Еңбек қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 16:40, реферат

Описание работы

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі шағын кәсіпорынға еңбекті қорғау жөніндегі өз тұжырымдамасын (саясатын) әзірлеуге, еңбекті қорғау мақсаттарын (мақсатты көрсеткіштерін) айқындауға, еңбекті қорғаудың нәтижелілігін арттыруға қажетті шараларды қабылдай отырып, еңбек процесін ұйымдастыруға, сондай-ақ әлеуметтік бағыт алған өндірісті құруға, аварияларды, оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе
1. Жалпы бөлім.
1.1. Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттер
1.1.1. Нормативтік сілтемелер
1.1.2. Терминдер мен анықтамалар
1.2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
1.3. Санитарлы нормалар және ережелер
1.4. Микроклимат
1.5. Бөлмелердегі және жұмыс орындары үшін жарықтандыру
талаптары
2. Негізгі бөлім
2.1. Шу және дірілге қойылатын талаптар
2.2. Шуылды төмендететін құрығылар
2.3. Иондаушы емес сәулелер деңгейіне талаптар
2.4. Электр магниттік өрістер
2.4.1. Электр қауіпсіздігі
2.5. Өрт қауіпсіздігі
3. Арнайы бөлім
3.1. Есептеулер
3.1.1. Жұмыс орнының жасанды жарықтануын есептеу
3.1.2. Жұмыс орнының табиғи жарықтануын есптеу
3.2. Жерлеуіш контурының жалпы кедергісін анықтау
3.3. Өрт қауіпсіздігі бойынша есептер
4. Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат охр.труд.doc

— 274.00 Кб (Скачать)
  • Электр тогы соғуы қауіпті;
  • Жиілігі 3-30МГц болатын СВЧ электромагнит сәулесі;
  • Рентген сәулесі;
  • Әлсіз жарық;
  • Желдетудің аздығы (дұрыс еместігі);
  • Дұрыс емес микроклимат;
  • Зиянды заттардың қауіпті концентрациясы;
  • Шу;
  • Психофизиологиялық әсерлер.

     Мысалы, электростатикалық өрістердің негізгі  көзі монитор экрандағы зарядтар болып табылады. Зарядтар жұмыс орны төңірегіндегі шаң түйіршіктерін  электрлетіп, олардың тығыздығын арттырады. Бұл демалу жүйесінің ауруына, аллергиялық ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен бірге пайдаланушы денсаулығына теріс әсерін тигізеді.

     СВЧ сәуесінің көзі болып синхронпульс генераторы табылады. СВЧ-ның адамға әсері жүйелік, эндокриндік, жүрек-тамыр  жүйелердің бұзылуымен білінеді. 

    1. Санитарлы нормалар және ережелер
 

     Санитарлы нормалар және ережелер – жұмыс  істейтін адамдарға зиянды фактілердің  әсерін болдырмау үшін алдын –  ала ұйымдастыру шаралары мен  техникалық құралдар жүйесі.  

    1. Микроклимат

     Бұл стандарт микроклиматтың көрсеткіштеріне жалпы санитарлы- гигиеналық талаптарды және жұмыс зонасындағы ауаның құрамында қауіпті заттардың болуын белгілейді. Жұмыс зонасындағы ауаның құрамында қауіпті заттардың болу талаптары, жұмыс орнының орналасуынан тәуелсіз болады.

     Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер:

  • ауаның температурасы;
  • ауаның шартты ылғалдылық;
  • ауа қозғалысының жылдамдығы;
  • жылулық таратудың интенсивтілігі.

     Бөлмедегі микроклиматтың жағдайы еңбек өнімділігіне әсер ететін манызды факторлардың бірі болып табылады. 4.1 – кестеде температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы және ауа қозғалысының жылдамдығының нормалары келтірілген.  

     Кесте  1 – ПЭЕМ бөлмелері үшін микроклиматтың тиімді нормалары 

Жылдық  кезең Жұмыс категориясы Ауа температурасы, гр С Ауаның  тиісті ылғалдылығы  % Ауаның  қозғалу жылдамдығы

м/с

Салқын Жеңіл 1а

Жеңіл 1б

22-24

23-21

40-60

40-60

0,1

0,1

Жылы Жеңіл 1а

Жеңіл 1б

23-25

22-24

40-60

40-60

0,1

0,2


 

     Кесте 2 – Оқу орындарының компьютер кластарындағы микроклиматтың тиімді параметрі 

Жылдық  кезең Температура, град.С Тиісті  ылғалдылығы % Қозғалу жылдамдығы м/с
Салқын 22-24 60-50 0,1
Жылы 23-25 60-40 0,1

 
 

    1.5.Бөлмелердегі және жұмыс орындары үшін  жарықтандыру талаптары

Жарықтың екі түрі бар:

  • Табиғи жарық;
  • Жасанды жарық.

     Табиғи  жарықтандыру жарық саңылаулары  арқылы іске асып, жұмыс орындарын жарықтандыру деңгейінің талаптарына сәйкес болу керек.

Табиғи  жарықтандырылмайтын бөлмелерде ПЭЕМ өндірістік пайдалану қажеттілігі  Мемлекеттік санитар-эпидемиологиялық органдары мен мекемелері келісімі бойынша ғана іске асырылуы керек.

     ПЭЕМ  бөлмелердегі жасанды жарықтандыру жалпы біркелкі жүйесі арқылы орындалу керек. Құжатармен жұмыстар жүргізілетін әкімшілік-қоғамдық орындарда аралас жарықтандыру қолданған дұрыс, жалпы  жарықтандыруға құжаттар жатқан аймақты  жарықтандыруға арналған жергілікті жарықтандыру шамдары қосылады.

     ПЭЕМ  жұмыс орындарында жарықтандыру тік (экран жазықтығы) және көлденең (құжаттармен жұмыс аймағындағы  стол жазықтығы) бойынша қалыпқа  келтіріледі. Қалыпқа келтіру бөлмедегі  табиғи және жасанды жарықтандырудан  тәуелсіз абсолютті бірлік арқылы есептелінеді (люкс). Құжаттармен жұмыс аймағындағы столдың көлденен жазықтығындағы аралас жарықтандыру 500 лк – тен кем болмау керек (сонымен бірге жалпы жүйеден жарықтандыру 300 лк – тен кем болмау керек). Аралас жарықтандыру жоқ кезде столдың көлденең бетін жарықтандыру (жасанды және табиғи) 400 лк-тен кем болмау керек. Экрандағы жарықтандыру (көлденен жазықтықтағы) 200 лк болу керек. Дискомфорт көрсеткіші 25 – тен аспау керек, әкімшілік-қоғамдық ғимараттағы жарықтандыру пульсация коэффициенті 10% – тен, өндірістік орындардағы жалпы жасанды жарықтандыру көздерінен ауырлық көрсеткіші 20 – дан артық болмау керек.

     Жарықтандыру  көздерінен жарқырауды шектеген дұрыс, сонымен қатар көзге көрінетін  жарқырайтын беттердің жарықтылығы (терезелер, шамдар және т.б.) 200 кд/кв.м – ден артық болмау керек.

     Жұмыс орындағы шағылу жарықтылығын заттардың (экран, стол, клавиатура) шамдар түрін  таңдау және жұмыс орынының жасанды  немесе табиғи жарықтандыру көздеріне  байланысты орналастыру  арқылы шектейді. Бұл кезде төбенің жарықтылығы шағылытын жарықтандыру жүйесінен қолданғанда 200 кд/кв.м-ден аспауы керек.

     ПЭЕМ  қолданушының көз алдындағы жарықтылық біркелкі емес таралуының шектеу қажет, бұл кезде жұмыс беттері жарықтылықтың  арасындағы қатынас (стол:экран) 3:1–5:1, ал жұмыс беттері мен қабырға беттері және қондырғылар арасындағы 10:1-ден аспауы керек.

     Әкімшілік – қоғамдық және өндірістік орындарда  шағылысатын жарықтандыратын құралдар ретінде күші 250 Вт дейін металл-галогендік лампаларды қолдануға рұқсат етіледі. Жалпы жарықтандыру шамдарын үзік немесе біртұтас тізбек түрінде қолданушының ПЭЕМ жанында отырғанда көзіне параллель, ал жұмыс орынына бүйір жанынан орналастыру керек. Компьютерлерді периметр бойынша орналастыру кезінде шамдарды операторға қатысты алдынғы жаққа орналастырған дұрыс.

     ПЭЕМ  орналасқан орындарды жарықтандыру үшін пульсация коэффициентін төмендетуге  арналған жоғары жиілікті реттегіш аппаратармен (ЖЖРА) жабдықталған айналы торлы ЛПО36 сериялы шамдарын қолданған дұрыс. Шашыратқышсыз және экрандағыш торларсыз шамдарда пайдалануға болмайды. Көп лампалы шамдарда ЖЖРА-лы шамдар жоқ кезде немесе жалпы жарықтандыру шамдарын қатар орналасқан болса, оларды үшфазалы жүйенің әртүрлі фазаларына қосу керек. 6-шы қосымшада қолданылатын шамдар типтері келтірілген.

     Жалпы жарықтандыру шамдарының жарықтылығы  сәулелену бұрышының аймағында 50 ден 90 градус тік бойлық және көлденең жазықтықта 200 кд/кв.м-ден аспауы керек, ал шамдардың қорғауыш бұрышы 40 градустан  төмен болмау керек.

     Жергілікті  жарықтандырудың шамдары 40 градустан кем емес қорғауыш бұрышы бар көрінбейтін шағылдырғышы болу керек.

     Жалпы жарықтандыруға арналған жарықтандырғыш құралдар үшін қор коэффициенті(КҚ) 1.4-ке тең деп аламыз.

     Жарықтылықтың қалыпты мәніне жету үшін ПЭЕМ қолданатын орындарда терезе шынылары мен шамдарды жылына кем дегенде екі рет тазалап, күйген шамдарды уақытында ауыстыру керек. 

     Кесте  3 – Жұмыс орындарындағы жарықтандыру деңгейі 

Бақылау нүктесі Жарықтандыру (табиғи., жасанды), лк Жарықтандыру

КЕО,%

Араластырылған  жарықтандыру, лк
Стол, клавиатура (Г) 400 1,5 500
Экран(В) 300 - 300

 

Жұмыс орнының  табиғи жарықтануына нормалар 

     Жарықтық  нормалауды табиғи жарықтану коэффициенті бойынша ( ТЖК) жүргізеді:

e=

x 100%

Мұндағы

     e – табиғи жарықтану коэффициенті;

      Eвн – жұмыс орны ішіндегі берілген жазықтықтың бір нүктесіндегі табиғи аспан жарығымен жарықтануы (лк);

      Eн – жазық жазықтықтың аспан толықтығымен байланысты жарығы арқылы сыртқы жарықтануы (лк). 

     Кесте  4 – Ғимараттың әртүрлі орындары үшін ТЖК-ның нормалары  

Бөлмелер  
 
Жарықтануды нормалау жазықтығы мен ТЖК –  жазықтықтың еден үстінен биіктігі,м
ТЖК
Сәулелер  жоғарыдан немесе жоғарыдан және бүйірден түскенде Сәулелер  бүйірден түскенде
Үнемі қар бар жерде  
Басқа жерлерде
1 Кабинеттер мен жұмыс кабинеттері, жобалық кабинеттер

2 Машинада жазушы  орындары үшін

3 Баспалдақтар

4 Коридорлар

5 Тұрмыстық-санитарлық  бөлмелер 

Ж – 0,8 
 

Ж – 0,8 

еден

>

Ж – 0,8

 
 

4 

0,8 
 

1,2 

0,2

0,1

0,2

1 
 

1,5 

0,2

0,1

0,3


 
  1. Негізгі бөлім

    2.1. Шу және дірілге қойылатын талаптар 

     Кез – келген қызмет орындарындағы (диспетчерлік, операторлық, зертханалық бөлмелер, есептегіш техникалық зал, офистер  және т.б) ПЭЕМ- лар жұмыстың көмекші  құралы болып табылады. Бұл жұмыс  орындарындағы шу деңгейлері жұмыс  орнында 50 дБА аспау керек. Инженерлік, техникалық жұмыстарды орындағанда зертханалық, аналитикалық және есептік бақылау кезінде ПЭЕМ бар бөлмелерде шу деңгейі 60 дБА аспау керек. Есептеу машиналарының шу агрегаты бар жұмыс орындарында шу деңгейі 75 дБА аспау керек.

     Шуды қатты шығаратын жабдық (АЦПУ , принтерлер және т.б.), егер олардың берілген жұмыс түрі үшін рауалы шу деңгейінен көп болса, онда ПЭЕМ-мен бірге бөлмеден тыс жерде болу керек.

     Бөлмелерде  шу деңгейін төмендету үшін дыбыс  жұтқыш материалдар қолдану керек (органдармен және мемлекеттің МедСанбақылау мекемелерімен рұқсат етілген) тиімділігін бекітіп, максималды дыбыс жұтқыш коэффициентімен 63-8000 Гц жиілік аймағында акустикалық есептеу керек. Қосымша дыбыс жұтқыш болып, қалың матадан перделер қабырғаға түстес және перденің ені терезе енінен 2 есе үлкен болу керек. 

     Кесте  5 – Шу дыбысының мәндері, дБ 

Шу  қысымы мәндері, дБ Шу  шамалары,

дБА

Жиілік, Гц
31,5    63   125    250    500  1000 2000  4000  8000
86      71     61     54      49      45     42     40      38

93      79     70     63      58      55      52     50     49

96      83     74     68      63      60      57     55      54

103     91     83     77      73      70      68      66      64

50

60

65

75


 

     Кесте 6 – Дірілге қойылатын санитарлы талаптар 

Ортагеометриялық  жиілік, ГЦ Z, X,Y осьтеріне келетін мағына
Діріл үдеуі Діріл жылдамдығы
м/с2 дБ м/с дБ
1/3

окт.

1/1

окт.

1/3

окт.

1/1

окт.

1/3

окт.

1/1

окт.

1/3

окт.

1/1

окт.

1,6

2,0

2,5

0,0125               82

0,0112    0,02    82       86

0,01                   80

0,13                  88

0,089   0,18      85      91

0,063                82

3,15

4,0

5,0

0,009                 79

0,008     0,014   78       83

0,008                 78

0,045                79

0,032   0,063    76       82

0,025                74

6,3

8,0

10,0

0,008                 79

0,008     0,014   78       83

0,01                   80

0,02                  72

0,016   0,032    70      76

0,016                70

12,0

16,0

20,0

0,0125               82

0,016    0,028    84        89

0,02                   86

0,016                70

0,016   0,028    70      75

0,016                70

25,0

31,5

40,0

0,025                 88

0,032     0,056   90       95

0,04                   92

0,016                70

0,016   0,028    70     75

0,016                70

50,0

63,0

80,0

0,05                   94

0,063     0,112   96      101

0,04                   98

0,016                70

0,016   0,028    70      75

0,016                70

Дәлдеп  тізілген және эквиваленттік  дәлдеп тізілгендер мағынасы және олардың деңгейі  
 
0,014                  83
 
 
0,028                    75

Информация о работе Еңбек қорғау