Бұқвралық ақпарат құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.

Содержание

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы түсінік
Саяси институттар жүйесіндегі төртінші билік
Қазақ баспасөзі рухани мәселелер үндесетін алаң
Қазақ баспасөзі және қазақ елі – қоғамдық сана ұйытар кеңістікте
Ұлттық баспасөзге факторлық талдау
Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдістерІ

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 82.89 Кб (Скачать)

Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы  жүріп жатты.

Республика  Президенті 2006 жылғы 18-тамызда «Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы»  Жарлыққа қол қойды. Ол өтіп кеткен ғасырдың 90-жылынан бергі уақытта  баспасөзді жаңа заманға сай бейімдеу мен халықаралық талаптарға сәйкес өркендету жолында жүргізілген  жұмыстарды жүйелеп, мазмұн жағынан  одан әрі тереңдету, елімізде жүргізілген  және жалғасын тауып отырған саяси-әлеуметтік реформалармен үйлестіру мақсатын көздеді.

Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша  назар аударылды және жүзеге асырылу  жолдары белгіленді:

1. Ақпарат  саласы мәселелері жөніндегі  заңнаманы жетілдіру. 

2. Отандық  және мемлекеттік бұқаралық ақпарат  құралдарының бәсекеге қабілеттілігін  дамыту.

3. Ақпараттық-телекоммуникациялық  инфрақұрылымын дамыту.

Сандық  теледидарды енгізу. 

Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың

одан  әрі өркендеуіне айрықша ықпал  етті. Мемлекет осы заманғы әлемдік  стандарттарды ескере отырып ақпарат  құралдарының сапасын жақсартуға бұрынғыдан да айрықша  мән бере бастады. Бәсекелік  ортаны ынталандыру  ақпарат жөніндегі  саясаттың негізгі нысандарының біріне айналды.

Қазақстан БАҚ еркіндігі, халықтың ақпаратты  жан-жақты алуы және ХХІ ғасырдағы  ақпарат алмасу мүмкіндігін молайту  жөніндегі халықаралық талаптарды кеңінен жүзеге асырып келеді. Бұл, екінші жағынан, республиканы осы заманғы  ақпараттық өркениетке қосудың ықпалды  жолы. Қазіргі таңдағы ақпарат  жаһандық ақыл-ойдың әлемге барынша  жедел ортақ болуының құралы. Ғаламда  бүгінде шын мәнінде ақпарат  революциясы қаурыт жүріп жатыр. Мәдениет, технология т.б. салалардағы  соңғы жетістіктердің планетаның түкпір-түкпіріне  тез жетуі микроэлектроника жүйесін  ғаламат шапшаңдықпен дамытуға, бұл  өз ретінде ғылымға негізделген  өндірісте еңбек өнімділігін  миллион есе арттыруға әсер етті.

Бұқаралық дегеніміз – ақпаратты көпшіліктің  қабылдауына қолайлы етіп тарату. Жаңалық, саяси немесе әлеуметтік хабарлар қарапайым тілде белгілі бір  түсініктемелерсіз қазқалпында  беріледі. Көпшілікке мәдени шоу түріндегі  танымдық бағдарламалар жиі ұсынылады. Элиталық бұған керісінше аналитикалық талдау  хабарларына құрылады. Саяси  сараптамалық, мемлекеттік талдау т.б. бағдарламаларына басымдық беріледі. Егер дамыған елдерде белгілі  осындай арналар түрлі тақырыптарға басыбүтін бейімделсе, Қазақстанда  жекелеген телеарналар саналуан тақырыптағы бағдарламаларды араластыра беруге мәжбүр. Мұны ақпараттық мүмкіндіктің белгілі дәрежеде шектелуі десек, оған Үкімет пен тиісті министрліктерден бұрын Республика Президенті назар  аударып отыр.  Нұрсұлтан Әбішұлы  бір топ қазақ тілді бұқаралық  ақпарат құралдары басшыларына  берген сұхбатында осы мәселеге арнайы тоқталды. Журналистердің шетелдік ақпаратты  еркін таратудың идеологиялық салдары  туралы сауалына жауап бере келіп: «Шетелдік  арналардың бәрінен шошынта сөйлеу дұрыс емес,- деп атап көрсетті. –  Кейбір арналар арқылы қаншама тартымды хабарлар беріледі. «Дисковери», «Культура», «История» сияқты арналардың танымдық құндылығы ерекше жоғары. Өзімізде ондайлар жоқ. Елдің білімін көтеретін, көп мағлұмат беретін сол арналардан үйренуіміз керек. Бара-бара ондай тақырыптық арналарды біз де ашатын боламыз. Мен жақында «Жас Отан» жастар қанатының съезінде қазіргі «Еларнаның» негізінде мәдениет, спорт және жастардың рухани – имандылық құндылықтары мәселелеріне арналған телеарна құру туралы мәселені шешуді тапсырдым».

Президенттің  бұл ұйғарымы оның барлық бастамалары  секілді мемлекет тарапынан жан-жақты  қолдау тауып отыр. Мұның нақты  дәлелі – 2009-2011жылдарға арналған республика бюджетінде сандық телеарналарды құру арнайы баппен қаралып, мақсатты қаржы  бөлінуі.

Сандық  теледидардың іске қосылуы бір ғана «Қазақстан» арнасының жанынан  бірнеше жаңа арна ашуға мүмкіндік  туғызады. Сол кезде Республика Президенті алға қойып отырған маңызды міндеттердің бірі – қазақ тіліндегі теледидар  хабарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты түбегейлі жүзеге асады. Мемлекеттік тілде тәулік бойы хабар тарататын жеке арна ашу  мұраты да орындалады.

Елбасы  отандық БАҚ-ты осы заманғы  деңгейде ұдайы дамыту қажеттігіне мән  бере отырып, тағы бір маңызды міндет жүктеді. Ол -  Республиканың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның ұлттық мүдделерін халықаралық  аренада, нақтырақ айтқанда ғаламдық ақпараттық кеңістікке  ілгерілету мақсаты.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету дегенде Президент  әлемде жүріп жатқан ірі өзгерістерді назарда ұстап отырғаны белгілі. Бұл өзгерістердің ішінде ортақ  ақпараттық кеңістік құру мұраты мемлекеттердің үндесе және үйлесе дамуы үшін пайдалы  болары анық. Ел ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасында бұл  мәселе нақты ескерілген болатын. Ақпараттың жаһандық жазирасына біз телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту арқылы жетеміз.

Қазақстан өзінің өркендеу жолында талай асқарды  еңсерді, оның келешекте ақпарат  әлемінде де бой көрсететіні даусыз. Осы өрелі мақсатқа ұдайы талпына  отырып, ішкі ақпарат жүйесін одан әрі жетілдіру мақсаты күн  тәртібінен түспек емес.

Республикадағы  баспасөз еркіндігі жайында қозғаған осы аз-кем әңгімемізде алдымен  сол саладағы халықаралық құжаттарға иық тіреп едік. Олардың бәрінің  екі тұғыры  бар екенін көрдік: бірі – сөз бостандығы, бірі - әділдік. Қазақстан сөз бостандығын беріп отырып, әділдікті талап етуге құқылы. Елбасының сөзімен айтсақ: «Қоғамға шынайы ақпарат керек. Біріншіден, азаматтардың  нақты өмірдің , сондай-ақ, көпірме сөздің қайда екенін, екіншіден, ақиқаттың және қарақан бастың қамы үшін бұрмалаушылықтың қайда екенін, үшіншіден, іскерлік, парасат, сондай-ақ пысықайлық қайда екенін, төртіншіден, халыққа қызмет етудің, сонымен бірге билік үшін лас әрекеттің қайда екенін білуге мүмкіндік беретін ақпарат керек». 
 

Информация о работе Бұқвралық ақпарат құралдары