Ой тұжырымы туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 00:44, реферат

Описание работы

Ойалаудың үшінші формасы – ой тұжырымы. Ол пайымдау мен ұғымға қарағанда өз құрлымына қарай анағұрлым күрделі.Өйткені бұл олармен теңелмейді, олардан құралады және белгілі бір байланысын болжайды. Осының арқасында ойлауда өзіндік функциялармен сапалы айрықша форма құрылады. Басталған аналогияны аяқтай келе, бізөзіміздің ақыл-ой қызметіміздің атомы - ұғым, ал молекуласы - пайымдау десек, онда ой тұжырымы – сол ақыл-ой қызметінің өзі деген сөз.

Работа содержит 1 файл

Логика.doc

— 232.00 Кб (Скачать)
 

                           1. Ой тұжырымы туралы жалпы түсінік 

   Ойалаудың үшінші формасы – ой тұжырымы. Ол пайымдау мен ұғымға қарағанда өз құрлымына қарай анағұрлым күрделі.Өйткені бұл олармен теңелмейді, олардан құралады және белгілі бір байланысын болжайды. Осының арқасында ойлауда өзіндік функциялармен сапалы айрықша форма құрылады. Басталған аналогияны аяқтай келе, бізөзіміздің ақыл-ой қызметіміздің атомы - ұғым, ал молекуласы - пайымдау десек, онда ой тұжырымы – сол ақыл-ой қызметінің өзі деген сөз. Талдау, сұрақ қою, жауап іздеу, сұрау, талап ету, тиым салу – барлығы жәнеде басқа ойлау әрекетінің формалары белгілі ой тұжырымының түрлеріне ие болады. Сондықтанда біз ойлау мен ой тұжырымын жасау екеуі бірнәрсе деп қорытуға құқылымыз.

   Ойлаудың  бұл формасында формальді-логикалық талдау: ой тұжырымының мәні неде, оның рөлі мен құрылымы қандай; олардың негізгі типтері нені қамтиды; олар өзара қандай қатынаста болады; олармен қандай логикалық операциялар жасау мүмкіндеген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

   Мұндай  талдаудың мәні адамдарды ежелден таңдандырған сөздің зорлық күшінің “құпиасы” осы ой тұжырымында (және олардың дәлелдеуге негізделуінде) жатқандығында болады. Және оған қол жеткізген кезден бастап логика ғылым ретінде басталады деп есептеуінде. Қазіргі кезде біз логиканың күші деп айтатын нәрсені осы ой тұжырымы қамтамасыз етеді екен. Міне, кейде логиканы тұжырымдалган білім туралы ғылым деп атауыда осы себептен шыгар.Мұнда ақиқаттың елеулі үлесі бар. Барлық ұғымдар мен пайымдауда алдынғы пікірлер өз-өзінен маңызды болса да, мәндерінің логикалық функцияларында байланысты тек ой тұжырымына (ендеше дәлелдеулерге) қатысты ғана толығымен ашады.

   Ой  тұжырымы теориясы – логиканың неғұрлым жан-жақты терең қарастырылған  бөлігі. Бұл – тағы да біздің қолымызға  таным мен қарым-қатынастың алып құралын  беретін өте тиімді теория.

   Өмірде  біз білімнің тура және жанама түрдегі  екіі тегімен қаруланғанбыз және соларды пайдаланамыз.

   Тура  білімді біз сезім мүшелері көмегімен  аламыз: “қант тәтті”, “Бұлбұл әдемі сайрайды”, “Қар ақ”, “Раушан гүлдерінен жұпар иіс аңқиды” деп. Олар біздің біліміміздің елеулі бөлігін құрайды және соның негізі болып табылады.

   Бірақ біз әлемдегі нәрселердің бәрі туралы тура талдау жасай алмаймыз. Мысалы, ешкім ешқашан homo sapiens сияқты 

   биалогиялық турдің қалай пайда болғанын бақылаган жоқ. Алайда ол туралы білім бар. Ол басқа білімнен алынған. Мұндай білімдер құрама (тұжырымдалған) деп аталады.

   Жалпы турде белгілі білімнен жаңа білім тұжырымын алатын ойлаудың формасы түсініледі.

   Біздің  ойлауымызда мұндай форманың болуы ұғым және пайымдау сияқты объективті шындықтың өзімен шартталған. Егер ұғым негізіне – шындықтың нәрселік сипаты, ал пайымдау негізіне – нәрселердің байланысы (қатынасы) жатса, онда ой тұжырымының объективтік негізін нәрселердің неғұрлым күрделі өзара байланысы – олардың өзара қатынасы құрайды.

   Ой  тұжырымы ғылымй және күнделікті ойлауда  кең пайдаланады. Олар біздің білімімізді  аяқталған кешенге қатысты күрделі  ой конструкциясына байланыстырып  қана қоймайды, сондай-ақ, оларды байытып, осы білімдерді ары қарай күшейтеді.

   Ұғымдарымен, пайымдауларымен бірге ой тұжырымы сезімдік танымның шекткулілігін жеңеді. Сезім мүшелерінің шамасы келмейтін жерлерде: қандайда бір нәрсенің немесе құбылыстың пайда болу себкптнрін, оның мәні мен тіршілік ету формасын, даму заңдылықтары және т.б. анықтауда олар таптырмас құрал.

   Ой  тұжырымы енді тура бақылауға болмайтын өткенді тану құралы ретінде пайдаланылады (мысалы, Күн жүйесінің пайда болуы). Оның үстіне олар әлі бақылауға келмейтін, болашақты түсінугеде де өте маңызды рөл атқарады. Әдетте болашақтағы кейбір дамуды алдын-ала болжау, көрегндік таныту сияқты азамат қоғамның даму заңдылықтары негізінде болжамдар жасалады.

   Күнделікті  өмірде сіздер мен біз қадам басқан сайыыын ой  тұжырымдарын жасаймыз. Көшеде адамдардың, машиналардың, жол полициясы қызметкерлерінің, дәрігерлердің жиналып қалғанаң көргенде біз, сірә, жол апаты болған-ау деп болжаймыз.

   Үйге  келіп есіктің ашыық, пәтердің қаңырап босап қалғанын көргенде біз тонау болған ғой деген ой тұжырымға келеміз.

   Заң тәжрибесінде ой тұжырымдары айрықша рөл атқарады. Әдебиат жанры ретінде детектив және кино өте әйгілі. Өйткені ой тұжырымы өнерін меңгергендіктен бізге қадағалап бақылау үнайды. Белгілі ізкезушілер ең күрделі таңңғажайып қылмыстық оқиғалардың түйінін шешеді. Шын мәнінде заңгерлердің құралы тек қана логика: онда ол алдын-ала тексеру болжаған қылмыскр, қылмыстық әрекеттің құрылу механизімі, қылмысқа итерген түрткі туралы барлық мүмкін ой тұжырымын құрумен көрінеді. Ал сот дегнніміз белгілі тұжырымды алу мақсатындағы деректерді талдаудан озге ештеңе де емес. Тіпті, жалпы кінәлау қорытындысы тек ой тұжырымының бір формасы ғана. 

                                      Ой тұжырымының құрылымы 

          Ой тұжырымында төмендегілерді  айырып көрсетуге болады:

  1. Соңғы пайымдау қорытылытын пайымдау.
  2. Алдыңғы пайымдаудан шығатын пайымдау.
  3. Бірінші мен екіншінің арасындағы логикалық байланыс.

      Егер біздің сөзімізде ой тұжырымының  алдыңғы екі элементі айқын  басым болса, онда үшінші элемент  айқын көрінбейді. Бітақ ойлаудағы барлық пайымдауларды біртұтас етіп, яғни ой тұжырымын “тастан қалағандай” етіп біріктіреді.

      Соңғы пайымдау тұжырымдалатын пайымдау  а л ғ ы ш а р т   деп аталады.

     Алдынғы пайымдаудан  тұжырымдалатын пайымдау    қ о р ы т ы н д ы (немесе тұжырымдау) деп аталады.

Ой тұжырымының  үшінші элементі оның сыртқы құрылымында  әдетте                                                                                              “сондықтан”, “яғни”, “сол себептен”, “өйткені”, “не”, т.б. сөзедрімен көрінеді. Бұл сөздер пайымдаулар арасындағы логикалық байланыстың бар екенін нұсқайды. Біз үшін мұнда ой тұжырымының бар екенін білдіретін белгілер болып есептеледі.

 

                                 2. Ой тұжырымының   типологиясы  

    Ұғым  мен пайымдауға қарағанда неғұрлым күрделі ойлау формасы болғандықтан ой тұжырымы өзінің көріну  формасы бойынша айтарлықтай бай. Әрі мұнда белгілі бір заңдылықта бар.

      Ойлау тәжірибесін шола келе, ой тұжырымының соншама сан алуан түрлерін көруге болады . Олар: алғышарттарының санымен – бір, екі және одан да көп;

    Пайымдау  типімен – қарапайым немесе күрделі; пайымдау түрімен –   атрибутивтік не релятивтік; тұжырымның ықтималдық дәрежесімен – нанымды, ықтимал және т.с.с. болып бөлінеді.

    Сонда ой тұжырымын типтерге бөлуде осы  белгілердің қайсысын негіз етіп алуға болады? Әлбетте , әңгімені ең алдымен ойлаудың бұл формасының сонау терең мәнінен бастау керек.Өйткені, жалпы кезкелген ой тұжырымы оның формасына қатыссыз, өздері бір білімнің басқадан шығыуын көрсетеді. Демек , осы салдардың сипатына байланысты. Яғни, ой тұжырымымыңдағы ойдың өрбу бағытынан барлық келесітұжырымдалған білімді талдаудың негізін қалайтын түбірлі, іргелі үш типін атауға болады екен.Бұлар дедукция индукция және

      традукция ( немесе аналогия бойынша ой тұжырымы).

    Дедукция  дегеніміз(латында deductio – шығару, қорту ) –неғұрлым жалпы білімнен жалқыға жылжитын ой тұжырымы. Дедукцияға ежелден келе жаткан типтік мысалды келтірейік:

    Барлық  адамға өлім хақ.

    Сократ-адам.

    Сократқа  өлім хақ.

    Индукция  дегеніміз (латында inductio – кіргізу, әкелу) – жалқы білімнен неғұрлым жалпыға қарай өтбитін ой тұжырымы.

    Мысалы, жинақ ведомостінде сіздердің топтың әр студентінің қысқы сессияны тапсырған  нәтижесін жазып және барлық пандердің  жақсы бағаға тапсырылғанын көздері  көрген деканат қызметкерлері “Барлық топ қысқы сессияны табысты аяқтады” деген жалпы қортынды жасайды.

    Традукция дегеніміз (латында traductio – аудару, ауыстыру, алмастыру) – алғышарттарды да, қорытындысы да жалпылықтың бірдей дәрежесінде болатын ой тұжырымы. Тағыда классикалық мысал келтірейік: “Жерде атмосфера, күн мен түннің, жыл мезгілінің ауысуы бар сияқты, сондай-ақ тіршілік болуы мүмкін”  (біз білгендей, тұжырым бекітілмеді).

    Егер  ой тұжырымының осы типтерін теориалық-танымдық тұрғыдан қарастырсақ, онда біз дедуктивтік  ой тұжырымының білімді өзгерту құралы екенін көреміз.Ол алғышарттары ақиқат болғанда қортындының да ақиқаттығына кепілдік береді. Яғни,сенімді болып табылады. Алайда сенімділік үшін әр кез ақы төлеу қажет. Дедутивтік ой тұжырымының сенімділігі ой тұжырымын жасаған субъектінің ой тұжырымын жасаған субъектінің білім көлемін кеңейтпеуге негізделеді.Қорытындыдағы ақпараттар алғышарттағы ақпараттардың тек аздаған бөлігін ғана құрайды. Біз жоғарыда келтірген мысалдардағы, Сократқа өлім қақтығы туралы білім барлық адамдарға да өлім хақ деген білімнен шығып тұр және “Сократ – адам” дегенде де ой меңзейді.

    Дедуктивтік ой тұжырымының бұл белгілерін XVII ғасырдың өзінде- ақ Френсис Бэкон мен Рене Декарт атап көрсеткен.Олар индуктивтік ой тұжырымдары туралы сындарын осы бақылауға негіздеген және осыдан барып Бэкон жаңа индуктивтік, ал Декарт конструктивтік логика қажет деп қортындылайды.

    Дедуктивтік ой-тұжырымдарының теориялық-танымдық сипттамасы олардың құндылығын едәуір төмендететіндей көрнеді.Себебі, ғылымда да, күнделікті өмірде де біз жаңа ақпараттар алуға ұмтыламыз. Дегенменен жаңаны  ашу біздің ғылымымыз бен әдеттегі қарым-қатынасымыздың тек бір бөлігін ғана құрайды. Олардың басқа маңызды құраушысы ашылған теоремалар мен заңдардың дәлелденуінде. Біздің бағалауымыз бен бақылауымыздың дұрыстығында.Өзіміздің және басқа адамдардың көзін жеткізуімізде болып табылады. Тура осы аумақта дедуктивтік ой тұжырымы өзінің қолданылу артықшылығына ие болады. Оның үстіне бұл заң тәжірибесіне қатысты. Оны белгілі Шерлок Холмстың қалай керемет  қолданғанын еске түсірсеңіздер де жеткілікті. Индукция мен традукция   дедуктивті емес ой тұжырымына жатады. Дедукциаға тән сенімділік    дедуктивті  емес ой тұжырымдарында жоқ.  Бірақ бұл – оның орнына олар басқа бір артықшылыққа ие шығар дегенді білдіреді. Олай болмағанда, бізге сенімсіз ой тұжырымдары не үшін керек еді.

    Дедуктиииивті емес ой тұжырымдары біздің білімдерімізді кеңейтеді. Міне, сол себептен олар ғылымда, шешендік тәжірибеде және біздің күнделікті өмірізде қолданылады. Ендеше, дұрыс дедуктивті емес ой тұжырымында алғышарттары ақиқат болғанда қортындының жалған болуы мүмкін. Яғни, олардың ықтимал сипатта болу қаупі бар. Бұл қауып  олардың көмегімен біздің білім көлемімізді кеңейтуіміздің төлемі болмақ.

    Ол  тұжырымының әрбір типі өз кезегінде айрықша түрлер мен әр түрлілікке ие.Оларды кезекпен қарастыруға көшеміз.

                         

                                     2.1. Дедукция 

                          2.1.1. Тура ой тужырымы 

      Біз айтқандай, ой тұжырымын  сан алуан түрге бөлудің негізі әр түрлі

белгілер, соның  ішінде алғышарттардың саны да болуы  мүмкін. Сонымен, тұжырым жасауға  болатын алғышарттарының санына қарай, дедуктивтік ой тұжырымдарын тура және құрама ой тұжырымы деп бөледі.

   Тура ой тұжырымы дегеніміз – бұл бір ғана алғышарттан, яғни бірден жасалатын ой тұжырымы.

   Құрама ой тұжырымы – бұл бірнеше (екі не одан да көп) алғышарттардан жасалатыной тұжырымы.

         Қарапайым паиымдаулардан  жасалған тура  ой тұжырымы 

    Тура  ой тұжырымын ең алдымен атрибутивтік те, релятивтік те қарапайым пайымдаулардан алуға болады.

    Атрибутивті пайымдауларға байланысты бұған екі жолмен қол жеткізуге болады:

    1) пайымдауларды өзгерту арқылы;

    2)пайымдаулардың қатынастары (“логикалық квадратта”) арқылы.

    Пайымдауларды өзгерту арқылы тура ой тұжырымы. Пайымдауларды өзгерту, ауыстыру және айналдыру формасында өтеді. Үйлестіру негізінде субъектіге және предикатқа қарсы қою мүмкін.

    Мұндай  ой тұжырымы мүмкінбе?

    Бізге пайымдау субъектінің (S) предиктқа (P)қатынасы белгілі. Осы негізде пайымдаудың осындай құрлымдық элементтерінің басқа қатынстары туралы жаңа білім шығаруға болады.

    Тура  ой тұжырымының жалпы ережесі: алғышартта таратылмаған терминді қорытындыда  да таратуға болмайды дейді. 

                                              Айналдыру 

Информация о работе Ой тұжырымы туралы жалпы түсінік