Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:30, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты қазақстандағы инвестициялық орта мерзімді қаржыландыру көзі ретіндегі лизингті қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелерін қарастыру
Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайын зерттеу
КІРІСПЕ................................................................................................................2
1.ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАДА АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
1.1 Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері................4
1.2.Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері...............................................................................................................11
1.3 Дамушы елдердің инвестициялық стратегиясы...........................................18
2.ИНВЕСТИЦИЯЛДЫ ОРТА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДА ЛИЗИНГТІҢ ОРНЫ
2.1 Қаржылық лизингтің рөлі..............................................................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайы....................23
2.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері.........................................29
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ МӘСЕЛДЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Шетел инвестицияларды лизингке тарту мәселелері және оларды шешу жолдарын қарастыру.............................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................37
сатып алушылардың мамандандырылған санаттары жаңа нарықтық орындарды қалыптастырады және өнiм стандарттары бойынша ақпарат көзi болып табылады;
жабдықтарды жеткiзушiлер олармен бiрге өндiрiстiк тәжiрибе жинайды
ресурстарды жеткiзушiлер өндiрiстiң жаңа идеялары мен әдiстерiнiң пайда болуына ықпал етедi, ал бәсекелестер жаңа идеялардың қайнар көзi болып табылады.
Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтар мен ресурстарды, қызметтер көрсетудi жеткiзушiлер топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық бюролар және кооперация қағидаттарымен жұмыс iстейтiн басқа да мамандандырылған ұйымдар сол бiр аймақтың шеңберiнде бiрлесiп жұмыс iстейдi.
Рыногы жеткiлiктi деңгейде дамымаған елдерге рынокты тереңдетудiң және iскерлiк ынтымақтастықты дамытудың жинақтаушы процесiн қозғалысқа келтiру үшiн ұйытқы (өзiнiң табиғаты жағынан ол мемлекеттiк немесе жеке болуы мүмкiн) қажет болуы мүмкiн.
Бұл көзқарас үкiметтiң рынокты толық ығыстырып шығару әрекеттерiмен байланысты. Өнеркәсiптiк өсуге серпiн беру үшiн мемлекеттер нарықтық бағалауды ақпаратпен және мемлекеттiк секторда жинақталатын бағалармен ауыстыру ырқына бой ұрады. Мұндай әрекет жемiстi бола бермейдi.
Филиппиннiң 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардағы тәжiрибесi жеке кәсiпкерлердiң беделдi топтары үкiметке күшті ықпал еткен кезде не болуы мүмкiн екенiн көрсеттi.
Өзiнiң одақтары үшiн ел iшiнде бизнес жүргiзу үшiн жаңа мүмкiндiктер туғызу ниетiмен 1979 жылы Филиппин үкiметi $5 миллиард сомаға "ipi индустриялық жобалардың" жаңа Стратегиясы туралы хабарлады (олардың барлығы капиталды көп қажет ететін ауыр өнеркәсiпте жүзеге асырылды). Бiр жылдан кейiн Стратегия қарсыластарының қысымымен үкiмет осы жобаларға қайтадан экономикалық және қаржы сараптамасын жүргiзуге келiстi. Көп кешiкпей бұл процеске саяси және қаржы қайшылықтары өз ықпалын тигiздi. 1987 жылдың соңына қарай алғашында ұсынылған жалпы құны $ 4 миллиард болатын ($ 5 миллиардтан) он бiр жобаның бесеуi жүзеге асырылмайтын жоба ретiнде тоқтатылды. Тұтастай алғанда жалпы құны $ 800 миллион болатын төрт жоба ғана пайда әкелдi.
Әлемдiк тәжiрибенi ескере
отырып, Стратегияны iске асыру кезiнде
инвестицияларды үйлестiру және iскерлiк
ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бастамаларға
баса көңiл аударылатын болады. Қаржылық қолдау
үлестiк қатысу қағидаттары негiзiнде ғана
даму институттары арқылы көрсетiлетiн
болады. Бұл ретте жеке сектор, оның iшiнде
екiншi деңгейдегi банктер негiзгi тәуекелдердi
өз мойындарына алатын болады.
Мемлекет қосылған құнның технологиялық
және экономикалық тiзбегiн (ҚҚТ) дәйектiлiкпен
дамыту арқылы бәсекеге қабiлеттi өнiм
шығаратын өндiрiс орындарының бiртұтас
жүйесiн құруға бағытталған жобаларға
Даму институттары арқылы қатысатын болады.
Бұл бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң барлық өлшемдерiне
сәйкес келетiн түпкi өнiм үшiн жұмыс iстейтiн
көп салалы кәсiпорындарды құруға мүмкiндiк
бередi
Iрi инвестициялық жобалар
өзiнде шоғырланған және
Iс жүзiнде барлық мұнай экспорттаушы елдердi дерлiк өз экономикасын әртараптандыру проблемасы алаңдатады. Дүние жүзiнде осы бағытта бiраз тәжiрибе жинақталған.
Мұнай және мұнай өнiмдерiне
конъюнктура өзгерiстерiнiң
Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсiбiне жылдан жылға көбейiп келе жатқан инвестициялар көлемi экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып табылады.
Осыған байланысты, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын (КТҚС) игеру индустрияны дамытудың негiзгi қозғаушы "локомотивтерiнiң" бiрi болып табылады, онда күнiлгерi бағалау бойынша көмiрсутектердiң жалпы қоры 8,0 млрд. тоннаны құрайды, ол күтiлiп отырғандай, Қазақстанда көмiрсутектер өндiрудiң неғұрлым елеулi өсiмiн қамтамасыз етедi.
Перспективада қайраңдағы кен орындарынан мұнай
өндiру жылына 150-200 млн. тоннаға жетiп, 25-30
жыл бойы осы деңгейде тұруы мүмкiн.
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi
тұзды кен орындары мұнайда сұйылған газдың
құрамы жоғары - шамамен 60% көлемiнде болуымен
сипатталады. Қашаған кен орнының мұнайында
ғана алынатын газдың қоры Қарашығанақ
кен орнының қорымен ғана теңесуi мүмкiн
деп күтiлуде.
Тұтастай алғанда Қазақстанның орта және
ұзақ мерзiмдi перспективасында ОЭК-iнiң
дамуы КТҚС-ның дамуымен айқындалатын
болады, өйткенi 2006 жылдан кейiн оншорлық
кен орындарында өндiрудiң өсуi шамалы
болады.
Каспий өңiрi көмiрсутегiн
өндiрудiң өсуiне, магистральдық, оның
iшiнде экспорттық мұнай және газ
құбырларын, жүктердi сақтау және ауыстырып
тиеу үшiн теңiз порттары мен порт құрылыстарын, мұнай құятын және
газ толтыратын темiр жол терминалдарын
салуға, электр энергетикасында және телекоммуникациялық
инфрақұрылымда жаңа қуаттарды енгiзуге
байланысты Қазақстанның жалпы экономикалық
қарқынына едәуiр көлемде әсер ететiн инвестициялық
және өндiрiстiк белсендiлiктiң қуатты өсуiн
бастан кешiретiн болады.
Каспийде көмiрсутегiн өндiрудiң дамуы
мұнай-химия индустриясы үшiн отандық
шикiзат базасының қалыптасуына жағдай
жасайды. Iрi инвесторларды тарта отырып,
Қашаған кен орнының өнеркәсiп аймағының
маңында iлеспе табиғи газды ұқсату жөнiндегi
мұнай-химия кешенiн салу жоспарлануда.
Кешен мұнай-химия өнiмдерiнiң сұйық және
бастапқы компоненттерiнiң ауқымды бөлiгiн
- этан, пропан, бутан, гексан, этилен, пропилен,
ацетилен, бензол, ксилол және басқаларын,
олардың негiзiнде пластикалық массалар
мен эластомерлер алуға мүмкiндiк бередi.
Алдағы он бес жылда Қазақстан мұнайын
өндiрудi дамытуға инвесторлар 80 млрд.
AҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет
бiлдiруде. Бұл қаражат iске қосылатын кәсiпорындардың
жұмысын қамтамасыз ететiн өндiрiстiк, инфрақұрылымдық
және әлеуметтiк объектiлер салуға жұмсалатын
болады.
Аталған инвестициялық жұмсалымдар тауарлар
мен қызметтер көрсетулердiң ауқымды түрiне
сұраныс тудырады, олардың бiр бөлiгi Қазақстан
жағдайы үшiн уақытша сипатта болады, ал
басқа бөлiгi мұнай қорлары сарқылғаннан
кейiн де сыртқы және iшкi рыноктарда қажет
болатын өндiрiстер құруға бағытталатын
болады.
Мысалы, Каспий жағалауының
инфрақұрылымын дамыту демалыс және
ойын-сауық индустриясын құру үшiн, теңiз порттары
- жүктердi тасымалдаудағы көлiк шығыстарын
азайту үшiн, машина жасау зауыттары - баржалар,
жүк, кәсiпшiлiк және әскери кемелер, жабдық
пен тұрмыстық техниканың мол ассортиментiн
шығару және т.б үшiн алғышарт жасайды.
ҚҚТ дамыту бөлiгiнде шикiзатты ұқсатуды
кеңейте түсудiң жақсы перспективалары
бар.
Мұнай мен газды ұқсатуды
кеңейте түсу iс жүзiнде экономиканың
барлық салалары мен тұрмыста пайдаланылатын
полимерлiк бұйымдардың шамамен
200 түрiн шығаруға мүмкiндiк жасайды. Осы бағытта ҚҚТ-ны дамыту
көп салалы трансұлттық корпорация құруға
жағдай жасайды.
ҚҚТ-ны дамыту үшiн металлургия өнеркәсiбiнде
жақсы перспективалар бар. Қазақстанда
Д.Менделеевтiң периодтық жүйесiнiң 100-ге
жуық элементiн қамтитын минералдық рудалардың
қорлары бар КСРО тұсында оның 74 элементi
өнiмiнiң алуан түрiне пайдаланылады. Қазақстанның
түстi металлургия өнiмi ғылымды көп қажет
ететiн және жоғары технологиялы тауарларды
- ғарыш аппараттарын, қару-жарақ, электр
техникасын жасауда пайдаланылды.
Қазақстанда түстi, асыл және сирек кездесетiн
жер металдарының кең ауқымды мөлшерiн
күрделi және қоры аз рудалардан, руда
үйiндiлерiнен, металлургиялық шлактар
мен қайта өңдеу қалдықтарынан алу жөнiндегi
ғылыми-инновациялық әзiрлемелердi түстi
металлургия кәсiпорындарында енгiзудiң
осы саласында да зор ғылыми әлеуетi мен
тәжiрибесi бар. Металлургиялық қалдықтар
мен руда үйiндiлерiн ұқсату жөнiндегi жаңа
технологияларды енгiзу орта мерзiмдi перспективада
қосылған құны жоғары өнiм алуға мүмкiндiк
бередi.
Қазақстанға iрi инвестициялардың ағылуы түстi металлургия, химия және жиhаз өнеркәсiбiнiң өнiмдерiне және т.б. сұраныс тудырады. Осының бәрiн мұнай мен газды және металдарды өңдеудi кеңейте түсу есебiнен Қазақстанда шығаруға болады әрi болашақта бұл өнiм әлемдiк рынокта өз орнын табады.
Қазақстан әлемдегi iрi астық
өндiрушiлердiң бiрi болып табылады.
Астық өңдеу процесiн
Экономика құрылымын
және қазақстандық экономиканың экспорттық
бағытын әртараптандырудың
ҚҚТ әдiсi бойынша экономиканың
басым салаларын айқындау кезiнде
ҚҚТ-ның одан әрi дамуын көздейтiн
бiрлескен өндiрiстердi ұйымдастыруға
орай ТҰК өңiрлiк өкiлдерiмен
1.2.Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері
Елбасымыздың мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттыруға неге ерекше көңіл бөлгені түсінікті де. Атап айтар болсақ, Қазақстан биылдан бастап экономиканың шикізаттық емес саласын дамыта отырып, экспорттық әлеуеттегі дайын тауар үлесін 40 пайызға жеткізуді жоспарлаған ел болып тұр. Алдағы он жылда экономикадан алынатын өсімнің басым бөлігін өңдеуші-ұқсатушы саладан алатынымыз және белгілі. Ал осы уақытқа дейін елімізге келген тікелей инвестицияның басым бөлігі шикізаттық салаға құйылған болатын. Демек, Қазақстанның өңдеуші-ұқсатушы саласындағы мүмкіндік шетелдік қаржылы алпауыттарға беймәлім.
Олай болса, Елбасымыздың
индустриялды-инновациялық он жылдық
бағдарламаны ұсына отырып, оның инвестициялық қаржымен
толық қамтамасыз ету болашағына ерекше
назар аударуы өзінен-өзі түсінікті. Бұл
- бір.
Екіншіден, қалай мақтансақ та еліміз
әлі де болса инвестициялық тартымдылық
жағынан өзінің қажеттігінен де, мүмкіндігінен
де қалыс қалып тұр. Айталық, бізге өңдеуші-ұқсатушы
саланы ерекше дамыту қажет. Бұған мол
қаражат керек. Ал Қазақстанның мүмкіндігі
сол саланы дамытуға еркін жетеді. Сондай-ақ
саланы толығымен пайдалы ете алады. Солай
бола тұрса да, ішкі жалпы өнімде өңдеуші-ұқсатушы
саланың үлесі тым аз. Бұдан шығатын қорытынды
- қажеттілікті ескеріп, мүмкіндікті пайдалана
алмай келдік деген тұжырым. Әрине, дәл
қазір бұған кінәлілерді атап жатудың
қажеті жоқ.
Тек Президентіміз ерекше атап көрсеткеніндей, елімізді инвестициялық тартымды мемлекет жасай алсақ болды.
Үшіншіден, он жылға арналған индустриялды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру тек қаржы көзінің үш саласы арқылы ғана мүмкін болатынын Президентіміз биылғы Жолдауында ерекше атап көрсетті. Яғни серпінді жобалардың барлығын консенсустық инвестиция арқылы өмірге әкелу керек. Бұл дегеніңіз жобалардың инвестициялық қаржылары мемлекеттен және отандық жеке сектордан, сондай-ақ шетелдік тікелей инвестициядан құрастырылуы тиіс. Ал отандық болсын, мейлі шетелдік болсын, жекеменшік қаржысы инвестицияға тиімді де сенімді жағдай туғызғанда ғана мемлекеттік мақсатты салаға құйылады. Олай болмаған жағдайда, оларды ешкім де зорлап көндіре алмайды.
Мінеки, он жылға арналған ұлан-ғайыр бағдарлама еліміздің үкілі үміті десек, сол үкілі үмітті болмыс ақиқатына айналдыру енді жоғарыда аталған қаржы көздері үштігінің бірігуіне тікелей байланысты екенін ескергендіктен де атқарушы билік Президент тапсырмасын мүлтіксіз орындау үшін «қайтсек еліміздің инвестициялық тартымдылық көрсеткішін көтере аламыз» деген сұрақ төңірегінде бүгін ойласып, жауабын көп кешікпей табуы тиіс. Әрине, атқарушы билік бұл іспен айналысып та кеткен шығар, бірақ біз көп болып жұмылатын ұлы мақсаттың жүзеге асуына аз да болса септігіміз тисін деген ниетпен, көкейге тірелген кейбір ойларды газет бетінде жариялауды жөн көрдік.
Тартымдылық көп жақты
Өз Жолдауында Елбасымыз инвестициялық тартымдылықты арттыруға байланысты аздаған нақты мысал келтірді. Бірақ бұл мысалдар Президентіміздің «осылай істесеңдер жеткілікті» деген сөзі деп ұғынылмауы тиіс. «Президенттің нақты тапсырмасы - елді инвестициялық тартымды ету» деп ұғынылуы керек. Сонда ғана біз өзімізге жүктелген тапсырма биігінен көріне аламыз. Иә, әкімшілік кедергілердің шамамен 50 пайызға азайтылуы кәсіпкерлер үшін біраз тыныс болары сөзсіз. Солай бола тұрса да шетелдіктер әрқашан аз шығынмен мол қайтарым алуды инвестиция салудағы басты нысан ретінде ұстанатынын еске салғымыз келеді. Өйткені кез келген дамыған шетелдердегі, яғни инвестициялық тартымды мемлекеттердің көшін бастаушылардағы салық пен тарифтер қазіргі біздегіден әлдеқайда төмен. Басқаны былай қойғанда, соңғы 20 жыл ішінде «инвестициялық аса тартымды аймақ» саналып келген Қытай және Оңтүстік Шығыс Азияның қарқынды дамушы мемлекеттеріндегі салық мөлшері, тарифтер дүниежүзі бойынша ең төменгі деңгейде. Сондықтан да бұл елдердің өнімдерінде өзіндік құн арзан болып, бәсекелестік қабілеті жоғары. Демек, салық және тариф саясатында біз жалпыға бірдей «жұмсару» бағытын ұстансақ, еш қателеспейміз. Олай болса, біздегі басы артық кейбір ауыртпалықты тізіп шыққан дұрыс шығар.
1. Акциз салығы әлемде тек қана қосымша құны мол өндірістен ел бюджетіне түсетін үлесті молайту үшін салынады. Ал бізде акциз салығы отандық өндірісті тежеуішке айналған. Азық-түлік, дәрі-дәрмек импортын тасымалдаушыларға салық салынбай, керісінше, тектес өнімдерді өзімізде өндіретіндер салықтың осы түрімен «байлап-маталды». Айталық, осы уақытқа дейін аграрлық сала өнімдері үшін акциз салығы «адымды аштырмайтын» бір пәле болды. Жаңа Салық кодексінде де оның жеңілдегені шамалы. Демек, әсіресе, аграрлық және фармацевтикалық салаға инвестиция құюшыларды акциз салығынан толық босату қажет. Ең кем дегенде салықтың бұл түрін 50 пайызға түсірсек те бір пайдалы іс тындырған болар едік.
2. Қосымша құнға салық та дүниежүзінің барлық елдерінде дерлік тек қана қосымша құны мол кәсіпорындарға салынады. Әсіресе, қаржы секторына. Ал күнкөрісін әзер тауып отырған кәсіпкерлерге мұндай салық түрі мүлде салынбайды. Бізде қосымша құнға салықпен барлық кәсіпкерлер «маталған» деуге болады. Керісінше, жердің қойнын қазып, табиғи байлықтарымызды сорып жатқандар салықтың бұл түрінен мүлде босатылған. Елбасымыз өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында салықтың осы түрін біршама азайтуды тапсырып еді. Бірақ 2010 жылғы бюджетті бекітуге байланысты сөйлеген сөзінде Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мырза салықтың бұл түрінің бұрынғы деңгейі сақталатынын мәлімдеді. Өкінішті-ақ. Біздің ойымызша, қосымша құнға салық қазіргіден ең кемі 30 пайыз, мүмкін болып жатса, 50 пайыз төмендетілсе, еліміз соншалықты инвестициялық тартымды мемлекет болып шығады.
Информация о работе Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері