20 ғасырдағы адебиет

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:29, реферат

Описание работы

Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Содержание

Негізгі бөлім
1) 1920-30 жылдардағы қазақ прозасындағы астарлы мағына және дискурс табиғаты
2) ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ
3) Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

20 ғасыр адеб.docx

— 46.02 Кб (Скачать)

«Шолпанның күнәсі» әңгімесі – мазмұн мен форманың әр қырынан  қарастыруға болатын шығарма. Әңгімедегі уақытты табиғат тіршілігінің кеңістік айналымынан бөліп алып қарастыру мүмкін емес. «Қыстың ұзын түні», «ай соңынан ай озды», «таң ағарып келеді», «шаршы түс мезгілі», «түн», «сентябрь жұлдызының соңғы күндері» нарративті дискурстың маңызды константалары болып табылады.

Жазушы  Ж.Аймауытов өзінің «Әнші» әңгімесі Әміре Қашаубаевтың әншілік өнеріне арналған шығарма.   Жазушы бейнелей бастаған тұрмыстың  қысқаша суретінің өзі-ақ («бізді қазақтан басқа кім мекендесін»  деп тұрған бет-аузы қисық, көздері  сығырайып тұрған жапырайған, тәукеншік  үйшіктер, жаман-жұман баспаналарды басып кететіндей қоразданған байлардың  салауатты көк шатырлы сарайлары) оқырманға көп нәрсені аңғартқандай.

Әңгімеде біржақты талдауға келмейтін өнер тұжырымдамасы бой  көрсетеді. Ғасырлар бойы классицизм, сентиментализм, реализм, барокко, модернизм, сюрреализм, импрессионизм, постмодернизм, постреализм дәуірінде өнердің  әр түрлі тұжырымдамалары қалыптасып, жойылып, теріске шығарылып, қайта  өркендеп жатқаны белгілі.  Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін жоғарыда аты аталған  бағыттардың ешқайсысының да тар  шеңберіне сыйғызу мүмкін емес. Еуропадағы XX ғасырдың басында кең таралған тұжырымдамалар, атап айтсақ, – О.Уайльдтің  эстетизмі, «таза өнер», Г.Мелвиллдің «өзі үшін өнер», Т.Манның шығармашылық қабілетін жүзеге асырудан бас тарту, П.Верлен, А.Рембо, В.Брюсов, А.Блок және т.б. жазушылардың символистік тұжырымдамалары  сияқты модернистік теориялар бірен-саран  үндестік пен ұқсастықтардың кездесуіне қарамастан, Ж.Аймауытовтың эстетикалық  көзқарасының қалыптасуына соншалықты әсерін тигізбеді.     

Ж.Аймауытовтың жаңашылдығы  ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық өнерге, көне рухани және эстетикалық көзқарастарға, әсіресе шамандыққа сүйенуінен көрінеді. Шамандық дегеніміз не? Ол – айрықша  дүниетаным жүйесі, онда ерекше рәсім, айрықша адамдар тобы арқылы ғарыштың үш деңгейінде қарым-қатынас жасау  мүмкіндігі туралы көзқарас көрініс  тапқан.

Шамандықты жүйелі түрде, оны қалыптастырған мәдени жүйемен  бірлікте, тұтастықта зерттеген ғалым  Ш.Уәлиханов болды. Шамандықты зерттеген  қазақ ғалымдарының бір тобы оны  адамның тылсымдық дүниесіне  әсер етудің ерекше дәстүрі деп санайды.

Ұлттық дүниетанымдағы әннің  алатын орнын ерекше атап өту керек. Көшпелі сананың құндылықтар  иерархиясында сөз, өлең, әуен (бұлардың бәрінің бірлігі әнде көрінеді) эстетикалық  және онтологиялық парадигмалар семиосферасының  жоғары сатыларының бірі болып табылады. 

Ж.Аймауытовтың әңгімесінде  ән жанның шарықтауының жалғыз-ақ құралы болып табылады. Ән тыңдап отырған  көрермен жаны рухани тазарып, қайта  жаңғырады. 

Композицияның тетрарлығы (үштігі) – құрылымның ішкі принципі. Бұл  жерде әр бөлімнің шарықтау шегі –  Әмірқанның өнері екенін атап өту  керек. Әмірқан дүбір естілгенде, ойнақшып тұра алмайтын шынайы жүйрік тәрізді.  Мұнда әнші құпиясының сарыны анық көрінеді. Әмірқан-адам және Әмірқан-әнші бір-біріне тепе-тең емес. Күнделікті өмірде ол мінсіз емес (епсіз, бейқам, ысырапшыл, бес әйел шығарған жеңілтек). Ал Әмірқан-әнші – жұмбақ, тұңғиық. Ән салған кезде Әмірқан адам танығысыз өзгеріп шыға келеді: «Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды. Ән салса, ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа бола жаралған адам. Ән салса рақаттанып, гүл-гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге ән салады. Әмірқан кісі емес, әнге айналады. Оның ән салғандағы түріне қарап отырсаң, тоясың». Ол – бір кейіптегі екі адам сияқты. Бұлайша екіге жарылу басты кейіпкер бейнесіне ерекше тереңдік береді. Әңгімелеу адам бойындағы қосұдайылықтың, дәлірек айтсақ, әнші мен адам келбетіндегі жұмбақ сарынның күшеюіне құрылған. Шынайы, бетпердесіз Әмірқан қайсы? Әмірқанның бойындағы ең бастысы – оның тулаған көңілі, көкпен  қасиетті байланысы, тап осы көк оның өнерін сусындатып, басқа адамдардың да рухани тазаруына септігін тигізеді.

Шығарманың жалпы мәнмәтінінде және өнер тұжырымдамасын анықтауда  Ж.Аймауытовтың урбанизмге қарсылығы  өте маңызды. Біз Әмірқан әнші ретінде өзінің орнын тапты деп  болжай аламыз. Әмірқан-адам көшпелі  санасының өнегелі негізін қиратып, тоқтаусыз құмарлық, жеңіл ойын-сауық  іздейтін қаланың азғырғыш әсерін жеңе алмайды. Әмірқан-әнші нарратив басынан-ақ адам бойындағы қосұдайылықтың күшеюін  көрсетуіне қарамастан, қалалықтарға  қарағанда әлі де  ұлттық рухтың түпкі тамырынан қол үзген  жоқ. Тұрмыс билеген ортаны көтеріп, рухтандырып тұрған да Әмірқан әні, өнері. Сол арқылы жазушы халықты  қандай қиыншылыққа болса да төзуге тәрбиелеген, рухани тіршілікті жүдетпеген өнерді жоғары бағалайды.

Тетрарды құрылған нарративтің  соңғы бөлімі – ашық финал және сөз тізгіні әншінің өзіне  берілетін өзінше бір «әңгіме  ішіндегі әңгіме». Бұл тәсіл одан әрі автордың адам танып білгісіз жұмбақ, құпия деген идеясына назар  аудартады. Сөйтіп, Ж.Аймауытов «сарай және халық» ақынын қарама-қарсы қою  арқылы ұлттық дәстүрдің жаңа замандағы  жай-күйін зерделейді. Біздің алдымызда  – тартыстың бар шиеленісуі сырттағы ахуалдың адам экзистенциясының ішіне  енетінін көрсеткен шығарма.

Әмірқанның әңгімесі –  қайтып келмес жастық шақ, махаббат, ақталмаған үміт, өткенді көксеу туралы баяндау. Әңгіме жғарыдан төмендеу тәсілі бойынша  құрылған. Басында бояуы қанық, эмоциясы көп. Содан соң әңгіменің екпіні мен ырғағы төмендей береді, кейіпкер-әңгімеші үндемей қалады. Мұнда автор бүркемелеу, жасыру сияқты поэтиканың тәсілдерін қолданады. Бұл амал азап шегіп жүрген, шын сүйе білетін адамның ішкі кескін-келбетін көрсетуге мүмкіндік  береді. Әмірқанның бес рет үйленгені  де оның жеңілтектігін, ұшқалақтығын, алғашқы махаббатын ұмытпағанын  көрсетеді. Әмірқан махаббатың, өмірдің  азабын аз тартқан жоқ, ол жақсылықты да, жамандықты да көп көрді. Мүмкін осы болмыс қырларын,   адамның  тұрақсыздығын, құбылмалылығын тану нәтижесінде  нағыз шынайы өнер туады. Мұнда шығарма  астарынан өнердің трагедиялық  драматизмге толы сарыны, оның тылсым дүниемен байланысы қылаң береді. Сөйтіп мәтінде ұлттық архетиптік сана (аруақтар, шаман инициациясының сарыны) мен еуропа мәдениетінде де орын алған ежелден келе жатқан онтологиялық өнердің трагедиялылығы идеясының бірлігі көрінеді. Бірақ Ж.Аймауытов әнші бейнесін тылсым немесе идеалды етіп суреттейтін еуропа дәстүріне еріп кетпейді, өзінше тұжырымдама түйеді.

Ойындағысын тура айтпай, ишаралап жазу Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы»  повесінде де кездеседі. Көркі мен  өнері көз тартар Күнікейдей қазақ  қызының тағдыры уақыт өте  адам аярлық халге жетуіне  бұрынғыдай қоғам ғана кінәлі емес, орта, тәрбие барысы, мінез-құлқы да осы трагедияға негіз болған.

Профессор Р.Тұрысбек «Ж.Аймауытовтың әсемдік әлемі» еңбегінде «Күнікейдің  жазығы» повесіне кеңінен тоқталған. Повестің тақырыбы әйел теңдігі мен  теңсіздігі дей отырып, зерттеу барысында  кейіпкерлер әлеміне жеке талдау береді. Сонымен бірге  «жазық»  ұғымына да өзінше түсінік беріп өтеді.

Автордың негізгі айтар  ойы – ұлт болашағын тәрбиелейтін қыз тәрбиесіне абай болу. Қазақ  қызының тағдыры Күнікейдің тағдырына  айналса, ұлт болашағын жоғалтуы мүмкін. Жазушы Күнікейді көркіне  ақылы сай етіп суреттейді. Осыған қарап оның кемшілігі жоқ деп  бәс тіге айтуға болмайды. Оның ең басты  кемшілігі жүрегінде иман жоқ, бойында  қазақы рух көрінбейді. Қой бағумен  күн кешкен әке, сылаң қаққан шешесі қыз тәрбиесінде осыны ұмытқан. Жазушыларымыздың осындай идеяларды  ұстануы ұлттық рухты ұмытып, келеңсіз бағыт-бағдар жетегінде бара жатқан халықтың болашағын ойлаудан болса  керек.

Қазақ қыздарының өз теңіне бармауы, атастырған немесе құда түскен әлдекімге тұрмысқа шығуы ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында кеңінен  етек алғаны мәлім. Сондықтан да көркем шығармаларымызда көбіне дерлік әке-шешенің  қалауымен тұрмыс құру желісі орын алады.

Әрине бұл тақырып сол  кезеңдегі барлық шығармаларда бірдей көрініс таппайды, әр шығармада өзінше дамып, өзіндік шешімін тауып  жатады.

Ұлттық идея қалыптастырудағы отбасы тәрбиесінің маңызы Қ.Кемеңгерұлының «Момынтай» әңгімесінде тереңдей түседі. Әңгімеде кішкентайынан қозы баққан Момынтайдың құдай, күнә деген ұғымдарының  қалыптасуы көрсетіледі. Шығармадағы  осы түсініктерге қатысты мысалдар Момынтайда құдай, күнә ұғымдары саяз қалыптасқанын көрсетеді. Автор  бұл жайларды бекер баяндап отырған  жоқ. Ананың балаға күнәнің, құдайдың не екендігін түсіндірмеу қоғамның қалай қалыптасып келе жатқанынан хабар  береді. Қазақ дәстүрінде сәбидің, ұрпақтың өмірге келуіне ерекше мән беріліп, қанша салт-жоралғының тууына себеп  болған. Ал, мұның бәрі ұрпақтың, адам тұлғасының қалыптасуына әсер етеді.   

Жоғарыда айтылғандардың бәрі жинақтала келгенде, әңгімелердің құпия мағынасын өзінше күшейтіп, XX ғасыр басындағы  қазақ прозасын жаңаша тұрғыдан пайымдауға мүмкіндік  береді.

 

 

2) ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ

 

 ХХ ғасыр басындағы  қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи  жағдай, баспа мен баспасөздің  дамуы, әдеби бағыттар туралы  жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өзгеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі.ХХғ.б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары.Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», т.б. Мақыш Қалтайұлы Діни білімдарлығы.Мысал жанрындағы еңбегі. Көсемсөз саласында заман тақырыбына жазған мақалалары;

 Шәді Жәңгірұлы, Шығармашылық  өмірбаяны, Шығармаларындағы халықты  ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық , т.б. мәселелер. Еңбек ету тақырыбына жазылған шығармалары. /«Атымтай Жомарт»/. Нұржан Наушабайұлы /1859-1919/.Шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының басты тақырыбы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы /1882-1939/. Өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын арқау етіп, еңбек, достық, адамгершілікті насихаттауы. Рубаяттары мен аудармасы /«Шахнама»/. Мұсабек Байзақұлы /1849-1932/. Өмірі мен шығарма-шылығы. Өлеңдеріндегі заман суреттері, азаматтық үн, ағартушылық ой-пікірлер /Адам түгіл алдайды періштені», «Ғылымсыз болып қартайсаң», т.б./ Мысал жанрында жазған өлеңдері. Шәкәрім Құдайбердіұлы /1858-1931/. Шығармашылық өмірбаяны. Шәкәрімнің лирика жанрындағы еңбегі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Проза жанрындағы еңбектері. Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрім – тарихшы, философ. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармашылық өмірбаяны. Лирикасы. б/ «Қамар сұлу» романы. «Кім жазықты» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмалары. Көсемсөз саласына қоқан үлесі Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі. Мұхамеджан Сералыұлы /1871-1929/. Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі, мақалалар тақырыбының әр алуандығы Публицистикаға қосқан үлесі. Аудармалары. Ақындығы. «Гүлкәшима» дастанындағы махаббат тақырыбы. Ахмет Байтұрсынұлы /1873-1937/. Шығармашылық өмірбаяны Ақындығы. Аудармалары. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі.Міржақып Дулатұлы (1885 – 1935). Шығармашылық өмірбаяны, ақындық өнері, прозалық шығармалары, «Оян, қазақ» кітабының тарихи маңызы. «Бақытсыз Жамал» романы. Драмалық шығармалары, «Балқия» пьесасы. Спандияр Көбейұлы(1878 –1956).Жазушының ағартушылық, оқытушылық қызметі, аударма саласындағы қызметі, «Үлгілі бала» жинағын шығаруы. «Қалың мал» романының проза жанрын дамытуға қосқан үлесі. Образдар жүйесі. «Орындалған арман» атты мемуарлық шығармасы. Сәбит Дөнентаев(1894 – 1933).Ақынныңшығармашылық өмірбаяны, поязиялық мұралары, мысал өлеңдерінің тарихи мәні. «Уақ-түйек» жинағының өзіндік ерекшелігі. Ғұмар Қарашұлы (1876-1921). Өмірбаяны,оқытушылық қызметі,өлеңдері, шығармаларындағы реалистік сипат. Аударма саласындағы сіңірген еңбегі, стилі, өлең. Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918)

 Шығармашық өмірбаяны, Абай үлгісінде өлең жазуы. Ақын өлеңдеріндегі отаршылдық саясаттың әшкереленуі, замана шындығының көрініс беруі. Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмір жолы, қоғамдық қызметі. Өлеңдеріндегі сыншылдық бағыт, дүние, өмір жайындағы өлеңдері, Біржан мен Сара айтысын хатқа түсіруі. Бернияз Күлеев (1899-1923), шығармашылық өмірбаяны, ақын поэзиясының өзіндік ерекшеліктері, өлеңдеріндегі ұлы Абай поэзиясының ықпалы. Ығылман Шөрекұлы (1876-1931), Тайыр Жомартбайұлы (1884-1937) сияқты қаламгерледің әдеби мұралары. «Исатай -Махамбет» дастаны. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы жайындағы өлең-жырлар және олардың тарихи маңызы, қазақ әдебиетінен алар орны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3) Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы

 

Әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық  даму жолдарын пайымдау мақсатында бұл  пәннің маңызы зор. ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеті суреткерлік қолтаңба, эстетикалық-көркемдік таным, психологиялық талдау зор міндетті жүктейді Көркемдік жүйе дамуындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты түбірлей тексеріп, суреттегіш-бейнелегіш құралдарды шеберлікпен түсіндіру – студенттердің ғылыми шығармашылық қабілетін арттырады. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби процесс туралы жалпы түсінік беру. Әдеби байланыстар туралы мағлұматтар, зерттеулер, еңбектер жинау. Әдеби процесті дамытудың қайнар көзін анықтау. Әдебиеттің даму заңдылықтарын айқындау. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму бағыты. 1920-30 жылдардағы қазақ прозасы мен поэзиясы. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлардың қалыптасу және даму ерекшеліктері. Осы кезең қазақ әдебиетінің зерттелуі. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Ұлы Отан соғысына арналған, соған қатысты оқиғаларды бейнелейтін романдар, әңгіме-повестер.1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі прозаның, дармалық шығармалардың дамуы. 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі поэзияның дамуы.

 Қазіргі қазақ прозасының әдеби процестен алар орнын айқындай отырып, қазақ прозасының даму ерекшеліктерін, қазіргі роман, повесть, әңгiме жанрларының өзiндiк табиғатын айқындау. Әдеби процестiң бiрден-бiр қозғаушы көзi қазақ прозасының даму тарихына үлес қосқан жазушылар жөнiнде мағлұматтар жинау. Қазақ прозасының қайнар көзi әңгiме жанрының әдебиеттi дамытуға қосқан үлесiн анықтау. Роман, повесть, әңгіме жанрларының теориялық ұғымын, әдебиет тарихынан алар орнын, әдеби сынына қатысын талдап, түсінік беру. Прозаның даму барасындағы әдеби шығармашылық байланыстар туралы мағлұматтар беру.

Информация о работе 20 ғасырдағы адебиет