Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:29, реферат
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.
Негізгі бөлім
1) 1920-30 жылдардағы қазақ прозасындағы астарлы мағына және дискурс табиғаты
2) ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ
3) Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы
Қорытынды
Повесть
сюжеті Құрмаш өлімімен аяқталып тұр.
Автордың шығарманы Құрмаштың
«Көксерек» шығармасының көркемдігі әлі қанша буынды тамсандырады. «Қорғансыздың күніндегі» символика тәсілі «Көксеректе» тереңдейді. Өзінің апогейіне көтеріледі. «Көксеректі» қазбалай түссең, оның көркемдігі алдыңыздан өзгеше кеңістік ашатындай.
Дәстүр мәселесі кең ұғым. Әр ел әдебиетінде сандаған дәстүрлер туып, оның озығы бертінге дейін жетіп отырады. Кейiнгi жазушының өзінің алдындағы жазушыдан үнемі үйренiп отыратыны сөзсiз. Осы тұрғыдан келгенде М.Әуезов шығармаларында шеберлiктiң биiк үлгісi танылды.
Жалпы қазақ прозасында философиялық,
психологиялық шығармалардың
Әдебиетiмiздегi жануарлар, хайуанаттар
өмірiн, тiршiлiгiн суреттейтiн
«Қыран жыры» мен «Өмір жорығы» – дәстүрлі қалыптағы көркем шығарма емес, философиялық әңгімелер. Қос туындыны біріктіріп тұрған белгі – тақырып ортақтастығы, идея сонылығы. Бұл әңгімелер де өмір төңірегіндегі толғаныс, ұрпақ жалғастығы тәрізді проблемалар асқан шебер философиялық толғаммен, автордың кірпияз талғамымен шебер үндесіп, жымдасып кетеді.
Жазушының бұл екі туындысы
қазақ әңгімесіне жетпей тұрған айшықты
бояуларды жинақтаудың
Ұлттық тарихымыздың соңғы үш ғасырдағы ең түйінді оқиғалары мен ең күрделі құбылыстарын зерделей алған Ғабит Мүсіреповтің айтар ойды, суреткерлік өз көзқарасын тұспалдап, психологиялық контраспен жеткізуі, философиялық символикаға ден коюы қазақ прозасына қосқан дара сүрлеу соқпағы дер едік. Шығармашылық айдыны қай ғасыр, қай заманда келіп бас қойсаң да шөліңді басып, мейіріңді қандыратын кәусар қасиетін жоғалтпаған Ғ.Мүсіреповтің символдық әңгімелері ой ұшқырлығымен, сырлы сазымен, бейнелі ойымен шағын жанрдың шеңберін кеңітіп тұр.
Ғ.Мүсіреповтің бұл қос туындысын тірліктің өткінші екені, уақыт заңы, алдыңғы, кейінгі буын арасындағы қарым-қатынас, орынды іс пен орынсыздық туралы жыр десе де болады.
Қазiргi қаламгерлер М.Әуезов
шығармаларындағы идеяны, сарындарды
бүгінгі заман шындығына орай
тереңдетiп, ұлғайтып, өміршең дәстүрдi
жалғастыруда. Бұл қатарға Ғ.Мүсіреповпен
қатар Т.Әлiмқұлов, Ә.Кекiлбаев, О.Бөкеев,
М.Мағауин сияқты қаламгерлердiң
адам жанының психологиялық қилы-
Бұл шығармалар туралы сыншы С.Әшiмбаевтың: «М.Мағауиннiң Тазысы, Ә.Кекiлбаевтың Бәйгеторысы, О.Бөкейдің Бурасы, С.Санбаевтың Аруанасы зоологиялық тақырыптағы әдеттегi образдар ғой деп қарау сол шығармалардың мөлдір рухын түсінбегендiк болар едi. Олар көркемдік шарттылыққа негiзделген терең ойлы, реалистiк-символикалық образдар арқылы өмір туралы толғаныс-ойларын батыл айта бiлген. Бұл образдардың жасалу дәрежесi жас жазушылардың интеллектуалдық iзденiс ой-өрiсiн, философиялық дүниетанымын танытады» деген пiкiрiмен әбден келiсуге болады. Сонымен қатар анималистік мағынаның қазақ әдебиетіндегі көрінуі де белгілі бір сыртқы факторларға байланысты екендігін алға тартады.
Яғни, ойды астарлы мағына
мен құпия сырлар арқылы беру қазіргі
әдебиетте де өз көрінісін тауып
отырғанын байқауға болады. Жазушылардың
шығармаларында табиғат көріністері
құр жай ғана сурет, адамдар өмір
сүретін орта ғана емес, кейіпкердің
көңіл-күйі, құпиясы, қайғысы, тағдырымен
үндес келетін көркемдік
Қорыта келгенде, 20-30 жылдардағы шығармаларда қаламгерлер өз ойларын жарыққа шығаруда астарлы мағына беретін түрлі тәсілдерді қолданған. Сол арқылы шығармаға терең символикалық, философиялық сипат берген деуге толық негіз бар.
Диссертациялық зерттеудің «Қазақ әңгіме-повестеріндегі дискурс табиғаты» деп аталатын екінші бөлімінде ХХ ғасыр басындағы прозадағы құпиялылық, символдың мәні, оның көркем туындыдағы қызметі сараланады.
Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы
ықпалдастық пен өзара
Қазіргі филологиялық ғылымда дискурс пен оның табиғатын ашуға байланысты пікірлер әр тарапты. Оған «белгілі бір аядағы ағымдық тілдік қызмет», «тілдік байланыстар арқылы жасалатын мәтін», «аяқталған тілдік қарым-қатынас», «оқиғалық аспектідегі мәтін» тағы сол сияқты көптеген анықтамалар беріледі. Сонда «дискурс» ұғымы тілдік қызметті де, мәтінді де, мәтін аясын да, ойтолғамды да білдіретін көп қырлы термин. Яғни, бір сөзбен айтқанда, дискурс мәтіннен басқа экстралингвистикалық факторларды (қоршаған ортаны, ойтұжырымды, қағидалар мен адресаттың мақсатын) білдіретін күрделі қарым-қатынастық құбылыс. Бұл жөнінде Л.Дж.Филлипс, М.В.Йоргенсен, М.Л.Макаров, Е.И.Шейгалдардың зерттеулерінде кең айтылған.
Қазақ прозасында поэтиканың әр түрлі типтерінің (феноменді, импрессионистік, экспрессионистік, суреттеу) қолданысы, олардың әр түрлі қатынастағы күрделі байланысқа түсуі сөз болғанда, М.Әуезов шығармашылығын айналып өту мүмкін емес.
М.Әуезовтің алғашқы прозасын біржақты түсіндіруге келмейтініне қолданыста бар әр түрлі пікірлер дәлел. Ең алдымен бұл жағдайда жазушының адам өмірінің субстанционалды жақтарына табанды қызығушылық танытқанын мойындау керек. Қаламгердің өткеннің мәдени құндылықтарына, рулық және ұжымдық сананың қайнар көздеріне, кейіпкерлердің ортамен байланысына бет бұруына бұрынғыдай сын көзбен ғана қарауға болмайды.
Әрине, бірден экзистенциализмді
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
тарихында қалыптасқан
Адам мен әлем бірлігі
– М.Әуезовтің алғашқы
Көркем шығармада адамның сыртқы түр тұлғасы, нақты іс қимылымен қатар, жан әлемі, ішкі болмысы да өзара бірлікте көрінеді. Осы ретте зерттеуші ғалым Г.Пірәлиева: «Көркем прозаның сапасын арттыратын психологизм жүйесі адамның ішкі рухани әлемі тереңдетіле бейнеленетін шығармаларға тән құнарлы қасиет. Бұл ретте қаламгер қабілетінің даралық сипаты шешуші рөл атқармақ», – дейді. Адам мен көрнекі-кеңістік әлемнің бірлігі кем дегенде екі әрекетті тұспалдайды: «әлемге баратын жол мен оны қабылдау» (әлемді жандандыру) және өмірді күйзеліс ретінде түсіндіру. Қалтай мен оның серігін кемпірдің аянышты әңгімесі де, Ғазизаның жоғалып кетуі де селт еткізбейді, яғни күйзелістің болмауы оларды басқа қатарға қояды.
Жас Әуезов әлемі өмірге деген құштарлыққа толы, суреткердің дүниеге деген сезімтал субъективтілік көзқарасының арқасында фактуралы сипатта. Рухани тақырып өздігінен емес, кейіпкерлердің «интенционалды» күйзелісінен басым болғанында ғана маңызды. Жердің, жанның, өмірдің жаңғыруы киелі аруақтар Күшікбай мен Қасымның әжесінің бейнелері арқылы жүзеге аспай, Рухқа орын жоқ, олар «мұндағы болмыстың» тар шеңберіне саяды.
М.Әуезов «Қаралы сұлу», «Қасеннің құбылыстары» және «Оқыған азамат» әңгімелерінде санадан тыс, түйсіксіз анархизмнен, адам психикасының тереңінде ұзақ уақыт бойы мүлгіп жатқан хаостан шығатын қауіп туралы белгі береді. Өзінің танылмаған, бағынбайтын «менін» әйгілеу, оны шексіз сүю нысанына айналдыру немесе әр түрлі формада жатсыну бедел, кумир, билік пен жұмбақ мәселелеріне байланысты.
«Қасеннің құбылыстары» – адам өмірінің мүмкіндіктерін өлшеудің өзгеше көркем тәжірибесі. Құмарлықтың шырмауына, тұрмыс қажеттілігінің қорлығына іліккені соншалық, өз-өздерін ұғына алмайтын адамдар үшін Қасен психологиялық қақпан жүйесін құрады. Осындай шиеленісті жағдайда ішкі сезім дағдарысы көп қырлы. Әлеуметтік әлемді жетілдіру үшін жасалған игі әрекет принципінің өзінен түңілу кейіпкерді арсыз етеді.
«Қаралы сұлу» әңгімесінде
құпиялылық мәселесі ерекше мағынаға
ие болады. Парадокс, алогизм, ұқсастық
– айрықша символикалық тәсілдер,
осы тәсілдердің көмегімен
20-жылдардың алғашқы
Жазушының «Шолпанның күнәсі» (1923) атты әңгімесі – осы қырынан талдауға әбден болатын дүние. Тарихи кезеңге үңілсек, сол кездегі осы шығармаға деген пікірлер әрқилы болды, көбіне жатырқай қабылданды. М.Жұмабаевтың шығармаларының ішінде осы «Шолпанның күнәсі» өз бағасын ала алмағанды. Бұл әңгімені толық түсіну үшін автордың өзі жазған ой-толғаулары мен ескертулерін мұқият зерттеу керек. Олай болмаған жағдайда әңгіменің мазмұны тым қарадүрсін болып қалады.
М.Жұмабаевтың шығармашылығын айтқанда, оның өз заманын сол кездің философиясы арқылы танығандығын айта кету керек. Егер адам о бастан «ақ» пен «қарадан» жаратылған десек, «Шолпанның күнәсін» осы сызбаға оңай жатқызуға болады. Ал егер Ф.Ницшенің «О торжестве человеческого, слишком человеческого» (“Адамзаттың салтанат құруы, тым адамзаттану”) формуласына сүйенсек, әңгіме мүлде басқа арнаға саяды.
«Шолпанның күнәсі»
Мағжанның бұл әңгіме арқылы біздің көзімізге жеткізген бір шындығы – ешқашан қандай мақсатқа жету жолында мойынға күнә артуға болмайтындығы Жұмабаев стилінің күрделілігі, өзгешелілігі оның шығармаларын даралай түседі. Себебі, әңгімедегі әрбір сөйлемнің астарында әрі қарай өрбитін, көп ой меңзеледі. Мағжанның кейіпкері қым-қиғаш ойлары мен ұйқысыз түндерінің нәтижесінде туған күнәсін шын түсінгенде, жаны шошиды, өзөзінен түршігіп кетеді. Ол ендігі жерде төрт құбыласы түгел өмір сүрмейтініне көзі жетеді. Осы жағдай санасына жеткенде, жан дүниесі арпалысқа түседі. Мағжан әңгімесінде «либидоның» қазақы өмірдегі көрінісі ашылған.