Проект земельного устройства

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 05:34, курсовая работа

Описание работы

Ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу жобасының міндеті –оның дамуының келешегін, сәулеттік – жоспарлау құрылымын дайындаудан, аумақтық қызметтік және құрылыстық аймақтарға бөлуді жүзеге асырудан, барлық тұрғын, мәдени-тұрмыс және өндірістік мақсаттағы обьектілерді инженерлік жабдықтауды, көркейтуді жүргізуден, құрылыс кезегін белгілеуден тұрады. Жоспарлау жобасында елді мекенді дамыту келешегін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық, сәулеттік – құрылыстық және инженерлік – техникалық мәселелер кешенді түрде шешіледі.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
Жоспарлау жобасына бастапқы материалдар және құрылысқа қажетті учаскелерді таңдау..........................................................................6
Жобалауға алғашқы есептеулер...................................................................8
Жанұя санын есептеу..................................................................................12
Қызмет көрсету мекемелеріне арналған есептік нормалар.....................14
Қоғамдық мекемелердің келешектік есебі................................................15
Әр түрлі сандық құрамдағы жанұя санының есебі..............................................................................................................16
Елді мекен ауданын есептеу.......................................................................20
Өндірістік құрылысты есептеу..................................................................22
Тұрғын ғимараттарды есептеу ..................................................................24
Ауылдық елді мекеннің қызметтік аймақтандырылуы.......................................................................................25
Қоныстандырылу аймағы...........................................................................27
Өндірістік аймақтың құрамы және орналастырылуы..............................29
Өнеркәсіптік аймақтағы өртке қарсы алшақтықтар................................33
Елді мекенді жоспарлаудағы жобалауды жақсарту.................................34
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................36

Работа содержит 1 файл

курстық жоба.doc

— 508.00 Кб (Скачать)

   2.қарапайым  және ыңғайлы ішкі жоспарлауды  қамтамасыз ету

   3.кварталдарды, учаскелерді рационалды компановкалауға  ыңғайлы, бірақ жоғарыда аталған  барлық артықшылығына қарамастан  жобалауда бұл форманы әрдайым  қолданудың қажеті жоқ.

   Жобалауда маңызды сұрақ болып усадьбалық учаскелердің ені мен ұзындығын орналастыру саналады. Учаскенің ені үлкен болуы қажет, себебі тұрғын көшелердің ұзақтығы артады. Одан басқа усадьбалық учаскелердің ені үлкен жағдайда, көше бойындағы тұрғын үйлердің арақашықтығы ұлғаяды, яғни бұл сәулеттік көріністі құртады, бірақ өте тар учаскелер рационалды саналмайды. Усадьбалық учаскелердің шектік ені отқа (өртке) төзімді тұрғын үйлердің дәрежесін ескере отырып орнатады.

    Бір  пәтерлі үйдің фасады бойынша  ұзындығы 10метр жағдайда шектік ені 16метр.

    Жол  тораптарының негізгі 5 категориясы:

   I-II            16метр (ені)

   III             18метр,

   IV-V         20метр

 

 

Территорияны  аймақтау

 

Қала немесе ауыл түріндегі елді мекендердің  әрқайсысында тұрғын үйден бөлек өндірістік кәсіпорындар болады. Бұл кәсіпорындардың елді мекен аймағында қалай орналасқандығынан онда өмір сүретін халықтың санитарлы – гигиеналық жағдайы, еңбек пен тұрмыс жағдайы тәуелді болады. Өндірістік кәсіпорындар жұмысы барысында түрлі газдар мен ластанған сулар бөледі. Газдар шықпен, тұманмен, жаңбырмен және қармен араласып, қышқылдарды түзеді, ал ластанған сулар топырақ пен қоймаларды улайды. Бұлардың барлығы «санитарлы зияндарды»  құрайды да, адамдар мен жануарлардың денсаулығына және өсімдіктердің жағдайына теріс әсер етеді. Түзілген қышқылдар ағаштарды, металл мен тастарды ыдыратады, нәтижесінде ғимараттардың және құрылыстардың қызмет ету мерзімін қысқартады. Малшаруашылық құрылыс орналасқан жерлерде ауа аммиакпен қанып қалады да, жағымсыз тітіркендіретін иістер пайда болады.

Санитарлы зияндылықтарға өндіріспен қатар жүретін түтін, ыс, шаң, шу жатады.

Жаңа ірі  кәсіпорындардың ауданында жұмысшы  ауылдарды салу кезінде санитарлы  зияндылықтарды тоқтату үшін елді мекен  аймағында аймақтандыру принципі енгізілген, ол кейіннен ауылдық елді мекендерде де кеңінен таралды. Қалалар аумағы бес аймаққа бөлінеді: өндірістік, көліктік, тұрғын, жасыл (қорғаныш) және ауыл шаруашылық. Бұл аймақтар «қызметтік аймақтар» атауына ие болды.

Қызметтік аймақтардың  болуы – халықтың еңбегі, тұрмысы және демалысы үшін жақсы санитарлы – гигиеналық ортаны, өндірістік кәсіпорындардың қолайлы қызмет ету жағдайын, еңбек етушілердің өндіріспен қолайлы байланысын қамтамасыз етуіне себепкер болуы қажет.

 

Ауылдық елді мекеннің қызметтік аймақтандырылуы.

 

Елді мекеннің жобалық құрылымын ең алдымен  оның аумағының қызметтік ұйымдастырылуы анықтайды, яғни қызметтік аймақтардың  өзара үйлескен орналасуы. Қызметтік  аймақ – белгілі – бір мақсаттық  арналуы бар елді мекен аумағының  бір бөлігі. Қызметтік аймақ тұтас бір жерде немесе шашыраңқы түрде бірнеше жерде орналасуы мүмкін.

Ауылдық елді мекеннің негізгі қызметтік аймақтарына  тұрғындық, немесе қоныстандырылған, және өндірістік аймақтар жатады. Елді мекеннің көлемі және сырт пішіміне, шаруашылықтың өндірістік бағытталуына, жеке-жеке қою жүйесінде орналасуына, табиғи және басқа да жағдайларға байланысты санитарлы – қорғау аймағы, коммуналды – қоймалы және сыртқы транспорттық аймақтардың пайда болуы мүмкін.

Қоныстандыру  аймағында санитарлық шектеулері жоқ тұрғындық үйлер және егістік жері бар қоғамдық құрылыстар, көшелер мен алаңдар, жасыл желектер, спорт ғимараттары мен өндірістік объектілер орналасады. Өндірістік аймақта өндіріске арналған объектілер топтастырылған.

Санитарлы –  қорғау аймағы санитарлы елді мекеннің жақсартылуы үшін құрылады: өндірістік аймақ жағынан санитарлы зияндылықтарды ішінара ұстау немесе  автомагистралды жақтан шаң мен пайдаланылған газдарды ұстау.

Коммуналды  – қоймалы аймақта гараждар, қоймалар, монша – кір жуатын орын және басқа да коммуналды мақсатқа арналған объектілер орналасқан.

Сыртқы транспорт  аймағы – елді мекен темір жол  станциясы, кемежай, автобекет және т.б. жанында орналасқан жағдайда жасалады.

Құрылыстық  аймақтандыру. Елді мекеннің тұрғындық аумағы тұрғын үйлердің түрлері мен қабаттылығы, құрылыс материалдарының түрлері бойынша бөлек аймақтарға үйлестірілуі – құрылыстық аймақтандыру деп аталады. Құрылыстық аймақтандыру елді мекеннің тұрғындық құрылыс салуына құрылыстық – техникалық тәртіп енгізеді. Ол өз ретінде берілген елді мекеннің нақты ахуал жағдайы бойынша тұрғын үйді орналастыру кезінде белгілі- бір саясатты қолдануға және құрылысты ең тиімді жолмен бағыттай отырып, аумақты дәйекті қолдануға мүмкіндік береді. Құрылыстық аймақтандырудың шарттарын сақтамау – абаттандыруға (көріктендіру) жұмсалынатын шығындарды ұлғайтады және оның іс жүзінде орындалуына кедергі келтіреді.

Құрылыстық  аймақтандырудың сұлбасын жасау  барысында тұрғындық ғимараттардың  қабаттылығы, орамдар аумағының  шаруашылық пайдаланылу түрі, олардың қоныстану тығыздығы анықталынады және белгілі - бір мөлшерде санитарлы – техникалық қондырғылардың дәрежесі мен әр- бір аймақтың абаттандырылуы ескеріледі.

Ауылдық елді мекен  аумағында тұрғындық құрылыстардың  орналастырылуы кезінде негізгі  деген үш құрылыстық аймақ аталады:

  • 2 – 5 қабатты секциялы құрылыс аймағы;
  • екі деңгейлі пәтерлері бар қамалау үйлерінің құрылыс аймағы;
  • жеке үйлердің құрылыс аймағы.

Құрылыстық  аймақтандырудың негізгі мақсаты  – құрылыстық аймақтардың арасында шекара орнату, олардың өзара қабысу сипатын анықтау. Екі нұсқа болуы мүмкін: біріншісі, шекара орамдар бойымен өткенде, екіншісі – көше бойымен өткенде. Алғашқы жағдайда көшенің екі жағы да қабаттары бірдей үйлермен орналастырылады, осы арқылы оны жақсырақ ұйымдастыруға, сәулеттік бірлікке қол жеткізуге, абаттандырылу және инженер қондырғыларына қатысты мәселелерді үнемді шешуге мүмкіндік береді. Алайда, сомен қатар орамдар аумағын ұйымдастыруда біршама қиындықтар туады, өйткені ол орамдардың бір бөлігі ортақ қолдануға арналса (балалардың ойын алаңшалары мен спорт алаңдары, қоғамдық демалу орындары), бір бөлігі үй іргесіндегі алаңдар, егістіктер, бақшалар және шаруашылық құрылыстар үшін қолданылатын болады, соңғылар ортақ қолдануға арналған аумақта орналасады. Бұл кемшілікті жоюға болады. Ол үшін алаң шекарасы бойына құрылыстық аймақтар арасына жасыл желектер белесін орналастырады.

Құрылыстық  аймақ шекарасын көше бойымен  өткізу арқылы, орамның сәулет жағынан  ұымдастырылуы және сол орам аумағын  қолданудың біріктірілуі қамтамасыз ететіледі, бірақ сонымен қатар көшенің сәулеттік сапасы төмендейді, өйткені биіктігі мен көлемі жағынан әртүрлі ғимараттармен орналастырылады. Бұдан бөлек, инженерлі тораптар толығымен пайдаланылмайды, өйткені оларға тек көп пәтерлі үйлер ғана қосылады.  Ауылдық елді мекендерде сәулеттік айқындау және қоғамдық орталықты анықтау үшін аз мөлшерде көпқабатты тұрғын үйлерді соғу барысында, бірінші кезекте абаттандыруды (су құбыры, канализация, жылыту торабы, газ торабы және т.б.) ескеріп, оларды орталық бөлікте тұтас орналастыру қажет.

Ауылдық елді мекен  аумағын ортақ ұйымдастыру сұрақтарын шешу нәтижесі – жобалаудың ортақ  сұлбасы болып табылады. Мұндай сұлбаның бірнеше нұсқасын жетілдіру және оларды түрлі көрсеткіштер бойынша  салыстыру (экономикалық, техникалық, санитарлы – гигиеналық және сәулеттік) ұсынылады.

 

Қоғамдық  орталықтарды жағастыру және жобалау

 

Қоғамдық  орталық – қоныстандыру аумағының бөлігі, онда негізгі қоғамдық ғимараттар топтанған: әкімшілік, мәдени – ағарту, сауда, қоғамдық тамақтандыру және т.б. Бұл ғимараттар алаң периметрі бойына немесе негізгі көшеде орналасады. Қоғамдық орталық үлкен қызметтік мағынаға ие, және де сонымен қатар қоныстандырылу аймағының сәулеттік – жобалық композициясының орталығы болып табылады. Сондықтан, қоғамдық орталықты орнықтыру мәселесі мұқият талқылануы тиіс. Оны шешу барысында елді мекен ішіндегі және ортақ қоныстандыру жүйесіне кіретін басқа да елді мекендермен транспорттық байланысуын ескеру қажет. Ауылдық елді мекенде бір қоғамдық орталық болады, алайда қоныстандыру аймағының созылыңқы және күрделі құрылымында құрылыс салу аймағы тығыз орналасқан жерлерде жергілікті орталықтарды жасаған орынды.

Елді мекен  аумағында қоғамдық орталықтарды орналастыру  барысында эстетикалық жақты  да ескерген жөн, өйткені қоғамдық ғимараттар өздерінің сәулеттік сұлбаларымен тұрғындық құрылыс салулардан ерекшеленеді.

 

 

Көшелік торап және алаңдар

 

Елді мекеннің негізгі сәулеттік – жобалық  құрылымы көшелер мен алаңдар  болып табылады. Көшелік торап  ауылдық елді мекенде хабарлаудың  ортақ жол жүйесін құруы қажет, пішіні мүмкіндігінше қарапайым болып, қоныстану аймағының ішінде, өндірістік аймақпен және сыртқы жолдармен ыңғайлы байланысты қамтамасыз етуі қажет.

Қолайлы санитарлы  – гигиеналық жағдайды жасау үшін және көліктің қауіпсіз жүруі үшін негізгі және тұрғындық көшелер транзиттік магистралдармен бірікпеулері қажет. Беткейлі суларды тазалау үшін  ауқымды жер қазу жұмыстарын жүргізбей бойлық еңісті жасау барысында көшелік торап жергілікті жердің бедерімен жақсы байланыста болуы қажет.

Көшелер өзара бөлек орналасқан елді мекендердің бір – бірімен байланысуын қамтамасыз етеді және сонымен қатар өртке қарсы және санитарлы тосқауыл болып табылады, сондықтан олардың ендігі олардың құрылыс сипатына байланысты болады (ғимараттардың өртке қарсы тұру дәрежесі және олардың биіктігі).

Қоныстандырылу  аймағы

 

Ауылдық елді мекендердің  қоныстандыру аумағының (аймақтары) жобалық  ұйымдастырылуын олардың көлемін, табиғи және экономикалық факторларын, ішкі шаруашылық қоныстандырылуын, қосымша жұмыс орындарының орналастырылуын, аудандарда халыққа қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарының перспективалық торабының құрылуын, және де ауылдық елді мекеннің демографиялық құрылымы мен тұрмысын ескере отырып шешу қажет.

Қоныстандырылу  аймағының жобалау құрылымы өз аумағында ыңғайлы транспорттық байланысты қамтамасыз етуі қажет. Қоныстандырылу аймағы тұрғындық үй салуға арналған аумақтың бір бөлігін біріктіреді – тұрғындық аумақ және мәдени – тұрмыстық ғимараттар мен мекемелерден босамайтын алаңдар аумағы, және де көшелер мен алаңдар.   

Тұрғындық аумақты  жобалау негізі – жалпы және өзгеше, әлеуметтік және қала құрылысы талаптарының  әсерімен қалыптасатын құрылымының рационалды құрылысы.

Тұрғындық алапқа арналған аумақ – ауа-райына, қалыптасқан  тұрмыстық дәстүрге, еңбек сипатына, демографиялық ерекшелігіне, және  де сәулеттік – көркемдік айқындықтың құралдарын қолдануға байланысты  әртүрлі үйлермен орналастырылады.

Ауылдық елді мекендердің  қоныстандырылу аумағы барлық категориялы  көлік жолдарымен және ауылшаруашылық машиналары және совхоздық пен колхоздық малды айдауға арналған жолдармен қиылыспауы қажет. Малды айдауға, тыңайтқыштарды тасымалдауға және жүк көлігінің үй алдына өтуіне арналған жолдарды жаяу жүруші жолы мен тұрғын көшелерден ерекшелендіріп жобалау қажет.

Үй жанындағы алаңдар мен малға арналған қоралары бар шаруашылық аула үшін, құрал-сайман мен отындар үшін арнайы  подъезд қарастыру қажет.

Қоныстандыру  аумағын құрылыстық аймақтандыру астында  қабаттылығы мен түрі бірдей тұрғын үйлерін салуды бөліктерге үйлестіруді түсінуге болады.

Ауылдық елді мекендерде үш негізгі аймақты атап өткен  жөн: құрылыс тығыздығы жоғары, орта және аз (10-кесте).

Әр – бір  құрылыс аймағына өзінің абаттандыру  дәрежесі сәйкес келеді. Түрлі инженерлік қондырғылармен жақсы жабдықтанған аймақ – құрылыс аумағы тығыз аймақ болып табылады.

 

 

 

 

 

10-кесте. Әртүрлі  құрылысқа арналған (СНиП II-60 – 75) 1 га қоныстандыру аумағына келетін тұрғын фонд тығыздығы

   

 

     

Тығыздығы

 

Бір не екі бөлмелі  тұрғын үйлер, пәтер жанында төменде  көрсетілгендей үй жанындағы жер учаскелері бар, м2

 

Оқшауланған тұрғын үйлер,

пәтер жанында  төменде көрсетілгендей үй жанындағы  жер учаскелері бар, м2

 

Секциялы тұрғындық  үйлер,

пәтер жанында  үй жанындағы жер учаскелері жоқ  ұабат санымен

 

1200

 

1000

 

800

 

600

 

600

 

400

 

2

 

3

 

4

Аз

400

500

600

-

-

-

-

-

-

Орташа

-

-

-

700

700

1000

-

-

-

Жоғары

-

-

-

-

-

-

1800

2300

2500


 

 

Өндірістік  аймақтың құрамы және орналастырылуы

Информация о работе Проект земельного устройства