Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 16:40, реферат
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі шағын кәсіпорынға еңбекті қорғау жөніндегі өз тұжырымдамасын (саясатын) әзірлеуге, еңбекті қорғау мақсаттарын (мақсатты көрсеткіштерін) айқындауға, еңбекті қорғаудың нәтижелілігін арттыруға қажетті шараларды қабылдай отырып, еңбек процесін ұйымдастыруға, сондай-ақ әлеуметтік бағыт алған өндірісті құруға, аварияларды, оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Кіріспе
1. Жалпы бөлім.
1.1. Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттер
1.1.1. Нормативтік сілтемелер
1.1.2. Терминдер мен анықтамалар
1.2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
1.3. Санитарлы нормалар және ережелер
1.4. Микроклимат
1.5. Бөлмелердегі және жұмыс орындары үшін жарықтандыру
талаптары
2. Негізгі бөлім
2.1. Шу және дірілге қойылатын талаптар
2.2. Шуылды төмендететін құрығылар
2.3. Иондаушы емес сәулелер деңгейіне талаптар
2.4. Электр магниттік өрістер
2.4.1. Электр қауіпсіздігі
2.5. Өрт қауіпсіздігі
3. Арнайы бөлім
3.1. Есептеулер
3.1.1. Жұмыс орнының жасанды жарықтануын есептеу
3.1.2. Жұмыс орнының табиғи жарықтануын есптеу
3.2. Жерлеуіш контурының жалпы кедергісін анықтау
3.3. Өрт қауіпсіздігі бойынша есептер
4. Әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ
ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған:
ВТиПО 2-курс(к/к) студенті
Алматы, 2012 жыл
Мазмұны
Кіріспе
1. Жалпы бөлім.
1.1. Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттер
1.1.1. Нормативтік сілтемелер
1.1.2. Терминдер мен анықтамалар
1.2. Қауіпті
және зиянды өндірістік
1.3. Санитарлы нормалар және ережелер
1.4. Микроклимат
1.5. Бөлмелердегі және жұмыс орындары үшін жарықтандыру
талаптары
2. Негізгі бөлім
2.1. Шу және дірілге қойылатын талаптар
2.2. Шуылды төмендететін құрығылар
2.3. Иондаушы емес сәулелер
2.4. Электр магниттік өрістер
2.4.1. Электр қауіпсіздігі
2.5. Өрт қауіпсіздігі
3. Арнайы бөлім
3.1. Есептеулер
3.1.1. Жұмыс орнының жасанды жарықтануын есептеу
3.1.2. Жұмыс орнының табиғи жарықтануын есптеу
3.2. Жерлеуіш контурының жалпы кедергісін анықтау
3.3. Өрт қауіпсіздігі бойынша есептер
4. Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі шағын кәсіпорынға еңбекті қорғау жөніндегі өз тұжырымдамасын (саясатын) әзірлеуге, еңбекті қорғау мақсаттарын (мақсатты көрсеткіштерін) айқындауға, еңбекті қорғаудың нәтижелілігін арттыруға қажетті шараларды қабылдай отырып, еңбек процесін ұйымдастыруға, сондай-ақ әлеуметтік бағыт алған өндірісті құруға, аварияларды, оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Осы стандарт «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Қолдану жөніндегі басшылық» атты ҚР СТ жобасына сәйкес қолданылатын әдіснамаға негізделген.
Еңбекті
қорғауды басқару жүйесінің нақтылау
дәрежесі мен қиындығы, құжаттама
көлемі мен жүйеге бөлінетін ресурстар
жүйені қолдану аясы, шағын кәсіпорынның
көлемі және қызметінің, шығаратын өнімдерінің
(көрсететін қызметтерінің) түрі сияқты
бірқатар факторларға байланысты.
1. Жалпы бөлім
1.1.Еңбекті
қорғау саласындағы
мақсаттар мен міндеттер
Ұйым еңбекті қорғау тұжырымдамасымен келісілген, құжаттамалық ресімделген ұйымның тиісті фунциялары мен деңгейлері үшін еңбекті қорғау саласындағы мақсаттарды айқындауға, енгізуге және қолдауға тиіс.
Қойылған мақсаттар мен міндеттердің қолжетімдігін тиімді бақылау үшін олар мүмкіндігінше сандық белгіленуі тиіс.
Мысалы – еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттерді өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың [8], ұжымдық шарттың [1] және т.с.с нәтижесі бойынша еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың жоспары түрінде құжаттамалық ресімдеуге болады.
Еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлағанда жұмыс істеп тұрған ұйым олар орындауға міндеттенген заңдық және өзге де талаптарды, сондай-ақ алдын ала талдаудың қорытындысын (4.1-тармақты қараңыз) ескеруге тиіс. Сондай-ақ ол өз технологиялық мүмкіндіктерін, қаржылық, өндірістік және коммерциялық талаптарды, сондай-ақ тиісті мүдделі тараптардың пікірлерін ескеруге тиіс.
Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі жоспарды (бағдарламаны) әзірлей отырып, ұйым мыналарды:
-
ұйымдағы тиісті функциялар
-
материалдық ресурстар мен
Жоспарлар
(бағдарламалар) тұрақты жоспарлау
негізінде қайта қаралуға және түзетілуге
тиіс.
Осы стандартта мына стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:
- «Сигналдық түстер, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгілеулер» 12.4.026-2002 МЕМСТ ҚР СТ
1.1.2
Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта 12.0.230-2007 МЕМСТ бойынша, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылды:
1. қауіпсіз еңбек жағдайлары: жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары [1]
2. өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігі: Өндірістік жабдықтардың нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген жағдайларда монтаждау (қайта монтаждау) және пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келу қасиеті. 12.0.002-80 МЕМСТ.
3. өндірістік процестің қауіпсіздігі: Өндірістік процестің нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген жағдайларда оны жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келу қасиеті. 12.0.002-80 МЕМСТ.
4. зиянды өндірістік фактор: әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор. [1]
5. қауіпсіздік белгісі: адамды болуы мүмкін қауіп-қатер туралы ескертуге, белгілі бір іс-қимылдарды болдырмауға немесе ұйғаруға, сондай-ақ оларды пайдалану қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі салдарын болдырмауға немесе оларды азайтуға байланысты объектілердің орналасуы туралы ақпарат беру арналған белгі. 12.0.002-80 МЕМСТ.
6. тәуекелді сәйкестендіру: жобаны орындауға және оның болуы ықтимал салдарларын құжаттамалық рәсімдеуге әсер етуі мүмкін тәуекелдің айқындалуы. ҚР СТ 1500-2006
7. еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиға (бұдан әрі – жазатйым оқиға) — өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі. [1]
8. қауіпті өндірістік фактор: қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор [1]
9. еңбекті қорғау: құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі. [1]
10. қауіпті аймақ: жұмыскерге қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі мүмкін кеңістік. 12.0.002-80 МЕМСТ
11. жұмыс орны: қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін
орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны. [1].
12. жеке қорғану заттары: қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім. [1].
14. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған ережелерден, рәсімдер мен критерийлерден тұрады [1].
15. еңбек жағдайлары: еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары [1].
16.
қауіпсіздік түстері:
қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік
факторлардың көздері болып табылатын
өндірістік жабдықтар мен құрылыс конструкцияларының
жекелеген элементтеріне, өрт сөндіру
және қауіпсіздік белгілеріне адамның
көңілін аурдаруға арналған түстер. 12.0.002-80
МЕМСТ
Бұл бөлімде прогрмма жасаушы программистің жұмыс орны мен сол программамен жұмыс жасайтын қолданушылардың жұмыс орнындарына қойылатын талаптар қарастырылады.
Санитарлық нормалар мен ережелер мемлекеттік документ болып табылады, сондықтан ПЭЕМ мен жұмыс жасайтын барлық ведомствалар, министрліктер, қоғамдар, ұйымдар және т.б. оны сақтауы тиісті. ( ҚР Заңы, 18 бап, "Халықтың санитарлық –эпидемиологиялық ахуалы туралы").
Дипломдық жобаның бұл бөлімі ҚР заңдарына сүйеніп жасалған. Нақтылайтын болсақ:
а) «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау заңы» 28.02.2004 ж. № 528-ІІ ҚР.
б) «Қатерлі өндірістік объектілердегі қауіпсіздік заңы» 03.04.2002ж. № 314-ІІ ҚР.
в) «Өрт қауіпсіздігі туралы заң» 22.02.1996 ж.
г) «Еңбек туралы заң» 10.12.1999 ж. №493-І ҚР.
д) «Төтенше жағдайының құқықтық режимы туралы заң» 15.11.1993ж
Берілген
санитарлық нормалар мен ережелер Қазақстан
Республикасының санитарлық–
Зерттеу нәтижелері:
Аудитория ғимараттың 1 қабатында орналасқан. Оның мөлшері мынадай: ұзындығы –20м, ені –10м, биіктігі – 2,8 м, терезелер биіктігі – 2м, ені – 3 м. Табиғи және жасанды жарық беру көздері бар. Бөлмедегі ауаны оңтайлы микроклимат кондиционерлеу көмегімен ұстауға болады.
Аудиторияда IBM PC типіндегі дербес 12 компьютер (құрамы: монитор, пернетақта, жүйелік блок, тінтуір) және Canon типтегі бір принтер бар. Қызмет көрсетуші және пайдаланушы адамдарға мынадай қауіпті және зиянды әсер болуы мүмкін: