Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:30, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты қазақстандағы инвестициялық орта мерзімді қаржыландыру көзі ретіндегі лизингті қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелерін қарастыру
Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайын зерттеу

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................2

1.ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАДА АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
1.1 Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері................4
1.2.Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері...............................................................................................................11
1.3 Дамушы елдердің инвестициялық стратегиясы...........................................18

2.ИНВЕСТИЦИЯЛДЫ ОРТА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДА ЛИЗИНГТІҢ ОРНЫ
2.1 Қаржылық лизингтің рөлі..............................................................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайы....................23
2.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері.........................................29


3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ МӘСЕЛДЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Шетел инвестицияларды лизингке тарту мәселелері және оларды шешу жолдарын қарастыру.............................................................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................37

Работа содержит 1 файл

инвестициялық орта мерзімді қаржыландыру көзі ретіндегі лизинг.doc

— 812.50 Кб (Скачать)

3. Әлеуметтік-корпоративтік салық та салықтың жанама түріне жатады. Сондықтан да кейбір мемлекетте салықтың бұл түрі мүлде жоқ болса, кейбір мемлекеттерде мейлінше аз мөлшерде. Демек, біз осы саладан да «жан-жағымызға» қарауға тиіспіз. Айталық, «Ресейде және Қытай Халық Республикасында әлеуметтік-корпоративтік салық бар ма, жоқ па, бар болса, ол қандай мөлшерде» деген сұраққа жауап тауып, сол бойынша өз межемізді белгілесек, қателеспейміз.

4. Дүниежүзінде салықтың  негізгі түрі - табыс салығы болып саналады. Бұл әр мемлекетте әртүрлі. Бізде шамамен орта деңгей деуге болатын сияқты. Солай бола тұрса да салықтың бұл түрін әр жеке тұлғаның табыс мөлшеріне орай құбылмалы (өспелі) деңгейде ұстасақ, қателеспес едік. Айтқандай, жаңа Салық кодексі қабылданғанға дейін табыс салығының өспелі мөлшері болған еді. Одан неге бас тартқанымыз түсініксіз. Біздіңше, бұл мол жалақылы топ менеджерлер мүддесін көздеп, бюджет ауыртпалығын табысы аз қалың бұқараға жүктеген бір іс болып шықты.

5. Шикізат өндіріп, экспорттаушыларға салық түрін қайта қарастыру керек. Бұл ретте салықты өсіру ұстанымында болғанымыз жөн. Бүкіл әлемде шикізаттық салаға салықтық саясат осылай қалыптасқан. Ал бізде шикізат өндірушілер тұтастай Қазақстан халқының жалғыз ұлы секілді ерекше қамқорлықта. Бұдан бас тартып, оларға салынатын салық түрінің көлемін және мөлшерін ұлғайтатын болсақ, сонда ел байлығын керегінше иеленіп алғандар «айылын жиып», ең алдымен қоршаған ортаға зиянын тигізуді азайтады. Сонан соң сол өздері өндіріп, экспорттап жатқан шикізаттарынан дайын, қосымша құны мол тауарлы өндіріс жасауды қолға алады. Айталық, «Шеврон», «Аджип», тағы осылар секілді шетелдік компанияларға мұнай экспорттаған жағдайда табыс салығының жоғары деңгейін пайдаланып, егер олар сол мұнайдан полиэтилен, полипропилен, полистрол, асфальттық битум, шиналық каучук шығаратын өндіріс құрып алса, оларға салынатын салықтың бұл түрін азайтсақ, міне, сонда индустриялды-инновациялық бағдарламаға құйылатын инвестиция мөлшері көбейе түспек.

6. Қалай болғанда да  еліміз бюджетті жасақтауда әлемнің дамыған елдерінің қалыбына таяу арада көшіп жатса, нұр үстіне нұр. Ескерте кетейік, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елінде бюджет шығыны белгіленіп, соны толтыру үшін салық мөлшері тағайындалмайды. Керісінше, салық ұдайы азайтылу үстінде болады да, содан жиналған қаражат бюджет шығынына пайдаланылады. Яғни бюджет кірісін салықты молайту арқылы өсіру мақсатқа алынбайды. Мінеки, бұл салық жайлы әлемге алты әйгілі ғұлама экономист Лаффердің айтқанына жақындап қалады. Орайы келгенде айта кетейік, салықтың пайда-зиянын жеріне жеткізе зерттеген Лаффер «салық мөлшері жалпы табыстың 50 пайыздан астамын «жұтып қоятын» жағдайда, экономика дамымайды, кәсіпорын немесе мемлекет инвестициялық тартымды нысан болмайды» деген болатын. Шетелдердің алдыңғы қатарлары университеттерін тәмамдап келген біздің осы салық саласында еңбек етіп жүрген жастарымыз әлем мойындаған ғалымның бұл айтқанын неге ескермейді, ол жағы бізге белгісіз.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда  инвестициялық тартымды аймақ болудың мүмкіндіктері жеткілікті. Өкінішке қарай, атқарушы биліктегі кейбір ықпалды тұлғалар сондай мүмкіндіктерді не көруге қабілетсіз, не көрсе де көргісі келмейді. Ал Елбасының 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қарастырылған он жылдық даму бағдарламасының ауқымдылығы мен жауаптылығы соншалық, көшбасшымыздың өзі атап көрсеткеніндей, инвестицияның үш көзі біріккенде ғана межелі биіктен көріне аламыз. Бұл дегеніңіз - қалай болғанда да инвестициялық тартымдылықты жедел өсіру керек деген сөз. Ендеше, атқарушы биліктен осындай оң қадамдарды күтейік.

Қазақстанның  инвестициялық  үрдістердің қазіргі жағдайына  республикалық статистикалық мәліметтер негізінде талдау жасау нәтижесінде, бүгінгі күнде елімізде шетелдік инвестициялардың ролінің маңыздылығы, инвестициялық ортаның тартымдылығы, Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша а инвестицияларды тарту тетіктері, инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты болған кей бір мәселелер, сондай-ақ, бұл мәселелерді шешуде мемлекеттің ролін күшейту жағдайлары анықталды.

Стратегиялық аспектте инвестиция елдің дамуындағы барлық жинақ мәселені шешуді анықтаушы  және ең алдымен экономиканы жаңғырту, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, ішкі және әлемдік нарықта отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды түйіні болып табылады. 2003 жылы үкімет тарапынан Қазақстанның дамуының 2015 жылға дейінгі индустриалдық- инновациялық стратегиясы қабылданды.

Оның басты орындалуы  үшін, қомақты инвестициялық бағдарламаны іске асыру ішкі көздерді жұмылдыру  және шетел инвестициясын тарту  болды. Мәселе тек қана инвестиция көлемінде  емес, оның тиімді қолданылуында, сонымен  қатар, ресурстардың басымды секторының дамуына бағыттауында. Қазақстандағы инвестициялық үрдістің қазіргі кездегі даму бағыттарының ерекшеліктеріне, олардың әлеуметтік мазмұнына мынадай сипаттама беруге болады:

Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі шетел капиталын (инвестициялардың барлық түрлерін) қабылдаушы негізгі мемлекеттердің біріне жатады.

 Инвестиция тартудан  алдыңғы қатарда тұруына қарамастан  Қазақстанға шетел капиталының  келуі әлі де жеткіліксіз.

Әрине, шетел инвестициялары қазіргі уақытта қай елде болмасын экономиканың   жанданып   өсуіне   себеп   болып   отыр.   Олар   Қазақстан экономикасын демонополизациялау үрдісінде жоғары роль атқарып, еркін бәсекелестікке, өндірісті дамытып, реттеумен ынталандырудың нарықтық тетіктерінің қалыптасуына әсер етіп және осыған сәйкес жүргізілген шаралардың арқасында терең инфляциядан шығуға мүмкіндік берді.

 Келесі бір атап  көрсететін жағдай, Қазақстанды  тікелей инвестициялау үрдісіне  негізінен алғанда дамыған шетел  резиденттері үлес қосуда. Мысалы, АҚШ-тың үлесі 36%-дан жоғары, Ұлыбритания-17%, Италия-12,8%. Бұлардан кейін Оңтүстік Корея, Қытай, Канада және тағы басқалар. Ал таяу көршілес мемлекеттің үлесіне тек тікелей инвесторлардың 6%-ы ғана келеді.

 Республикаға тікелей  инвестицияларды тартудың негізгі  түрі - мұнай-газ салаларына қалыптасқан  бірлескен кәсіпорындар мен негізгілерден бөлініп шыққан кәсіпорындар болды. Осыған орай атап кететін мәселе, ол салық және басқа да төлемдер бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялардың үлесі мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін қамтиды. Соған қоса осы компаниялардан жоспардан тыс түсетін табыс салығы, роялти, бонус тағы да басқа түрлеріндегі түсімдер - Ұлттық қорымыздың негізгі бөліктерін құрайды.

 Инвестициялық үрдістің  даму тенденцияларының ең басты  ерекшелігі - оның шикізат өндіруге  бағыттылығы. Мысалы, 1993-2009 жылдар арасында Қазақстанға келген шетел инвестицияларының 67,3%-ы мұнай-газ секторына жұмсалып, ал өңдеуші өнеркәсіптеріне олардың 12,4%- ғана жұмсалған. Сондықтан, экономикамыздың қазіргі жағдайында халықаралық нарықта шикізатқа сұраныстың өсуін дұрыс пайдаланып қалуымыз керек. Таяудағы он жылдықтағы стратегиялық міндеттерді анықтағанда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан экономикасының дәстүрлі артықшылықтарын, атап айтқанда мол табиғи байлықтары мен минералды шикізат қорларын барынша дұрыс пайдалану керектігін баса көрсеткен болатын. Дегенмен де, экономикамыздың дамуын тек қана мұнай-газ секторындағы кірістерге тәуелді болмауы үшін ұлттық экономиканың көп векторлығын дамыту қажет. Өз кезегінде бұл саясат әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, әлеуметтік қолайлы орта қалыптасуына қол жеткізеді. Сондықтан да экономикамыздың тұрақты дамуын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін шетел инвестицияларымен қатар отандық инвестицияларды жандандырып, өңдеуші секторларымызды дамытып, экспортты үлғайтып, ел ішіндегі жұмыссыздықты азайтуға, халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік туғызу қажет.

Инвестициялық үрдістің қазіргі кездегі жағымды ерекшелігіне 
соңғы уақыттағы   шетел   инвестицияларының   көлемі   азайып,   отандық ішкі инвестициялардың өсуін жатқызуға болады.

 Келесі      атап      көрсететін      бағыт - ол      инвестициялық 
қызметті қаржыландырудағы мемлекеттің рөлі артып, үлесінің көбеюі. 
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдерден қай жағынан 
болса да кейін қалуды азайтуда мемлекеттің рөлі, оның экономиканың маңызды салаларындағы инвестицияларды реттеу қызметтері ерекше жүйелі болу қажет.

2000-2009 жылдардағы Ќазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуын  талдау көрсеткіштерінен тек  соңғы жылдары ғана инвестиция  саласында оң тенденцияның орныққандығы байқалады. 2008 жылмен салыстырѓанда 2009 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 14% көбейіп, 2420,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 9,4%-ы бюджеттік қаражаттан жинақталса, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаржысының тиісінше 63,7% және 19,1%-ы шетелдік инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді. 2009 жыл негізгі капиталға инвестиция көлемі 2824,5 млрд.тенгені құраса, 2008 жыл бұл көрсеткіш 4210,9 млрд. теңгеге жетті.  Негізгі капиталға салынған инвестициялардың салалық құрылымына назар аударсақ, 1-суретте көріп отырғанымыздай мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінен 32,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (25,4%), көлік және байланыс (13,4%), өңдеу өнеркәсібі (10,5%) басым салалар болып табылады


 

 

Сурет1- 2009 жылғы негізгі  капиталға  жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы

2-суретте  көріп отырғанымыздай, әлемдік дағдарыс  жағдайына қарамастан, Қазақстанға  жасалған шетел инвестицияларының  көлемі артуда. Мысалға, 2009 жыл шетел инвестицияларының көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 23%-ға немесе 44598 млн доллардан 58376 млн долларға дейін жоғарылап отыр.

 


 

 

 

 

 

 

 

Сурет2- Қазақстанға жасалған шетел инвестицияларының ағыны, млн АҚШ доллары

Бұл жағдай Қазақстандағы ж

 

 

ағымды инвестициялық  ахуалмен сипатталады. Шетелдік инвестициялардың жалпы республикалық көлемінің  қомақты үлесі Атырау (55,4%) және Батыс  Қазақстан (14,9%) областарында игерілді.

Кесте1 - Қазақстанға экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік тікелей инвестициялардың жиынтық ағыны (кезеңдегі млн.АҚШ долларымен)

 

 Қызмет түрінің атауы

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2009ж/

2008ж %-бен

Тау-кен өнеркәсібі

2,9

-3,4

30,8

225,0

15,2

6,8

Соның ішінде:

           

шикі мұнай және табиғи газ өндіру

2,6

-4,0

8,0

-319,5

5,2

-1,6

Өңдеуші өнеркәсіп

178,7

117,1

164,6

122,5

74,9

61,1

Құрылыс

6,9

13,0

49,9

91,2

12,2

13,4

Сауда

175,4

53,1

149,9

787,2

128,1

16,3

Көлік және байланыс

7,0

22,9

34,4

86,4

375,1

434,1

Қаржы қызметі

38,3

50,0

136,5

884,4

892,9

101,0

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

10,1

47,8

689,3

137,0

2 489,9

1817,4

геологиялық барлау және зерттеу жүргізу жөніндегі қызмет

6,5

0,8

-0,1

1,7

1,5

88,2

Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет

   

0,3

4,1

0,5

12,2

Басқалар

0,1

0,1

33,3

263,9

255,4

96,8

Барлығы

425,4

307,4

1 291,6

2 635,1

4 244,0

161,1


 

Жалпы республикадағы инвесторлар  ұшін жағымды жағдайлар жасау  бойынша қолданып жатқан шаралар  ел экономикасына үлкен үлестегі шетел инвестицияларының келуіне  мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда 40-тан  астам ел өз қаржылық ресурстарын қосуда.

 

1.3 Дамушы елдердің инвестициялық  стратегиясы 

Батыс елдердің бір қатарында қазіргі  несие жүйесінде инвестициялық  банктер өздерінің дамуын алды. Батыс  елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкелді.

Инвестициялық банктердің негізгі  қызметі -ұзақ мерзімді ссудалық капиталды  мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды және орналастыру  арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады. Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:

1.Бірінші типті инвеегациялық  банктер. 

2.Екінші типті инвестициялық банктер.

Мұндағы бірінші типті инвестициялық  банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру  және сатумен айналаысады. Ал екінші типті твестициялық банктерге келетін  болсақ олар үзақ мерзімді несиелеумен  айналысады.  
Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен осы атап кеткен екінші типті инвестициялық банктер тән. Бірінші банктер XIX ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез дамуы XX ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады.

Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік  формасының пайда болуымен олар үлкен  компаниялар мен корпорациялар  үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.

Бірінші типті иңвестициялық банктер  соңғы кезде көбінесе корпоративті секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды  жиі жүргізеді. Мұндай банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде қатысады.

Информация о работе Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері