Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 00:44, реферат
Ойалаудың үшінші формасы – ой тұжырымы. Ол пайымдау мен ұғымға қарағанда өз құрлымына қарай анағұрлым күрделі.Өйткені бұл олармен теңелмейді, олардан құралады және белгілі бір байланысын болжайды. Осының арқасында ойлауда өзіндік функциялармен сапалы айрықша форма құрылады. Басталған аналогияны аяқтай келе, бізөзіміздің ақыл-ой қызметіміздің атомы - ұғым, ал молекуласы - пайымдау десек, онда ой тұжырымы – сол ақыл-ой қызметінің өзі деген сөз.
“Барлық жақсы нәрсе бізге оңай келмейді” пайымдауын қарастырайық. Берілген пайымдаудың негізінде жақсы және оңай туралы не айтуға болады? Төмендегідей: “Ешбір жақсы нәрсе бізге оңай келген жоқ” деген пайымдау шығатынын байқау қиын емес. Осылайша біз айналдыру (латынша obversio) деп аталатын ой тұжырымын жасадық.
Айналдыру дегеніміз --- бұл кейбір кесімді пайымдауда сапасы бойынша предикатпен қарма – қарсы, бастапқы пайымдаудың предикатына қайшылықта болатындай өзгертуден тұратын ой тұжырымы.
Кесімді пайымдаудың барлық түрін айналдыруға болады.Оларды жеке – жеке қарастырайық.
А: Барі өзгереді.┴ Еш нәрсе өзгеріссіз қалмайды.
Е: Бірде – бір адам кемшіліксіз емес. ┴ Барлық адамдарда да кемшілік болады.
І: Кейбір адамдар әділетті. ┴ Кейбір адамдар әділетті болмайды.
О: Кейбір құжаттар жарамды болмайды. ┴ Кейбір құжаттар жарамсыз.
Әрине,
айналандыру көмегімен біз
Келтірілген
мысалдар негізінде айналдырудың жалпы
схемасын көрсетуге болады:
Барлық
Sд еген P.
Е А-ға айналады
Бірде-бір Sдеген P емес Барлық S деген P болады.
Кейбір
S деген P.
Кейбір
S деген P емес.
Осылайша айналдыруды орындау үшін бастапқы пайымдауды төмендегідей етіп:
1) бастапқы пайымдаудың жалғаулығын сапасы бойынша қарама –қарсы ауыстыру ( яғни “ деген ” – “ деген емес” және керсінше);
2)бастапқы пайымдаудың предикатын оған қайшы ұғымға ауыстыру ( яғни P – P емес немесе P емес – P -ға), өзгерту қажет.
Айналдыру нәтижесінде біз бастапқы пайымдау субъектісінің бастапқы пайымдау предикатына қайшы ұғымға қатынасын анықтаймыз.
Сонымен
қатар құптаушы пайымдаулар
Келесі
есепті қарастырайық. “ Барлық эпузалар
гантирленеді” пайымдауынан “ Гантирленгендердің
барлығы эпузалар болады” логикалық пайымдауы
шыға ма? Біз жалпы зкпузалар дегеннің
кімдер екенін білмейміз. Онда гантирлену
дегеннің өзі не екені де белгісіз. Бізге
тек пайымдаулардың логикалық формасы
негізінде ғана талқылауға тура келеді.
Бірақ бізге
Егер мейлінше абстрактілі ммысал алсақ, онда бізге ауыстыру соғұрлым түсінікті болады. “Барлық адвокаттар – заңгерлер ” пайымдауын қарастырайық. Одан “Барлық заңгерлер –адвокаттар” деген пайымдауға шығама? Бұл сұраққа біз бірден - жоқ деп нақты жауап бере аламыз. Соңғы пайымдау ақиқат болуы үшін пайымдаулардың терминдері теңкөлемді ұғымдар немесе “ адвокат ” ұғымы “ заңгер” ұғымына қарағанда өз көлемі бойынша үлкен болу керек.
Алайда бұл мысалда ондай қатынас болуы мүмкін емес. Сондықтан, “ Барлық адволаттар - заңгерлер” пайымдауыннан “ Барлық заңгерлер - адвокаттар” пайымдауын алуға болмайды. Енді ой тұжырымдарының мұндай ерекшеліктері есепке алынатын теорианы қарастыру керек.
Ауыстыру –бұл кесімді пайымдауды субъект бастапқы пайымдаудың предикаты болатын, ал предикаты - бастапқы пайымдаудың субъекті болатын пайымдауға өзгертуден тұратын ой тұжырымы.
“ Бірде – бір трапеция теңжақты фигура болмайды” деген пайымдауды қарастырамыз. Одан “ Бірде – бір теңжақты фигура трапеция болмайды ” пайымдауы шыға ма? – деген сұраққа біздің логикалық интуицямыз сұраққа құптаушы белгі береді. Біз жалпытерістеуші пайымдауды ауыстырудан ерекшеленатініне көзіміз жетті. Атвокаттар туралы мысалға оралайық. “Барлық адвокаттар – заңгерлер” пайымдауының логикалық салдары “ Кейбір заңгерлер – адвокаттар” пайымдауы болатынын болжау қиын емес. Осылайша, сіздер мен біз жай ауыстыру және шектелген ауыстыру деп аталатын ауыстырудың екі түрімен кездестік.
Жай (немесе таза ) – бұл бастапқы пайымдаудың саныа өзгетпей ауыстыру.
Жай ауыстыруға Е және І типіндегі пайымдаулар жатады. Сонымен қатар Е Е-ге, ал І тағы да І-ға өзгереді.
Мысал. Е: “ Бірде – бір адам кемеліне жеткен емес” “ Бірде – бір кемеліне жеткен тірі жан адам емес” деп Е-ге өзгереді.
Түсініктеме. Бастапқы пайымдауды ауыстырып, біз “ тірі жан” сөзін қостық, бірақ та өзгерген ойға бұдан еш нәрсе қосылмайды. Ол тек ойдың тілдік көрнісі аумағына жатады.
Мысалы, І: “ Кейбір заңгерлер – сенаторлар” ” Кейбір сенаторлар - заңгерлер” деп І-ға өзгереді.
Шектеулі өзгерту - бұл бастапқы пайымдаудың санын өзгерте отырып өзгерту.
Жалпықұптаушы пайымдауларға алынған мысалдардан біз оларды тек шектеулі өзгерту мүмкін екеніне көз жеткіздік. Нәтижесінде жекеқұптаушы пайымдаулар шығады. Дегенмен мұндай шектеулі өзгертуге жеке баса көрсетілген пайымдаулар да сәйкес келеді. Оларда предикат субъектіге бағыныңқы қатынаста, яғни көлеиі бойынша одан кіші болады.
Сондықтан бұл түрде пайымдау
тура солай аталғанымен,
Мысалы, жекеқұптаушы пайымдау “ Кейбір заңгерлер –тергеушілер “ “Барлық тергеушілер – заңгерлер ” деген жалпықұптаушыға өзгереді.
Ал жекетістеуші пайымдаулар ше?
Мысалы, “ Кейбір адамдар бай емес” пайымдауын алайыққ. Егер оны қарапайым өзгертуге жеткізсек, онда “ Кейбір байлар – адам емес” деген пайымдау шығады. Мұндай қатаң тұжырымға келетіндей біздің негізіміз жоқ. Сондықтан, жекетерістеуші пайымдаулар мүлде өзгеріске ұшырамайдй деген қортындыға келеміз.
Неге
жалпықұптаушы пайымдаулар
Егер термин пайымдаудың бүкіл көлемінде алынса, сонда ол таратылған болып есептелетіні біздің есімізде. Егер біздің қортындыда таратылған, ал алғышартта таратылмаған термин пайда болса ой тұжырымы бұрыс болады. Онда біз алғышартта барлық көлемде алынбаған терминді қортындыда барлық көлемде алған боламыз. Сондықтан алғышарттан қортындыға өтуде ешқандай негізсіз ақпарат қосқан боламыз. Осыдан барып алғышарт ақиқат болғанда да, қортынды жалған болып шығады. Міне, сондықтан тура қорытындыда біз басында айтқар:
“ Алғышартта тартылмаған термин қортындыда да таратылмауы тиіс”, - деген ереже бар.
Е типі пайымдауда екі термині де таратылған болғандықтан, біз бұл пайымдауды батыл өзгерте аламыз. Сол сиақты І пайымдауын да батыл өзгертуге болады. Өйткені қортынды – сында бірде – бір термин таратылмаған.
Енді жалпықұптаушы пайымдауларды қарастырайық. Онда әдетте субъект таратылған, бірақ предикат таратылмаған.Өзгерту кезінде предикат пен субъект орындарын ауыстыратын болғандықтан, біздің терминдер ережесі бойынша, қортындыда субъект таратылмаған болу тиіс.
Дегенмен
жалпықұптаушы пайымдаудың
Енді жеке терістеуші пайымдауды қарастырайық. Онда субъект таратылмаған, ал предикат таратылмаған. Бірақ егер біз тек субъект пен предикаттың орнын ауыстырсақ, онда S термині алғышарт-та таратылмаған, қортындыда тартылғар болады. Ал бұл біздің ережені бұзады. Сондықтан, біз жекетерістеуші пайымдауды жекетерістеушіге өзгерте алмаймыз.Өйткені оида пайымдау санын заңсыз кеңейту болар еді, әрі біз оны құпталатын пайымдауға айналдыра алмаймыз. Себебі, ол пайымдау санын заңсыз кеңейту болады. Сондықтан, жекетерістеуші пайымдау мүлде өзгермейді.
Предикатқа қарсы қою.
Кесімді пайымдаудың мағынасын анықтау үшін бастапқы пайымдаудың предикатына қайшы ұғымның оның субъектісіне қатынасқан, яғни Р еместі S-қа анықтауға болады.
Нәтижесінде субъект болып предикатқа қайшы келетін ұғым,ал предкат болып- батапқы пайымдау субъектісі болатын пайымдауды өзгерту предикатқа қарсы қою деп аталады.
Предикатқа қарсы қоюды екі түрлі жолмен орындауға болады. Осы пайымдау бойынша оны предикатқа қарсы қоюды бірден құруға болады. Алайда бұл жеткілікті шығармашылық іс. Алдымен бастапқы пайымдауды айналдыруды, содан соң өзгертуді орындаған жеңілдірек. Нәтижесінде біз предикатқа қарсы қоюды аламыз.
Мысалдар. А: “ Барлық өтірікшілер адамкершілігі жоқ адамдар болады”. Айналандыру - “ Бірде – бір өтірікші адамгершілікті адам болмайды”.Ауыстыру- “ Бірде – бір адамгершілікті адам өтірікші болмайды”.
Е: “ Біздің топтың бірде – бір студенті шахмат ойнамайды”. Айналдыру - “ Біздің топтың барлық студенттері шахматшылар емес”. Ауыстыру – “Барлық шахматшылар біздің топтың студенттері емес”.
О: “ Кейбір куәгерлер – есі дұрыс еместер”. Айналдыру – “ Кейбір куәгерлер - ессіздер”. Ауыстыру – “ Кейбір ессіздер – куәгерлер болып есептеледі ”.
І типті пайымдауды предикатқа қарсы қою мүмкін емес, өйткені айналдыруда О типті пайымдау алынады, ал естеріңіізде болса оларды ауыстыруға болмайды.
Біздің предикатқа қарсы қою туралы мәліметтерімізді төмендегі кестемен көрсетуге болады.
Бастапқы пайымдау | Предикатқа карсы қою |
А: Барлық S деген P | Е: Бірде-бір Р емес деген S емес |
Е: Бірде-бір S деген P емес | І: Кейбір Р емес деген S |
О: Кейбір S деген Р емес | І: Кейбір Р емес деген S |
І – ды предикатқа қарсы қоюға болмайды.
Ауыстырып, одан соң айналдыру жолымен пайымдауды өзгерту субъектіге қарсы қою деп аталады.
Яғни, тура ой тұжырымының бұл түрі алдыңғы сиақты. Тек пайымдаулармен ерекшеленеді. Бір ғана мысал келтірейік. Егер “ Барлық адвокаттар- заңгерлер” пайымдауын алдымен “ кейбір заңгерлер адвокат еместер емес” ( прокурорлар, судьялар және т.б. болса да) десек, онда субъектіге қарсы қоюды аламыз. Қортынды предикаты - “ адвокат еместер”
Бастапқы пайымдаудың субъектісі – “ аддвокаттар” дегенге қарсы қойылады. Логикалық операция мен тура ой тұжырымының бұлай аталуы осыдан барып шыққан.
Субъектіге қарсы қою кестесі мынадай:
Бастапқы пайымдау | Субъектіге қарсы қою |
A: Барлық S деген P | Е: Кейбір Р емес деген S емес |
E: Бірде-бір S P деген емес | А: Барлық Р деген S емес |
I: Кейбір S деген P | О: Кейбір Р емес деген S емес |