Бұқвралық ақпарат құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.

Содержание

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы түсінік
Саяси институттар жүйесіндегі төртінші билік
Қазақ баспасөзі рухани мәселелер үндесетін алаң
Қазақ баспасөзі және қазақ елі – қоғамдық сана ұйытар кеңістікте
Ұлттық баспасөзге факторлық талдау
Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдістерІ

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 82.89 Кб (Скачать)

1999 жылы  Канаданың Монреал қаласында  дүниежүзілік коммуникация мен  журналистика ұйымы – ОРБИКОМ-ның  үлкен конференциясы өтті. Әлемге  аты тараған, аузымен құс тістеген  небір жұлдыздар қатысты. Сол сыйлы қонақтарды қала мэрі бір ағаш үйде қабылдады. Сонда қонақасы берілді. Көкке бой тіреген небір зәулім ғимараттар тұрғанда бұнысы несі екен деп ойладық. Сөйтсек әлгі жайда кезінде үкімет үйі орналасқан екен. Міне сізге, елдің тарихын қастерлеудің үлгісі. Оның жанында біздің тарихымыз дария емес пе? Қазақ – тарихы терең, табиғаты таза халық. Ғасырларға кететін тарихында біреудің алажібін аттамаған, көршілеріне көз алартпаған. Өзгенің жерін жаулап, біреудің қанын жүктемеген. Ол ақкөңіл, кеңпейіл, аса қонақжай дара халық. Ауыз әдебиеті өте бай, сөз қадірін түсінген, тарихын тасқа қашаған дана халық. Әлем өркениеті алдында беті ашық, жүзі жарқын. Сондықтан мақтан етер, үлгі тұтар қасиеттері жетіп-артылады. Сондай брэндтерді айқындап аламыз десек, ешкім қолымыздан қақпайды.

Өткен ғасырдың басында ірі державалар қару-жарақ шығаратын зауыттарды көптеп салып, соғыс қамына мықтап кірісті. Осы мақсатқа ұлттық қордағы қаржының жартысынан астам бөлігін жұмсап, бұл әрекет сырттан төнер қауіптен қорғану үшін керек болды деп ақталып жатты. Әйтсе де, одан соғыс қаупі өрши түспесе, басылған жоқ. Одан кейін барлық қаржыны халықаралық саясатты дамытуға төкті. Түрлі ұйымдар құрылды. Бірақ, әр ел өзіне ылайықтап саясат жасап алды. Бір байламға келу күн өткен сайын қиындай берді. Сондықтан өткен ғасырдың соңында Парижде ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен білім берудің дүниежүзілік бірінші конференциясы өтті. Екі жүзге тарта елдің білім министрлері мен түрлі делегациялар қатысқан осы салиқалы жиында адамзатты жақындастыратын тек қана олардың білімі мен рухани қазынасының бірлігі деген тұжырымға тоқтады. Яғни, білім беру жоспарының тең жартысы әр елдің өзіндік ерекшелігіне: тарихына, тіліне, діліне, дініне т.б. толып жатқан өзгешеліктерін орайластыра жасалып, қалған бөлігі жалпы адамзат ақыл-ойының озық үлгілерімен толығуы қажет деген бір байламға келді. Сонда бір стандартпен білім алғандардың рухани жақындығы артып, бірін-бірі тез түсінеді. Оның үстіне әр ел ұлт ретінде өзін-өзі сақтап қалады деп шешті. Бірақ, сонда да шортандардың майда шабақтарды жұтып қою қаупі әлі де күшті болып тұр.

1995-жылы  тәжірибе алмасу мақсатында Американың  Оклахома мемлекеттік университетінде болғаным бар. Сонда ғалым әріптестерімізбен пікір алмасу кезінде мынадай бір әңгіме болды. «Шындығын айтсақ, сіздердің Қытай, Ресей сияқты алпауыт елдермен шекаралас болуларыңыз – жұтылып кету қаупін жоққа шығармайды» деді. «Онда Қазақстанда орналасқан атом қаруларын құртқанша неге асықтыңыздар?» деген сұрағымызға былай деп жауап берді: «Сіздер атом қаруымен де ол елдерді қорқыта алмайсыздар. Атом сіздердің тәуелсіздіктеріңізді қорғап қала алмайды. Сіздерді дүниежүзілік қауымдастық қабылдайтын бір ғана жол бар. Ол – өшпейтін тарихы, өнегелі мәдениеті бар, өркениетті ел ретінде дүниежүзін мойындату» деп, мысалға Балтық жағалауындағы елдерді келтірді. Американдық әріптестерімнің айтқанын түгелдей қабылдамағаныммен, бір шындықтың бар екені ойға қалдырды.

ХХ-ғасырдың басында қазақ халқының қамы үшін талай құрбандықтарға барған арыстарымыз: А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқайларды тоғыстырған – рух бірлігі, ел мүддесі болатын. Қазір қарап отырсақ, біздерге солардың парасаты мен патриоттығы жетіспейтіні күн өткен сайын анық көріне бастады. Білгір маман бола тұра бойында елжандылық жоқ, ұлтын сүйетін қасиет дарымаған, жеке басының қамын көбірек күйттеген адамдардың  қатары аз емес екендігі ойлантуы керек. Дәл бүгінгі күні елімізге іс тетігін білетін азамат қана емес, әр нәрсені елдік мүдде тұрғысынан ойлайтын, адамгершілігі мол, өткен тарихымызға құрметпен қарайтын ұлтжанды тұлғалар керек. 

«Қай  ұлттың баспасөзі мықты болса, сол  ұлттың өзі де мықты»-деп А.Байтұрсыновтың айтқаны бүгінгі күннің де ақиқаты. Қазақстанның мемлекеттігінің басты  тірегі «ұлт» болса, айқындайтын, бұқаралық  сананы жетілдіріп, қоғамдық пікір  қалыптастыратын құрал – бұқаралық  ақпарат және коммуникация жолдары  саналады. Шын мәнінде, ең алдымен,  ұлттық құндылықтар – мемлекет пен  ұлттың жолсерік жұлдызындай көпқырлы ұғым.  Келесіден, бұл бұқаралық  құбылыс әрі ол  дербестік ұғымына  қарағанда өзіндік қағидалары бар  көпшілік құбылыс саналады. Соңында, ұлттық идея – дискерттік ұғым, яғни ол көбінде уақытша сипаттамалармен  айқындалатын құбылыс. Сондықтан ұлт  мәселесі қашан да тарихи оқиғалармен  қатар өрбіп, өніп отыратын ұғым. 

Тәуелсіздік алған жылдан бері Қазақстанның қоғамдық-саяси  және экономикалық-әлеуметтік өміріндегі реформалық ірі өзгерістермен  БАҚ  нарығында да айтарлықтай өзгерістер орын алғаны мәлім. БАҚ нарығында  мемлекеттік БАҚ-пен қатар жеке меншік саналатын ірі-ірі медиамагнаттар иелігіндегі масс-медиа дүниеге  келді. Бұл үдеріс, әрине БАҚ алаңындағы ақпараттардың берілу әдістерімен  қатар, олардың өңделуін, бұқараға жеткізу  және ұсына білу әдістерін де өзгертті. Нарық ойыншылары саналатын әрбір  БАҚ-тың өз аудиториясы мен қоғамдық сананы билеп-төстеуге ұмтылған саясаты  қашан да елдегі саяси оқиғалармен  қатар өрбіп отыр. Уақыт өте  жіктеліп, құрылтайшылары мен шығармашылық редакциялық топтың ұстанған позициясына қарай жаңа бағыт, жаңа сарындағы БАҚ нарығы дүниеге келді. Бұл нарықта мемлекеттік сипаттағы БАҚ-пен қатар, оппозициялық, тәуелсіз және салалық сипаттағы БАҚ өзара бәсекелістік алаңына шықты. 

Мониторингтің алғашқы  кезеңінде түрлі позициядағы  мерзімді басылымдардағы материалдарда  ұлт және ұлттық құндылықтарды айқындаушы көптеген мағыналық факторларға  талдау жасалды. Билік тарапындағы  «Егемен Қазақстан», ұлттық және тәуелсіз апталықтар «Ана тілі» және «Жас қазақ» және оппозициялық сипаттағы «Жас Алаш»  газеттеріндегі ұлттық мәселе тараптан жазылатыны осы басылымдардың ұстанған позиициясына қатысты болатыны заңды. 

Қазақ тілінің мәселесі – БАҚ-тағы ең көп  әрі жиі қозғалатын тақырып екендігі шындық. Ұлттық құндылықты айқындаушы фактор ретінде қазақ тілінің  түлесі, қазақ тілін қызғыштай  қору, қазақ тілін шет тілдерінің ықпалынан тазалау сияқты мәселелердің көбінде ұлттық апталық «Ана тілі», тәуелсіз басылым «Жас қазақ», мемлекеттік  басылым «Егемен Қазақстанда» да өткір жазылуы, өзектілігін таңбалап басып көрсетуі де қазақ ұлтынан  қазақ еліне бастайтын басты  факторлардың бірі екендігін әйгілей  түседі. 

Қазақстандықтарды біріктіретін және әрбір азаматты ойландыратын ортақ мәселе – ұлттар мен этностар арасындағы байланыс. Міне, осы мәселелердің өзі БАҚ бетіне еліміздің көпдінді зайырлы мемлекет,  барлық ұлттардың  тең құқықтығы, ұлтаралық бірлік сияқты тақырыптың жиі әрі орынды қозғалуы да еліміздегі «ұлттық мәселенің» бұқаралық құбылыс ретінде көпшілікке ортақтығын тағы бір дәлелдей түседі. 

Қазақстандық  бұқара үшін көпшілік құбылыс –  отансүйгіштік мәселесі болса керек. Бұл өте күрделі және көпкомпенетті  ұғымдар қатарында. Өйткені әрбір  индивид үшін де, қоғамдағы жалпы  бұқара үшін де отансүйгіштік категориясы  түрліше сипатта, түрліше оқиғаларда айқындалатыны бар. Бұл Қазақстан  жағдайында туған ел мен жерге  деген сүйіспіншілікпен қатар, еліміздің  жаңашыл мемлекет, үлкен мүмкіндіктер елі, экономикалық игілікті қалыптастыру әрі  сақтау жолында дамыған ел ретінде мақтаныш сезімі, ғылым, мәдениет, спорт салаларындағы жетістіктерге деген мақтаныш рухы, демократиялық үрдістерді қабылдау, құндылықтарды ұстану және оларды жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат сияқты  дискреттік ұғымдар қатар жүретін күрделі құбылыс саналады. 

Алдыңғы қатарлы елге ұмтылған қоғамда гендерлік  теңсіздік және теңдік мәселесі де «ұлттық мәселені» айқындаушы факторлар  қатарында. Қазақ қоғамы үшін қолдау тауып та, сыналып та жатқан кереғар  пікірлердің алмағайып түсуіне  ықпал етіп отырған мәселе – осы. Әйелдер мәселесі тарихи жағынан  алғанда да, бүгінгі шынайы уақыт  шеңберінен алғанда да бұқаралық  санаға әсер ететін, қоғам дамуына  да ықпалды көпшілік құбылыстар қатарында. 

БАҚ ұлтаралық  мәселені қозғағанда қалай сақ болса, бұл мәселеге келгенде де солай сақ  болуы қажет. Өйткені қазақ қоғамындағы  ұлттар мен этностардың бұл мәселеге келгенде қалыптасқан заңдылықтары, салт-дәстүрлері бар. Батыстан келген гендерлік саясатты түрлі көзқарастар  мен алуан пікірлер алаңындағы Қазақстан  жағдайына теліп, теңеуде өзіндік  орта мен соны іліп алар қоғамдық сананы дайындау, дамыту  таяу болашақтың міндеті. 

Сонымен, қоғамдағы әрбір азамат пен әрбір  таптың көкейінен шығатын ортақ  «ұлттық мәселені» айқындау саяси-әлеуметтік және экономикалық факторларды біріктіретін күрделі міндеттер қатарында. Қазақстан  жағдайында қазақ елінен қазақ ұлтына концепциясын негіздеу әлі де алдағы зерттеулердің үлесінде. 

Қазақ ұлттынан қазақстандық елге дейінгі  күрделі де көпқырлы мәселені айқындаушы факторларға қойылар басты талап  оның өміршеңдігінде болып қалмақ. Қазақстандық қоғамда қоғамдық санаға бағытталған құндылықтарды айқындау мен оларды сараптау, осы құндылықтардың бұқараны шоғырландыра, рухтандыра, біріктіре  алатындай  күші мен әсер етуін  жүзеге асыратын билік пен бұқара арасындағы ықпалды белсенді аралық топтар мен азаматтық институт мекемелері жұмыс істеуі тиіс. Сол ықпалды  да пәрменді топтың қатарында тұратыны БАҚ болып қала бермек. 

Ее, ұлт, халық, этнос… Осылайша тізбектелетін  бір-біріне мағыналас, синонимдес  сөздердің  түп-төркінін қарастырсақ. 

Даль  сөздігінде: «Ел – жер өлкесі, аумағы, тұрғылықты мекен, аймақ, облыс, жер, мемлекет, әлемнің бөлігі деп  анықтама беріледі»,-деп анықтама беріледі [1]. 

Халық, этнос, ұлт –  бұл сөздер синонимдес келеді.  Көптеген геосаяси жағдайларда  ұзақ уақыт бойына адамдардың қауымдаса  әрекет ете тіршілік етуімен айқындалатын, туыстық рухани ерекшеліктері біріктірген  адамдардың қауымын білдіреді. 

«Халық» сөзінің мағынасы көптеген мәнге  ие. Мәселен, халық сөзінің рухани, экономикалық немесе саяси-құқықтық мағысымен  қатар ұлттық немесе этнос деген  мағынасы қатар аталып жүр. 

Дегенмен  адамдардың қоғамдық ортадағы материалдық  жағдайы не рухани танымына қарамастан олар белгілі бір ұлттық не  этникалық  топтарға тиесілі халық өкілі  болады. Яғни ұлттық, этникалық, халықтық тегісіз адам болмайтыны анық. Дегенмен ұлт не этнос сөзіне қарағанда  халық сөзінің мағынасы кең, ауқымды  екендігі даусыз.  Сондықтан халық  сөзі ұлттар мен этностарды рухани, саяси, экономикалық, географиялық т.б. жағынан біріктіретін қауымдастық  ретінде таныған жөн. Саяси терминологияда ұлт немесе бірнеше ұлт қауымдастығы халық  деп аталады. 

Қоғамдық  пікір – мемлекеттің, БАҚ-тың  және мақсатты топтар арасында саяси  қолдауын арттыруға мүдделі басқа  да саяси субъектілердің  маңызды  серіктесі саналады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, қоғамдық пікір азаматтардың мүдделері туралы аса маңызды  ақпарат көздері болып саналады. Олардың билікке қарым-қатынасын  таныту мен нақты әрекеттерінің  механизмі ретінде танылады. 

Мәселен, қоғамдық пікірді зерттеу азаматтардың қоғамдағы ұстанымдарын, көзқарастарын  анықтауда маңызды құрал болып  келеді. Мақсатты топтардың үкіметтің  белгілі бір саяси реформалар кезіндегі, дағдарыс жағдайындағы қарым-қатынасын  білуде маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. 

Қоғамдық  пікір биліктің маңызды контрагенті  ретіндегі мәні көне дәуірде белгілі  болды. Ежелгі грек  философы Пратогор бүкіл қоғамның  бұқаралық пікірі туралы айтады. Оның ойынша, жалғаннан  шындықты ажырату үшін бұқаралық  пікір қажет. Азаматтық қауымнан ол рухани-құқықты күштердің дереккөздерін  іздей  отырып, әлеметтік шаралардың мүмкіндігін атап өткен болатын  [2]. 

Сонымен бірге, ежелгі ойшылардың қатарында  Сократ та қоғамның пікіріне ерекше мән  береді, «көпшіліктің пікірінен» де маңызды  саналатын «ақылдылар пікіріне»  ден қояды.  Ойшылардың бірі Платон да қоғамдық ақсүйектер пікірін негізгі  субъект ретінде қарастырып, осындай  көзқараста болады. 

Ал ХІІ  ғ. ағылшын жазушысы әрі мемлекет қайраткері Д. Солсбери сайлау алдындағы  парламентті тұрғындардың моральдық  қолдауын «public opinion» деп атаған болатын [3]. 

Қоғамдық  пікір теориясының концептуалдық  негіздері саясаттану ғылымында  ХХ ғ. ортасында әзірленді. Қоғамдық пікірдің түрлі саяси институттармен қарым-қатынасын сипаттауда ғалымдар бір жақты пікірге тоқтала  қоймады. 

Қоғамдық  пікір қоғамның әлеуметтік-пихологиялық жай-күйі, не болмаса бұқараның рухани-этикалық нормаларының жиынтығы ретінде қарастырылады. Сондай-ақ  қоғамдық пікірдің субъектілері туралы пікірлер де бір жақты  бола алмады. 

Мәселен, Ю. Хабермас білімі мен меншігіне  қатысты, топтық пікірі саяси ұстанымдарында  маңызды саналатын азамат ұстанымдарының жиынтығын  қоғамдық пікір деп  санайды [4]. 

Бұл бағытта  зерттеу жүргізген ғалымдардың  бірі Н. Луманның пікірінше, қоғамдық пікірде  ерекше субъектілер болмайды. Ал мақсатты топтардың пікірін білдіруі адамдар  назарын тарту үшін басымдықтағы тақырыптар бойынша анықтала береді. Дегенмен азаматтардің пікірі әр қалай  болуы да мүмкін [5]. 

Неміс зерттеушісі Э. Ноэльдің пайымдауынша, қоғамдық пікірді үкіметтік саясатты қолдайтын көзқарастардан басқа, азаматтардың енжарлығынан не болмаса оппозициялық ойларын айта бермейтін саяси  ұстанымдарын бағалаудың жиынтығы ретінде  қарастырады  [6]. 

Информация о работе Бұқвралық ақпарат құралдары