Бұқвралық ақпарат құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.

Содержание

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы түсінік
Саяси институттар жүйесіндегі төртінші билік
Қазақ баспасөзі рухани мәселелер үндесетін алаң
Қазақ баспасөзі және қазақ елі – қоғамдық сана ұйытар кеңістікте
Ұлттық баспасөзге факторлық талдау
Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдістерІ

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 82.89 Кб (Скачать)

Еліміздегі  жиі айтылатын, жиі қозғалатын мәселер  қатарында  «әлеуметтік қорғалмаған  топтар мүддесі» болып отыр. Бұл, әсіресе, қазақ қоғамының ең ауыр жарасы саналатын  «Шаңырақ», «Бақай» т.б. әлеуметтік әділетсіздіктен туындағын проблемалар. Міне,  «әлеуметтік қорғалмаған  топтар мүддесі» билік тарапындағы  басылымда үш түрлі ұғыммен қатарлас келіп, ол «биліктің орталықсыздануы», «трансформация», «ұлтаралық қақтығыс»  сияқты белгілермен қатарласа жүреді. Бұған елдегі «жұмысшылар мүддесін»  қоссақ, онда «азаматтық құқық», «билікті орталықсыздандыру», «салық саясаты», «ынтымақтастық», «көп сатылы экономика» сияқты белгілер қоса қатарласады. Дегенмен, қоғамның әлеуметтік ащы шындығы кейбір себептермен осы бағыттағы баспасөз беттерінен орын таппай, керісінше, тәуелсіз, оппозицялық сарындағы басылымдарда өткір айтылуы әлі де болса мемлекеттік тараптағы БАҚ-тың ірі кемшілігі деп қарастырған жөн. 

Соңғы жылдары жиі айтылатын мәселелердің бірі елдің парасатты тобы, рухани күші саналатын зиялыларға қатысты  аталады. Біздегі «зиялылар мүддесін»  неден көруге болады? Бұл «одақты  қалпына келтіру» мен «дінаралық келісіммен» сипатталатын атауға болады. Шын мәнінде, зиялы қауым бұқараны жаңа өрге бастайтын, қоғамның жанашыры, өз мүддесінен мемлекет мүддесін жоғары қоятын азаматтар тобы болуы тиіс. Біздегі зиялы қауымның құндылықтарын  отанды сүю, елін қастерлеу, қоғамның кем-кетіктерін сын тезіне салу сияқты қасиеттермен айқындай алмаған баспасөздің бір  кемшілігі деп білуге болады. 

Ал аталмыш  басылымда «оралмандарды қолдау», «ұлтаралық қақтығыс», «инфляция», «инвестиция», «одақты қалпына келтіру», «қоғамның  ашықтығы», «әскери қуат», «трансформация», «көп сатылы экономика» сияқты мағыналық  белгілердің не тура, не кері корреляциясы айтарлықтай байқалмағандықтан  бұларға сараптау жүргізілмеді. Дегенмен бұл белгілердің газетте жарық  көрген материалдар кездесуі өте  сирек және іріктеуге алынған  белгілермен байланысы төмен, өте  бейтарап позицияда екендігін білдіреді. 

Ал корреляциялық  өңдеуден өткен бейтарап белгілер қатарында  мынадай ұғымдарды атап өтуге  болады: «бостандық» «қоғамдық келісім» «қауіпсіздік» «әлеуметтік қорғалмаған  топтар мүддесі» «зиялылар мүддесі» «жұмысшылар мүддесі», «азаматтық қоғам», «азаматтар құқының қорғалуы», «отансүйгіштік», «ұжымшылдық», «ұлтжандылық», «радикализм», «рухани құндылық», «қазақ тілінің  мәртебесі», «одаққа бірігу», «аймақтық  тұтастық», «дағдарыс», «қайта өрлеу», «жеке меншік қатынастарын нығайту», «трансформация», «салық саясаты», «экономикалық  тәуелсіздік», «халықаралық экономикалық қауіпсіздік», «ынтымақтастық», «мәдени  даму», «қоғамның ашықтығы», «әскери  қуат», «егемендік», «дінаралық келісім», «жекешелендіру», «көп сатылы экономика», «отандық өндірушілерді қорғау», «оралмандарды қолдау», «ұлтаралық қақтығыс», «инфлияция», «инвестиция». 

Жоғары  сәйкестіктегі белгілердің бірі қоғамдағы «трансформация» мәселесі. Біздің ойымызша, әлемдегі бәсекеге қабілетті  елу елдің қатарына енуді көздеген, халықаралық қауымдастықта Қазақстандағы  әлеуметтік институттардың, әлеуметтік құрылымдардың өзгеріске ұшырауын қажет етуі, сол жолдағы ізденістер бүгінгі мемлекеттік басты басылымның басты тақырыптары саналады. Сондай-ақ «трансформация» белгісі бірінші  факторлық топта кері тәуелділікте болса, үшінші топ ол қайтадан жоғары сатыға көтеріледі. 

«Жас  қазақ» аптылығындағы белгілер. Бұл  қатарда ең жоғары тура тәуелділіктегі біріншіден төртіншігі дейінгі топтар арасындағы «одақты қайта қалпына  келтіру», «трансформация», «әскери  қуат», «отандық өндірушіні қолдау», «әділдік», «қауіпсіздік», «реформизм», «аймақтық  тұтастық», «ұжымшылдық», «азаматтық қоғам» сияқты мағыналық белгілер. 

Яғни  тәуелсіз апталықтың ақпараттық саясатындағы басым белгілерден байқалатыны, Қазақстанның басқа көрші ТМД  елдерімен одаққа бірігуін, қоғамдағы  әлеуметтік институттар  мен құрылымдардың  жаңаруы мен дамуын, аймақтағы  тұтастық мәселесін, отандық өндірушілерді, әлеуметтік және саяси салалардағы  әділдіктің шешілуін, елдегі реформалық саясатты, ұжымшылдыққа бірлесуді, азаматтық  институттардың белсенді дамуын  қолдауы  деп санауға болады. Тәуелсіз басылымдағы  «қазақ тілінің мәртебесі», «қайта өрлеу», «отансүйгіштік», «инвестиция», «қоғамдық келісім мен бірлік»  сияқты мағыналық белгілердің сирей  түсуі бұл мәселелердің газет  үшін өзектілігі жоғалғанынан емес, сол  тақырыптардағы айтылатын мәселелердің өзара тәуелсіз жеке дара қарастырлуында деп білгуе болады. 

«Жас  алаш» басылымындағы «демократия», «рухани құндылық», «халықаралық экономикалық қауымдастық», «көп сатылы  экономика» белгілерінің басымдық танытуын басылымның ақпараттық нарықтағы ұстанған позициясынан деп санауға болады. Демократия белгісінің қоғамдық-саяси басылымдардың басты тақырыбы саналуын заңды құбылыс ретінде қарастырған жөн. Қоғамның «рухани құндылығы» ұлттық идея, рухани өнегілілік сияқты өлшемдермен айқындалатыны белгілі. 

«Жас  алаш» редакциясының қоғам дамуындағы «халықаралық экономикалық қауымдастық» сияқты маңызды факторды алға тартуын  билікке қарсы оппонент бола тұрғанымен, оның мемлекеттің халықаралық деңгейде  дамуын қолдауынан және сол бағытта  ақпараттық саясат жүргізуінен деп  тануға болады. 

Республикалық басылымдағы «әлеуметтік тәртіп», «әйелдер мүддесі», «азаматтық қоғам  құру», «реформизм», «қайта өрлеу», «салық саясаты», «егемендік», «дінаралық келісім», «тұрақтылық», «әлеуметтік кепілдік», «одақты қайта  қалпына келтіру», «экономикалық тәуелсіздік», «әскери  қуат», «әлеуметтік т.б. қақтығыстарды  реттеу», «биліктің орталықсыздандырылуы», «бостандық», «жұмысшылар мен ауыл еңбеккерлерінің мүддесі» сияқты 16 мағыналық белгінің қатарынан кері тәуелділікте болуы газеттегі материалдардың аталған тақырыптарды жариялауда бір-бірімен  тәуелсіздігін білдіреді. Яғни бұл  мағыналық белгілер әр қайсысы басылым  материалдарында жеке-жеке қарастырылып, олар басқа белгілермен сәйкес аталмайтындығынан  өте көп кері корреляциялық көрсеткіштерге ие болып отыр. 

Оппозицияның  ақпарат құралы саналған басылымның беттерінде қоғамның әлеуметтік, саяси  және экономикалық ахуалын сараптау мен саралауға  бағытталған материалдардың басым бөлігінде ащы, өткір сынның болуы да заңды. Кейде басылым, билік, тіл, ұлт мәселесіне келгенде өте  ашық қарсы пікір жариялауы да еліміздегі пікір алуандығы мен  көзқарастар теңдігіне берілген мүмкіндік ретінде қарастыру  керек. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін оппозициялық сарындағы баспасөздің  болуы да керегі де әлем елдерінің  тәжірибесінде бар және бола беретін  үрдіс ретінде қарастырылуы керек. 

Баспасөздің қазақ елі тақырыбын жазғанда қоғамдағы  рухани келісім мен  өркениет құндылықтарын қалыптастырудағы рөлін айқындау мақсатында жүргізілген  баспасөзге мониторинг нәтижелерін  қорытындылағанда, қоғамдағы әрбір азамат пен әрбір таптың көкейінен шығатын ортақ «ұлттық идеяны» айқындау, дайын  үлгісін ұсыну әлеуцметтік, саяси, экономикалық және рухани факторларды біріктіретін күрделі міндеттер қатарында. Қазақ елінде ұлттық идеяның мазмұны мен көрнекілік ұғымы қарапайым да  ұғынықты болуы керек. Ұлттық идеяны айқындаушы факторларға қойылар басты талап оның өміршеңдігінде болып қалмақ.

ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында  көп зерттелген саланың бірі –  бұқаралық баспасөз құралдары. БАҚ-тың  тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны  туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті. Солардың бәрінде  ең әуелі белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға таратылатын ойдың  еркіндігі жайлы қазып айтылады. Негізгі пікірталас та нақ осы  мәселе төңірегінде қозғалады.

Американдық газет редакторларының қоғамы 1923 жылы бекіткен, қазірге дейін маңызын  жоймаған «Журналистика дәстүрі» тұжырымдамасында баспасөз бостандығы туралы алғаш рет  БАҚ қызметкерлерінің өздері нақты  анықтама берді. Онда: «Баспасөз бостандығы – адамзаттың ажырамас құқықтарының бірі. Мұның өзі заңмен тиым салынбағандардың бәрін ... талқылау бостандығына ие болу»  делінген.

Заң шеңберіндегі осы бостандық жарияланатын ақпараттың әділ, шын, дұрыс, нақты және анық болуымен, оқырманға адалдықпен, ешкімді алаламайтын  туралықпен,моральдық жоғары парасаттылықпен  дәйектелуге тиіс. 

Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы  жылдарынан бастап баспасөз саласындағы  халықаралық беделді құжаттардың  аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат  құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті.

Елімізде  өткен жылдардың ұзына бойында  баспасөз бостандығы жолында атқарылып  келген демократиялық сипаттағы  шаралардың бәріне шолу жасасақ, тәуелсіз журналистика жөніндегі көшқұлаш ғылыми сараптамаға айналар еді. Сондықтан  осы бағыттағы негізгі қадамдарға ғана тоқталайық.

Қоғамдар  алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытты  БАҚ саласындағы өзгерістермен  сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі -жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің  ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға  ұшырауы. Екінші кезең - ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы. Үшінші кезең – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат  айдынына талпынысымен сипатталады.

Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны  белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің  беделін және ел мен мемлекет алдындағы  жауапкершілігін көтерудің мүмкін жолдарының бәрін қарастырды. 1993 жылы БАҚ қаламгерлеріне арнаған сөзінде  өтпелі шақтағы қиындықтарға тоқтала  келіп: «Республикада қалыптасып отырған  жаңа экономикалық, әлеуметтік ахуалда  мұндай сыннан өтудің сөзсіздігін түсіндіруде  журналистер сөзінің жауапкершілігі зор. Нарықтық қатынастар мен қоғамды  одан әрі демократияландыруға бұдан  басқа парасатты балама жоқ екенін баршаның түсінуі керек» - деген  еді.

БАҚ ұжымдары, елдің көрнекті баспасөз өкілдері Президентті  қолдады, ақпарат тасқынында тәуелсіздік  рухымен суарылған, жігерді жаныған, келешекке сендірген жаңа лептегі  мазмұнды мақалалар басым болды. Бұған республика таңдаған саяси-экономикалық бағыттың дұрыстығы, Елбасының журналистер  қауымымен жиі кездесіп, олардың  ой-ұсыныстарын барынша қанағаттандыруға ұмтылуы, ақпарат қызметінің алғы мұраттарын дер кезінде дәл айқындап бере білуі айрықша ықпал етті. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн  салығынан босату туралы Жарлыққа қол  қойды. Бұл ақпарат жүйесін қаржылық дағдарыстан неғұрлым тез алып шығу үшін жасалған батыл қадам еді.

Сол бір  кездесуде Президент баспасөз жетекшілерін ТМД және шалғай шетелдердің ақпарат  қуаттарымен тең түсетін қазақстандық БАҚ құруға шақырды. Соған қажетті  алғышарттардың бәрі жасалуына ұйтқы  болды. Республика 1991 жылдан бері қарай  ақпарат құралдары туралы заңнаманы  ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда  «Баспасөз және басқа  бұқаралық ақпарат құралдары  туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда  болуына және жедел дамуына қолайлы  жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік туды. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келді. Халықтың ақпарат алу  және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың  құқықтық негіздері қажет бола бастады. Соған орай Елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда  «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен 1999 жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы заңдардың  қай - қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру  және саясаттан тыс дамуына жол  ашу үшін барынша тиімді болғаны  ерекше атап айту керек.

Жетістігің  бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады. Қазақ елі күрмеуі  қиын сонау 1992 жылдың өзінде БАҚ еркіндігі  туралы әлеммен бетпе-бет сұхбаттасты. Республика Президентінің ұйғарымымен  Қазақстан Үкіметі ЮНЕСКО-мен  бірігіп, Алматы қаласында тәуелсіз ақпарат құралдарының халықаралық  конференциясын өткізді. Оған дүниежүзінің 160-тан астам елінен делегаттар келді. Бұлардың дені жаһанға белгілі аса  ірі телерадиокомпаниялар мен газет-журналдардың, баспалардың жетекшілері, әйгілі тілшілері  еді. Осы беделді шығармашылық топпен бірге қазақстандық журналистер  баршаға  мәлім «Алматы Декларациясын» қабылдады, жаһандағы әріптестеріне  цензурасыз, шектеусіз әділ БАҚ туралы мәлімдеді. Әлі бұғанасы бекіп үлгермеген жас мемлекеттің сөз бостандығын  біржола таңдағаны және сол жолда  батыл қадамдарға баратыны туралы ашық жария етті. Бұл нық шешімді  Нұрсұлтан Әбішұлының осы конференция  өткен соң бір жылдан кейін  баспасөз жөнінде айта келіп: «Демократияның тағдыры бұқаралық ақпарат құралдарының қалай дамитынына барынша тікелей  байланысты болмақ» - деп айқын баяндауы да дәйектей түсті.

Информация о работе Бұқвралық ақпарат құралдары