Бұқвралық ақпарат құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.

Содержание

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы түсінік
Саяси институттар жүйесіндегі төртінші билік
Қазақ баспасөзі рухани мәселелер үндесетін алаң
Қазақ баспасөзі және қазақ елі – қоғамдық сана ұйытар кеңістікте
Ұлттық баспасөзге факторлық талдау
Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдістерІ

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 82.89 Кб (Скачать)

Аталған әдістердің ғылыми тұрғыда жинақтасақ, онда қоғамдық пікір бұқаралық  (топтық) сананың жай-күйін сипаттайтын  бағалайтын пікірлердің жиынтығы. Бұл  топтар  түрлі қоғамның әлеуметтік, рухани өмірінің мазмұнынан сипатына ықпал ете алатын мақсатты топ  ретінде танылады. 

Осы тұрғыдан алғанда қоғамдық пікір тұрғындар  мүддесінің орталық билігі, азаматтар  үшін аса өзекті және маңызды проблемаларды  таныстыратын менизмі ретінде танылады. 

Қоғамдық  пікірді мағыналық жағынан алғанда  бұл бұқаралық сана болып табылмайды, тек соның  бір бөлігі, яғни қандай да бір топтарды біріктіретін бағалау  және пікір білдіру болып табылады. Қоғамдағы рухани ахуалды қалыптастыратын  қоғамдық сана мәні мен маңызын бағалайтын пікірлердің болатыны сөзсіз. 

Тұрақты экономикалық және әлеуметтік мүдделерді таныстыру  механизмі ретінде  қоғамдық пікірдің пайда болуы демократия мен азаматтық қоғам институттарының  дамуының кепілі болмақ. 

Қоғамдық  пікір құрылымында бұқаралық  та, жергілікті де көзқарастар қалыптасуы мүмкін. Олардың пайда болуы мен  арақатынасы қоғамдағы бәсекеге қабілеттілік деңгейіне, қоғамдағы  саяси таныстыру механизмдерінің  болуына,  азаматтардың өзіндік ұстанымдарын бұқара көпшілікке таныстыра білуіне  қатысты. 

Қоғамдық  пікірдің объектісі болып кез  келген деректер мен әлеуметтік оқиғалар  таныла береді. Сондай-ақ кейбір қоғам  қайратерлерінің айтқан пікірлері  тұрғындар тарапынан қызу талқыланған  жағдайда да қоғамдық пікірдің объектісі  бола алады. 

Қоғамдық  пікірді қалыптастыру механизмдері әр түрлі және билік пен азаматтық  қоғамға коммуникациялық әрекет ету тәсілдеріне, демократияның  институциялануына,  қоғамдастық  ұйымдасуына қатысты болады.  Шын мәнінде, қоғамдық пікірді қалыпастыруда  көпке танымал: эмоциональдық,  стихиялық  және  рациональды-саналы  түрлері  бар. 

Қоғамдық  пікірдің қалыптасуында көбінде  қоғам қайраткерлерінің пікірін  пайдалану немесе оның БАҚ-тағы жарияланымдары жатады. Саяси көсемнің қоғамдық өзекті проблема бойынша бұқаралық сөздері  азаматтардың барлығына бірдей ықпалы  бола бермейді. 

Қоғамдық  пікірді қалыптастырудың тәсілдері  аясында белгілі оқиғалар немесе БАҚ идеясы төңірегінде қауымдастықтың шоғырлануы орын алған оқиға туралы қарама-қайшылықты пікірлерден арылуда, болып жатқан жағдайға біржақты түністікпен  қарау деп түсіндіріледі.  Мұндайда нақты қарым-қатынастар, эмоционалдық көңіл-күй, стереотиптік ойлар басымдықта болады. 

Американдық ғалымдар П. Лазарсфельд, Б. Берельски  және  Г. Годэ ұсынған коммуникацияның  екі сатылы деңгейіне сәйкес ақпаратты  тарату мен оны қоғамдық пікірде  таралуы екі кезеңнен тұрады: алдымен  БАҚ-тан қоғамдық пікірдің бейресми жетекшілеріне таралады, келесіде сол  азаматтардан бұқараға тарайды. Аталмыш  идеяның авторлары сондықтан  саяси қоғамда жаңа бағдарға икемделігін, өздерінің тез бағдарлай алатын «ынталы топтардың» рөлін ерекше атайды. 

Қоғамдық  пікірді қауымдастық атынан кәсіби негізде әзірлейтін, тасымалдайтын  арнайы құрылымдар жасайды әрі қалыптастырады. Мұндай құрылымдар қатарында, мәселен, саяси зерттеу институттары, саяси  партиялар, қозғалыстардың бұқарамен  байланыс қызметтерін, талдамалық, әлеуметтік зерттеулер ұйымдарын атауға болады. Аталған құрылымдардың кәсіби қызметі  қоғамдық пікір процедурасының тиімділігіне,  қоғамдық ұстанымдарына,  түрлі коммуникативтік  арналарды жұмылдыруына қатысты. 

Қоғамдық  пікірдің теориялық мәселері көрсеткендей, демократиялық даму жолындағы Қазақстан  жағдайында, қоғамның рухани-өркениеттік  дамуы тұрғысында бұл мәселе өзекті болып отыр. 

Әрине, қоғамдық сана, қоғамдық пікірді атағанда алдымен, елдің елдігі, мемлекеттің  мемлекеттігін айқындайтын, белгілейтін  «Қазақ елі» тақырыбы  күн тәртібінде тұрады. Міне, қазақ қоғамын ерекше толғандырған, бұқаралық сипат алған  маңызды жаңалық баспасөз беттерінде жақсылықтың жаршысындай, бірді-бірге  іліп әкетіп, құбылта, түрлендіре жар  салғандай тарихи оқиға  ретінде  танылды.

Бүгінгі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың даму кезеңінде  қоғамдық сананың  да өзгеруі мүмкін бе? Әдетте ғалымдар қоғамдық сананы талдай келе оның құрамдас екі басты тобын ерекшелейді: танымдық және ынталандыру (мотивациялық) [15]. 

Танымдық  санаға саясат туралы, саяси құбылыстар мен көзқарастарға қызығушылықты  жатқызады. Мотивациялық саяси сенімге  адамның рухани қажеттілігі, құндылықтары мен танымдарын жатқызады. 

Шын мәнінде, рухани сананың қандайда бір көрінісін  ерекшелеп айту қиын. Қоғамдық сананың  танымдық элементтерін де мотивациялық көріністері де өзара тығыз байланыста. Қоғамдық сананың әрбір элементі тығыз байланысқаны соншалық олардың  бір-біріне өзара әсері арта түседі. 

Бүгінгі ақпараттық қоғамда, жаңа технологиялар  қоғамында саяси санаға БАҚ-тың  ықпалы артуы мәселе ретінде емес заңды құбылыс ретінде қарастыруға  болады. Ақпараттық кеңістіктің субъектілері (ақпаратты өндірушілер, тасымалдаушылар, тұтынушылар) бір-бірімен коммуникативтік  қарым-қатынаста бола отырып, сол  субъектілерге ықпал ете отырып, өздері де солар тарапанын белгілі  бір ықпалды сезінеді. Осынау қарым-қатынастардың  сипаты не ықпал ету деңгейін қарастырғанда  саяси сананың адам қызметіне, мінез-құлқына  әсерін ерекше атауға болады. 

БКҚ азаматтардың қоғамдық санасы мен мінез-құлқына  ықпалын бағаланда олардың арасындағы байланыстар біркелкі келместен, мүлдем қарама-қайшылықта болатындығы атауғаболады. Осы орайда түрлі көзқарастар  пайда болуда. Солардың негізгі саналатын  екеуін атап өтуге болады. 

Бір жағынан,  қоғамдық сана мен адамдардың мінез-құлқы  БАҚ жасайтын ақпараттық кеңістікке тікелей тәуелді деп саналатын  ұғым кеңінен тарап отыр. Осы тұрғыдан алғанда, БКҚ теориясын зерттеуші  Э. Деннистің пікірінше, «БАҚ біздің ойлау қабілетімізді қалыптастырады. Біздің пікірімізге, ұстанымдарымызға ықпал ете отырып, белгілі бір  әрекетке, атап айтқанда нақты бір  үміткерге дауыс беруімізге  итермелейді» [16]. 

Осы бағытта  зерттеу жүргізетін ғалымдардың  келесі бір тобы БАҚ-тың азаматтардың мінез-құлқына әсері нақты қоғамдық пікір қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Қоғамдық пікірдің бұқаралық  сипаты арқасында БАҚ – азаматтарды  басқару мен билеп-төстеуге мүмкіндіктер береді деп санайды ресейлік зерттеуші  О. В. Кузьмен [17]. 

Бұқаралық коммуникацияны зерттеушілер (көптеген саясаткерлер, БАҚ өкілдері) соңғы  кездері «медиадемократия» кезеңі жайлы пікірталас өрбіте бастады. Яғни бүгінде шындыққа айналып отырған, қоғам өмірінде орын ала бастаған БАҚ билік ретінде өзінің ережелерін ұсынуда. 

Сондай-ақ кейбір авторлар П. Бурдьенің БКҚ  туралы концепциясы негізінде бүкіл  халықтың (не оның бөлігінің) қандай да пікірін әйгілейтін қоғамдық пікір  жоқ. «Баспасөз пікірлерді өндіруге де, оны таратуға да тікелей өзі  қатысады. Яғни ол қоғамдық пікірді  білдірмейді, соны қалыптастырады. Ол адамдардың қоғам жайлы ұғымдарын  бейнелемейді, сол ұғымдарды, сол  бейнелерді қалыптастырады. Қоғамдық пікір аталатын артефакті әзірлеу  БАҚ-тың аса маңызды функциясы  саналады» [18]. 

Осы тұрғыдан алғанда ресейлік зерттеуші С. Кургиняннің 1991 ж. қайта құру туралы пікірлерінде, бұқаралық ақпарат құралдары  ескіні бұза отырып, жаңа мәдени жадыларды  дүниеге әкеле отырып, демократтарды  билікке алып келді. Бұл өте сәтті  және жылдам жүзеге асқан әрекет болды  деп жазады [19]. 

БАҚ-қа қатысты әр қашан түрлі пікірлердің, жаңаша көзқарастардың пайда болуы  бүгінде оның ықпалды саяси құрал  ретіндегі рөлін танытса керек. Мәселен, БАҚ-ты билік ретінде, күштік құрылым ретінде атап жүр. Шын  мәнінде, тарих көрсеткендей, белгілі  бір кезеңдерде БАҚ-тың саяси  күші мемлекеттік биліктің күшімен  тепе-тең түсіп жататын жағдайлар  кездеседі. БАҚ қызметін осылай түсіну оны биліктің өзіндік формасы  ретінде тануға мүмкіндік береді деп санайды Ю.Н. Солодухин [20]. 

Барлық  зерттеушілер БАҚ-тың осынау ықпалды  күшіне сене бермейді. Мәселен, Э. Денниске оппонент ретінде Д. Меррилл былай  деп санайды: «Бұқаралық ақпарат  құралдары бәлкім біздің назарымызды  белгілі бір оқиғаларға аударуы  мүмкін. Бірақ ол әрекет етуге мәжбүрлейтін билік болып табылмайды» [21]. Ғалым  өз пайымдауларында мынадай қорытындыға  келеді:  «БАҚ-тың ықпалы қоғамның не туралы ойлануы керектігін көрсетуі болып саналады». 

БАҚ-тың  билігі көбінде күн тәртібіндегі мәселеге қатысты анықталады. БАҚ-тың  саяси билікпен теңдестіретін ғалымдарға қарсы пікір айтатындар көптеген эмпирикалық зерттеулерге жүгінеді. Мәселен, 1940 жж.

Л. Лазарсфельдтің АҚШ-та жүргізген зерттеулерін негізге  алады. Бұл зерттеулерде БАҚ-тың  тұрғындардың саяси санасына,  саяси  мінез-құлқына айтарлықтай ықпалы дәлелденген. 

Американдық ғалымдар сайлау науқандары кезіндегі  пікірлер мен көзқарастардың өзгеруін зерттей,  жинақтай  келе екі сатылы коммуникациялық процесс пен  жекелей ықпал ету моделін  сипаттайды.  Ол процесс БАҚ-тан  «пікір көсемдеріне», ал олардан түрлі  әлеуметтік топтар мен таптарға моделінде  сипатталады. 

Бұл тұрғыда  бұқаралық коммуникация орталық, басымдық рөлінде  танылмайды, ол тұлғааралық  қарым-қатынаспен тең саналатын  және түрлі сипатта ықпал етуші  әлеуметтенген құралға айналды. Нәтижесінде бұқаралық санаға бұқаралық  ақпарат құралдарының «минимальдық ықпалы» концепциясы әзірленген болатын. 

Бүгінде ұсынылған екі жақты көзқарас арасында өте көптеген айғақты әдістерді  байқауға болады. Қазіргі күнде тұрғындардың саяси санасы мен  саяси мінез-құлқына  БАҚ-тың салиқалы ықпалын жоққа  шығармайтын, дегенмен БАҚ-тың ықпалдылығына  шектеулер қоятын айғақтар болып  отыр. 

Мұндай  кедергілердің қатарында БАҚ-тың  өзі тудыратын ақпараттың алаңдағы қарама-қайшылықтарды атауға болады. Осы тұрғыда БКҚ теориясын  зерттеуші ғалымдардың бірі Г. Гаджиев: «Қазіргі заманғы қарама-қайшы, қақтығысты шындықтардың бір бөлігі ретінде  БАҚ белгілі бір деңгейде оларды өздері өндіреді. Сондықтан ақпараттық ағындар көптеген қарама-қайшылықтардан тұрады. Олар хабарламалар мен материалдармен бірін-бірі өте жиі жоққа шығарады. БАҚ материалдары мен  бағдарламалар  қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал  етеді»,-дейді [22] 

Басқаша айтқанда, ақпараттық кеңістіктегі плюрализм  мен ақпарттық дереккөздерді  таңдау  бостандығы саяси БАҚ-тың  адамдардың мінез-құлқына ықпалының  азаюына мүмкіндік береді. 

Кейде, керісінше, көптеген БАҚ саяси институттармен келісе отырып, әрекет ете бастайды.  Мұндайда олардың ықпалы мүлдем арта түседі. сондай-ақ қандай да бір идеологиялық коцепті ұзақ мерзім бойына, тіпті  санаулы БАҚ  қайталай берген жағдайда ықпал етудің пәрменділігі арта түседі. Сондықтан «БАҚ-тың саяси санаға ықпалы жекелеген хабарламалардан  емес, олардың кумулятивті (жарылыс  әсері) пәрменділігінен»,-деп санайды  ресейлік ғалым А.  Панкин [23]. 

БАҚ-тың  саяси санаға ықпалы индивидтің ықпал  етуші басты субъектіні (БАҚ өкілі, БАҚ меншігі, билік органы т.б.) қабылдауына, сондай-ақ кімнің мүддесіне қарай  осы ықпал ету орындалуына (бұқаралық  аудитория, элитарлық топтар, БАҚ  т.б.) қатысты екендігін атап өткен  жөн. 

Іс жүзінде  БАҚ-ты қоғамдық пікірді білдіруші  немесе әлеуметтік белсендікті айқындаушы ретінде қабылдаудаған гөрі оны  әлеуметтік басқару органы ретінде  қабылдау БАҚ-тың рөлін, оған деген  бұқараның сенімін арттыра түспек. 

Соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, БАҚ-тың қоғамдық санаға ықпалы артып  отыр. Нақты реципиенттің бұқараның  мінез-құлқын басқаруға ықпал ету  мақсатында  жіберген БАҚ хабарламасы  қарама-қарсы нәтижеге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, БАҚ хабарламаларының саяси  санаға ықпалының келесі бір моделін  атап кетуге болады. Ол – «кері әсер»  болып табылады. 

Қоғамдық  санаға ықпал ету мәслелеріне  қатысты түрлі көзқарастарың  болуы тұрғындарды саяси ақпаратты  тұтынушы ретінде танытады. Не болмаса  азамат билеп-төстеу объектісі ретінде  «бұқара», «тобыр» деп танылады. 

Шын мәнінде, азаматтар коммуникативтік әрекеттердің толыққанды субъектісі ретінде қарастырған  жөн. Сондай-ақ БАҚ-тың жеке тұлғаға  ықпалы көбінде ақпараттық процестерде  сол тұлғаның атқаратын рөлі, осы  процестерге оның қатысы анықтауы тиіс. Өкінішке орай,  әлем елдерінің көптеген саяси технологтары, саяси кеңесшілері  азаматтарды билеп-төстеуге болатын  «бұқара» ретінде санайды. Сондықтан  да оның нәтижесі аса пәрменді бола бермейді. 

Бұқаралық медианың қоғамдық санаға ықпалы, саяси  сананы қалыптастырудғы рөлі жайлы  теориялық концепциялар мен ережелер қай қоғамның болмасын саяси процесінде, саяси ақпараттық-коммуникативтік  процесінде орын алатыны мәлім. Міне, сондықтан саяси коммуникативистиканың  маңызды бағыттарының бірі ретінде, саяси сананың  қалыптасуына ықпал  етерлік басты фактор ретінде  пікір алуандағы мәселесі тұрады. Автор қазақстандық бұқараның саяси  санасы қалыптасуының басты өлшемі ретінде түрлі әлеуметтік топтар арасында жүргізген эмпирикалық  зерттелуері негізінде еліміздегі саяси плюралимзнің дамуы, қалыптасуына арналған саясаттанулық талдауларын  ұсынады. 

Информация о работе Бұқвралық ақпарат құралдары