Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 13:34, реферат
Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтарыәр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін.
Сонымен, салқындатуды кеңінен қолдану астықтың сақталуын жақсартуды қамтамасыз ететін қажетті шара. Салқын ауа райының басталуымен сақтаудағы астық белгіленген сақтау мерзімінен бастап салқындатуға тиіс.
Астық массасын салқындатудың екі тәсілі белгілі: жайбарақат( пассивті) және белсенді.
Жайбарақат (пассивті) салқындатуды; ауаның температурасы астық массасыныкінен төмен болғанда барлық астық қоймаларын желдетуді қолданады. Осылай салқындатудың артықшылығы оның оңтайлығында, астықтың орнын алмастырудың қажетсіздігі және қосымша шығынның жұмсалуында. Бірақ, ол ылғи жеткілікті тиімді бола бермейді. Атмосфералық ауа мен астық массасы түйісуінің шектеулігінен және жылу (температура) өткізгіштігі төмендігінен, астық массасы, әсіресе, оның ішкі қабаттары өте баяу салқындайды.
Жайбарақат салқындату тек қана құрғақ және орташа құрғақ астыққа ұсынылады. Ылғалдылығы жоғары және айтарлықтай температурадағы (20ºС және одан жоғары) әрі үйіндінің биіктігі 1м-ден жоғары болғанда, астық массасы баяу салқындайды да өздігінен қызу қаупін жоя алмайды. Мұны өндірістік тәжірибеде есте сақтаған дұрыс.
Белсенді салқындату бұл күрекпен аударыстыру, ұңғырлар (нориялар), астықтазалағыш машиналар, кептіргіштер, конвейерлер арқылы өткізу және белсенді желдету. Астықты аудастыру - өте қарапайым және көп еңбекті талап ететін процесс; артықшылықтаранынан кемшіліктері көп. Технологиялық тиімділігі шамалы және еңбек шығынын қажетсінетіндіктен, аудастыруды астық массасын салқындату құралы ретінде ұсынуға болмайды. Бұл ерекше жағдайда ғана, астықты салқындатудың жетілдіреген және экономикалық тиімді құралдары болмағанда ғана қолданылады.
Астық конвейерлерден, астықтазалағыш машиналар және кептіргіштерден өткенде де салқындайды. Соңғылардан отын көздерінен ағытып тастайды және желдеткіштер салқындатқыш, кептіргіш камереларға тек атмосфералық салқын ауаны ғана айдайды
Астықтың қозғалыс жолы ұзарған сайын белсеңді салқындатудың тиімділігі артады, осындай жағдай астық массасы мен ауаның температурасыңдағы айырмашылық ұлғайғанда байқалады. Салқындатудың бұл тәсілін астықты қоймаларда, элеваторларда сақтағанда және қоймаларға барынша мол салқын ауа енгізілуді қамтамасыз еткенде қолданады.
Белсеңді желдетуді астықты салқыңдатудағы барынша жетілдірілген және экономикалық тиімді тәсілдердің бірі деп есептейді. Белсеңді желдету қондырғыларының мынадай түрлері қолданылады: тұрақты (стационарлы) еденді көшпелі және қүбырлық.
Типтік еденді қоймаларда астықты белсеңді желдету үшін барынша кең тарағандары тұрақты қондырғылар - СВУ-1 және жаңартылған (модернизацияланған) СВУ-1М, СВУ-63 және ертеректегі жаңартылған СВУ-2 мен УСВУ-62, сонымен бірге аэронауалар. Қоймалар мен алаңдарда еденді көшпелі қондырғылардың шетелдік қондырғылар қолданылады.Құбырлық қондырғьлардан жылжымалы ПВУ-1 және телескопиялық вентиляциялық ТВУ2.
Белсенді желдету астықты салқындату, тоңазыту, немесе кептіру мақсатымен жүргізіледі. Бұл жұмыс профилактикалық шара түрінде қолданылады және ол дұрыс та, сонымен қатар астықты желдету құралы ретінде мынадай мәселелерді шшуге бағытталған:
1.Сыртқы ауаның нақты салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасында белсеңді желдетудің орындылығы;
2. Астық массасын қандай қарқынмен желдетудің қажеттігі;
3. Белсеңді желдетудің әсерінен астықтың температурасы қандай
жылдамдықпен төмендейтіндігі;
4. Астық массасын қажетті температураға дейін салқындатуға қанша уақыт керектігі.
3.6. Белсеңді желдету
Ауамен түйіскенде астық оның сол кездегі нақты салыстырмалы ілғалдылығына сәйкес келетін тепе-теңдік ылғалдылыққа үмтылады Астықтың ылғалдылығы желдетілгеңде жоғарыламаса белсеңді желдету орыңды болып табылады. Қызған астық үйіндісін желдеткенде астықтың ылғалдылығы аздап жоғарылауы мүмкін.
Егер астықтың ылғалдылығы үрленіп отырған ауаның ылғалдылығы мен температурасына сәйкес келетін тепе-теңдік көрсеткішінен төмен болса, оңда астық ылғалдылығы көтеріледі, желдету тиімсіз болып қалады. Ал астықтың нақты ылғалдылығы тепе-теңдік ылғалдылығынан жоғары болса, онда астық кептіріледі және мұндай жағдайда белсеңді желдету орынды деп есептеледі.
Сонымен қатар астықты салқындату мен желдетудің басқа тәсілдерін қарастырған жөн; қойманың есігін ашу, транспортерлердің көмегімен астықты бір орыннан екінші орынға алмастыру т.б.
Белсенді желдетуді, немесе астық массасын желдетудің басқа тәсілін қолданудың тиімділігін (орындылығын) арнаулы планшеттің, немесе астық ҒЗИ-ның номограммасының көмегімен тепе-теңдік ьілғалдылығын анықтай отырып белгілейді.
Планшетті пайдалану. 1-ші мен 2-ші шәкілдегі құрғақ және суланған термометрлер көрсеткіштерін қосатындай оның үстіне 3-ші шәкілді қиып етітіндей етіп планшетке сызғышты орналастыру қажет. 3-ші шәкілдің қиылысан нүктесінде ауаның абсолюттік ылғалдылығының көрсеткішін табады. Содан кейін сызғышы арқылы бұл нүктені 5-ші шәкілді қиып өтетіндей етіп астық температурасына сәйкес келетін 4-ші шәкілдің нүктесімен жалғастырылады, 5-ші шәкілдің қиылысу нүктесінде астықтың тепе-теңдік ылғалдылығының шамасын аньгқтайды. Оны астықтың нақты ылғалдылығымен салыстырып, желдету кезіңде ылғалдылық арта ма, немесе кеми ме, соны біледі.
Номограмманы пайдалану. Номограмманың сол жақ бөлігінде сынап бағанасы бойынша мм-мен ауаның абсолюттік ылғалдылығын сипаттайтайтын көрсеткіштер қисық сызығы, ал оң жақ бөлігінде — астықтың тепе-теңдік ылғалдылығын көрсететін қисықтар жазылған. Номограмма бойынша астық ылғалдылығын анықтауға мысал келтірейік:
- құрғақ термометр бойынша ауаның температурасы — 16°С: суланған термометрдегі температура —12°С, астықтың температурасы —26°С және астықтың ылғалдылығы -15%.
Номограмманың төменгі горизонталь сызығында құрғақ термометрдегі температураға сәйкес келетін нүктені табамыз, ал сол жақ вертикальда — суланған термометр бойынша. Осы нүктелерден өтетін перпендикулярлардың қиылысыңда - қисық сызықтың бойынан сынап бағанасымен мм ауаның абсолюттік ылғалдылығын көрсететін санды табамыз. Біздің мысалымызда қиылысу нүктесі 8 санымен көрсетілген сызықта жатыр. Бұл ауаның абсолюттік ылғалдылығы сынап бағанасының 8 мм тең деген сөз. Әрі қарай графиктің вертикаль сызығының оң жағына табылған ауаның абсолюттік ылғалдылық шамасын, ал жоғарғы горизонталь сызыққа - астық температурасының шамасын жазамыз. Осы нүктелерден шыққан перпендикулярдың қиылысынан 9 %-ға тең тепе-теңдік ылғалдылығы шығады. Астықтың ылғалдылығы 15 %-ға болғаңдықтан оны желдету орынды болып табыладьц.
Астық массасын желдетудің қарқындылығы
Астық массасының салқындау немесе кебу дәрежесі желдетудің қарқыңдылығына, басқа сөзбен айтқанда, дән аралық кеңістікте алмасатын ауаның мөлшеріне байланысты. Алмасатын ауаның мөлшері желдеткіштің еңбек өнімділігіне, бір желдеткіштің ауа-бөлгіш қүрылымына берілетін астық үйіндісінің көлеміне және астық қуыстылығына байланысты.
Астық үйіндісіне берілетін ауаның мөлшерін дән аралық кеңістік (астық қуыстылығы) көлеміне бөліп, үйіндідегі ауаның алмасу санын табамыз.
Мысал. Ауданы 300 шаршы м қойманың бір бөлігі екі секциядан тұрақты желдеткіш қоңдырғымен жабдықталған және үйінді биіктігі 2,5м қара бидай құйылған. Астық үйіндісіне екі № 4 ЦАГИ желдеткішінің көмегімен қос канал арқылы ауа үрленеді. Әрбір желдеткіштщ ауа өнімділігі сағатына 9500 м3. Қара бидайдың астық қуыстылығы (дән аралық кеңістік) 40 %
Үйіндіге берілетін ауаның бір тәуліктегі алмасу санын төмендегіше
аныктайды:
1. Астық массасының көлемі: 300*2,5 = 750 м3
2. Астық қуыстылығының көлемін: (750*40): 100 = 300 м3
3 Екі желдеткішпен астық үйіндісіне тәулігіне берілетін ауаның мөлшері: (9500 * 2) * 24 = 456000 м3
4. Үйіндідегі астық массасында ауаның бір тәулікте алмасу саны: 456000 : 300 = 1520.
Канағаттанарлық нәтижелер алу үшін астық үйіндісінде төмендегідей мөлшерде ауаның алмасуын қамтамасыз ету қажет (Астық ҒЗИ-ның деректері бойынша):
Орташа құрғақ астық үшін тәулігіне 800-1000 алмасу, ылғадды астыққа 1500, ал дымқыл астыққа 2000 алмасу қажет.
Ауаның мұндай алмасуы астық үйіндісінің биіктігі-құрғақ астықта 3-4м, ылғалды астықта 2-3 м және дымқыл астықта 1,5-2,0 м-ден аспағанда қамтамасыз етіледі.
Желдеткіштің қуаты жеткіліксіз болғанда, ауаның алмасу санын үйіндінің биіктігін азайту арқылы реттеуге болады. Белсеңді желдетудің қарқындылығын 1 т астыққа бір сағатта берілетін ауаның көлемімен де (м3) көрсетуге болады.
Желдету қарқындылығының мүндай көрсеткішін қарапайым тәсілмен анықтауға болады: желдеткіштің өнімділігін өңделетін массаның салмағына бөлсе жеткілікті. Сонымен қатар, үйіндідегі ауаның алмасу санын біле отырып бір тонна астыққа берілетін ауаның көлемін жеңіл есептеуге болады жөне керісінше. Ол үшін үйіндідегі астық массасының салмағы, астық қуыстылығы (дән аралық кеңістік) және астықтың натуралық массасы белгілі болуы керек.
Астық массасы салқындауының мүмкін жылдамдыгы және желдетудін ұзақтыгы
Астықтың салқындау жылдамдығы желдетудің пәрмеңділігіне және астық пен сыртқы ауа температураларының айырмашылығына байланысты.
Бұл айырмашылық неғүрлым көп болса, соғұрлым астық тезірек
салқындайды.
Астықтьгң салқындау жылдамдыгы, немесе бір сағат желдетілгенде оның температурасының белгілі бір шамаға төмендеуі (°С) астық ҒЗИ-ның жасаған 22-кестесінің көмегімен анықталады.
22-кесте. Астықты желдетудің ұзақтығы
Астық пен сыртқы ауа темпер-ң айырмашылығы (ºС) | Берілетін ауаның мөлшеріне сәйкес (1 т м3 (сағ) астықтың орташа салқындау жылдамдығы (°С сағ) | |||||||
20 | 40 | 60 | 80 | 100 | 120 | 140 | 160 | |
5 | 0,04 | 0,08 | 0,12
| 0,16 | 0,20
| 0,24 | 0,28 | 0,32 |
10 | 0,08 | 0,16 | 0,24 | 0,32 | 0,40 | 0,48 | 0,56 | 0,64 |
15 | 0,12 | 0,24 | 0,36 | 0,48 | 0,60 | 0,72 | 0,84 | 0,96 |
20 | 0,16 | 0,32 | 0,48 | 0,64 | 0,80 | 0,96 | 1,12 | 1,28 |
25 | 0,20 | 0,40 | 0,60 | 0,80 | 1,00 | 1,20 | 1,40 | 1,60 |
30 | 0,24 | 0,48 | 0,72 | 0,96 | 1,20 | 1,44 | 1,68 | 1,92 |
35 | 0,28 | 0,56 | 0,84 | 1,12 | 1,40 | 1,68 | 1,96 | 2,24 |
40 | 0,32 | 0,64 | 0,96 | 1,28 | 1,60 | 1,92 | 2,24 | 2,56 |
Кестенің төменгі горизонталінен астық пен сыртқы ауа температураларының айырмашылық шамасын табады. Осы нүктеден қиылысқанға дейін тік түзу сызық жүргізіледі, бір сағат желдеткенде астық температурасының төмендеу мөлшерін табамыз. Белсеңді желдету ұзақтығы астык температурасын неше градусқа төмендетуге байланысты өзгереді.Осы көрсеткішті желдетуге кеткен сағатқа бөліп, желдетудің ұзақтылығы анықталады. Бір есте сақтайтын жәйт, астық массасының салқындау жылдамдығы бүкіл желдету кезеңіңде біркелкі болмайды, өйткені астық пен сыртқы ауа температураларының айырмашылығы бірте-бірте азая ереді.
Тапсырма: Төмендегідей шарттарға сәйкес астықтың салқындау жылдамдығы мен желдетудің қажетті ұзақтығын анықтау керек:
1. Сыртқы ауаның температурасы +9°С, желдетілген астық массасының температурасы +25°С, бір тонна астыққа үрленетін ауа 30 м3/сағ.
2. Температурасы +22°С 340т астықты №4 ЦАГИ желдеткішінің көмегімен желдетеді. Желдеткіштің өнімділігі 9500 м3/сағ. Сыртқы ауа мен астық температураларының айырмашылығы +10°С.
3.7 Астық қабылдауды, орналастыруды және сақтауды ұйымдастырудың технологиялық қағидаттары
Кәсіпорындар тәжірибесінде астық қабылдаудың екі түрі ажыратылады: әр түрлі шаруашылықтардан (шаруа қожалықтары, фермер, ұжымдық шаруашылықтар т.б.) және астық өнімдерін дайындау жүйесіндегі кәсіпорындардан түсетін астық. Дайындаудың соңғы түрі жыл бойы іске асыралытындықтан,, әдетте кәсіпорындар жұмысында айтарлықтай киындық туғызбайды.
Шаруашылықтар сағатын әр түрлі дақылдардың астығы мен тұқымдаын астық қабылдау кәсіпорындары, қысқа мерзімде, астық жинау науқанында қабылдайды. Осьгған қарамай сатып алушылар астық пен тұқымтоптарын (партияларын) толассыз қабылдауды, сонымен қатар олардың массасы мен сапасын анықтауды, астық сатушылармен уақытында және дұрыс есеп айырысуды, түскен астық пен тұқымды қоймаларда дұрыс орналастыруды, олардың саны мен сапасын сақтау шараларын ұйымдастыруды камтамасыз етуге тиіс.
Астық қабылдау кәсіпорындары астықтың сапасы жоғары немесе базистік кондицияға сәйкес келсе, немесе сапа көрсеткіштері шектеу кондициясынан төмен болмаған жағдайда қабылдайды.
Астық пен тұқым топтарын қабылдау кезеңіндегі қауырт жұмыстарды сәтті орындау жолыңда қабылдау кәсіпорыңдарында тиянақты ұйымдастырумен бірге астықты қабылдауды, оларды қоймаларға орналастыруды жоспарлағанда, кәсіпорындардың нақты мүмкіндіктері есепке алынғаны жөн. Бұл жоспар әрбір сатып алушы кәсіпорындарында күнілгері дайындау кезеңіне дейін жасалады және ол кәсіпорын төрағасының қолымен бекітіледі.
Информация о работе Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттерi