Мемелекеттің инвестициялық тартымдылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:03, курсовая работа

Описание работы

«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.
2007 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:
Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.

Содержание

Кіріспе
3
І Мемлекеттік инвестицияның тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
5
1.1 Инвестиция мәні мен қызметі
5


ІІ Негізгі бөлім

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету
12
2.1 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
12
2.2 Бірлесім бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі
15
2.3 Еншілес тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция есебі
16
2.4 Қаржылық инвестиция есебі
20
2.5 Қысқа мерзімді инвестициялардағы ағымдағы құқық және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялық қайта бағалауын анықтау. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгендеу.
23


ІІІ Қорытынды
34
3.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі инвестициялық бағыттар

IV Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету ж (1).doc

— 309.00 Кб (Скачать)

    Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Ол зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы. Сақтандыру компаниялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қиыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[5;184б.]

    Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.

    Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.

    Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.

    Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

    Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.

    Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.

    Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда, яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.

    Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынга қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:

1)    Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға жатқызылган пайда;

2)    Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынга жатқызылған амортизация.

    Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.

    Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.

   Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет, яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни, мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.

    Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.

   Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000теңгех(1+0,1)х(1+0,1) = 121.000теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:

КС = БСх(п + г), мұндағы -

КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);

БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;

г  - процент төлемі немесе табыс нормасы;

п - табысты қосып есептейтін жылдар саны.

     Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын.[4;168б.]

    Қаржылық  инвестициялар иелену  мерзіміне   қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

                   а)  қысқа мерзімді – иелену  мерзімі бір жылға дейін;

                   ә)  ұзақ  мерзімді – иелену  мерзімі бір жылдан  артық;

 

 

2.5 Қысқа мерзімді инвестициялардағы ағымдағы құқық және  ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялық қайта бағалауын анықтау. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгендеу.

 

    1100 –  “Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар” шоты; Бұл кіші бөлім қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

   1110 –  “Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар”, онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;

    1120 –  “Саудаға  арналған қысқа мерзімді активтер”, онда бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларына пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспиктивада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады;

    1130 – “Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар”, онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда өтеу мерзімі немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады.

   1140 –  “Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары”, онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:

      Ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;

      Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;

      Саудаға арналған қаржы активтері;

   1150 – “Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары”, онда  алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке алынады.

   1100-1150 шоттар активті, күрделі әрі негізгі болып табылады. Осы шоттардың Дебетіне - қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; Кредит бойынша -  қаржылық инвестициялардың  кему операциялары жазылады. Демек, инвестицияның тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, ал сатылып алынған кезіндегі сатылып алу құнымен тиісті қаржылар есептелінген шоттардың кредитінде көрсетіледі, яғни бұл жағдайда мынадай операция жүргізіледі:

            Дт 1150, 2040

          Кт 1010, 1310,  2410

Ал инвестордың үлесін қайта бағалаудан өзгеруіне байланысты инвестицияның өсуі:

      Дт 1150, 2040

          Кт 5420

Инвестордың алған немесе алуға тиісті дивидентінің сомасына (инвестиция үлестік қатысу әдісі бойынша есептелінген жағдайда)

       Дт 1220, 2120, 1010, 1030

           Кт 1150, 2040

Инвестицияны  сатқаннан түскен табыс:

       Дт 1220, 2120, 1010, 1030

           Кт 6140     

    Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.   Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.

    Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы, инвестицияның котировкасы сияқты.

    Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керіснше өзгерсе, онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтайды:

      жалпы қоржындық(порфелдік) жиынтығымен;

      инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;

      жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша ;

бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық)бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда - табыс ретінде танылады.

     Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда олар сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.

     Енді біз бұл қалай есептелетіндегі туралы, бір мысал қарастырып көрейік:

      акцияның инвестициясы;

      облигацияның инвестициясы ;

      басқа да қаржылық инвестициясы.

    2004 –  “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар”, үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда активтерді қаржылық инвестициялар есепке алуға арналған.

    Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

    2010 – “Ұзақ мерзімді берілген қарыздар”, онда ұйым бір жылдан асатын мерзімге берген қарыздар есепке алынады.

    2020 – “Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестицияла”, онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады.

   2030 –  “Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар”, онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады: ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;

   2040 –  “Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар”, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар. 

     Ұзақ мерзімді  қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:

      сатып алу құнымен;

      қайта бағалау құны ескерілген құнмен:;

      сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.

    Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялады қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау үшін қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады.

     Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік  капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төменлеген жағдайда азайту сол инвестициясының үстеме  бағасының сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді . Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.

   Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицмяланған субъектідегі инвестордың үлес салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылық инвестициялар есептен шығарылғанда, оны оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін (брокердің немесе дилердің қызметі) ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбеген табысқа жатқызылады.

Информация о работе Мемелекеттің инвестициялық тартымдылығы