Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:29, реферат
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.
Негізгі бөлім
1) 1920-30 жылдардағы қазақ прозасындағы астарлы мағына және дискурс табиғаты
2) ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ
3) Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы
Қорытынды
Әдебиет теориясы
Әдебиет туралы ғылым жэне оның салалары: әдебиет тарихы, әдебиет сыны және әдебиет теориясы. Әдебиет тарихы саласының мақсат-міндеттері. Әдебиет сынының объектісі - өз тұсындағы әдеби процесс екендігі, сынның әдеби-эстетикалық функциясы, міндеті, жанрлары. Сыншы тұлғасы. Әдебиет туралы ғылымның аталған үш саласының өзара бірлік-байланысы.
Әдебиет теориясы - әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін, тілін т.б. қарастыратын сала.
Әдебиеттану ғылымының текстология, историография, библиография секілді жанама тараулары, олардың ғылымдық мәні.
Әдебиет туралы ғылымның көркемөнер
теориясы, эстетика, философия, тарих,
тіл білімі т.б. өзге ғылымдармен
байланысы мен өзіндік
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу, даму тарихына қысқаша шолу.
Әдебиет, өнер туралы ғылымның даму тарихында маркстік-лениндік эстетика мен әдебиет теориясының маңызы жэне оған қазіргі көзқарас.
ҚОРЫТЫНДЫ
ХХ ғасыр басындағы әңгімелердегі дискурс табиғаты саяси, әлеуметтік, шығармашылық тұлғаның жағдайы сияқты мәселелерге тығыз байланысты. Әдеби мәтінді тереңірек түсіну үшін астарлы дискурстарды талдау қажет, ишара, меңзеуге құрылған сюжет пен мінез де дискурстың мағынасын тереңдетеді, қабылдау ауқымын кеңейтеді.