарғы қабаттағы өздігінен қызу, әсіресе күз бен жазғыгұрым пайда болады. Егер дән массасының сақтау биіктігі 1-1,5 м болса, өздігінен қызу қабаты 15-25 см терендікте, ал егер биіктігі 4-5 м болса, 70-150 см тереңцікте кездеседі. Бұған себеп, егер жаңа жинап алған дән массасын кептірмей, желдетпей, тазаламай қоймаға құятын болса, физиологиялық процестер (әсіересе жылулық процестер) дами бастайды да, өздігінен қызу басталады. Ауа райына байланысты және қойманың қабырғалары тез өткізетін болса, жоғары қабаттарда күн көзінің кызуымен мен дән массасы дымқылдана бастайды. Бұл дымқыл өздігінен қызуға әкеп соғады. Мұндай жағдай болмас үшін, тез арада екпіңдете желдету керек.

Төменгі қабаттағы өздігінен қызу құбылысы да, күз, не жазғытұрым уақыттарда пайда болады. Әсіресе, салқыңцатылмаған дән массасы қойманың   еденіне   құйылса,   не   болмаса   керісінше,   жылы  еденге салқындатылған дән массасы құйылса, төменгі қабатта өздігінен пайда болады.

Астықтың өн бойынша өздігінен қызуы элеватор қоймаларында болады.

3.4 Дән массасын қоймада сақтау режимі мен тәсілдері

Дән массасын сақтау кезіндегі режімі мен тәсілі оның физикалық және физиологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Астық массасы бүкіл жыл бойы әр түрлі мақсаттарға қолданылады.

Әр уақытта азық-түліктің, тұқымның және құнарлы жемазықтықтың қоры болуы керек. Халық шаруашылығыңда, әрбір шаруашылықта астық тобы тез жүмсалады, ал кейбір топтары ұзақ сақталады.

Сонымен, астықты ұзақ уақыт және уақытша сақтауға болады.

Мысалы:

Егіске қолданылатын түқым 8-9 ай. Ауыспалы қор - 12 ай. Коллекцияльгқ үлгілер — 3-5жыл

       Күздік түқым — 1,5 жыл

Қанша уақыт сақтасақ та, уақытша не болмаса ұзақ болсын, массасының сапасы жоғары болуы керек. Аз уақытка болса да, астықты қоймада сақтау керек. Астық қоймасы тауар айналымына байланысты былай бөлінеді:

1.              Темір     жолдан     қашық     жерде     орналасқан, уақытша
ұйымдастырылған қойма (элеватордың бөлімшесі).

       2.              Темір жол бойында орналасқан қойма.

3.   Тасымалдайтын, портга орналасқан астық қоймасы.

4.   Түпкілікті астық қоймасы.

(үлкен қалаларда орналасқан қоймалар).

Астық қоймасына технологиял қойылады?

Астық қоймасына технологиялық, құрылыстық және экономикалық талаптар қойылады. Әр түрлі технологиялық талаптар, астық массасының тірі ағза екеніне байланысты қойылады.

Біріншіден, астық қоймасының негізгі міндеті-астық массасының саны мен сапасын сақтау. Бұл үшін, астық қоймасы өте мықты болуы керек, астықтың қабырға мен еденге әсетін қысымына, желдің-дақылдың күшіне төзімді болуы керек. Қоймадағы астыққа, жер астындағы су мен жауын-шашынның суы тимеуі керек. Қойманың қабырғасы мен еденіне екі талап қойылады: жылуды нашар өткізу және гигроскопиялық қасиет (әр түрлі заттардың ауадағы су буын сіңіру қасиеті). Егер қойманың қабырғасы жылуды нашар өткізсе, онда сыртқы жылы ауа райының температурасы әсер етпейді. Қабырға жылымайды.

Егер қойманың қабырғасы осал болып, жылу өткізетін болса, қойманың ішкі қабырғасында тамшы сулар пайда болады. Егер қабырғасы су сіңіргіш болса, суды дән массасы емес, қабырға бойына сіңіреді. Қоймада зиянкестер ұялайтын, жасырынатын тесіктер болмауы керек. Қойманың қабырғасы газ сіңіргіш болу керек. Қойма-біздің едде көп тараған.

Механикаландыру мүмкіншішгіне қарай қоймалар үшке бөлінеді:

1.   Механикаландырылған.

2.   Жартылай механикапандырылған.

3.   Механикаландырылмаған.

Астықты үш өдіспен сақтайды:

1.   Үйінді түрінде.

2.   Бөлек-бөлек сусектерде.

3.   Қаптарда.

Сусектерде әр түрлі астық тобы сақталады. Сусек-қойманың белгілі бір бөлігі, бұл бөліктер һ - 2,5-3 м ағаш тақтайлармен қоршалады. Бұл ағаш қабырғалар қозағалмалы болады. Сыйымдылығы (көлемі), орта есеппен 10-60 т дейін.

Сусектердің неғүрлым көлемі үлкен болғаны дүрыс. Тар болған жағдайда, жұмысты механикаландыру қиынға соғады. Астықты бос үю, ірі топтарды сақтағанда қажет, мұндайда, қойманың барлық көлемі қолданылады.

Астық түқымдарын қаптарда сақтауға болады.

Қүрылыс материалдары және қойманың бөлшектері қойманың мықтылығын, пайдалану ұзақтығын, құнын ғана анықтап қоймайды, бәрінен де бұрын дән массасы мен тұқымның сақталуына әсер етеді. Бұрынғы қоймалар ағаштан салынған. Қазіргі уақытта қойманың едені бірыңғай асфальтан жасалады (өте мықты), жер асты суынан қорғайды. Еден 20-30см нөл белгісінен жоғары болуы керек, бұл жағдайда жаңбыр суы қоймаға кірмейді.

         Астық қоймасының қабырғасын салуға кірпіш, тас, бірыңғай темір-бетон қолданылады. Астықты қоймаға құйған кезде, оның қабырғасы дән массасының қысымына, қойманың көлемін

толтыруьша шыдау керек.Сондықтан да, қойманың қабырғасының қалындығы биіктігі бойынша біркелкі болмайды. Жоғарғы жағының қалындығы -250 мм, орта кезінікі 380 мм, ал төменгі жағынікі - 523 мм.

Қойманың төбесі жылуды нашар өткізуі керек. Төбесін асбоцементті шифермен жабады. Есігі екі жаққа бірдей ашылып, автомашина қысылмай өтуі керек. Астықты әр түрлі тәсілдермен сақтау үшін, шаруашылықты егіс көлеміне және дақылдардың мөлшеріне байланысты, бірнеше типті, түрлі көлемді қоймалар салынады.

Астық қоймасының типі 3 топқа бөлінеді:

1. Әмбебап-әр түрлі сақтау мақсатына қолданьлатын қойма. Көлемі 2000-3000 т. бір қабатты ауданы 18 м х 72 м. Қойма қабырғамен екіге бөлінеді.   Бір   жағында,   астықты   төбе   етіп   үйеді,   (азық-түліктік. жемазықтық) қойманың екінші жартысы, тағы да екіге бөлінеді, бөлігінде түқым бос, ал екіншісінде қаппен сақталады. Қоймадағы барлық жұмыс,жоба     бойынша,     жылжымалы    механизация,     желдету машиналарымен.электр   құралдарымен  атқарылады.   Қойманың  азық-түліктік және жемазықтық бөлігінің ауданы 18 м х36 м., көлемі 1600т. Құрғақ дән массасын қоймада сақтаған кезде, қойманың орта тұсында астықты 5 м биіктікке төбе етіп, ал бүйір қабырғаларына таяу жерде 2.5м биіктікте төбе етіп сақтайды.

Қойманың тұқым сақтайтын бөлігінің ауданы 18 м х 24, көлемі 400т.Қойма екіге бөлінген. Бір жағында 23 сусек (қойманың бөліктері), ал екінші жағында тұқым қаппен орналасқан. Сусектің һ - 2,8 м, ауданы 1,8 м. Қоймалардың сыйымдылығы 3200-7500 т дейін болады.

Мемлекет құрамындағы астық қабылдағьгш пункттерде жай бір қабатты үлкен көлемді қоймалардан басқа, элеваторлар қолданылады Элеваторда мемлекеттік қор сақталады.

Элеватордың негізгі бөлшектері:

1.    Жұмыс мүнарасы.

2.    Силостық (қоймалық) корпус.

3.    Қабылдау және жөнелту қондырғылары.

      Жұмыс мұнарасында орналасқан құралдар: жылжымалы  машиналар және өздігінен құйылатын ұңғылар мен аспирациялық қондырғылар.

Жұмыс мұнарасы, элеватордың орталығы болып саналады. Оның биіктігі 50-60 м., ал силостық (қойманың) корпустың биіктігі — 30м.Жұмыс мұнарасында, қозғағыш және технологиялық құралдар орналасқан.

Астықты қозғалысқа  келтіретін  ұңғы  (нория)  барлық жұмысты. атқарады. Жұмыс атқаруына байланысты, астықты қозғалысқа келтіретін машина әмбебап (универсалды) әр түрлі жұмысты атқаратын, дербес жұмысты атқаратын болып екіге бөлінеді.

Таразы-әрбір силос корпусындағы (қоймадағы) астықтың салмағы білуге және мемлекетке астық сатқанда есептесу үшін керек.

Тазартқыш машиналар-(елеуіштер мен триерлер)-астықты тазарту үшін керек. Силостық (қоймалық) корпус астықты сақтау үшін керек. Силостың өзі-астық сақталады.

Силос корпусы 3 бөлімнен түрады:

1. Силостың үстіндегі галереясы, транспортер таспасы арқылы арту үшін қажет.

   2. Силостың төменгі галереясы транспортер таспасы арқылы, астықты түсіру ушін қажет. Бұрынғы элеваторлар ағаштан, кірпіштен, кейінірек болаттан, темір-бетоннан жасалған. Бұрынғы ағаш элеваторлар шаршы, төртбұрышты, болаттан жасалған элеватор дөңгелек, не болмаса көп бұрышты болып келеді. Қазіргі кезде элеваторлар әр түрлі пішінде салынады.

     Силос (қойма) корпусы неғүрлым биіктеу болса, соғүрлым оның көлемі зор болады. Элеватордың сыйымдылығы 11 мыңнан 150 мың тоннаға дейін болады. Ертістегі (Қазақстаңдағы) элеватордың сыйымдылығы 162,5 мың тонна.

Элеваторда астық қалай қозғалады ? Астықты элеваторға әр түрлі иеліктегі шаруашылықтар тапсырады. Ең әуелі астық зертханаға келеді. Онда бұрғымен нүктелік үлгі алынады. Содан кейін қабылдағыш орға төгіледі де, транспортер таспасымен 7-ші қабатқак көтеріледі. Онда өлшеніп 2-3 қабаттардағы   тазартқыш   машиналарға   транспортер   таспасымен әкелініп, қоспалардан тазартылады, содан кейін дымқылдығы жоғары болсаі, кептіргіш  «Целинный»  машинасында кептіріледі.  Ол машина элеваторға қабырғалас сырт жағында орналасқан. Тазартылған кептірілген астық транспортер таспасымен силос корпусына қүйылады. Әрбір силосқа астықты құю үшін қотарғыш арбасы қолданылады. Элеватордың астықты сақтауда маңызы өте зор. Барлық жүмыс механикаландырылған.

Астық массасын сақтаудың режимі 3-ке бөлінеді.

1.   Құрғақ күйінде.

2.   Салқын күйінде.

3.   Ауасыз кеңестікте.

Біздің аймақта, оның ішінде Ақмола облысында, астықты құрғақ күйіндесақтайды. Біздің солтүстік облыстардағы әр бір элеваторларда «Целинный» кептіргіш машиналары бар, сондықтан да, астықты қүрғақ вде сақтай аламыз (14-15 % дымқылдықта).

3.5. Астықты кептіру.

Астық пен тұкымды астық кептіргіштерде кептіру. Астық пен тұқымды астық кептіргіштерде жылу арқылы кептіру негізгі және барынша жоғары өнімді тәсіл. Астық пен тұқымды кептіруді тиімді ұйымдастыру үшін төмендегідей негізгі қағидаларды білген және ескерген жөн:

    -  Қыздыру температурасының рұқсат етілген шекті мөлшері қарастырыльгп отырған астық немесе тұқым тобын қаңдай температураға дейін қыздыру қажет. Бұл көрсеткіш дақылға, оның пайдалану бағытына, бастапқы ылғалдылыққа (кептіруге дейінгі) байланысты өзгереді;

   -  астық кептіргіш камерасына енгізілетін кептіру агентінің оңтайлы

температурасы. Негізгі кептіру агенті-жағылатын газ бен ауаның қоспасы;

    - астық пен тұқымды әр түрлі құралымды астық кептіргіштерде

кептірудің ерекшеліктері.

-  кептіргіш  шахталарының  құралымдық  ерекшеліктері  бойынша

шахтылы,  пәрменді    қыздыру    құрылымы    бар    рециркуляциялық,(пневмотрубалар,тежегіш элементтері бар   камералар),   барабаңды, камералы т.б. кептіргіштеді ажыратады.

.

Шахталы кептіргіштер. Олар шахталы деп аталатын, төбесіне дейін кетірілетін  астықпен   толтырылатын   бір   және   екі   тік   бұрышты камералардан түрады. Шахтының жоғарғы жағы бір немесе бірнеше кептіру аймағы бар кептіру камерасы болып табылады; төменгі жағында салқындатқыш камера (салқьндату аймағы) орналасқан. Бүкіл шахта бойымен жаңа кептіру агентін әкелетін және жұмыс істеп біткен агентті әкелетін және әкететін каналдар қалыптастыратын қорап деп аталатын құрылымды орналастырады.

Астық жеткізетін және әкететін қораптарды, көптеген астық кептіргіштерде әр қатар сайын кезектестіріп орналастырады. Астықты жақсы алмастыру үшін қораптарды шахмат тәртібімен орналастырады. 

Ауыл шаруашылығында шахтылы түрдегі СЗС-8, СЭШ-8, ЗСПЖ-8, СЗШ-16 және СЗШ-16р тұрақты (стационарлы) және көшпелі кептіргіштер кең тараған. Азық-түліктік бидай астығының дымқылдыгы оларды кептіргеннен кейін 6 %-ға дейін (20-дан 14 % дейін) төмендейді.

Барабанды кептіргіштер. Еңбек өнімділігі 2-5 т/сағ. Бұл түрдегі астық кептіргіштерде кептіру агенті айналмалы барабанға астық қүйылғанда (біреуінде немесе бірнешеуіңде) әсер етеді. СЗСБ-8 кептіргішіндегі барабан қимасымен 6 секторға бөлінген. Олардьң әрқайсысыңда барабан айналғанда астықты алып қалатын сөрелер бекітілген (барабанның айналу жылдамдыгы 8 айналым/мин, ұзындығы 8 м). Астықтың барабанға біркелкі келуін тиегіш камера қамтамасыз етеді Барабан бойымен тіреуіштің әсерінен және кептіру агентінің ағынымен жылжиды. Қотарғыш (түсіргіш),камерадан ол шлюзді ысырмаға бағытталады, одан салқындатқыш камераға жетқізіледі.

Астықтың кептіру агентімен түйісу уақыты барабанды кептіргіштерде шахталыға қарағанда аз. Сондықтан барабанды кептіргіштерде кептіру агентінін температурасы айтарлықтай жоғары (тұқым үшін 130°С дейп азық-түліктік және жемазықтық астық үшін 180°С-дан жоғары) мұның өзі барабанда астықтың қызып кету қауіпін арттырады. Оның үстіне, астық барынша қызған кептіру агентімен түйіседі, ал оның температурасы барабаннан өткенде азаяды. Барабандағы астық қозғалысының түрі-сөрелерде бөгелу және құйылу-бүл кептіргіштерді бұршақ тұқымдастар, күріш және жүгері тұқымдарын кептіруге жарамсыз етеді, өйткені олар жарылып кетеді. Бұл кептіргіштер жоғары деңгейде шөп-шаламы көп астық массаларын кептіруге жарамды.

Рециркуляциялык астық кептіргіштер. Рециркуляциялық астық кептіру технологиясы, белгілі бір мөлшердегі сулы астықты құрғақ астьгқтың мол мөлшерімен араластыруға негізделген.

Кептіргіш агентінің өрлеу ағыныңда қоспасын қысқа мерзімде қыздыруы, қыздырған астықты 10-15 мин жатқызғаннан кейін садқындатуды алмакезек алмастыру және кептірілтен астықтың көп бөлігін рециркуляциялап кептіру іске асырылады.Қыздыру камерасындағы кептіру агентінін температурасы 250-380°С, астық қысқа мерзімде (2-3 мин) 60°С қыздырылады.

Информация о работе Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттерi