Мемелекеттің инвестициялық тартымдылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:03, курсовая работа

Описание работы

«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.
2007 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:
Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.

Содержание

Кіріспе
3
І Мемлекеттік инвестицияның тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
5
1.1 Инвестиция мәні мен қызметі
5


ІІ Негізгі бөлім

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету
12
2.1 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
12
2.2 Бірлесім бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі
15
2.3 Еншілес тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция есебі
16
2.4 Қаржылық инвестиция есебі
20
2.5 Қысқа мерзімді инвестициялардағы ағымдағы құқық және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялық қайта бағалауын анықтау. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгендеу.
23


ІІІ Қорытынды
34
3.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі инвестициялық бағыттар

IV Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету ж (1).doc

— 309.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

ІІ Негізгі бөлім

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету

2.1 Қ. Р–ң  инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен  оның маңызды  мәселелері.

 

Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :

біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық  өзгерістеріне нарықтық механизм  әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;

екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің  әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық  реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ , болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген  мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік экономикалық саясат- макроэкономикалық ; салық  және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі  болып табылады .

Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына  да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық   құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

       Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

-  мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;

-  ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

-  шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы; 

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық- салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз  ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

Іс жүзінде , белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.

Ал бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық база , механизмдер ,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық  шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын  білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .

Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының өзара байланыстығы:

       Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады . Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға болады.

Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:

- дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлуетті арттыратын салалар дамуына басымдық беру;

- ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту ;

- негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық  салаларының өндірістік аппаратын жаңарту;

- халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету ;

- экономиканың аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру және т.б.

   Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.

Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:

-              экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;

-              дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;

-              инвестициялар: тікелей және портфельдік.

Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.

Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

-              тікелей;

-              портфельдік.

Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялармен басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу.

   Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

   Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында шетелдерден капитал тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.

   Тікелей инвестиция алушы елдерге қарыздық міндеттеме алғызбайды, сонымен бірге шетелден басқару және техникалық тәжірибелер алуға мүмкіндік береді. Бұндай технология беру артықшылығы капитал ағынының келуінен де басым түседі.

   Тікелей инвестиция әлемдік экономикаға және оның жүрегі халықаралық бизнеске елеулі әсер етеді. Экономикалық көзқарас және фирмалар тарапынан оған мыналар жатады:

   -өзі үшін тұрақты нарықты тікелей қамтамасыз ету немесе үшінші ел нарығына шығатын басқыш ретінде қолдануы;

   -өзінің “ішкі нарығын” құру, оның кейбір секторлары басқа елдерде орналасуы мүмкін;

   -өз мүддесін аймақтық және кең ауқымды халықаралық деңгейде мемлекетаралық қатынастарға еңгізу.

   Қарапайым акцияның, немесе дауыстың 10 немесе одан да көп пайызына шетелдік бақылау болса, немесе кәсіпорынды басқарудың “тиімді дауысына” ие болса онда тікелей инвестиция деп түсініледі. Кейбіреулер үшін ол меншікпен, акционерлік капиталдағы үлеспен байланысты.  Әлемдегі елдер тобының тікелей инвестициясының көлемі

 

                 Елдер тобы   

 

Импортшы    

  Экспортшы

Бүкіл әлем

Өнеркәсібі дамыған елдер

Дамушы елдер

Орталық және Шығыс   Еуропа елдері

 

 

3456

2349

1044

62

 

 

          3541

          3192

          342

          6,7


Тікелей инвестицияның  халықаралық қозғалысының көлемі жөнінде келесі мәліметтер сипаттайды. 2001 жылғы 400,5 млрд. доллар өсімінің көп бөлігі(233,1 млрд. долл )- өнеркәсібі дамыған елдер, 48,9 млрд. долл.- дамушы елдер (оның ішінде 45,3 млрд. доллардан астам – Қытай үлесіне ) және 18,4 млрд. долларға жуығы- Орталық және Шығыс Еуропа (Ресейді қоса ) елдері үлесіне тиді.

Инвестициялардың негізгі бөлігі және оны іске асырушы Трансұлттық корпорациялар “үштікке “ (АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония) шоғырланған .

 

2.2 Бірлесім бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі

Шаруашылык жүргізуші субъект акцияга ие болу жолымсн немссе үлестік катысудан табыс алу аркылы баска субъектілеріне каржылык жұмсалымды тудыра алады.

Қазакстая Республикасынын Азаматтық кодексінің (ҚР ЛК) 94-бабына сэйксс, баска зацды түлганы калыіітастырган жарғылык капиталдың бір бөлігіне иелік етуші занды тулта еншілес болып табылады нсмесе жасалган келісімшартка сәйкес негізгі серіктестік еншілес серіктестік кабылдаган шешімді аныкгай алады.

Бакылау - бұл онын қызметінен найда алу максатында серіктсстіктіц каржылык және баска саясатын аныктау күкы.

Егер баска негізгі серіктестік оныц дауыс бсретін акциясының 20% көбірек иемденсс, онда акционерлік когам тэуелді деп есептеледі (ҚР АК 95-бабы), яғни иивестицияланған субъектінің оныц бакылауынсыз каржылык және баска саясаты бойынша шсшім кабылдау құқығына ие болады.

Инвестиция тарту мәселесінде біз үлттық мүддемізді қорғай алмай отырмыз. Иіміз жүмсақ, көп жағдайда инвестордың ыңғайына жығыла береміз.

Сондықтан болар, олар аспазшыдан бастап, еден сыпырушыға дейін өз елдерінен алып келеді. Әу баста «әкелемін деген» инвестицияның есебінен аз елінен технология әкеледі. Өз елінің мамандарына сол қаржыдан жалақы төлейді. Біздің жұмысшыларды мардымсыз еңбекақыға жұмысқа алады. Оның өзін уақытында бермецді. Демек, өзара екі жаққа тиімді экономикалық байланыс жасау - инвесторды қабылдап отырған жақтың міндеті.Салық жинау, әлемдік рента үлесін жібермеу, кэсіпорындардың акциясын рыноктық бағамен сату, сондай-ақ меншік иесінің мүддесін қорғап-қолдау- тиісті мекемелердің, тіпті Үкіметтің міндеті. Екіншіден, инвестицияның тартылуына кедергі болып отырған тағы бір себеп, о л жергілікті жердегі әлсіз инфроқұрылымдар: лй-шүңқыры көп жайсыз жолдар, жетілдірілмеген басқа да көлік қатынастары (темір жолдары мен эуе жолдары), санасы томен байланыс саласы, осының бәрі-бәрі ықпал етуде. Демек, Қазақстан бүрынғысынша инвестициялық «аштықты»басынан өткізуде. Және бүл экономиялық өсімге тежеу екені анық. Мүмкін бізге сырттан инвестиция әкелуді доғарып ішкі ресурстарды өзіміз болып игеруге талпыну керек шығар. Мысалы, зейнетақы активтерінің жиынтығы, банктердегі салымдар, откен жылы құрылған ауыл шаруашылық қорының қаржысы, солардың бәрін ортақ игілікке пайдалануға болмас па екен? Әлде ол ресурстарға «тиісуге» болмай ма, мемлекеттен бөлек қожайындары бар ма? Қалай десек те? отандық инвесторлардың жолын кеспей, бағын ашатын мезгіл келген сияқты.

 

2.3 Еншілес тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция есебі

Қазақстан Республикасында экономикалық және саяси тәуелсiздiгiн алғаннан берi он бес жыл iшiнде инвестициялық хал-ахуал көптеген өзгерiстерге ұшырады.

1991-2000 жылдарды республика экономикасының нарықтық қатынасқа көшу ретiнде қарастыруға болады. Бұл жылдары мемлекеттiң және шаруашылық субъектiледірдiң инвестициялық iс-әрекетке деген қызығушылығының төмендеу тенденциясын байқауға болады.

Сол жылдары республикамыздағы инвестициялық iс-әрекеттер негiзгi екi фактордың әсерiне ұшырады. Олар: қатаң бюджеттiк шектеулер, яғни мемлекет тарапынан инвестицияға деген сұраныстың төмен болуы және қолайсыз инфляциялық ахуал. Осы уақыт iшiнде күрделi салымдар көлемi 72,3% қысқарды. Бұл жғадай экономиканың құрылымдық қайта құру факторларының әлсiреуiне алып келедi.

Инвестициялық белсендiлiктiң төмендеуiне инфляция деңгейiнiң қарқынды өсуi, ауыр қаржылық жағдаймен қатар өнеркәсiптiң тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз етуге қиындықтар да қатты әсер етедi.

2001 жылдан бастап Қазақстан. Республикасында инвестициялық iс-әрекеттер жанданып, экономиканың нақты скторларында инвестициялардың өсу тенденциясы орын алды. Бұл кезеңде өндiрiстiң экономикалық өсуi және шаруашылық субъектiлердiң негiзгi қорларды жаңғырту, қайта және техникалық қайта жабдықтандыруға қажеттi ақшалай қаражаттар жинағының өсуi байқалады.

2001-2008 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасындағы инвестициялау динамикасы, экономикалық өзгерiстер тенденциясы жөнiндегi мәлiметтердi  кестеден көруге болады.

 

1-кесте- Қазақстан Республикасындағы инвестициялау динамикасы

                                                                                                                     

Көрсеткiштер

Жылдар

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

Жалпы iшкi өнiм, %

87,4

91,8

100,5

101,7

103,1

106,7

109,8

113,1

Өнеркәсiптiк  өндiрiс көлемi, %

71,9

96,8

101,3

104,0

105,6

107,2

115,0

114,0

Негiзгi капи­талға инвести­циялар көлемi ,%

85,0

63,0

61,0

112,0

142,0

108,0

129,0

144,3

Информация о работе Мемелекеттің инвестициялық тартымдылығы