Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 05:34, курсовая работа
Ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу жобасының міндеті –оның дамуының келешегін, сәулеттік – жоспарлау құрылымын дайындаудан, аумақтық қызметтік және құрылыстық аймақтарға бөлуді жүзеге асырудан, барлық тұрғын, мәдени-тұрмыс және өндірістік мақсаттағы обьектілерді инженерлік жабдықтауды, көркейтуді жүргізуден, құрылыс кезегін белгілеуден тұрады. Жоспарлау жобасында елді мекенді дамыту келешегін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық, сәулеттік – құрылыстық және инженерлік – техникалық мәселелер кешенді түрде шешіледі.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
Жоспарлау жобасына бастапқы материалдар және құрылысқа қажетті учаскелерді таңдау..........................................................................6
Жобалауға алғашқы есептеулер...................................................................8
Жанұя санын есептеу..................................................................................12
Қызмет көрсету мекемелеріне арналған есептік нормалар.....................14
Қоғамдық мекемелердің келешектік есебі................................................15
Әр түрлі сандық құрамдағы жанұя санының есебі..............................................................................................................16
Елді мекен ауданын есептеу.......................................................................20
Өндірістік құрылысты есептеу..................................................................22
Тұрғын ғимараттарды есептеу ..................................................................24
Ауылдық елді мекеннің қызметтік аймақтандырылуы.......................................................................................25
Қоныстандырылу аймағы...........................................................................27
Өндірістік аймақтың құрамы және орналастырылуы..............................29
Өнеркәсіптік аймақтағы өртке қарсы алшақтықтар................................33
Елді мекенді жоспарлаудағы жобалауды жақсарту.................................34
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................36
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Жоспарлау жобасының міндеті, мазмұны және құрамы
Ауылдық елді мекендерді жоспарлауды жобалау негізіне - өндіріс күштерін орналастыру және шаруашылық дамуының келешектік жоспары жатады және соңғысы аудандық жоспарлау жобасы мен ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуы жоспарында қарастырылған жаңадан қоныстандыруды ескере отырып дайындалады.
Ауылдық
елді мекендерді жоспарлау
Ауылдық
елді мекендерді жоспарлау
Ауылдық елді мекенді жоспарлау және салу жобасы екі: графиктік және есептік – мәтіндік бөліктерден тұрады.
Графиктік бөлікке төмендегілер кіреді:
Бас жоспар парағында әлем жақтары бойынша бағдарлаумен бірге жел розасы, қолданыстағы және жобаланатын ғимараттар мен құрылыстардың экспликациясы, аумақтың жобалық балансы орналастырылып, негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштер, шартты белгілер мен жобалау ұйымының мөртабаны беріледі. Жоспарлау жобасының негізгі сызбасын әдетте 1:2000 масштабтағы жоспарда бедерді 0,5-1,0м қимадағы горизонталдар арқылы бейнелеумен бірге жасайды;
Есептік – мәтіндік бөлік бастапқы мәліметтерден, жабдықтау есептерден және сметалық – қаржылық есептеумен бірге түсініктеме хаттан тұрады.
Есептік – мәтіндік бөліктің бастапқы мәліметтеріне аудандық жоспарлау мен ішкі шаралық жерге орналастыру жобалары немесе осы жобалардың ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандандырылуы мен шоғырлануына, құрылыс құрамы мен көлемін анықтауға қажетті материалдарынан көшірмелер, тиісті құрылыс алаңшасында және оған жанасатын аумақтарда жүргізілген арнайы тексерулер мен зерттеу материалдары кіреді. Бастапқы мәліметтерді жинақтап қорыту нәтижесінде жобалауға тапсырма құрылады.
Жобалық есептер
халықтың келешектегі санын, құрылыстың
барлық түрінің көлемі мен құрамын,
судың, электр энергиясының, елді мекенге
қажетті аумақ көлемінің
Түсініктеме хат
сәулеттік – жоспарлау
Жобалау кезеңдері. Ірі елді мекенді жоспарлау және салу жобасын дайындау процесі екі кезеңнен: техникалық жобадан және жұмыс сызбасынан тұрады.
Алдын ала жобалау тапсырмасы орындалады. Оның құрамына белгіленетін құрылыстың техникалық мүмкіншілігі мен экономикалық сәйкестігін сипаттайтын материалдар кіреді. Жобалау тапсырмасы бас жоспардың экспиздік графиктік шешімінен тұрады. Техникалық жоба құрамында жобалық тапсырманың неғұрлым тереңдетілген талдауы (қосымша тексерулер мен зерттеулер материалдары) болады. Жұмыс сызбасы – бұл жоба әзірлемесін құрылыс-жөндеу жұмыстарын орындауға қажетті дәрежеге дейін бөлшектейтін құжаттар. Ауылдық елді мекендерге арналған жобалау-жоспарлау құжаттамасы, қағида бойынша, бір кезеңде орындалады.
Жоспарлау сызбасы, оның мәні және пайдалануы. Жоспарлау сызбасы жобалаудың бірінші жұмыс кезеңі болып саналады. Оның міндеті жергілікті жағдайды ескере отырып, елді мекеннің сәулетті –жоспарлау композициясының негізін салудан тұрады. Сызбаны 1:2000 масштабта топографиялық жоспарда дайындайды.
Ауылдардың ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасауда елді мекендерді аймақтарға бөлу сызбасы, яғни оларды қызметтік бөліктерге (аймақтарға) бөлу қарастырылған. Мұндай сызба, жерге орналастыру жобасында шаруашылық аумағын ұйымдастыруды, оның елді мекендерінің аумағын жалпы ұйымдастырумен сәйкестендіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, онда көшелер мен жолдар, негізгі мәдени-тұрмыстық және өндірістік объектілер, тұрғын-жай құрылыстары орналасады, сөйтіп олар жоспарлау сызбасында шешілетін барлық мәселелерді қамтиды. Дегенмен, аймақтарға бөлу сызбалары жоспарлау сызбаларынан дәлдігінің төмендігімен және өте майда масштабта (1:5000, ал кейде тіпті 1:10000) дайындалатындықтан, жобалаудың бөлшектенуімен ерекшеленеді. Соның өзінде олар құрылыс объектілерін орналастырудағы көптеген қателіктердің алдын-алуға көмектеседі. Бұдан әрі жоспарлау және салу жобаларын дайындауда, олар жоспарлаудың алғашқы сызбаларына жатқызылуы тиіс.
Жоспарлау жобасына бастапқы материалдар және құрылысқа қажетті учаскелерді таңдау
Негізгі бастапқы материалдар. Ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу жобасын жасауға қажетті негізгі бастапқы материалдарға: шаруашылық дамуының келешектік жоспары; аудандық жоспарлау жобасы; ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы; арнайы тексерулер мен инженерлік зерттеу материалдары; жобалауға тапсырма жатады.
Бастапқы мәліметтерді дайындау үшін аудандық жоспарлау жобасынан кент халқының келешектегі саны, құрылыс қабаттылығы, инженерлік жабдықтау мен көркейту туралы мәліметтер, сондай-ақ, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, жол торабын, кенттен тыс инженерлік коммуникациялар және т.б. жөніндегі ұсыныстар пайдаланылады. Бұл жұмысты жүргізу кезінде ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының мәліметтері де: ауыл шаруашылық жерлерін, ауыспалы егістерді, ішкі шаруашылық жол торабын орналастыру және т.с.с.ескеріледі. Осы және өзге де жобалық материалдардан алынған барлық материалдар жобалауға қажетті бастапқы материалдарды дайындау кезінде нақтыланады.
Жаңа тұрғын үй құрылысының
өлшемдерін анықтау үшін, қолданымдағы
тұрғын-жай қорына заттай зерттеу
жүргізеді, алда тұрғын үйлердін бар
екендігі, олардың қабаттылығы мен
қабырға материалы бойынша
Құрылыс алаңшасының табиғи
Жобалау-жоспарлау жұмыстарында пайдаланылатын топографиялық жоспарларды жасау алдында, қолда бар геодезиялық және аэрофототүсіру материалын олардың жарамдылық дәрежесін бағалай отырып, жинау мен зерттеуді орындайды. Жобалауға арналған топографиялық негіз қызметін бедердің 0.5-1.0 м қимадағы горизонталдар арқылы бейнеленуімен 1:2000 масштабтағы жоспар атқарады.
Инженер-геологиялық
зерттеу материалдарында:
Санитарлық – гигиеналық
Тексерулер мен зерттеулер