Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:29, реферат
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.
Негізгі бөлім
1) 1920-30 жылдардағы қазақ прозасындағы астарлы мағына және дискурс табиғаты
2) ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ
3) Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы
Қорытынды
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) 1920-30 жылдардағы қазақ прозасындағы астарлы мағына және дискурс табиғаты
2) ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ
3) Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы
Қорытынды
КІРІСЕ
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.
Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады
1) 1920-30 жылдардағы қазақ прозасындағы астарлы мағына және дискурс табиғаты
20-жылдардағы қазақ әдебиеті
толымды ізденістермен
Ұлттық әдебиеттегі үдеріс төркінін, ондағы шығармашыл күштердің арақатынасын терең ұғынбай, әдеби шығармаға баға беру күрделі. Әдебиет адам баласына ой саларлық, көркем ғибрат берерлік мектеп болса, өз міндетін орындағаны. Әдебиет кеңес тұсында да тап осы міндетті атқаруға тиіс еді, бірақ белгілі ықпалдың күшімен таза идеологияға көбірек бой алдырды. Көркемдікпен ұғынылатын дүниелер тікелей үгітпен жасалды.
Қазақтың көркем прозасы, негізінен, 20-жылдардан туып, қалыптасты. Кезең ішіндегі тарихи оқиғалар легінің қабаттасуы, адам тағдырының күрделілігі, поэзияның ауқымына сыймастай өзгерістердің молдығы прозаның дамуын жеделдетті. 1917 жылғы төңкерістен кейін-ақ бұрын болмаған проза түрлерінің баспасөз беттерінде көріне бастауы, осы жылдары олардың қарқынмен өрістеуі бұған дәлел.
1920-30
жылдары өмірге келген көркем
дүниелер қаламгерлер
Осы дәуірдегі қазақ прозасын дамытуға алғашқы күннен бастап қызмет еткен, оның шағын жанрларын жетілдіруде зор еңбек сіңірген жазушы – Бейімбет Майлин. Б.Майлин шығармашылығы – 1920-30 жылдардағы ел өмірінің тұнып тұрған болмысы мен тарихы, алмағайып заманның трагедиясы. Реалист жазушы есебінде болған, кейбіреулер натурализмге жақындататын Биағаң прозасында мүлдем бөлек сипаттағы астарлы мағына көп.
Шығарманы символикалық сипат тұрғысынан зерттеуде жазушының «Қара шелек» әңгімесі мол мүмкіндік береді. Әңгімені тереңірек үңіліп оқысақ, астарында үлкен философиялық проблема жатқанын көреміз. «Қара шелек» – адам құқығын аяқ асты еткен, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай босқынға, аштық пен қуғын-сүргінге ұшыратқан, зорлап отырықшылдандырып, соңында колхозға кіруден басқа жол қалдырмаған авторитарлық, деспоттық қылмыстық істі әшкерелейтін дүние. Әңгіме соңында біз «екі бүктеліп, түбі аламайымен сөгіліп жатқан қара шелекті» көреміз. Бұл - адамның жеке меншік малына, затына қол сұғудың нәтижесі. Осы бір ғана деталь арқылы Б.Майлин маңызды қоғамдық байламдар жасайды, колхоздастыруға деген ішкі қарсылығын астарлы түрде жеткізген.
М.Әуезов суреткер ретінде әлі де біз үшін жұмбақ, өйткені барлық нағыз дарынды бірден танып, түсініп кете алмайсыз: қаламгер шығармашылық тұлға ретінде қаншалықты дара болса, оған баға беру де соншалықты қиын. Жазушының «құпиялы» шығармаларының ішінде әлі де шешімін таппаған, әділ бағасын алмағаны «Қаралы сұлу», «Қасеннің құбылыстары», «Оқыған азамат» және «Қорғансыздың күні» әңгімелері болып табылады.
«Қорғансыздың күні» әңгімесінің атауынан-ақ қаламгердің қорғансыз адам тағдырын суреттейтінін, оның трагедиямен аяқталатынын іштей сезіп отырамыз. Жазушы шығарманың қалай аяқталатынын, яғни оқиға барысын, тұспалмен-ақ оқырманға алдын-ала білдіреді. Әдебиет зерттеушісі Ы.Дүйсенбаев қорғансыздар өміріне төнгелі тұрған қауіп туралы: «... Шағын кіріспенің өзінен-ақ қорқынышты оқиғаның төнгенін сезініп, дегбірсізденгендей боласыз. Күннің райы да, табиғат ерекшелігі де көңілдегі күдікті күшейте түседі»
М.Әуезовке дейін қазақ прозасында
адам психологиясының автор
«М.Әуезовтің сомдаған әйел кейіпкерлер
жүйесінен олардың өзіндік
Әңгімедегі
«кебін» – өлімге, қазаға байланысты
ғана айтылады. Яғни, бұл үйдегі
қорғансыз, қауқарсыз адамдардың еш
шарасы, үміті жоқ екендігін осындай
астарлы сөздер арқылы білдіреді. Ойын
нақтылып айтпаса да, ишарамен, меңзеумен
жеткізеді. Қорғансыз аруақ, қорғансыз
мекен, қорғансыз жандар образы тұтасып,
қорғансыз қалайын деп тұрған
қазақ даласына деген автор көзқарасын
айғақтайды.
Астарлы
ойдың шығармадағы тағы бір көрінісі
– бейіт, мола бейнесі. Автордың бейітке
көңіл бөлуі шығармадағы
Жаралы жандардың ауыр халін суреттеген жазушы Ғазиза өлімімен кедей ауылының ауыр тұрмысын қыстың аязды, боранды күндерімен қат-қабат алады.
«Қаралы сұлу» – қаламгердің өнер туындыларының ішіндегі үздігі, жауһарының бірі болып табылады. Әуезовтің Қарагөзі типтік бейне емес. «Қаралы сұлу» әңгімесінің тақырыбы дәстүрлі әйел теңсіздігін суреттеуден басқа. Рух пен тәннің күресі суреттелген шығарма жер, мал, меншік, билік туралы күрес жүріп жатқан дәуірде жарық көрді. Қазақ топырағында, көшпенді салт-санасында «Қаралы сұлудан» басқа әйелдің сезім иірімдеріне, құпия жан сырына тереңдеп барған шығарма жоқ шығар. Осы шығармадағыдай адамның жан азабын, ішкі күйзелісін, жұмбақ психологиясын нәзіктікпен, барынша әулиелікпен сезіне алу – кез-келген жазушының еншісіне тие бермейтіні рас. Қарагөздің бар болмысын сезініп-қабылдау таланттың кемелдігінің берген жемісі. Қарагөз трагедиясын М.Әуезов барынша табиғилықпен қабылдаған.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында «топос», «эмблема» деген ұғымдар жатсынбай қолданысқа кіруде. Бұлар нақты, қалыпты жағдайлардан абстрактілі, терең, астарлы мән туғызады да, автордың дербес стилін танытады. Әңгіме бастауынан арна алатын «қара» түбіріне бітетін сөздер шығарманың өне бойында жиі қайталана орын алған. Түр-түске байланысты «қара» эпитеті әр алуан тіркестерде жаңа экспрессивті реңкті иеленіп, Қарагөз басындағы қасіретті күйдің сан орамды символына айналады. Аталмыш шығармадағы «қара жыланды» да нәпсінің, азғырудың символы деп қарастыруға болады. Автор бір жылан арқылы-ақ үлкен мағынаны меңзеп тұр. Әңгімеде Қарагөздің өзі де нәпсіні осылай атағанын айтады. Осы келтірілген мысалдардан автордың кейіпкер қиналысының себебін де осы нәпсімен түсіндіретінін көруге болады. Қара жыландай нәпсі мен Қарагөздің арпалысы – осы шығармадағы басты идеяны дамытатын негізгі ой көрінісі.
Зерттеуші
А.Ісмақова: «Қазақ прозасында алғаш
рет қоғамның қайшылығы, адам санасының
патологиялық бейнесі, трагедиялық
ахуалы, қырқысқан күштердің
1920-30
жылдардағы қоғам болмысын М.
Қазақ
әдебиетінде осы тұста жарық
көрген бірқатар шығармаларға оқыған,
жаңа адамдардың бейнесі әр қырынан
арқау болады. Мәселен, С.Садуақасовтың
«Күлпәш», «Күміс қоңырау», «Салмақбай-Сағындық»
сияқты әңгімелерінде қала мен ауыл
өмірінің өзгеше сипаттары суреттеледі.
Бұл жөнінде Смағұл Садуақасұлының
ғұмырбаянын, әдеби-көсемсөздік мұрасын
алғаш зерттеген ғалым Д.
Оқыған, қалада білім алған жігіттердің типтері әр алуан. Осындай оқыған азаматтың біреуі – «Сөніп-жану» әңгімесіндегі Сыздық. Оның ауылдағы әйелін ұмыттырып, сымбатты орыс әйеліне еліккен себебін зерттеуші М.Арнаудов көркем шығармада кездесетін басты кейіпкерлердің ішінде ұнамсыз мінез-құлықтылар да басты кейіпкер бола алатындығын айтады [19, 68 б.]. М.Әуезовтің осы талдауға өзек болған шығармаларындағы кейіпкерлердің қай-қайсыда қоғамдық-әлеуметтік ортада тоғышар, пендешілік сипаттарымен танылады. 20-30 жылдардағы көркем туындыларда оқыған, көзі ашық азаматтардың орныққан бейнесі мүлдем жаңа сипатта өрістейді.
Символикалық сипат – әңгіме еңсесін биікке көтеретін факторлардың бірі. Мұнда қаламгер айтпақ ойын көзге ұрардай жарқыратып, ашып тастамайды, көлегейлеп, астарлап, символмен, меңзеумен, шағын деталь арқылы, астарлы метафора көмегімен, тұспалдап, ишарамен, емеурінмен ұсынады.
Қазақ прозасында ойды символикамен жеткізу әдісін батыл игерген жазушының бірі – Мұхтар Әуезов. Алғашқы әңгімесіндегі сарындар кейіннен Әуезовтің көптеген туындыларында қайта өрбіп, дамып отырады. Жазушылықтың бастапқы кезеңіндегі туындылардың ортақ сипаты – трагизм, әлеуметтік қақтығыстар, адамның ішкі әлеміндегі қайшылықтар – осының баршасында келісім, бірлік, ат кекілін кесіп кету, морт сыну, өліммен тыну бар. М.Әуезов қоғамдық-әлеуметтік құбылыстарды, антагонистік қайшылықтарды сұсты, реалистік, трагедиялық шығармалар арқылы шынайы бейнеледі. Сондай туындыларының бірі – «Көксерек» повесі. «...Біздің әдебиетімізде философиялық символика М.Әуезов шығармаларынан басталады. «Көксерек» – осы арнаның басы» [20, 120 б.] деп, сыншы С.Әшімбаев айтқандай, ұлы қаламгердің бұл туындысы ойды символикамен жеткізу әдісін батыл игерудің жемісі іспетті. Автор ойын жарыққа шығарудың тәсілі ретінде символиканы қолдануы әбден заңды.
Қаламгердің осы повесі жайлы
әр кезеңде жазылған зерттеулер біршама
мол. Солардың ішінде туындының көркемдік
қуатын, тілдік ерекшелігін, сөз шымырлығын,
құрылымдық даралығын саралаған
зерттеушілердің қатарында М.
«Көксерек» әлем әдебиетінің осы бағыттағы Джек Лондон, Эрнест Хемингуэй, Эдгар По, Марсель Пруст шығармаларымен көркемдік шеберлiгi жағынан шығармашылық бәсекеге түсе алатыны даусыз. Повестi оқығанда әсіресе, Канада жазушысы Э.Сетон-Томпсонның «Виннипег қасқыры» мен ағылшын жазушысы Д.Лондонның «Ақ азуы» арасындағы ұқсастықтарды бiрден байқауға болады.